Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет270/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Кесте-8.1
Сапа көрсеткішінің атаулары
Крахмал сұрыптары
I
II
III
Ылғалдылық , % жогары емсс
52,0
52,0
52,0
Құрғақ затында кездестін кул мөлшері, 
% жогарысмес
0,40
0,60
0,80
Құрғақ заттарыпда кечдессгін ұсак мезга 
молшері, % жогары емес
0,15
0,25
0,50
NaОН ерітіндісінің 0,1 Н фенолфталеин 
индикаторындаш қышкылдылыгы, см’, 
100 г кұргақ затқа шаққанда
30
40
50


440
Тəулігіне бір рет суды таза сумен ауыстырып отырады. 
Тығыздалған шикі картоп крахмалының салмағы 1,25 т/м
3
тең; еркін 
толтырылғанда - 0,9 т/м
3
, мұздатылған кездегісі - 0,7 т/м
3
тең.
8.2. Жүгері крахмалының технологиясы
Шикі жүгері крахмалы технологиясын жүргізудегі мақсат – 
дəннен мүмкіндігінше крахмал дəндерін неғұрлым таза қалпында, 
бастапқы қасиетін аса жоғалтпай көп мөлшерде бөліп алу, оның 
құрамындағы басқа да бағалы заттарын: өскінін, қабығын, ақуызды 
заттарын жəне ерігіш құрамаларын тиімді түрде бөліп алу мен 
пайдаға жаратуға əзірлеу болып табылады (8.1 сурет).
Бүл мақсатқа өндірісте дəн мен оны оңдеген кезде шығатын 
аралық өнімдерге əртүрлі əдістсрмен əсер ету нəтижесінде қол 
жеткізу мүмкін болады.
Сурет 8.1. – Жүгері крахмалын алудың технологиялық сызбасы


441
Жүгері крахмалын өндіріп алу үдерісінде мынадай əртүрлі 
əдістерді қолданып шикізат пен жартылай өнімдерді оңдейді: жүгері 
дəнін құрамында 0,18-0,25% SO
2
бар суда шылау; дəнді кесектеп 
ұсақтау; кесек етіп ұсақталған дəн массасынан тұқымды бөліп алу
кесек ұсақталғаннан кейін дəнді майдалап ботқаға айналдыру; мезга 
мен өскінді судан сүзу немесе сығу жəне сүзгілерде шаю; крахмал 
дəндерін жəне ақуызды заттарды бөліп алу үшін, сонымен қатар, 
негізгі массаны сұйықтықтан арылту үшін крахмалды-ақуызды 
қойыртпақты сепаратордан өткізу, крахмалды ерігіш заттардан та-
зарту үшін соңғы рет шаю.
Өндірісте суды пайдаланып үдерісті жүргізу схемалары əртүрлі, 
мұнда негізгі технологиялық əрекеттерді таза суды пайдалана оты-
рып, жүргізуді ашық үдеріс деп, ал таза су тек алынган крахмал-
ды шаюға ғана пайдаланылатын үдерісті тұйық үдеріс деп атау 
қалыптасқан.
Жүгері дəндерін сумен шылау. Сумен шылағанда дəннің 
механикалық беріктігі босаңсиды, өзара байланыстары əлсірейді, 
ондағы крахмалы, эндоспермадағы физика-химиялық қасиеттері 
жəне кұрылысы бір мезгілде төмендейді. Дəнді сумен шылау оның 
құрамында болатын ерігіш заттардың бөлініп кетуіне жəне дəнмен 
бірге технологиялық үдеріске араласатын микроорганизмдердің 
өмірішеңдігіне тосқауыл жасайды. Сумен шылау үдерісінің 
қаншалықты тиімділікпен жүргізілуіне тек сандық жəне сапалық 
көрсеткіштер ғана емес, жалпы крахмал өндірудіңұйымдастырылуы 
да толығымен байланысты. Осы үдеріске болмашы дəрежеде бол-
са да өңделетін жүгерінің сұрпы мен сапасы да əсер етеді. Мыса-
лы, кремнийлі сұрыпты жүгеріден крахмалды бөліп шығару, оның 
таза крахмалды сұрпына қарағанда анағұрлым күрделі. Бұл жағдай 
жүгерінің кремнийлі сұрпында дəндегі крахмалдар мен ақуыздар аса 
берік байланысқанын дəлелдейді.
Жүгері дəндерін арнайы шылау чандарында суға күкірт 
кышқылын араластыра отырып шылауды жүргізеді. Шылау чанда-
ры ағаштан, темір бетоннан, алюминий мен құрыштан жасалған ци-
линдр формалы түбі конус тектес болып келеді.
Жүгері өндейтін зауыттарда дəнді сумен шылауды негізінен 
диффузионды немесе қарсы ағын əдісін пайдаланып жүргізеді. 
Бүл үдерісті бірнеше сумен шылау чандарында іске асырады, 
чандар бір бірімен шылау батареясына тартылған құбырлармен 
жалғастырылған. Шылау батареялары 12 ден 18 дейінгі чандарды 
29–298


442
біріктіре алады. Диффузионды əдіспен дəнді сумен шылауда суды 
үнемі бір чаннан екіншісіне дəн толтырылған күйіне қарай алмас-
тырып отыру қарастырылады. Осы əдістің артықшылығы, дəндегі 
ерігіш заттардың жəне судың құрамының əр түрлілігі болып са-
налады. Ол үшін бастапқы күкірт қышқылының ерітіндісін сумен 
шыланған жəне түсіруге дайьн дəнге араластырады. Дəнмен жаңадан 
толтырылған чанға, бүкіл батареялардан өткен шыланған су келіп 
түседі. Оны құрамыңда 7-9% құрғак заттары бар экстракт ретінде 
шығарады. Аздап бұзылган жүгеріні қайта өңдегенде экстракттың 
жиналуы 1,2-1,5 есеге арта түссді.
Дəнді шылауға қатысты атқарылатын барлық технологиялық іс-
қимылдар (чандарды дəнмен толтыру, дəнді сумен шылау, экстрак-
тын бөліп алу, дəнді жуу мен түсіру, тексеріп шығу жəне чанга қайта 
дəн толтыру) чанның толық айналымын қамтамасыз етеді жəне ол 
60-70 сағ тең. Осы уақыт аралығыңда тікелей сумен шылау операци-
ясына 48 ден 50 сағ дейін бөлінеді.
Күкірт кышқылы крахмал дəндерінің ақуызды қабаттан 
бөлініп шығуына ықпал етеді, микроорганизмдердің өміршеңдігін 
əлсіретеді. Жүгері өңдейтін зауыттарда суды күкірт диоксидімен 
(80
2
) қанықтыру арқылы күкірт қышқылын əзірлейді. Күкірт 
диоксиді арнайы пештерде күкіртті жағу арқылы алынады.
Сумен шылау кезінде күкіртті қышқыл концентрациясы 
төмеңдейді. Сондықтан сумен шылаған кезде сүт қышқылы көпіршіп 
ашудың пайда болуы кездеседі, мұнда дəннің ерігіш көмірсулары 
сүт қышқылына дейін ашиды. Осы құбылыс дəнді сумен шылау 
үдерісінде қолайлы жағдайды туғызады жəне кейіннен экстракттың 
шоғырланып, қақтың түзілуін төмендетуге ықпал етеді.
Жүгерінің дəнін сумен шылағанда олар қабынып ұлғаяды, 
олардың ылғалдылық дəрежесі, химиялық құрамы өзгереді. Дəннің 
қабыну дəрежесі мен белсенділігі жүгерінің сұрпы мен санасына, 
температураға, шылау мерзіміне жəне ондағы күкіртті қышқылдың 
шоғырлану дəрежесіне байланысты. Ылғалдың ең көп мөлшерін дəн 
өскін өз бойына сіңіреді. Оның сумен шыланғандағы ылғалдылық 
мөлшері 60%, ал эндоспермада 38-40% болады.
Чандарга құйылып шыланатын судағы SO
2
мөлшерін 0,15-0,25% 
шамасында ұстап отырады. Сумен шыланған кезде күкірт қышқылы 
біршама мөлшерде дəнмен жұтылып кетеді немесе буға айналып 
ұшып шығады. Сол себепті шыланатын судағы оның мөлшері 0,02-
0,03% азаяды. Күкірт кышқылының жиналған мөлшері 0,25% асып 


443
кеткен жағдайда крахмалдың сапалық көрсеткіштері нашарлайты-
ны байқалады. Сумен шыланған немесе жуылған жүгері дəніндегі 
қышқылдылық қатынасы 100 г жүгерінің құрғақ затына шаққанда 
70 мл 0,1 H NaOH ерітіндісінен (немесе КОН) аспауы қажет. Шыла-
натын судағы SO
2
мөлшерінің артық болуы, əсіресе жоғары темпе-
ратурада, сүт қышқылымен көпіршіп ашуды тежейді, ал егер оның 
мөлшері жетпеген жағдайда дэннің ақуызды қабатының бұзылуы 
нашарлайды.
Дұрыс сумен шыланған дəн қабынып ұлғайған қалыпта болады, 
жақсы жұмсартылған жəне саусақ арасында оңай езілетіндей болуы 
керек. Шыланған дəннің ылғалдылығы 40-46% құрайды.
Жақсы сападағы дəнді сумен шылаудың оңтайлы мерзімі 48-50 
сағ. арасында, жетілмеген немесе кеуіп кеткен дəн - 55-60 сағ., ал 
ылғалдылығы жоғары дəнді 32-42 сағ. ұстау жеткілікті.
Жақсы сападағы дəнді сумен шылаудың температурасы 48-50°С, ал 
бүлінген, көгерген немесе кесуіп кеткен дəндер - 50-55°С шыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет