«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз


Е.Б.Бекмаханов, Қ.И.Сәтбаев, Б.Сүлейменов және т.б. ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын анықтаңыз



бет23/46
Дата05.05.2023
өлшемі167,79 Kb.
#90372
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46
29. Е.Б.Бекмаханов, Қ.И.Сәтбаев, Б.Сүлейменов және т.б. ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын анықтаңыз
1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырым еді.

Қазіргі тарих ғылымында орныққан бұл тұжырымды әуел баста көтерген ғалым сегіз жыл әуре-сарсаңға түсіп, ақыры бір жарым жылын ГУЛАГ абақтысында өткізді. Бекмахановтың саналы ғұмырының он екі жылдық сергелдеңіне кейбір отандық тарихшылар да «үлес» қосты.


Республика басшылығы «ұлтшыл» Бекмахановты қатаң айыптай отырып, осынау «ұлтшылдықты жөргегінде тұншықтырмаған» сол кезде Қаныш Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын аяусыз сынады.. Соның нәтижесінде Бекмаханов қана емес, басқа да ұлтшылдар «табыла қалып», қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, т.б. ғалымдар да сотталды. Ал Қаныш Сәтбаев Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Қамауға алу туралы сөз бола бастағанда КГБ офицерлерінің бірінің астыртын жанашырлық ескертуінен кейін Мұхтар Әуезов те табан астында Мәскеуге ұшып кетті.


Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты. Қазақ ғылымын үрей биледі.




30. Барлық саладағы «кеңестік цензураның» күшеюінің адамдар санасына тигізген кері әсерлерін талдап көрсетіңіз

. 1865 ж. Ц. мен баспасөз туралы уақытша ережелер шығарылды. Кеңес өкіметі жылдарында Коммунистік партияның бақылауымен КСРО республикаларында қатаң Цензура жүзеге асырылды. ОЛарды біз алаш зиялыларының шығармаларынан байқай аламыз. Алаш арыстарының бүркеншік ат пайдалануы да сол кеңестік цензураның әсері болды деп айтуымызға болады.


Әлемдік тәжірибеге жүгінер болсақ, дамуда өркениетті дәрежеге жеткен демократиялық құқықтық мемлекеттерде, мемлекет құпияларын сақтайтын цензура органдарының басты міндеті өз елдерінің қауіпсіздігін сақтап, оның тәуелсіздігін және азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қорғау болып табылады. Мемлекеттік бақылау мәртебесін алған цензура органдарының әрекеттері, оның саяси құрлысының тұтастығын қорғап, оларды әртүрлі жат пиғылдардан сақтандырып, алдын алу шараларын орындауға тиісті. Алайда өткен тарихтың өткелдеріне үңілер болсақ мемлекеттердің барлығы жоғарғыдай принципті ұстай алмаған. Сондай мемлекеттердің бірі Кеңестер Одағы және оның құрамындағы Қазақ Социалистік Республикасы. Мемлекеттік басқарудың тоталитарлық тәртібін таңдап алған бұл елдерде мемлекет құпияларын сақтайтын цензура органдарының қызметі азаматтардың құқығын қорлаумен ұштастыра жүргізілді. Мемлекет органдары, оның ішінде мемлекет құпияларын сақтайтын цензура органдары адамға қызмет етудің орнына, адамдар бұл органдарға жан аямай жұмыс істеген. Большевиктер өмірге әкелген осы мемлекеттік биліктің тоталитарлық жүйесі әбден құдіретті күшіне енген сәтінде Кеңестер Одағы социалистік құрылысты орнату жолында ол қоғамға жат, тұрпайы әдістерді жан-жақты, барынша қолданды. Социализм құру жолындағы ізгілікті көзқарастар, демократиялық қадамдар бұрмаланып, ол құлақ естіп, көз көрмеген зорлық-зомбылықтармен ауыстырылды. Халық билігі деп қаншама айтылғанымен, ол іске аспады. Социализм халық билігі арқылы өмір сүреді деген өткендегі ғұлама ойшылдардың ізгілікті қағидалары жалған ұрандармен алмастырылды. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында шексіз бақылауды жүзеге асыратын, биліктің тоталитарлық кезеңдерінде тыйым салулардың мақсаттары мен міндеттері өзгеше болды. Цензуралық тыйым салынбағанның барлығына рұқсат етіледі деген принцип те сөз жүзінде қалып қойды. Ол кезеңде цензура саяси мақсаттарға пайдаланатын билік формасының бір тармағы, екіншіден ол өзінің қызмет әрекеттерімен (мемлекеттік, әскери, экономикалық құпияларды қорғау) қоғамның басқару құрылымының ажырағысыз бөлігі және мемлекеттің қауіпсіздігінің кепілі болып табылды. Сөйтіп азаматтарға ненің керек, ненің керек емес екендігін айқындап беретін бақылау функциясын атқаратын мекемелер өмірге келді. Кеңестік цензура өз билігі кезеңінде патшалық цензураның өзіне қажетті тұстарын таңдап алып соған сүйенді. Мысалы, патшалық Ресейдің 1804 жылғы Цензуралық Жарғысында оның міндеттері: «Қоғамға өнеге болатын және сананың шынайы ағартушылығына ықпал ететін кітаптар мен шығармаларды дәріптеу және оның пиғылына қарсы келетін кітаптар мен шығармаларды жою» [4] - деп белгіленсе, кеңестік кезеңдегі 1947 жылғы қабылданған Жарғы бойынша «мемлекеттік бақылау кеңестік мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтер мен еңбекші халықтың мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін басқа да мәліметтердің жариялануына жол бермеу үшін құрылды» [5], - деп нақтылана түсті. Кеңестік заң, ережелер негізінде «нұқсан келтіру» деңгейін қандай екендігін арнайы органдар мен осы салада жұмыс істейтін шенеуніктер анықтады. Бұл мәселені шешуде олар көбінесе, халық тілегімен санаспай «менікі дұрыс» деген принциптен шыға алмай, бюрократтық әрекеттерге жиі барды. Олардың қызметі идеологиялық және моральдық тәртіптерді берік орнықтыруға бағытталып отырылды. 8 Зерттеу барысында байқағанымыздай патшалық және кеңестік цензуралар арасындағы айырмашылықтар болды: біріншіден, егер Қазан төңкерісіне дейін цензура біртіндеп бәсеңдей бастаған болса, ал революциядан кейін тұрақты түрде күш ала бастады; екіншіден, революцияға дейін жаппай цензура туралы айту қиындау, өйткені ол кезде жекеменшік баспаханалар, басылымдар мен мерзімді баспасөздер көп еді. Кеңес өкіметі кезінде бұлардың мемлекеттендірілуіне байланысты цензураның қажеттілігі артып, ол бірінші кезекке қойылып, оның бақылайтын объектілерінің салдарымен емес себептерімен күрес жүргізіле бастады, үшіншіден, патшалық цензура заңмен реттелсе, кеңестік цензура жасырын нұсқаулар, арнайы ереже, циркулярлармен реттелді; төртіншіден, революцияға дейінгі цензорлардың білімдік деңгейі өте жоғары болып, онда істейтін мамандардың көпшілігі университет профессорлары болса, кеңестік цензорлар тәжірибесі жоқ, бұл қызметке әлі маманданбаған жастар болды. Бұл кезең мемлекеттік цензураның азаматтар өмірінің барлық саласына ене отырып, шегіне жете күшейген тоталитарлық билік кезеңі болатын. Бұл кезде Кеңестік цензура қоғамдағы өзгеше ойлаушылықтың қандайына болмасын ымырасыз күресе отырып, оның пайда болу себептері мен айтылуына ашықтан-ашық қысым көрсетуге көшті. Кеңестік дәуірде өмір сүрген ортаның жалпыға ортақ тәртібі осылайша өмірге енді. Басқарудағы демократиялық қағидалардың болмауы, кеңестік жүйенің өзін - өзі реттеуге қабілеттілігінің жетіспеуі, оның өзінің билік жүргізуіне қолайлы моральдің жасанды қағидаларын ойлап тауып соған сүйеніп, соның негізінде күшпен қысым көрсету әдістерін пайдалануға жол ашты. Кеңестік кезеңдегі цензураның негізгі күші, мемлекеттік құрылымның жоғары буынында қалыптасқан және қуғын-сүргінді ұйымдастырушы органдарымен тығыз ынтымақтасып жүргізген іс - әрекетіне байланысты болды. Біз саяси цензураны биліктің мүдделерін қамтамасыз ету мен оған қызмет етуге бағытталған әрекеттері мен шараларының бір жүйесі ретінде білеміз. Ал республикада, Одақ көлеміндегідей цензура мекемелерінің пайда болуымен бірге (әскери, шетелдік) ең алдымен, идеологиялық бақылау жүргізу үшін құрылған мәдениетті мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуы қатар жүрді. Мысалы, қоғам дамуының әміршіл-әкімшіл жүйе қалыптасқан, субъективті-волюнтаристік және тоқырау мен қайта құру жылдарында цензураның - Бас Басқарма ретіндегі қызметі оған жүктелген міндеттерге сай атаулары өзгерістерге ұшырап отырды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет