Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар: Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес)
1. КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды а)1984 жылғы 10 наурызда
б) 1985 жылғы 11 наурызда с) 1986 жылғы 12 наурызда
д) 1987 жылғы 13 наурызда
2. 80 жылдары Қазақстанда ұлттық табыс Одақтық деңгейден а)12% кейін қалды.
б) 22% кейін қалды.
с) 32% кейін қалды.
д) 42% кейін қалды.
3. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: а) жариялылық, үнемділік, жаңару.
б) жасампаздық, ыждағаттылық, қайта құру.
с) жариялылық,жеделдету,қайта құру. д) үдету, тездету, жаңаша құру.
4. «Қайта құру» тұжырымдамасы одан әрі шиеленістіре түсті а) интернационализм мәселесін.
б) мәдениет мәселесін.
с) көші-қон мәселесін.
д) ұлт мәселесін. 5. Қайта құру жағдайында БАҚ Қазақстанда болған жағдайларды а) жасырып, ештеңе жазбады.
б) бүкпесіз ашық жариялап отырды. с) мағынасын өзгертіп жазды.
д) жазуға тыйым салынды.
Сұрақтар: (5 сұрақтан кем емес)
1.Банк жүйесін реформалау.
2.Экономиканыц қазақстандық үлгісі: жетістіктер мен сынақтар.
3.Қазақстан Республикасының инвестиция саясаты.
4. Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстары.
5. Қазақстанның экономикалық өсуінің келешегі.
2
№ 9 дәріс
Әлеуметтікжаңғыру – қоғамныңәл-ауқаттірегі
Тәуелсіз Қазакстанның әлеуметтік саясаты.
Зейнетақы жүйесінің реформасы.
Зейнетаңы қорлары және олардың қызметі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттің экономикалық саяса- тының өзекті мәселесі болып табылады. Оның үстіне, бұл өзін әлеуметтік мемлекет деп айқындаған Қазақстан үшін маңызды. Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика мемлекеттің элеу- меттік мәселелерді шешу ісінде белсенді қызмет атқаруын қажет етеді. Қазіргі дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жағдайында бұл - өмірлік маңызы бар мәселе. Түптеп келгенде, барлығы: мемлекеттің күш-қуаты мен тәуелсіздігі, халықтың эл-ауқаты, қоғамдағы саяси ахуалдың тұрақтылығы осы міндеттің шешілуіне тәуелді.
Нарықтық экономикаға көшудің алғашқы жылдарында көпшілік қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің айтарлықтай төмендегені байқалды, қоғамның әлеуметтік саласы дағдарыс жағдайына түсті. Қоғамда әлеуметтік кереғарлық орын алды: табыстары эртүрлі адам- дар дағдарыс жағдайына эр алуан элеуметтік өрістерде тап болды.
Өтпелі кезеңнің қиындықтарына байланысты тарихи тұрғыдағы төмен өмір сүру деңгейі қоғамда адамдардың ереуілдер ұйымдастыруға және өткізуге экеліп соққан наразылығы түрінде көрініс тапқан заңды қарсылық әлеуетін туғызды.
Еңбек шарттарына қатысты жағдай да сын көтермейтін. Өндірістегі эрбір төртінші-бесінші жұмыскер тау-кен, металлургия жэне химия өнеркэсіптерінде - санитарлық жэне экологиялық талаптарға, эрбір үшінші, көп жағдайларда эрбір екінші адам қауіпсіздік техникасы талаптарына сай келмейтін зиянды жағдайларда еңбек етті.
Экономикалық дағдарыс 1992 жылы және содан кейінгі уақытта бағалардың ырықтандырылуымен, инфляцияның күшейе түсуімен қатар жүрді. 1992-1996 жылдарда бағалар 35 есе өсті. Бағалардың арынды көтерілуі, валютаның құнсыздануы шекті нормаланған жалақы алатындар үшін қатты соққы болды. Нарықтық қатынастардың дамуы білім деңгейлері жоғары және орта мамандар арасындагы ақша теңгерімсіздігіне келтірді. 1991-1996 жылдары жоғары оқу орында- рында студенттер саны азайды.
1991-1993 жылдардағы ақша реформалары жұртшылықтың бұрын жинақталған ақша қаражатын көп есе қысқартты, жалақының және басқа да төлемдердің уақытылы төленбеуі кіріс көздерін азайтты. Еңбекақы төлеудің кешіктірілуі 1990 жылдарға тән әдеттегі іс болды. Жалақыларын үш жыл бойы күткен Қарағанды металлур- гия комбинатының (қазір «Испат-Қармет» АҚ-ы) бұрынғы 24 мың жұмыскері 1995 жылдың еңбекақысын 1999 жылы, онда да ел үкіметі металлургтер үшін қосымша 200 млн. теңге бөлген соң ғана алды.
1990 жылдардың бірінші жартысында халықтың омір сүру деңгейі элеуетінің көрсеткіштері бойынша Қазақстан элемнің 174 мемлекетінің ішінде жетінші ондықта тұрды жэне адам дамуы төмен деңгейдегі елдер тобына кірген-ді. Экономикалық жэне әлеуметтік дағдарыстың нэтижесінде, Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 4,7 жылға қысқарды. Жұртшылықтың тұрмыс жағдайы нашар топтарының бастарына кедейлік пен аштық қаупі төнді.