«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәніне жалпы сипаттама


Әлеуметтік саланың 2000 жылдардағы дамуы



бет19/30
Дата24.04.2023
өлшемі265,48 Kb.
#86144
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
Байланысты:
« аза станны азіргі заман тарихы» п ніне жалпы сипаттама

Әлеуметтік саланың 2000 жылдардағы дамуы. 2000-2001 жыл- дары әлеуметтік саясат жүргізу ісінде түбегейлі бетбүрыс орын алды. Енді бүл саясат экономиканың түрақталуы және дамуы жағдайында жүзеге асты. Жүргізілетін саясаттың басты қүрамдас бөлігі зейнет- керлерге, ¥лы Отан соғысына қатысқандарға, ардагерлер мен көпбалалы аналарга және басқаларына атаулы әлеуметтік көмек көрсету болды. 2002 жылға қарай инфляцияның 7%-тен төмендегені байқалып, жалақы мен зейнетақының жыл сайынғы мөлшерін үлғайта алатын мүмкіндік туды. Сондай-ақ негізгі: таяу онжылдықта кедейлікті жою, тез арада орта тап қалыптастыруға басымдық беру іспетті стратегиялық міндеттер айқындалды.
2001 жылы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңы күшіне кірді. Әлеуметтік саясат енді заң тэртібімен білім беру, денсаулық сақтау, жэне, жалпы, бюджет саласының қызметкерлерін элеуметтік қорғау үшін бөлінетін қаражат мөлшерін үлғайтуға бағытталған. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында үнемі тиімді әлеуметтік саясат жүргізуге жете көңіл бөліп, «цазацстандьщтардыц, оныц барлыц топтарыныц және әлеуметтік топтардыц элеуметтік жай- күйін түракты жацсартып отыру мемлекет саясатьмыц бірінші міндеті екенін жэне солай болып кала беретінін» баса айтады.
Соңғы уақыттарда 3,5 миллионнан астам адам бюджеттен әлеуметтік төлемдер алады. Мемлекеттік әлеуметтік жэрдемақылар төлеуге арналған жалпы шығыстар 6,9 есе (1999 жылғы 25,8 млрд. теңгеден 2015 жылы 177,5 млрд теңгеге дейін) өсті. Жалпы, тэуелсіздік жылдары ішінде әлеуметтік-еңбек саласында елеулі табыстарға қол жетіп, бүл халықтың өмір сүру деңгейін айтарлықтай көтеруге септігін тигізді. Кедейлік деңгейі 1996 жылғы 34,6%-тен 2015 жылы 2,7%-ке дейін төмендеді. Зейнатақымен қамтамасыз етудің қиындығы мен маңыздылығы ескеріліп, зейнетақы жинақтаушы қорлардың қызметі Президенттің түрақты бақылауында болды, ал зейнеткерлік жинақ ақшаның сақталуы үшін дербес жауапкершілік Қазақстан Республикасы Үкіметіне жүктелді. Республика президенті 2013 жылдың қаңтарында елдің зейнетақы заңнамасына өзгертулер енгізу туралы тапсырма берді. Зейнетақы жүйесін реформалаудың негізгі кезеңдерінің бірі — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құрып, оған жеке жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін жэне зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім-шарттары бойынша міндеттемелерін беру болды. Ел басшылығы Мемлекеттік жинацтаушы зейнетаңы корынын (МЖЗҚ) негізінде Бірыцгай жинаңтаушы зейнетакы цорын (БЖЗҚ) құру туралы шешім қабылдады. 2013 жылы маусымның 21-інде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңы жаңа, түзетілген нұсқада қабылданды. Зейнетақы заңнамасына сэйкес, БЖЗҚ-ның жалғыз акционері болып ҚР Үкіметі танылады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сақтау жэне есепке алу ҚР Үлттық банкінің міндетіне жатады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару да Қазақстан Республикасының Үлттық банкіне жүктелген. Одан өзге, аталған Заңда БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес құру көзделген. Кеңестің жеке құрамын Қазақстан Республикасы Президенті бекітеді. 2013 жылы тамыздың 22-сінде Әділет органдарында тіркеуден өткен соң, «БЖЗҚ» акционерлік қоғамы жұмысын бастады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:
Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет