491
температурасы мен коцентрациясына, ашытқы расаларына жəне
т.б. жағдайларға байланысты. Орташа гектолитр (100л) суслаға
0,4-0,8 л ашытқы қосады. Алғашқы тəулікте ашытылған сусланың
ашу температурасын 8-9
0
С-қа дейін жоғарлатады, сосын ашытудың
соңына қарай температурасы 4-5
0
С-қа жеткенше салқындатады.
Ашу үдерісі 24 сағ ішінде экстракт мөлшері 0,15-2,0%-ке жеткен-
де аяқталады. Мұндай ашу үдерісінің бірнеше кемшіліктері бола-
ды: біріншіден, ашытқы температурасының төмендеуіне байланы-
сты ашу белсенділігін жоғалтуы мүмкін, сондықтан экстрактінің
керекті тереңдігін қамтамасыз ету қиындық тудырады; екіншіден
ашытқыны 8 генерацияда қолданғанда сыраның əр генерациядағы
физиологиялық жағдайына байланысты оның сапасы өзгеріп оты-
рады; үшіншіден, мұндай жолмен алынған жас сыра өзінің дəмін
негіздейтін бірқатар заттарды жою үшін ұзақ уақыт тұрғызуды қажет
етеді; төртіншіден, ашу үдерісі ұзақ, 11 тəулікке дейін жалғасуы
мүмкін.
Ашудың жартылай үздіксіз əдісі алдын ала ашыту аппараты-
нан жəне бес ашу аппараты бар бір желіде орнатылған жабық тік
аппараттарда жүргізіледі. Алдын ала ашыту аппараты ашытқыны
тұрақты концентрацияда белсенді физиологиялық-логарифмдік
фазада өсіру үшін арналған. Мұндай ашыту түрінде салқын сыра
сусласы сүзіледі, қышқылданады жəне екіреттік ашытқы нормасын
енгізетін алдын ала ашыту аппаратына жіберіледі (1л/гл). 30 мин
бойы сусланы араластырғаннан соң 6-8
0
С температурада 24 сағатқа
қалдырады. Сосын алдын ашыту аппаратындағы жарты бөлікті
бірінші ашу аппаратына ауыстырады жəне екі ыдысты да жаңа сус-
ламен толтырады. 24 сағаттан соң алдын ала ашу аппаратындағы
жарты бөлігін екінші ашу аппаратына бағыттайды жəне осы аппа-
раттарды жаңа сусламен толтырады. Мұны 5 тəулік бойы 24 сағат
сайын барлық аппарат толғанша қайталайды. Сосын температурасы
5
0
С-тан жоғары емес жас сыраны бірінші ашу аппаратынан ашуды
жеткізу
аппаратына құяды, босаған аппаратты келесі ашуға дайын-
дайды жəне т.б. Осы цикл бойынша жұмыс істеу ұзақтығы 1-1,5 ай.
Достарыңызбен бөлісу: