«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз


Ауыл шаруашылығын басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсіздіктерін ашып көрсетіңіз



бет26/46
Дата05.05.2023
өлшемі167,79 Kb.
#90372
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46
Байланысты:
« аза станны азіргі заман ы тарихы» п ні о амды тарихи санан

35. Ауыл шаруашылығын басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсіздіктерін ашып көрсетіңіз
Ертеректе басталған ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру үдерісі 1960 жылдардың алғашқы жартысында жаңа қарқынмен жүргізілді. 1965 жылдың соңында кеңшар саны 1521-ге жетіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің 57%-ын өндірді. Астық өндірудегі кеңшарлардың үлесі – 80%. Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудегі кеңшарлар үлесі – 52,8% болды. 1970 жылға дейін ғылыми-зерттеу институттары жанында оқу-эксперименттік кеңшарлар, 104 мал бордақылайтын кеңшарлар құрылды. Жүргізіле бастаған реформалар шеңберінде республикада 586 кеңшар толық шаруашылық есепке көшті.

1965 жылғы наурыз пленумында ұжымшарлар мен кеңшарлардың экономикасын көтеруге бағытталған шаралар жүйесін іске асыру көзделді. Ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу бағасы 2 есеге өсіріліп , жоспардан тыс өнім өндіргені үшін үстеме ақы төленетін болды. Табыс салығы ережелеріне өзгеріс енгізілді. Ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржы көлемі ұлғайтылды. Ауыл шаруашылығы техникасы артты. Өндірісті мамандандыру қанат жайды. Дәнді дақылдар өндіретін шаруашылықтардың жартысы жуығы тауарлы астық өндіруге мамандандырылды.


1960 жылдардың соңында ауыл шаруашылығын интенсивтендіру шаралары жүргізілді. 50-ден астам кəсіпорын ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектер шығарды. Қуатты тракторлар мен өздігінен жүретін комбайндар алдырылды. Ауыл шаруашылығының энергетика қуатымен жабдықталуы төмен болатын. Ірі жылу орталықтары мен СЭС-тер салудың нәтижесінде ауыл шаруашылығын электрлендіру ісі жақсара бастады. Бұл жұмыс электр станцияларына жақын жатқан Шығыс Қазақстан, Семей, Солтүстік Қазақстан облыстарында жақсы жүрді.


1970 жылдары Қазақстан Одақ көлемінде өндірілетін бидайдың 23,9%-ын, күріштің 24,6%-ын өндірді. Тауарлы астық өндіруден 2-орын, ет пен жұмыртқа өндіруден 3-орын, сүт өнімінен 4-орын, қаракөл дайындаудан 2-орында болды. Ауыл шаруашылығын интенсивтендірудің, шаруашылық жүргізудің тиімді əдістерін пайдаланудың орнына тиімсіз шаралар қолдану жиіледі. Жоспарды қол жеткен жетістіктерге қарай құру асыра сілтеушілікке апарды. Мерейтой өткізу, көтеріңкі міндеттемелер қабылдау жолындағы қозғалыстар ұйымдастыру дағдыға айналды. 1970 жылдары ауыл шаруашылығының салалық өндірісін, материалдық-техникалық базасын нығайту, мамандандыру мен шоғырландыру жұмыстары жүргізілді. Жерді суландыру мен химиялық жолмен тыңайтуға көп көңіл бөлінді. Сонда да ауылшаруашылық өнімдерін өндіру қарқыны төмендей берді. 1971-1975 жылдары ол 13%-ға дейін құлдырады. Шаруашылықты жүргізудің қалыптасқан жүйесін өзгертуге әрекеттенгендер болды. Алматы облысының Еңбекшіқазақ жəне Күрті аудандарында кеңшар директоры болған И.Н.Худенко шаруашылықты басқарудың құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар шаралар қолданып, еркін еңбек ету жүйесін енгізеді, фермерлер усадьбаларын дамытуға әрекеттенді. Бюрократиялық жүйенің кесірінен И.М. Худенко қуғындалып, ақырында бас бостандығынан айырылады. Түрмеге түсіп, сонда қайтыс болады.
Қазақстан қой саны жəне қой өнімдерін өндіруден Ресей Федерациясынан кейінгі екінші орында тұрды. 1975 жылдың соңында 34,6 млн. қой мен ешкі болды. Одақ бойынша республикада өндірілген өнім үлесі: жүн – 24%, қой еті – 23,3%, қаракөл елтірісі – 34%. Қазақстанда ет өндіру мен дайындауда қой етінің үлесі 25-30% аралығында болып отырды. 1960 жылдардың соңында қой өсірумен айналысатын 1285 шаруашылықтың 587-сі осы салаға арнайы мамандандырылды.

1971 жылы Семей облысы Шұбартау ауданының комсомол ұйымы мектеп бітіретін жастарды қой шаруашылығына келуге шақырып, бастама көтерді. Қой өсіруші комсомол-жастар бригадалары жаппай құрыла бастады. Бригада отармен емес, 3-5 мың қойды бір жерде, ауысыммен бағуға тиіс болды. Мал шаруашылығы еңбегін ұйымдастырудың бұрын болмаған түрлері дүниеге келді. Компартия жастардың алдына қой санын 50 млн-ға жеткізуді мақсат етіп қойды. Жастар бригадалары бұл міндетті орындай алмады. Республикада мал басы көбеймей, керісінше азайып кетті.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет