«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз


Зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастырудағы тарих ғылымының алатын орынын көрсетіңіз



бет2/46
Дата05.05.2023
өлшемі167,79 Kb.
#90372
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
« аза станны азіргі заман ы тарихы» п ні о амды тарихи санан

3.Зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастырудағы тарих ғылымының алатын орынын көрсетіңіз.
Тәуелсіздігін алған Қазақстанда адамдардың өмірлік болашағы нақтылануда, түрлі бағдарда өрбуде. Тәуелсіздік идеясының тұғыры республиканың тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтау, Қазақстандағы ұлттық ынтымақты және қоғамдық бірлікті жетілдіру мақсатымен анықталуда. Елдегі азаматтық және рухани, этникалық және ұлттық бірегейлікті нығайту, халықтың әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-психологиялық белсенділігін арттыру – қазақстандық дамудың басты бағдарларын құрайды. Қазақстан халқының ХХІ ғ. өмірлік өресі: 1) қоғамдағы біртұтас бастамаға және алуан этникалық, түрлі конфессиялық мемлекеттегі тұтастанған рухқа; 2) олардың бір бағыттағы алуан іс-әрекеттердің үйлестікке қатысты. ХХ-ХХІ ғғ. Қазақстанның келбетін қазақтардың өмір сүру салтынан, ұлттық болмысынан тыс түсінуге, олардан бөле-жара қарастыруға болмайды. Қазақ халқының әлеуметтік және мәдени эволюциясы күрделі, көп сатылы, өте бай. Оның тарихы Шығыс пен Батыс, Азия мен Еуропа өркениетінің тоғысында, дала мен қала кеңістігінде, түркі дәстүрлері мен исламның рухани құндылықтары ая- сында біртіндеп қалыптасты. Қазақстанның қазіргі территориясында қазақ халқы ғасырлар бойы бірігіп өмір сүрді, өсіп өнді. Қазақтар туған жерін қорғау барысында, тұтастанып өмір сүрді, қоғамдық күшке айналды, бірлесуге деген құштарлығын қалыптастырды. Қазақ ұлты мемлекет құратын бірден-бір халық, өзінің саяси жүйесіне басқа этникалық құрылымды топтастыратын шешуші әлеуметтік күш. Қазақтың өмір сүру тәжірибесі Отанға деген сүйіспеншілікті, елдегі ынтымақтың түп-тамырын құрайды. Қазақ халқы жарасымды дәстүр-салтымен Қазақстандағы қуатты тарты- лыс күшіне айналды. Қазақтың, ендігі тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихы топтасу, түсінісу, бірлесу, көршілермен жарастық құрған тарихи тәжірибеге ұқсас, сондай ұтымды үйлестікке тәрбиелейді. Кімде-кім халқымыздың татулықты сақтаған даналығын дұрыс ұқса, ол өз елінің болашағына үлкен үмітпен қарайды, ұлағатты мұратқа ұмтылады. Ұлтымыздың да, еліміздің де өзін - өзі анықтаудың іргелі негіздері бар. Олар: 1) Тәуелсіздікке деген, «Ұлы Жібек жолын» қайта жаңғыртуға деген бағыт-бағдар; 2) бірдей еңбектену, халық бірлестігі, тарихтың, мәдениеттің ерекшелігін ескеру және мемлекеттік тілді қолдану жүйесін жетілдіру әрекеті; 3) қазақтың ұлттық мәдениетін толықтыратын тәжірибе сабақтастығы. Қоғамды жетілдірудің осын- дай қазақстандық тәжірибесін әлем мойындауда. Жаңа дәуір, жаңа кезең басты мына постулаттарға деген бұрын-соңғы көзқарастар мен түсініктерді ықшамдауды, өзара ыңғайластыруды қажет етуде. Сонымен: 1) қазақ халқынан және оның мәдениетінен тыс нақты Қазақстан болған емес; 2) Қазақстанның болашағы күллі қазақстандықтардың бірлескен, келісімді өмірінсіз баянды және тұрақты болмайды; 3) әлеуметтік-экономикалық табыстардың тиянақты және мәдениеттегі қозғаушы күштердің тартымды бо- луы өзара сыйластыққа, ынтымаққа, бірлескен әрекетке тікелей қатысты. Халық 6 даналығынан туындаған бұл қағидалардың нақты және тарихи маңызы зор. Достық пен бірлікке арналған бұл ұстаным Қазақстан халқына тікелей қатысты. Еліміздің ендігі дамуы мәнді идеяларды, мәдени қатынастырдың тартымды дәстүрін өмірге сауатты енгізуге байланысты. ХХІ ғ. бейбітшіл саясаттың негізгі идеяларын Қазақстан Президенті Н. Назарбаев халықаралық қатынастардың ұраны және қағидалары ретінде ұсынды. Ол дегеніміз сенім, дәстүр, транспаренттілік және төзімділік. Осы принциптер негізінде Қазақстанның: а) халықаралық қатынастағы тиімді теңдігі орнықты; ә) БҰҰ-ң басты мүшелерімен маңызды серіктестігі қалыптасты; б) қазіргі қауіп-қатерге, оның қайнар көзіне қарсы тиімді іс-шаралары белгіленді. Оң бастамалар ұрпақтар мен құндылықтардың сабақтастығын нығайту арқылы жалғасын тапты; қоғамдық келісім мен халықаралық ынтымақтастық бағдарына негізделінді; тұрақтылық пен тұтастық принциптерін қолдайтын ықпалдастықты арттырды. Жаңа ғасырда ұлттық өркендеу және этникалық түбірге топтасу үрдісі қатар қарқындауда. Екі тенденцияда жаһандану мен экономикалық интеграцияға ыңғайласудың қос түріне жатады. Интеграцияның негізін ұлттық құндылықтарды сақтау және этникалық мәдениеттің өзіндік үлгісін нығайту мүддесі құрайды. Республикамызда туған жер кеңістігіндегі тарихи және ұлттық маңызы басым атауларды қалпына келтіру дәстүрі өріс алуда. Оның өзі тілдік, интеллектуалды мәдениеттің өзіндік ерекшелігін толықтыруға жол ашуда. Халықтың өзіндік бол- мысын жетілдіру тұтыну қоғамының байырғы ығында қараусыз қалдыртқызбайды, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімі мен ар-намысын оятады. Ендігі халық пен алуан этникалық топтардың бірегей, үйлес белгілері республиканың даму қарқынын, Қазақстанның келбеті мен бейнесін анықтай түспек. Сондай-ақ қос бастама - ұлттық факторлардың ықпалды ықшамдылығы мен білім берудің инновациялық жүйесінің идеялық негіздері ел тағдырына ықпалын арттыра бермек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет