«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз



бет27/46
Дата05.05.2023
өлшемі167,79 Kb.
#90372
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46
36. Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды.
Арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны 1947 жылы 21 тамызда ашылды. 1949 жылдың 29 тамызында Семей облысында таңғы сағат 7-де жерден 38 метр биіктікте қуаты 20 килотондық алғашқы атом бомбасы жарылып, сынақтан өтті. Бұл жарылыстан орта есеппен 900 мыңдай бейкүнә адам 100-250 рентген мөлшерінде радиация қабылдаған. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар 1949–1962 жасалды. Сосын оларды жер астына 1963 – 1989 жасай бастады.
Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары:
1. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
2. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады.
3. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Семейдегі ядролық сынақтың салдарынан соңғы жылдары әр жүз мың адамға шаққанда жүйке-психологиялық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке, ақыл-ойы кем адамдар 3105-тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692-ге көбейген.Көбінесе өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ со л аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты.
4. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.
5. Жарылыстардан кейін жалпы көлемі 1,2 млн.м болатын 9 жер асты жолағы және диаметрі 600 метр бір жасанды көл пайда болды.
6. Жарылыс кезіндде радиациялық әсерге 1,2 млн. адам ұшырады. Олардың бір бөлігі Шығыс Қазақстан облысында – 1,1 млн., 0,048 млн. – Қарағанды облысында және 0,052 млн. – Павлодар облысында тұрады.
7. Республикалық СЭС есептеулері бойынша ССЯП өңірінде атмосферадан сынақ мерзімі ішінде тұрғындардың алған ұжымдық дозасы шамамен 100 мың адамды құрайды, ал бұл 100 мыңдаған адам өмірін қиды.
8. Семей өңірінде жүйкенің тозуы және басқа психикалық ауру түрлерінің жиілігі тым жоғары.Азғыр кентінің тұрғындары арасында орташа облыстықпен салыстырғанда ауру түрлері жоғары: туберкулез бойынша – 608 есе артық, эндокринді ауру – 19 есе, асқазан жарасы ауруы – 16 есе жоғары.
9. Сынақ зардаптары дәрі мен дәрігерлерді дәрменсіз етіп, адамзат баласында кездеспеген ауру-сырқаулардың «жаңа» түрлерін туындата бастаған. Жалпы, Семей өңіріндегі полигонға жақын бұрынғы бес аудан халқының денсаулық жағдайын сараласақ, жүйке ауруына шалдыққандар саны (1995 жылғы деректер) – 1650-ге таяу, ақыл-ойы кемтарлар 4700-ге жетіпті. Ал 3700 адам жүйке тамыры ауруына шалдыққан. Әсіресе, екі әйелдің бірінде тамақ бездерінің ауруы асқынып қабынуы, ауруға шалдығушылардың иммунитеттері нашарлығы байқала бастаған.
10. Республика бойынша орташа жас ұзақтығы ерлерде – 59, әйелдерде – 62 жас болса, полигон аймағына жататын аудандарда ерлерде – 52-55, әйелдерде 58 жас күйінде қалып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет