«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз


)Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея,ұлттық мемлекеттіктің қалыптасу эволюциясын қарастырыңыз



бет11/46
Дата05.05.2023
өлшемі167,79 Kb.
#90372
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46
Байланысты:
« аза станны азіргі заман ы тарихы» п ні о амды тарихи санан

14)Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея,ұлттық мемлекеттіктің қалыптасу эволюциясын қарастырыңыз
Ұлттық идея мәселесі бүгінде барлық пост¬кеңестік мемлекеттер үшін маңызды болып отыр. Бүгінде қазақстандық қоғамда да мемлекетіміздің болашақ даму бағытына қатысты ұлттық идея мен мемлекеттік идеология қандай болуы тиіс деген қызу пікірталас қалыптасып отырғандығын аңғаруға болады. Бұл мәселеде Қазақстанның зия¬лы қауым өкілдерінің пікірлері келесідей бағыттар¬ға бөлінеді:
– кеңестік заманда ұмыт болған дәстүрлі мәдени құндылықтарды қайта жаңғырту және нығайту;
– батыс құндылықтарын енгізу;
– батыс құндылықтар жүйесі мен дәстүрлі сананың араласуы.
Сонымен қатар, елімізде анағұрлым кең инте¬гра¬цияны білдіретін «еуразияшылдық» идеясы да кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, қоғамның идеялық шоғырлануына септігін тигізетін әлеуметтік-экономикалық сипаттағы «Қазақстан – 2030» стратегиясы, «Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің санатына ену», «Зияткерлік ұлт қалыптастыру» идеялары да соңғы кездері ресми билік тарапынан да, бейресми ұйымдар тарапынан да қызу пікірталастар тудырып отыр. Ұлттық идея, ел Президенті Назарбаевтың пікі¬рінше, қоғамның дамуына қарай туындайды. Осыған орай «Қазақ¬стан-2030» Стратегиясы біздің осы заман¬ғы ұлттық идеямыздың негізі бола алады дей келе, ұлттық идеяның мынадай басты тұғырларын анықтайды: бірінші тұғыры – ел бірлігі; екінші тұғыры – экономиканың бәсекеге қабілеттілігі; үшінші тұғыры – интеллектуалдық жасампаз қоғам; төртінші тұғыры – өркениетті мемлекет. Қазір біздің елде де дүниежүзінің өркениетті елдеріндегідей, «ұлттық» сөзі «мемлекеттік» деген ұғыммен бірдей қолданылады. Демек, «ұлттық банк», «ұлттық экономика», «ұлттық валюта» сияқты сөздерде «ұлттық» сөзі тек қазақ ұлтының сөзі деп түсінілмейді, ол бүкіл қазақ халқынікі деп түсіні¬леді. Сол сияқты «ұлттық идея» дегенде де біз тек қазақ халқының идеясы туралы емес, жалпы Қазақстан халықтарының идеясы туралы сөз болып отыр деп түсінуіміз қажет. Сонда, ұлттық идея – қазақ ұлтының және Қазақстан жерін мекендеген өзге ұлттық диаспора өкілдерінің қатысуымен жасалады. Еліміздегі ұлттық идея мен азаматтық идеясын үйле¬сімді біріктіріп, жалпыұлттық идеяны жасау арқылы елімізді түрлі ұлт өкіл¬дерінен құрал¬ған біртұтас азаматтық және саяси қауымдастыққа айналдыру мемлекетіміздің ұлттық саясатының басты мақсаты болуы керек деп ойлаймыз. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, ұлттық идеяда халықтың түпкі мақсат-мүдделері көрініс табатын болғандықтан, ол жалпы түрде қалыптасқан идея болмауы керек. Оны қалыптастырғанда елдің өзіндік ерекшеліктер мен тарихи тағдыры ескерілуі қажет. Қазақстанның ұлттық идеясы мен оның даму ерекшеліктерін өзіндік ұлттық деңгейде, сонымен қатар, жалпыұлттық және жалпыөркениеттік деңгейде қарастыру керек деген пікірдеміз. Осы айтыл¬ғандарға орай, бүгінгі таңда мемлекетімізге құндылықтық бағдар болатын, болашақтың жарқын жолын анықтайтын ұлттық идея қажет екеніне күмән келтіруге болмайды. Біздің ойымызша, Қазақстанның ұлттық идеясы көпұлтты мемлекетіміздің азаматтары мен алыс және жа¬қын шет елдердегі қандастарымыздың жү¬регіне жететін, жарқын болашаққа жетелейтін бағдар, рухани деңгейде әрқайсысына демеу болатын қасиетке ие көшбасшы ой-тұжырым болуы керек. Қазақи рухы биік ұлттық идеяның қалыптасуында тарих пен мәдениет, әлеуметтік тәжірибелердің маңызы зор. Қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғырту бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді талап етеді. Бұл дегеніміз жаңа жаһандық демократиялық құндылықтардан бас тартпай, осы жаңашылдықты қалыптастыруда қазақтың дәстүрлі құндылықтарын жаңғырта отырып, ұлттық қорға сүйену. Қорыта келгенде, бүгінгі таңдағы адамның еркіндігі, бостандығы мен құқының сақталуы мен қауіпсіздігі басты құндылық болып саналады. Қазақстандық қоғам өзінің ерекшеліктеріне қарай, гуманизм, патриотизм, төзімділік, адамгершілік, ұлтаралық сыйластық пен ашықтықты ұстанымдарын алға қояды. Бұл құндылықтар Қазақстандағы барлық ұлттар мен этностарды біріктіретін ұлттық идеяға негіз бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет