Байланысты: « аза станны азіргі заман тарихы» п ніне жалпы сипаттама
Қазақстанның көп этностылығының қалыптасу тарихы және ұлтаралық келісімнің қазақстандық жолы XVIII—XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанның байырғы халқы өлкенің басым көпшілігін құрады. 1897 жылы Қазақстанда барлығы 4147,7 мың адам тұрған болса, соның 80 пайызға жуығы қазақтар еді. Халықтың қалған бөлігін қазақтар мен қоныс аударған орыс шаруалары, сондай-ақ ұйғыр, дүнген, татар, өзбек, басқа да этностық топтар құрады. Орыстар
Қазақстанға алғашқы болып келгендер қазақтар мен әскери шенді орыстар болды. Олар шекара шебіндегі әскери бекімістер мфен станицаларда тұрды. Кейін Қазақстанды отарлау әрекеті күшейген кезде қазақ әлеуметтік тобына қоныс аударып келген шаруалар мен мещандар, солдаттар да қабылдана берді.
Қазақстанда орыс халқының саны XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде қызу қарқынмен өсті. Бұл кезеңде Ресейдің еуропалық бөлігіндегі шаруалар Қазақстанға жаппай көшіріле бастаған болатын. 1897 жылы Қазақстанның алты облысындағы орыстардың саны 544 мың адамға жетті. Олар қазақ өлкесіндегі бүкіл халықтың 12,8 пайызы болды. Орыс халқының негізгі бөлігін қоныс аударып келген шаруалар (40 пайыз), содан кейін қазақтар (33 пайыз), мещандар (19 пайыз), дворяндар (5 пайыз) және басқалары құрады. Қазақтар мен орыс тұрғындары арасында өзара шаруашылық-мәдени алмасулар орын алды. Орыс қызы Мария Рекинаның есімі бүкіл қазақ даласына белгілі болды. «Дударай» әнін орыс қызы өзі ғашық болған қазақ жігітіне арнады.[1] Украиндықтар
Украиндықтардың алғашқы тобы Қазақстан аумағында XVIII ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Олар негізінен ұлт-азаттық қозғалыстарына қатысқандар еді. Украиндықтардың елеулі бөлігі қазақтың кең-байтақ даласына ХІХ-XX ғасырлар шебінде, Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруалардың жаппай қоныс аударуы кезінде келді. Қоныс аударушы украиндықтар негізінен Полтава, Харьков, Таврия, Херсон, Екатеринослав және Киев облыстарының шаруалары еді.
1897 жылғы халық санағының деректері бойынша Қазақстанда 86,7 мың украиндық тұрды. Украиндықтардың қазақ өлкесіндегі бүкіл халықтың арасында алған өзіндік үлесі 2 пайызға жуық еді. Украиындықтардың негізгі топтары (51 пайызы) Ақмола облысында шоғырланды. Олардың басым көпшілігі (87 пайызы) шаруалар болды, бірқатары (7 пайызы) мещандар тобына жатты. Украиндықтардың 5 пайызға жуығы Ресей қазақтары қатарында әскери қызмет етті.[1] Татарлар
Қазақстанда татарлардың келуі патша үкіметінің қазақ өлкесін отарлауға кіріскен кезінен басталды. XVIII—XIX ғасырларда патша үкіметі қазақ даласына ислам дінін тарату саясатын жүргізді. Бұл ретте қазақтардың арасына молдалар татарлардың дін қызметкерлері қатарынан ғана жіберілді. Мұның өзі қазақтарды Орта Азиядағы діни орталықтардың ықпалынан оқшауландыру мақсатымен жасалды. Татарлар өлкенің ірі Петропавл, Семей, Орал, Көкшетау, Верный, Ақмола, Павлодар, Зайсан және Өскемен қалаларында тұрды. Олардың неғұрлым жиі орналасқан жерлерінде татар слободкалары пайда болды.
1897 жылы Қазақстанда тұратын татарлардың жалпы саны 56 мыңға дейін жетті. Мұның өзі Қазақстандағы бүкіл халықтың 1,3 пайызы еді. Татарлардың 38 пайызы мещандар, 28 пайызы шаруалар, 10 пайызы қазақтар, 2 пайызы көпестер болды.[1] Белорустар
Белорустар Қазақстан аумағына Белоруссияда 1863—1864 жылдары К. Калиновский бастаған көтеріліс қатыгездікпен басылғаннан кейін келді. Ол кезде Белоруссиядан шет аймаққа 12 мыңнан астам адам жер аударылған болатын. Солардың кейбір топтары Қазақстанның солтүстік аймағын қоныс етіп, орналасып қалған еді. XIX ғасырдың 70-жылдарында Қазақстанның солтүстігіне төңкерісшіл белорус халықшылдары жер аударылды. Кейінірек белорус социал-демократтары да осы өңірден бір-ақ шықты. Белорус социал-демократтар ұйымының белсенді мүшесі П. Румянцев өзінің жер аударылған мерзімін Ақмола облысында өткізді. Кейін Столыпиннің аграрлық реформасы кезінде көптеген белорус Қазақстанның селолық жерлеріне қоныс аударды. Белорустардың негізгі кәсібі егіншілік болды.
Немістер
Немістер Қазақстанға тұңғыш рет XVIII ғасырда әскери құрамалар қатарында келді. Олардың едәуір бөлігі Балтық бойы губернияларынан еді. Немістер негізінен Омбы, Петропавл, Семей, Өскемен, Жәмішев сияқты тағы басқа да шекара шебіндегі әскери бекіністерде тұрды. XVIII ғасырдың аяғына қарай Қазақстандағы немістердің саны 400 адамға жетті. Қазақ жеріндегі немістер санының арта түсуі ХІХ-XX ғасырлар тоғысына сәйкес келеді. Қоныс аударып келген немістер негізінен егіншілікпен айналысты, өндеуші өнеркәсіп салаларында жұмыс істеді.
Олардың көпшілігі (55 пайызы) сауатты еді. Әлеуметтік сословие тұрғысынан алғанда 1897 жылы немістердің 85 пайызын шаруалар құрады.
1897 жылы Қазақстандағы және онымен шекаралас қалалардағы немістердің жалпы саны 7 мың адамға жуықтады. Олардың көпшілігі Ақмола облысында, Омбы қаласына жақын Ақмола облысының аумағындағы Преображенский, Романовский, Канкринский сияқты поселкелерде тұрды. Олардың ендігі бір елеулі тобы Сырдария облысында да қоныстанды. Сондай-ақ немістер қазақ даласына сонау Германия мен Австрияның тікелей өзінен де қоныс аударып келді.[1] Поляктар
Поляктар Қазақстан аумағында алғаш рет XVIII ғасырда пайда болды. Олар патша үкіметі қазақ өлкесіне жер аударған поляк көтерілісшілері еді. Жергілікті өкімет билігі оларды өз еріктерінен тыс Жайық және Сібір қазақтарының қатарына зорлықпен тіркеп жіберген болатын.
Жер аударылып келген поляктар Польшадағы 1830-1831,1863- 1864 жылдардағы Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық көтерілістерге қатысушылар еді. Олардың едәуір бөлігін поляктардың таңдаулы тобы — дворяндар құрады. Поляктардың қатарында ақын-жазушылар, суретшілер мен дәрігерлер, инженерлер және заңгерлер көп болды. Мәселен, Адам Янушкевин қазақ халқының тарихын қызыға зерттеді. Суретші Бронислав Залесский «Қырғыз даласының тіршілік-тынысы» деген ғажайып картинасын салды. Ақын Густав Зелинский қазақтар өмірінен «Қырғыз» және «Дала» деген дастандар жазды. Владимир Недзвецкий Жетісу мұражайының негізін қалады. Ал Семейге жер аударылған Северин Гросс «Қырғыздардың тұрмысын заңдық тұрғыда зерттеуге арналған материалдар» деген тамаша кітап жазды.
Патша үкіметі поляктарды әскери-әкімшілік қызметке де тартты. Поляктардың көпшілігі қалаларда тұрды. 1897 жылғы халық санағының деректері бойынша Қазақстанда 1254 поляк тұрған. Олардың басым көпшілігі Орал, Семей, Ақмола және Сырдария облыстарында қоныстанған еді.[1] Қазақстанға өзге халықтардың жер аударылуы
Қазақстан аумағына XIX ғасырдың аяқ кезіне қарай жоғарыда көрсетілген этностық топтардан басқа да халықтар ағылып келе бастады. Ресейдің еуропалық бөлігінен келген неғұрлым елеулі диаспора мордвалықтар болды. 1897 жылы Қазақстанда олардың саны 12 мыңға жуықтады. Олар негізінен Ақмола облысының Көкшетау және Петропавл уездерінде, Торғай облысының Қостанай уезінде тұрды. Уақыт өте келе шағын ұлыстар орыс халқымен араласып, ассимиляцияланып кетті.
Іс жүзінде Қазақстанның барлық қалаларында да еврей ұлтының өкілдері болды, 1897 жылғы халық санағында олардың саны 1651 адамға жетті. Олар Ақмола және Сырдария облыстарында жинақы қоныстанды. XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласына Украина мен Бессарабиядан болгарлар да келе бастады. Олар Қазақстанға жер жетіспеушілігінен қоныс аударды. Болгарлар 1908-1910 жылдары Семей облысының Павлодар уезіндегі Разумовка және Андрияновка селоларының, Торғай облысының Ақтөбе уезіндегі Болгарка селосының негізін қалады. Ақмола аумағында эстондықтар мен латыштардың шағын бір тобы (375 адам) да өмір сүрді.
1897 жылы өткен Жалпыресейлік халық санағының деректері бойынша, Қазақстанда 29,5 мың өзбек, 2,8 мың түрікмен, 2,6 мың башқұрт, 997 қалмақ, 987 тәжік, т.б. ұлт өкілдері тұрған.[1]
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар: Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес)