Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Бидай жармасын алу технологиясы



Pdf көрінісі
бет71/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   375
2.8. Бидай жармасын алу технологиясы
Бидайдан ажарланған Полтава жəне Артек жармаларын алады. 
Полтава жармасы ірілігіне байланысты төрт нөмірге бөлінеді, ал 
Артек жармасы нөмірлерге бөлінбейді (2.14-кесте).
2.14-кесте. Полтава жəне Артек жармаларының нөмірлері
Жарманың түрі 
жəне нөмірі
Қос електің тесігінің нөмірі, мм
Біркелкілігі, %
Өткені
Сыр
ғ
ымасы 
Полтава №1
3,5
3,0
80
№2
3,0
2,5
80
№3
2,5
2,0
80
№4
2,0
1,5
80
Артек
1,5
№063
80
Полтава жармасы – тұтас немесе ұнтақталған, ұрығынан 
түгел босатылған, тұқымдық – ұрықтық қабықтарынан арылған 
қауыздалған бидай дəні.
Артек жармасы – барлық ұрығынан, тұқымдық – ұрықтық 
қабықтарынан арылған, ажарланып ұнтақталған бидай дəні. 
2.8.1. Дəнді жарма алуға дайындау
Бидай жармасын ІІ жəне VІ типті қатты бидайдан алады. Қатты 
бидайдың шынылығы жоғары болғандықтан (100%-ға жақын) 
жарманың барлық бөлшектерінің құрылысы бірыңғай шынылы, 
сондықтан олар бірдей бөгіп, бірдей піседі. Жарманы жұмсақ бидай-
дан да алуға болады, бірақ оның сапасы төмен болады. Бидайдан 
жарма алуға дайындау сызбасы 2.19-суретте көрсетілген. 
Бидайды қоспалардан диірмендерде қолданатын машиналарда 
тазалайды. 
Бидайды қоспалардан тазалау үшін желді-елек сепараторынан екі 
рет өткізеді, екінші рет тазалауда бірінші сепаратордан бөліп алған 
ірі жəне ұсақ фракцияларды тазалайды (34-сурет). Тас жəне басқа 
ауыр қоспаларды тас бөлгіште, қысқа жəне ұзындарын триерлерде 
тазалайды.


135
2.19-сурет. Бидайды жарма 
алуға дайындау сызбасы: 
1 – автоматты таразылар; 
2 – желді електі сепаратор; 
3 – магнитті сепаратор; 
4 – тас бөлгіш машина; 5 – 
қарамықша бөлгіш; 6 – қара 
сұлы бөлгіш; 7 – ылғалдағыш 
машина; 8 – бөктіру қорабы; 
9 – қалақты ұрғыш машина; 
10 – аспиратор; 11 – бурат.


136
Дəнді жылы сумен ылғалдап, оның ылғалын 14,5-15,0%-ға 
жеткізіп, 20-30 минут қорапта бөктіреді. Осы себепті, қауыздау 
кезінде, қабықтары мен ұрығы жеңіл бөлінеді. 
Алдын ала қауыздауда қырғылау машинасы қолданылады. Оның 
қалақтарының айналу жылдамдығы 16-14 м/сек, ылдилығы 8-10%, 
түрпіленген шеңбер мен қалақтарының аралығы 20-25 мм. Қауыздау 
барысында 4-5% қабықтары мен ұрықтары бөлінеді. Ұнтақталған 
дəн мөлшері 15%-дан аспауы керек. Қырғылау машинаның орнына 
АІ-ЗШН-3-ті қолдануға болады. Онда оның сапасы жоғарылау бола-
ды. Қауыздаудан кейін желсорғышты қолданады. 
2.8.2. Бидай жармасын алу
Бидай жармасын АІ-ЗШН-3 машинасында үш рет ажарлау жəне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет