«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз


Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін талдаңыз



бет21/46
Дата05.05.2023
өлшемі167,79 Kb.
#90372
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46
Байланысты:
« аза станны азіргі заман ы тарихы» п ні о амды тарихи санан

26.Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін талдаңыз
ҚазАқпарат - Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың аяқталғанына 69 жыл толады. 1945 жылы Берлинде біздің аталарымыз фашистік басқыншыларды тізе бүктіріп, бүгінгі бейбіт өмірге жол ашты. Араға талай жылдар салып, әу бастан қазақтың аңсаған арманына қол жеткізіп, Тәуелсіз ел ретінде іргемізді қалағанымыз да сол Жеңістің жалғасы іспеттес. Батыр аталарымыз Отан үшін жан пида деп, қасық қаны қалғанша жаумен айқасты, өжеттілік пен қайсар мінездің үлгісін паш етті. Сондықтан біздің бүгінгі қасиетті парызымыз - осы күнге жеткізген ардагерлерімізді аялап, құрмет көрсету. «ҚазАқпарат» жылдағы игі дәстүр бойынша 9 мамыр қарсаңында осы сұрапыл жылдары майданда, тылда Жеңісті жақындатуға елеулі үлесін қосқан отандастарымыз жөнінде материалдар жариялап, арнайы айдарлар, баннерлер орналастыруын жалғастырып келеді. Биыл да біз есімдері ел шежіресінде алтын әріппен жазылған батырларды бүгінгі ұрпақ жадында мәңгі қалдыру үшін «Қазақстандық батырлар» айдарымен майданда ерлігімен ерекше көзге түскен жерлестеріміз жайлы ақпарат беріп отырмыз. Сондай-ақ «Жеңіске жеткізгендеріміз» айдарымен майдангерлеріміздің бала-шағасы, немерелерінің естеліктерін, ардагерлердің отбасыларынан редакцияға келіп түскен хаттарды жариялап келеміз. Ұлы Отан соғысы жылдарында республикада 12 атқыштар, 4 ұлттық кавалериялық дивизиялар, 7 бригада, 50 полк құрылды. Майданға барлығы 1,2 млн. қазақстандық немесе республиканың әрбір алтыншы тұрғыны жұмылдырылды, олардың 640 мыңы, яғни жартысынан астамы ұрыс даласында қаза болды. Қазақстанның даңқты ұлдары мен қыздары Мәскеу мен Ленинградты қорғауға, Сталинград түбіндегі, Курск иініндегі, Днепрді алудағы шайқастарға, Украинаны, Беларусьті, Молдованы, Балтық елдерін және Еуропаны азат етуге қатысты. Олар Рейхстаг төбесіне Жеңіс жалауын тігуге де қатысты.

Ұлы Отан соғысы жылдарында республикада 12 атқыштар, 4 ұлттық кавалериялық дивизиялар, 7 бригада, 50 полк құрылды. Майданға барлығы 1,2 млн. қазақстандық немесе республиканың әрбір алтыншы тұрғыны жұмылдырылды, олардың 640 мыңы, яғни жартысынан астамы ұрыс даласында қаза болды. Қазақстанның даңқты ұлдары мен қыздары Мәскеу мен Ленинградты қорғауға, Сталинград түбіндегі, Курск иініндегі, Днепрді алудағы шайқастарға, Украинаны, Беларусьті, Молдованы, Балтық елдерін және Еуропаны азат етуге қатысты. Олар Рейхстаг төбесіне Жеңіс жалауын тігуге де қатысты. Соғыс жылдарында 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, олардың 100-ден астамы Даңқ орденінің толық кавалері атанды, 4-уі Батыр атағын екі мәрте иеленді. Бұл - Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский. Бұл атақты екі мәрте иеленген жалғыз қазақ - Талғат Бигелдинов 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы - Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралды. «Ердің туы намыс», деп білген ержүрек батырымыз Бауыржан Момышұлының есімі ел есінде мәңгі қалары сөзсіз. Аты аңызға айналған 316 атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанған Б. Момышұлы өзін даңқты жауынгер, әскери қолбасшы, стратег және тактик ретінде көрсете білді. 1941 жылдың 26 қарашасында маршал Рокоссовский оны полк командирі етіп тағайындады. 1941-1945 жылдары Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі, соғыстың соңғы жылдары аталған дивизия командирі болды. Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк, әуедегі ұрыстарда талай жаудың көзін жойған Хиуаз Доспанова қазақтың қайсар қыздарының даңқын әлемге жайды. Атақты партизан Қасым Қайсенов пен соғыстың аяқталуын Гитлердің кабинетінде қарсы алған Сағадат Нұрмағамбетовтің, жаудан қаймықпайтын қазақтың батыр ұлдары Мәлік Ғабдуллин мен Төлеген Тоқтаровтың ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет