«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз



бет28/46
Дата05.05.2023
өлшемі167,79 Kb.
#90372
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46
Байланысты:
« аза станны азіргі заман ы тарихы» п ні о амды тарихи санан

37. "Тоқырау жылдары" деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасындағы жетекші рөл атқарып келген Кеңес Одағын ықпалы бұрынғыға қарағанда әлсіреп кетті.
Тоқырау жылдарындағы білім , ғылым , мәдениеттегі жетістіктер:
- 1970 жылдары жалпыға бірдей орта білім беруге көшу науқаны өріс алды. Кабинеттік жүйені енгізу шаралары атқарылды. Ауыл мұғалімдеріне жеңілдіктер жасалынды. Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін тарату, әдістемелік жаңалықтарды енгізу жұмыстары жүргізілді.

- 1980 жылдардың басында жалпыға бірдей міндетті орта білім берудің жүзеге асқандығы жарияланды. 1984 жылы кезекті мектеп реформасы басталды. Мектептің материалдық базасын нығайту, 6 жастан бастап оқыту, жаңа пəндер енгізу, мұғалім беделін көтеру қарастырылды.


- 1980 жылдардың ортасында ЖОО-ның саны 55-ке жетті. Бұл жылдары студенттік құрылыс отрядтары өріс алды. Орта арнаулы оқу орындарының саны 246-ға жетті. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 550 мыңға жуық студенттер мен оқушылар 200 түрлі мамандық алды.
- 1960-1970 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРО-дағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды. Қазақстандық ғалымдардың еңбектері шет елдерге танымал болды.
- Д.В.Сокольский катализаторларды электрохимиялық əдістермен зерттеу мәселесін көтерді. Социалистік Еңбек Ері, академик У.М.Ахметсафин гидрогеология жəне гидрофизика ғылымдары саласында нәтижелі еңбек етті. М.А.Айтхожин бастаған ғалымдар тобы генетика мен микробиология саласында табысқа жетіп, өсімдік жасушаларындағы информасомаларды ашты. Академик А.И.Бараев басқарған Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы ғылым академиясының Шығыс бөлімі топырақ қорғаудың жаңа жүйесін жасауда зерттеулер жүргізді. Академиктер Ә.Х.Марғұлан мен Е.А.Букетов есімдері ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында кеңінен танымал болды. Ғалымдар аллергология, онкология, вирусология салаларында табыстарға жетті.
- Республикада 40.377 ғылыми қызметкер болып, оның 864-і – ғылым докторы, 650-і – Ғылым академиясының академиктері, корреспондент-мүшелері, профессорлар.
- 1970 жылдары құқықтық ғылымда жаңа бағыттар пайда болып, заң актілерін белгілеу жұмыстарына қатысты.
- Отырарда қазба жұмыстарын жүргізген археологтар табыстарға қол жеткізді. 1969 жылы Есік қаласының жанындағы қорғаннан сақ жауынгерінің табылуы дүниежүзі тарихшыларының назарын аударды.

Тоқырау жылдарындағы білім, ғылым және әдебиеттегі кемшіліктер:


- Тоқырау жылдарында қатты зардап шеккен ғылым – қоғамдық ғылымдар. Ғалымдар ғылыми еңбектерін əкімшілік сызып берген шеңбер көлемінде ғана жазды. Ғылыми еңбектерді бағалау мен ғылыми дəреже беруді Мəскеу шешті. Жергілікті ұлт өкілдерінен шыққан ғалымдардың сандық мөлшеріне шек қойылды. Қазақ халқының ұлт ретінде ыдырау жолына түсуі сырына үңілу талабы жасалмады.
- Қазақтар негізінен, ауыл шаруашылығы, медициналық, гуманитарлық ғылым салаларында жүрді. Жаратылыстану ғылымдары саласында қазақтар үлесі тым аз болды. Ғылыми еңбектердің басым көпшілігі орыс тілінде жазылды. Қазақстан философтарының диалектикалық логика саласындағы еңбектері маңызды болды.
- Қазақстан тарихы қатты бұрмаланды. Тарихшылар тек Кеңес заманының жетістіктерін зерттеуге жұмылдырылды. Тəуелсіздік үшін күрескен қайраткерлер буржуазияшыл-ұлтшыл ретінде сипатталды.
- Кеңес билігі тұсындағы ауыр нəубеттердің сырын ашуға бағытталған зерттеулер жүргізуге тыйым салынды.
- Кеңес Одағында қоғамдық саяси өмірде «басқаша ойлауға» қысым көрсетілді. Оның нақты мысалы, О. Сүлейменовтың 1975 жылы шыққан «Аз и Я» деген кітабына тыйым салынды. Оған пікір жазған «Молодая гвардия», «Москва», «Звезда» және т.б. журнал беттерінде авторды идеологиялық талаптардан ауытқып кетті деп айыптады. Автордың езі идеологиялық қысымға алынды
-
38. 1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды «Қайта құру» бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. Қайта құрудың зардаптары:
1. Саяси саладағы зардаптары :
1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздегі және дәрменсіздігі.
2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы.
3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі.
4. Заңдылықтың бұзылуы.
5. Жариялылықтың болмауы.
2. Экономикалық салаларда-дағдарыстың белгілері:
— Шаруашылықтың жүргізудің шығындық тәсілі.
— Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық.
— Бақылаусыз басқару аппараты.
— Инфляция.
— Товар зәрулігі.
3. Әлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері:
— Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы.
— Теңгермешілдік.
— Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы.
— Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы.
— Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер.
— Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және коррупция.


39. «Қазақстан 2030» Жолдауында Президент Қазақстанның алдындағы 7 басымдылықты атап көрсетті. Солардың қатарындағы 1,2,4, және 7-ші басымдылықтардың іске асуы елдегі саяси партиялардың да ат салысып, араласуына қатысты болды. Ең біріншіден саяси партия бұл-азаматтық қоғамының едәуір саяси белсенді мүшелерінің ұйымдасуы. Осы ұйымдасуының негізі-идеологиялық доктрина, әртүрлі әлеуметтік топтардың және белгілі бір жетекшінің ерекше қызығушылығының жиынтығы түрінде көрінетін ортақ саяси көзқарастар және мақсаттар болады. Саяси партиялар азаматтардың саяси өмірге қатысуының негізгі себепші әлеуметтендіру құралы болып есептеледі. Қоғамда ұйымдар, соның ішінде саяси ұйымдардың мүшелерінің саны мен сапасының көрсеткіші жоғары болған сайын, олардың саясатқа қатысу деңгейі де жоғары болып есептеледі.. Қазіргі кезде елімізде еліміздегі саяси партиялар:
-Азат Жалпыұлттық социал-демократиялық партия-Төраға: Тұяқбай Жармахан Айтбайұлы. Төрағаның орынбасары: Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы Партия 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған.
-Алға! (халықтық партия) - "Қазақстанның демократиялық таңдауы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің (ҚДТ РҚБ) жолын жасғастырушы ізбасары.
-Асар партиясы - Партия көшбасшысы: «Хабар Агенттігі» ЖАҚ басшылар кеңесінің төрайымы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты – Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева.
-Ақ жол демократиялық партиясы - Партия төрағасы – Азат Перуашев. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің саны 175 862 адамды құрайды.
-Бірлік (партия) - Партия төрағасы — Серік Сұлтанғалиұлы Сұлтанғалиев. Аталған партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 000 адамды құрайды.
-Жалпы ұлттық социал-демократиялық партия - 2006 жылы құрылып, 2007 жылы 25 қаңтарда тіркелген. Мүшелерінің саны – 140000 адам. Партия төрағасы – Тұяқбай Жармахан Айтбайұлы.
-Жас Отан - 2008 жылғы 14 мамырда Астанақаласында «Жас Отан» ЖҚ I Съезінде қоғамдық бірлестік тұлғасында құрылған. «Жас Отан» Жастар қанатының төрағалығына Шахмардан Байманов (тамыз, 2015) сайланды
-Нұр Отан - Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді.
-Руханият (партия) - "Руханият" партиясы Партия төрағасы - Мәмбеталин Серікжан Есенғосұлы. Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 000 адамды құрайды.
-Қазақстан патриоттары партиясы - Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті.
Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар.
-Қазақстанның «Азат» Демократиялық партиясы - Төраға - Әбілов Болат Мұқышұлы.
Партия «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның бөлінуі нәтижесінде 2005 жылғы 29 сәуірде құрылған және 2006 жылғы 17 наурызда «Нағыз АҚ ЖОЛ» атауымен тіркелген.
-Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы - “Ауыл” партиясы – қоғамдық-саяси ұйым. Құрылтай съезі 2000 жылы 30 қаңтарда өтті.
2000 жылы 30 наурызда ҚР-ның Әділет министрлігінде тіркелді. Партия төрағасы болып Ғани Қалиев сайланды.
-Үш Жүз партиясы - Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым. Партия мүшелері кейде өздерін «қазақтың социалистік партиясы» деп те атады.
-Әділет (демократиялық партия) - 2002 жылы Қазақстанның саяси сахнасында "Құқықтық Қазақстан үшін" қоғамдық-саяси қозғалысы пайда болды. Қозғалыстың басты идеялық рухтандырушысыреспубликаға танымал құқықтанушы және ҚР Жоғарғы Сотының бұрынғы төрағасы Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев.


40. «Социалистік интернационализм» принципі негізінде бір тілде сөйлейтін, бір идеологияға және бір орталыққа бағынған «кеңес халқын» құрамыз деген Одақ басшыларының әрекеті XX ғасырдың 70 жылдары сәтсіз аяқталды. Ең соңында экономикасы ішкі және сыртқы жағдайы, ұлттық саясаты тығырыққа тірелген Кеңес Одағы 1991 жылы ыдырап, оның кеңістігінде 15 тәуелсіз мемлекет пайда болды. КСРО-ның ыды¬рауындағы басты себеп – ол 1986 жылдары Қазақстанда басталып: Украина, Латвия, Литва, Эстония, Грузия және Әзірбайжанда жал¬ғасын тапқан ұлт-азаттық қозға¬лыс болды деп айтуға болады. Кеңес Одағының ыдырауы тарихи заңдылыққа бағынған үрдіс, өйткені көп ұлтты империялар қандай саясат жүргізсе де уақыты жеткенде ыдырауға мәжбүр болады.
КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді.
1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.
Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.
Құрылымы:
- Мемлекеттер басшыларының кеңесі;
- Үкіметтер басшыларының кеңесі;
- Сыртқы істер министрлерінің кеңесі;
- Экономикалық кеңесі;
- Қорғаныс министрлерінің кеңесі;
- Шекаралық әскер басшыларының кеңесі;
- ТМД Экономикалық соты;
- ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы;
- Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері;
- ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясындағы Достастық мемлекеттерінің тұрақты Өкілетті өкілдері;
- ТМД-ның Атқарушы комитеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет