Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет208/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Салмаларды дайындау
Карамельдің ішіне салатын заттарды салма дейді. Салмалар əр 
түрлі болады: жеміс-жидекті, помадалы, ликерлі, сүтті, сүт-ликерлі, 
балды, шайқалып бұлғанған, марципанды, жаңғақты, шоколад-
жаңғақты, май –қантты.
Салмалардың бəріне мынандай талаптар қойылады:
• сақтауға шыдамды, ол оның химиялық құрамына байланысты. 
Егер қанттың мөлшері 70% болса, ол бүлінбейді, ал онда сірне мен 
инвертті қант көп болса, ол кристалданбайды.
• салма карамельді ерітпейтін болу керек.
• оның құрылысы біркелкі 60
0
С-та жабысқақ, əр түрлі қалыптарды 
қабылдағыш жəне ол берілген пішінді жақсы ұстап тұратын болу ке-
рек. 


345
Жеміс - жидек салмасын қабығы аршылған езіндісіне қант
сірне қосып қайнатып дайындайды. Оған шикізат ретінде жеміс-
жидектердің езіндісін, сульфидтелген жеміс- жидектер, пастерлен-
ген жəне қайнатылған жеміс езінділерін пайдалануға болады.
Алма езіндісі мен оның сульфидтенген езіндісі ең көп тараған 
шикізат. Онда жақсы жабысқақ қасиеттер беретін 1%-ға жақын пек-
тин болады.
Салмаларды оқтын-оқтын жұмыс істейтін ауасыз кеңістігі сыртта 
орнатылған аппаратта қайнатып суалтады.
Дайын жеміс-жидекті салманың қайнау температурасы 80-85
0
С, 
ылғалдылығы 16-19% болу керек. Қайнатып суалту ұзақтығы оқтын-
оқтын тəсілмен 20-45 мин. Орам түтікті вакуумды аппараттарда сал-
маны 3-4 мин 115-118
0
С-та қайнатып суалтады. Жаңа пайда болған 
редуцирленген заттар (қанттар) 30-40%-дан кем болмау керек.
Салманы қайнатқанда жүретін үдерістер:
• басы артық су буланады, суалады. Оның ылғалдылығы 19,5%-ға 
дейін төмендейді;
• езіндіні сүрлегенде қолданылатын күкіртті қышқылдан тазара-
ды. Салманың 1кг-да оның мөлшері 20мг аспау керек;
• пектин заттары ыдырайды. Соның арқасында салма жабысқақ 
болып, 80-90
о
С-та сілікпе түрге көшеді;
• сахароза инвертті қантқа айналып, салмада оның мөлшері 
30-40%-ға жетеді. Сонда салма кристалданбайды;
• жоғары температурада зиянды микроорганизмдер жойылып, 
салма бұзылмайтын түрге көшеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет