529
гуляция деп аталады. Коагуляцияға себепкер заты ретінде алюминий
сульфаты мен темір сульфатын пайдаланады.
Жағымсыз иістері мен дəмдерін жою үшін суды залалсызданды-
рады. Суды залалсыздандырудың аса көп қолданылатын тəсілі озон-
дау жəне белсенді көмірмен өңдеу болып табылады.
Суды негізінен ион алмастырушы өңдеу жолымен одан кальций
мен магний тұздарын тазалау суды жұмсарту болып есептеледі.
Əдістің мəні ерітіндіден бір катиондарды жұтып жəне екінші ка-
тиондарды орнына беру мүмкіндігіне ие нашар еритін заттар –
иониттердің көмегімен суды кальций мен магний иондарынан та-
зарту болып табылады. Катиондарымен алмасуға əрекетті иониттер
катиониттер, ал аниондарымен алмасуға əрекетті иониттер – анио-
ниттер деп аталады.
Арақ-ликер өндірісінде суды дайындау үшін, тас көмірін
қойылтылған күкірт қышқылымен өңдеп қол жеткізетін сульфо-
көмірді ионит ретінде қолданады. Суды жұмсартудың бірнеше тəсілі
бар. Өңдеу тəсілін таңдау пайдаланатын судың тұздылығы мен
сілтілігіне байланысты анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: