516
сына уақыт сала тазаланып отыруының арқасында оларды 6-8
сағатта стерилдеп тұруға болады, сонымен ашытқының тазалығы
қамтамасыз етіледі.
Дайын өндірістік ашытқы сусломен бірге бірінші негізгі ашыту
аппаратына беріледі. Ол толған кезде ашымық екінші негізгі ашы-
ту аппаратына, одан кейін үшінші негізгі ашыту аппаратына жəне
одан əрі қарай құйылады. Ең соңғы түпкі аппараттан пісіп жеткен
ашымық насоспен айдауға жіберіледі. Батареядағы ашытқының
концентрациясын сусло ағымының жылдамдығы 90-120 млн кл/см
3
деңгейінде ұстап отырады.
Ашытқы аппаратында бөгде микроорганизмдердің жетілуінің ал-
дын алу үшін профилактикалық стерилдеуді өткізеді: белгілі бір уақыт
кесімінен кейін (əр 2-3 тəулік сайын) кезекпен ашытқы аппараттарын
өшіреді, оның ішіндегіні келесі аппаратқа құяды, ал босаған аппарат-
ты жуады да бумен залалсыздандырады, салқындатады жəне ашып
жатқан сусломен толтырып өнім ағынына қосады. Инфекция түсуге
қарсы күресте күшті жəне өзгеше микробтық зарарсыздандырғыш –
лактомицинді қолданады.
Ашыту барысында бөлініп шығатын көміртек диоксиді
ашымықтың қабаттарынан өтіп спирт буларымен қанығады да газ
құбырымен ашытқы генераторларынан жəне ашытқы аппаратта-
рынан спирт ұстағышқа бұрылады, ал газ ағынынан суық суды ад-
сорбциялау нəтижесінде спирт бөлінеді. Көміртек диоксиді спирт
ұстағыштан сұйылтылған газ бен құрғақ мұз алу үшін арнайы цехке
жіберіледі.
Жетілген дəнді картоп ашымағы белгіленген талаптарға сəйкес
келуі керек. Күштілігі 8,0-9,5 % көл., ашымаған қант құрамы
0,25-0,45% жəне ерітілмеген крахмал кем дегенде 0,2% шегінде
болуы тиіс. Ашыту барысында қышқылдану 0,2 град., ал жетілген
ашымықтың қышқылдығы – 0,5-0,6 град. аспауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: