Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Жарма мен қалдықтарды тексеру



Pdf көрінісі
бет67/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   375
Жарма мен қалдықтарды тексеру
Қоспаларды (2,5х10 мм електің сырғымасы) 
жəне майда дəнді (саңылауы 2,0 мм електен 
өткені) бөліп алу үшін, жарма бөлгішті не-
месе елеуішті қолданады. Қауыздалмаған дəн 
мөлшері жоғары сұрыпта 0,4%-дан, ал бірінші сұрыпта 0,7%-дан 
аспауы үшін жарманы қосымша екі рет падди-машинада сұрыптап, 
желсорғыштан жəне магниттен өткізеді. 
Даяр өнімдердің шығымы. Ажарланған сұлы жармасын өндіру-
де алынатын заттардың шығым мөлшері 2.10-кестеде көрсетілген. 
2.10-кесте. Ажарланған сұлы жармасын өндіруде алынатын даяр өнімдердің 
шығым мөлшері
Өнімдер: 
Шығымы, %
Өнімдер: 
Шығымы, %
Жарма: жоғары сұрып 15,0
Қауыз, ІІ категориялы
Бірінші сұрып
30,5
Қалдықтар
27,7
Барлық жарма
45,5
Майда сұлы, І, ІІ категориялы
Жемдік майда жарма
4,5
Қалдықтар
7,8
Ұнтақ 11,0
Кебуі
3,5
Барлығы: 100,0
2.15-сурет
Ажарлағыш поставтың 
сызбасы: 1 – резиналы 
колонка; 2 – ажарлау 
конусы; 3 – конустың 
абразивті жұмыс 
бөлігі; 4 – електік 
обечайка; 5 – корпус; 
І – бастапқы дəн; ІІ – 
ұнтақталған қабық; 
ІІІ-ажарланған ядро. 


128
2.7. Арпа жармасын алу технологиясы
Арпадан екі түрлі жарма өндіреді: ірі (перловка) жəне ұнтақталған 
(ячнелі). Ірілігіне қарай Перловка жармасын беске дейін бөліп, 
нөмірлейді, ал ұнтақталған арпа жармасын үшке дейін бөліп 
нөмірлейді (2.11-кесте).
2.11-кесте. Арпа жармаларының өнімдері жəне біркелкілігі
Жар-
маның 

Қос електің саңылауы-
ның диаметрі, мм
Біркел-
кілігі, 
%
Жар-
маның №
Қос електің 
саңылауының 
диаметрі, мм
Біркел-
кілігі, 
%
Өткені Сырғымасы
Өткені 
Сырғымасы
1
3,5
3,0
80% 
кем 
бол-
майды
1
2,5
2,0
75%-
дан кем 
бол-
майды
2
3,0
2,5
2
2,0
1,5
3
2,5
2,0
3
1,5
0,56
4
2,0
1,5
5
1,5
0,56
Перловка жармасына гүлді қабығынан босатылған, жақсы 
ажарланған арпа ядросы жатады; №1 жəне №2 жармалар ұзын 
пішінді, ал №3, №4, №5 жармалар шар пішінді болады.
Ұнтақталған арпа жармасына ұнтақталған ядроның бөлшектері 
жатады. Олардың ірілігі, түрі əртүрлі болып келеді, гүлді 
қабықтарынан түгелімен, ал тұқымдық қабықтарының көбінен 
ажыратылған болады.
Ірілігі бойынша Перловка жармасының біркелкілігі 80%, ал 
ұнтақталған жармасы 75%-дан кем болмауы керек. Перловка жəне 
ұнтақталған жармалар сұрыпқа бөлінбейді.
Арпа дəнінің сыртқы тұқымдық (3,5-4,0%) қабығы тығыз байла-
нысты (8-17%) гүлді қабықпен жабылған. Ұрықтық жұқа қабықтың 
құрамында (2,0-2,5%) ақшыл-сары немесе көкшіл-жасыл пигмент-
тер болады. Сондықтан жарманың түрі ақшыл-сары немесе көкшіл-
жасыл болады. Басқа дақылдарға қарағанда, арпа дəнінің алейрон 
қабаты 2-4 қатар ірі қалың жасушалардан (клеткалардан) тұрады, 
оның мөлшері дəннің салмағының 12-14%-ын құрайды, ұрығының 
мөлшері 2,5-3,0%, эндосперм 63-69% болады.
2.7.1. Арпаны жарма алуға дайындау
Арпа дəнінен Перловка жəне ұнтақталған жармаларын алуға 
дайындаудың ерекшелігіне дəнді қоспалардан тазаланғаннан кейінгі 
қауыздау жатады.


129


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет