Қазақстанның Ғылымы мен өмірі халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Бір жылда 6 рет жарық көреді Құрылтайшы: «ҚҰҚЫҚТЫҚ миссия»



Pdf көрінісі
бет18/43
Дата03.03.2017
өлшемі5,5 Mb.
#5910
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43

 
 
 
 
 
 
Мелдебекова Ү.И, п.ғ.к., доцент, Құтымова С., магистрант 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан қ. 
 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
99 
 
 
ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕНІҢ ЖАСТАР ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ 
 
Резюме. Бұл мақалада қазақ халқының ұлттық тәрбиесінің қазіргі таңдағы жастардың өміріндегі алатын орны, маңызы 
туралы айтылады.  
Summary.   The article deals with the explaining the role of national upbringing in the life of the young generation.         
 
Ұлттық  тәрбие  әр  халықтың  ғасырлар  бойы 
жинаған асыл мұрасы, халықтың рухани қазынасы. 
Қазақ  халқының  өмір  салтындағы  әдет-ғұрыптары 
мен  рухани  үрдісіндегі    сан  қилы  қырлары  қайран 
қалдыратын  болмыстарға  толы.Қазақ  халқының 
сонау  түркі  заманынан  күні  бүгінге  дейін  келе 
жатқан мұрасы – ұлттық тәрбиесі. 
Қай  кезең  болмасын    адамзат  алдында 
тұратын ұлы міндет – өзінің өмірін жалғастырушы  
саналы  ұрпақ  тәрбиелеу.  Бүгінгі  заман  талабына 
сәйкес,Тәуелсіздік  таңына  қол  жеткізген  шақта  
жас  ұрпаққа  ұлттық  тәрбие  беру  міндеті  уақыт 
талабымен бірге келген игілікті іс екені белгілі. 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  «Ұлт  мәселесіне 
қатысты  жалпы  үрдісті  танып  түсіну,  сөз  жоқ, 
қажет.  Мұнсыз  мемлекеттік  дамудың  жалпы  логи-
касын бажайлау мүмкін емес»,- деген болатын [1]. 
Кез  келген  халықтың  алыс  заманнан  бері 
қалыптасқан  өмір  салты  бар.  Материалдық  рухани 
мұралар  жасау  жолдары,  дүстүр  тағлымдары  , 
кісілік қалыптары  - сол халықтың бастан өткерген 
ғұмыр жолының айғақты көрінісі болып табылады. 
Сол  заманнан  бері  іріктеліп,  сараланып  өмір  
талқысынан  өткен  салт-дәстүрі  мен  тәлім- 
тәрбиесін  бүгінгі  жастардың  бойына  сіңіру      үшін 
жұмыла  кірісуіміз  қажет.    Ол  үшін  тәрбие 
жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуі шарт. Тәрбие – 
жеке 
адамдардың 
тұлғалық 
қасиеттерін 
қалыптастыру  үшін  мақсатты  түрде  жүргізілетін 
қоғамдық өмірдегі ең басты әрекет. 
Қазақ 
отбасында 
ұлттық 
тәрбие 
ана 
құрсағынан  басталып,  адам  өмірінің  әрбір 
кезеңінде    біте  қайнасып,    ең  соңы  адамды  соңғы 
сапарға шығарып салу сәтінде де іске асады.  
Белгілі  чуваш  ғалымы  Г.Н.Волковтың    «Ұлт 
қанша  ғұмыр  кешсе,  тәрбие  сонымен  бірге 
дамиды»  деген  тұжырымы  біздің  ойымызға  сай 
келеді. 
Түркімен ғалымы К.Пирлиев «Ұлт тәрбиесінің 
негізгі  өзегі  инабаттылықтан  бастау  алу  керек,  - 
десе,    қазақ  ғалымы    К.Оразбекова  «инабаттылық 
иірімі  жеке  тұлға  тәрбиесінің  қайнар  бастауы 
болуы керек» екенін баса айтады [2]. 
Ұлтымыздың жанашыры ұлттық педагогикаға 
өз  үлесін  қосып  жүрген    Ә.Табылдиев  «Ұлттық 
тәрбие ұлттық мәдениетті өркендетудің қайнар көзі 
болып  табылады.Ұлттық  салт-  сананың  үрдістері, 
рәсім, рәміз, кәде, жөн- жоралғы, ырым, тиым, тағы 
басқа өмір қолдданыстары арқылы іске асырылады 
да, ұлттық болмыс пен ұлттық  мәртебенің  мәдени 
–рухани  деңгейі  өмірден  көрініс  табады.    Ұлттық  
тәрбие  осылай өз  нәтижесін береді»  -  деп өз  ойын 
білдіреді. 
Үлкенді  сыйлау-  үлкенге  жол  беру,алдын 
кесіп  өтпеу,  сөзін  бөлмеу,  түсіністікпен  қарау, 
айтқанын  орындау,  төрден  орын  беру  -  осының 
бәрі  де  отбасында  күнделікті  қадағаланып 
отыратын тәрбие. 
Өтірік  айтпау,  уәдеде  тұру,  үлкен-кішіге 
көмек  қолын  созу,  қашанда  өзіңе  берілген 
тапсырманы  уақытында  орындау,  кішіге  ізетпен 
қарау,  үлкенге  құрмет  көрсету  сияқты  тәрбие 
сабақтарын  үйде  де,  мектепте  де  үздіксіз  айтып, 
қадағалап  отырудың  нәтижесінде    бала  тиянақты,  
ибалы, иманды болып жетіледі. 
Қызға  қырық  үйден  тию,  қала  берсе  күңнен 
тию,  қызым  үйде-қылығы  түзде,  қызым  еркем  - 
қылығымен көркем, қыздың жиған жүгіндей деген 
мақалдар  үйде  де,  мектепте,  оқу  орындарында, 
қоғамдағы  орталарда  қыз  балаларды  тәрбиелейді, 
жолға салады.  
Тәрбиенің тағы да бір қайнар көзі - өткенімізді 
ұмытпай, 
ата-бабаларымыздың 
данышпандық 
жолдары  мен  шешендік  сөздері,  ерліктері  мен 
ержүректік  қасиеттері  дәріптеліп,  сол  арқылы 
жастарды 
адамгершілік 
пен 
елжандылыққа 
тәрбиелеу. 
Сонау 
ғасырлар 
қойнауындағы 
тарих 
қатпарларына  зер  салсақ,  Ғұн  көсемі  Атилла(Еділ) 
бастаған қалың қолдың елі үшін жасаған ерліктерін 
суреттейтін  жыр  -  дастандар,  аңыз  -  әңгімелерді 
оқыту,  ерлікті  дәріптеу,насихаттау  жастарға  жігер 
береді.  
Қазіргі  кездегі  біздің  ата-бабамыздан  қалған 
ең ерте жазу үлгілері Орхон  – Енисей немесе көне 
түркі    руна  жазу  үлгісі  қалғаны  белгілі.  Сол  жазу 
үлгісі арасынан бізге жеткені Білге қаған мен оның 
бауыры  қолбасшы  Күлтегіннің  құрметіне    тасқа 
қашалып  жазылған  жазбалар.Ұлы  Түрік  қағанаты 
(V1  1Х)ғасырдан  бастап  Қазақстанның  тәлім- 
тәрбиедегі  этностық  ерекшеліктері  айқын  көріне 
бастады.  Орхон-  Енисей  бойынан  табылған  тас 
жазулары  ұлтымыздың  арғы  тегіндегі  жазу 
мәдениетінің  белгілерін  ғана  көрсетіп  қоймай, 
Білге  қаған,  Күлтегін  батырлар  мен  ақылгөй 
Тоныкөктің  сөздері  арқылы  қазақтың  сөз  саптау 
үлгісіне  жақын  шешендік  өнердің  дәстүрлі  үлгісі 
мен қайнар көзін байқаймыз [3]. 
Оқыту    баланың  тілін  дамыту,  білім  беру, 
үйрету  арқылы  іске  асатын  болса,  тәрбиелеу  – 
шәкірттердің  бойына  жағымды  адамгершілік 
қасиеттерді  қалыптастырып,  ғылым  мен  білімді 
және  тәрбиені  меңгерумен  қатар  өзін-  өзі 
тәрбиелеу, ерік- қайратты тәрбиелеуге мән береді. 
Халқымыздың  даналығын  білдіретін  ірі 
тарихи  тұлғалардың  туындыларын  ұлттық  тәрбие  
тұрғысында  зерделеу  қазіргі  ұрпақтың  білім 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
100 
 
 
алуына,  өзіндік  мәдениетпен  тәрбие  алуына 
септігін тигізеді. Ортағасырлық педагогикалық ой-
пікірдің  даму  тарихында  аты  әлемге  әйгілі 
ойшылдар,  данышпандар  Қорқыт  ата,  Әбу  Насыр 
Әл-  Фарабидің  ұрпағымыздың,  ұлтымыздың 
даналығы  мен    тәрбиеге  аса  көңіл  бөлген 
мұраларымен  ұлттық  тәрбие  аясында    тереңірек 
ұғындыру жақтарын қарастырғанымыз орынды. 
Ұлттық  білім  беру  мен  ұлттық  тәрбиені 
ғұламалар 
жалпы 
адамзаттық 
іс 
деп 
қарады.Педагогиканың  негізгі  ұғымы  болып 
табылатын  оқыту  мен  тәрбиеге  Әл  -  Фараби 
мынадай  түсініктеме  береді:  «Оқыту  адамдар  мен 
халықтарда  теориялық  қайрымдылық  дарыту 
болады, ал тәрбие – білім –білікке негізделген өнер 
арқылы оларға эстетикалық қайырымдылық дарыту 
тәсілі. Оқыту тек сөз арқылы жүзеге асырылады, ал 
тәрбие  кезінде  адамдар  мен  халыққа,  білімге 
негізделген  қасиеттерден  шығатын  әрекеттерді 
жасауды дағдыға айналдыруды үйретеді» [4] . 
ІХ  -  Х  ғасырларда  Араб  халифаты  империя-
сының  Орта  Азия мен  Қазақстан территориясында 
үстемдік  жүргізуіне  байланысты  Қазақстанның 
халық  педагогикасына  араб  мәдени  ерекшеліктері 
әсер  етті.Қазақ  жерінде  түркі  тілінде  жазылған 
шығармалар  ұлттық  тәрбиенің  құнды  құралы 
болды.  Қазақ  халқының  сол  кездегі  ғұлама 
ғалымдары  Әл-  Фараби,  А.Ясауи,  Ж.Баласағұни, 
М.Х.Дулатилардың  еңбектері  ұлттық  тәлім-тәрбие 
мен білім беру, халықты кемелдендіру мақсаттарын 
орындау  жолдарын  көрсетіп  берді.  Атап  айтсақ 
«Қайрымды 
қаланың 
ізгілікті 
тұрғындары», 
«Диуани хикмет», «Құтадғу білік» т.б. 
Білімді  де  тәрбиелі  жастар  -  еліміздің 
келешегі.Бүгінгі 
жастарға 
қоғам 
алдындағы 
жауапгершілікті  ұғындыру  бағытында  олардың 
тәрбиесіне  жіті  қөңіл  бөлуіп  дұрыс  жол  көрсете 
білуіміз  қажет.  Бұл  үшін  «Ұлттық  тәрбие»  пәні 
жүргізіліп,  мазмұны  бай  дәрістер  оқытылуы, 
өмірден  алынған  мысалдармен  тәрбие  берілуі 
керек. 
Егер  халақ  педагогикасындағы  ұлттық  тәлім-
тәрбие  берудің  ғылыми  педагогикалық  негіздерін 
айқындай  отырып,  жұмыс  жүргізілсе,  онда 
жастардың сана сезімі жетіліп, тұлғалық қасиеттері 
жан-жақты  дамиды,  өйткені  оқушыларға  әлемдік 
құндылықтар  мен  ұлттық  ерекшеліктерді  кіріктіре 
меңгертуге мүмкіндік туғызалады.  
Ұлттық  намыс,  ұлттық  сезім,  ұлттық  рухани 
байлық,  ұлттық  мәдениет,  ұлттық  салт-  сана 
бойында  болса,  ол  адам  қашанда  өз  ұлтының 
жанашыры,  қайраткері,патриоты  болмақ.  Біздің 
алға қойған мақсатымыз бен мүддеміз де осы [5]. 
Қаншама  қиын  қыстау  зар  заманды  басынан 
өткерсе 
де 
салт- 
дәстүрі 
мен 
ұлттық 
құндылықтарын жоғалтпаған  ата бабаларымыздың 
баға  жетпес  байлығын  Тәуелсіз  ел  болғанымызда 
жасампаздыққа,  биік  тұғырға  көтеріп,  Мәңгілік 
елдің 
рухы 
биік 
болашағын 
дайындауға 
атсалысуымыз- бізге парыз! 
Дәл  осындай  ұстанымды  барлық  салада,  оқу 
орындарында,  мәдениет  орындарында,  кез  келген 
іс- шараларда қолданып, іске асырып отырсақ, онда 
салт-  дәстүріміз  бен  ұлттық  байлықтарымыз  өмір 
сүру  заңдылықтарымыздың  негізіне  айналып  күн 
сайын  жандана  түсері  сөзсіз.  Сонда  ұлтымыздың 
ертеңінің жарқындығына сеніміміз  айқын, үмітіміз 
мол.  Жастар  да  иманды,  ибалы,  адамгершілік 
қасиет-тері  жоғары  деңгейде  қалыптасқан  болса, 
біз  өзіміздің  болашағымыз  үшін  марқайып, 
масаттанар едік. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. 
Назарбаев 
Н.Ә. 
Туған 
елім 
– 
тірегім.(Құрастырғандар:  М.Қасымбеков,  Қ.  Әлімқұлов).  – 
Алматы: Рауан, 2001. -128б. 
2.  Төлеубекова  Р.К.  Ұлттық  тәрбие  және  оның 
философиясы\\Педагогика және психология.- №1.-2009. 
3.  Табылды  Ә.  Ұлттық  әдеп-  тәрбие  негізі//Ұлттық 
тәрбие.- №3.- 2010.-27-35б. 
4.  Әл-  Фараби.  Әлеуметтік-  этикалық  трактаттар.  – 
Алматы: Санат,1995.- 481б. 
5. Айталы А. Жаһандану және ұлттық тәрбие. -Ұлттық 
тәрбие.-№ 1.-2010.  

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
101 
 
 
Шалабаева Ж.С., магистр, Мұсабекова Г.Т,
 п.ғ.д., профессор, 
Х.А.Ясауи атындағыХҚТУ, Түркістан қ. 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ  
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Резюме.  В статье речь идет о проблемах межпредметных связей в начальных классах. 
Summary.  The article deals with the problems of interdisciplinary connections in primary school. 
 
Қазіргі  кезде  пәнаралық  байланыс  педагогика 
ғылымының  басты  мәселесі  болып  отыр.  Егер 
көрнекі  философ,  психолог,  педагог  еңбектеріне 
талқылау жасайтын болсақ, философ Б. М. Кедров 
адамның  дүниетанымын  қалыптастыруға  әр  түрлі 
пәндердің  өзара  әсерінің  мәнін  көз  жеткізе 
баяндаған.  М.  Б.  Кедров  өзінің  еңбектерінде 
ғылымда  пәнаралық  байланыс  мәселесіне  жаңа 
әдістемелік  тұрғыдан  қарауды  талап  етеді. 
пәнаралық  байланыс  проблемасы  бүгінгі  күнге 
дейін бір ғылымға бір пән, керісінше бір пәнге бір 
ғылым  ғана  бір-бірімен  өзара  байланысты  болып 
шектеліп  тәрбиеде  қолданып  келгенін  көрсетіп,  ол 
қазіргі  кезде  бір  пәнді  бірнеше  ғылым  өзара 
әрекеттесіп  жан-жақты  қарастыра  бастағанын 
дәлелдейді.  Сонымен  ғылымның  зерттеуінде  бір 
ғылым  тек  «өзінең  тиісті  пәнмен  ғана  емес,  қайта 
көптеген басқа пәндермен бірлікте болуы қажеттігі 
айқындалған.  Біз  пәнаралық  байланыс  негізінде 
білім-тәрбие  беру  проблемасын  зерттегенде  осы 
тірек 
бола 
алатын 
жаңа 
әдіснамалықты 
басшылыққа  алдық.   Соңғы  кезде  пәнаралық 
байланыс 
ұғымы 
ғылыми-педагогикалық 
әдебиеттерде  жаңа  мәнімен  енгізіле  бастады  және 
оны 
білімдердің, 
танымдардың, 
сенімдердің 
адамның  психологиялық  ойлауының  жиынтығы 
деп  түсінуіміз  керек.  Пәнаралық  байланыс  ұғымы 
«табиғат-қоғам – адам ойың жүйесінде білім негізін 
пәнішілік  қатынастарды  және  ғылымдардың 
интеграциялануын  реттеуші  қызметін  жүзеге 
асырады.  Пәнаралық  байланыс  білім  және  тәрбие 
міндеттерін  шешуде  ерекше  рөл  атқарады. 
Мектептегі  білімдер  жүйесі  өздерінің  мазмұны 
жағынан 
комплексті. 
Олардың 
мәні 
және 
меңгерілуі  пәнаралық  деңгейде  жүзеге  асуы  тиіс. 
Мәселеге  тек  осылай  келгенде  ғана  шәкірттерге 
ақиқат  дүние  біртұтас  жүйе  екен  деген  түсінік 
қалыптасады.  Бұл  жүйеде  барлық  элементтерді 
біріне-бірі  ықпал  жасайтындығын,  процестер 
өздерінен  өздері  туындап  жататындығын  мұғалім 
білуі  керек.  Пәнаралық  байланысты  оқу-тәрбие 
процесінде  мынадай  жағдайлардан  көруге  болады: 
пәнаралық  байланыстар  теориялық  білімді  іс 
жүзінде  қолдануға,  ғылымның  түрлі  салалары 
жөнінде  кең  ұғымы  бар  адамды  тәрбиелеуде 
мүмкіндік  береді.  Қазіргі  кезде  оқушыларға  білім 
беру 
және 
олардың 
танымдық 
қызметін 
өркендетуге жағдай жасайды.   
Көптеген 
педагогтар 
мен 
психологтар 
пікірлеріне 
қарағанда, 
оқушылардың 
түрлі 
пәндердегі 
білімдер 
мен 
біліктерді, 
бейімділіктердің  жеке  элементтері  арасындағы 
байланыстарды  байқап  және  қабылдануы  олардың 
білімдерін  жүйеге  түсіреді,  ақыл-ойына  серпіліс 
тудырады, таным қызметіне шығармашылық сипат 
береді.  Белгілі  психолог  Ю.  А.  Самарин  өзінің 
«Ақыл-ой  психологиясының  очерктері  деген 
еңбегінде  былай  деп  жазды:  Диалектикалық 
тұрғыдан  ойлай  білу  дегеніміз  -  әр  құбылыс 
басқалармен  байланысы  көп,  түрлі  фактілердің 
өзара ықпалы, қайшылықтары мен дамуы барынша 
күрделі  екендігін  көре  білу  деген  сөз.  Дүниені 
тануға келгенде диалектикалық әдіс – адам баласы 
ақыл  ойының  жоғары  деңгейі.  Ол  бұған  қоса 
диалектикалық  тұрғыдан  ойлау,  құбылысты  оның 
барлық  байланыстарымен  жанама  түрлерін  көре 
білу  деген  сөз.  Дүниені  тануға  келгенде 
диалектикалық  әдіс  –  адам  баласы  ақыл-ойының 
жоғары  деңгейі.  Ол  қасиет  бірте-бірте  барған 
сайын  күрделене  беретін  білімдер  жиынтығын 
меңгеру 
барысында 
қалыптасады 
деп 
дәлелдейді.   Ю.  А.  Самариннің  позициясы 
бойынша,  пәнаралық  байланысқа  диалекталық 
заңдылық деп қарау керек. Пәнаралық байланыс әр 
шәкірттің  санасын  өркендетуге  қолайлы  жағдай 
жасайды.  Мысалы,  ойлайтын  адам  табиғаттағы 
жеке 
құбылыстардың 
өзара 
байланысын 
түсінетіндей бейімділік дарытуымен қатар олардың 
неғұрлым  кең  жүйедегі  басқа          құбылыстарымен 
өзара байланысын байқауы керек.  
Кейбір  ғалым  –  зерттеушілер  пәнаралық 
байланысты 
дидактикалық 
шарттар, 
оқыту 
мазмұнының  арнайы  құрылымы  десе,  келесі  бір 
ғалымдар  оны  дидактикалық  қағидалар  деп 
есептейді.  Пәнаралық  байланысты  дидактикалық 
қағида  деп  қараудың  қажеттілігі  жоқ,  себебі  оның 
педагогикалық  мақсаттылығы  оқытудың  жүйелілік 
қағидасынан  туындайды,  ол  білімнің  тұтастай 
жүйесінің  оның  оның  негізгі  бөліктерінің,  атап 
айтқанда табиғат, қоғам және адам туралы нақтылы 
айқын  түсініктердің  өзара  байланысын  білдіреді. 
Дегенмен түрлі зерттеушілердің И. Д. Зверев, В. Н. 
Максимова, Г. И. Беленьский, П. Г. Кулагин, Н. Ф. 
Лошкараева,  т.б.  пәнаралық  байланыстың  мәніне 
көзқарастары бірдей емес.  
Мәселен Г. И. Беленький пәнаралық байланыс 
жалпы 
пәндердің 
мазмұнын 
құрылымдық 
бөліктерінің  мақсат  бірлігін  көрсетеді  десе,  Н.  А. 
Сорокин 
пәнаралық 
байланыстар 
идеясын 
дидактикалық  қағидаларды  жүзеге  асырудың 
қажетті  шарты  деп  есептейді.  В.  Н.  Максимова 
ұсынған  жіктеу  бойынша  мынадай  топтар  бар 
екендігін  көреміз:  мазмұн-хабарлық,  операциялық-
қажеттік,  ұйымдық-әдістемелік.  Бірінші  топтың 
байланыстар  ағарту  жұмысы  міндеттерін  тәуірірек 
шешуге, 
екіншісіндегілері 
– 
оқушылардың 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
102 
 
 
практикалық  жұмысын  ұйымдастыруға,  үшінші 
топтағылары  –  ұйымдастыру  жағынан  айқын-
дықты,  тиімділікті  қамтамасыз  етуге  бағыт-бағдар 
ұстауға көмектеседі.  
П. Г. Кулагин пәнаралық байланысқа  мұғалім 
мен оқушылар жасайтын білім жүйесі деген анық-
тама  береді  де,  бағдарламалардың  материал-дарын 
неғұрлым  тиянақты  меңгеріп  алу  мақсатында, 
білімдердің,  игерілу  процесінде  ұқсас  пәндердің 
мазмұны пайдаланылады да қамтылады дейді.  
Г. Ф. Федорецтің зерттеу еңбектерінде біз сөз 
етіп отырған  проблемаға мынадай түсінік береді.  - 
пәнаралық  байланыс  дегеніміз  шындық  өмірдің 
объектілері, құбылыстары және процестері арасын-
дағы  синтездеуге,  интеграциялауға  ұшырайтын 
қарым-қатынасты 
бейнелейтін 
педагогикалық 
катергория.  Ал  олар  оқу-тәрбие  процесінің 
мазмұнын,  формалары  мен  тәсілдерінен  көрінеді 
және  тәрбиелеу  қызметін  атқарады.  Бүгінгі 
қоғамның тереңдеп келе жатқан процесі мектептегі 
ғылымдар  негізінен  білім  беруді  ғылымдардың 
алуан 
салаларының 
өзара 
байланысымен 
интеграциясының 
жаңа 
дәрежеге 
көтерілуі 
негізінде  құруды  талап  етіп  отыр.   Осыған  орай 
пәнаралық 
байланыстың 
философиялық, 
психологиялық,  жалпы  ғылымдық  және  арнайы 
дидактикалық 
негіздері 
анықталуы 
тиіс.   Пәнаралық  байланыстың  философиялық 
негізінде дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың 
бірімен-бірінің  өзара  байланыстылығы  туралы 
тұжырымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-
бірі байланыста  болады.   Объективті  дүние белгілі 
заңдылықпен ұйымдасқан жүйе болғандықтан, оны 
танып 
білуде 
де 
ғылымдар 
арасындағы 
байланыстар  қажет.   Негізінен  оқу  пәндері  әр 
ғылымның  логикасына  сүйенетіндіктен  олар  бір-
бірінен  өз  алдына  оңашаланып  бөлектенбейді. 
Сондықтан 
ғылымның 
міндеті 

өзара 
байланыстылықты  танып  білу.  Ең  бастысы  қазіргі 
кезде  өздігінен  білім  алудың,  оқытудың  өзекті 
мақсаты  етіп  бірінші  орынға  диалектикалық 
ойлауды  кеңінен  дамытуды  жүзеге  асыруды  қою 
керек.  Бұл  міндет  бір  пәннің  шеңберінде  шешілуі 
мүмкін  емес.  Сондықтан  әрбір  мұғалім  жеке 
деректерді  нақтылы  жағдайларды,  оқиғаларды 
түсіндіріп  қана  қоюмен  шектелмеуі  керек.  Ол 
материалдың өзара байланысын бір-біріне тигізетін 
ықпалын, 
ортақ 
негізгі 
тенденцияларын, 
әлеуметтік-экономикалық, рухани ортақ белгілерін, 
топтастыру,  бір-бірімен  сабақтастыру,  ортақ 
заңдылықтарын ашуды көздеуі тиіс.   
Жоғарыдағы 
айтылған 
ойларды 
мектеп 
тәжірибесінде  айқындау  үшін  әрбір  мұғалім  өзінің 
пәнін  оқыту  барысында  қандай  дүниетанымдық 
міндеттерді  шешуді,  жеке  тарауларды,  мәселереді 
өтуде,  қайсысы  ең  басты  идея,  шешуші  проблема 
болатынын бөліп алдын-ала ойластыруы керек. сол 
идеяға оқушылардың назарын аудара білу, олардың 
материалды меңгеруін, ұйымдастыру және басқара 
білу  қажет.  Оқушылардың  ол  меңгерген  білімдері 
сайып  келгенде  әрбір  шәкірттің  жеке  тұлғалық 
көзқарасына,  сеніміне  өмірлік  құндылық  бағдары-
на, 
мінез-құлықтың 
қағидасына 
айналу 
керек.  
Пәнаралық 
байланысты 
анықтау 
психологиялық,  физиологиялық  заңдылықтарға 
негізделген.  Жүйелік  адам  миының  арнайы 
қызметі.   
И. П. Павлов мидың аналитикалық-синтетика-
лық  қызметін  зерттеп,  оны  үздіксіз  дамуда, 
өзгерісте  болатынын  анықтайды.  Мида  сыртқы 
дүниеден  қабылданатын  көптеген  тітіркендіргіш-
тер 
реттеліп 
жүйеге 
келетінін 
түсіндір-
іледі.  Сондықтан ойлау нерв процестерінің күрделі 
динамикалық  жүйесі  болғандықтан,  ол  мидың 
анализ синтез қызметімен орындалады. Бұл жүйеге 
әр 
пәннің 
өз 
ішіндегі 
және 
пәнаралық 
бірлестіктеріндегі 
бөлімдер 
жүйесі 
сәйкес 
келеді.   Қорыта  айтқанда,  пәнаралық  байланыстың 
физиологиялық,  психологиялық  негізінің  нәтижесі 
білімдер  жүйесінің  мида  орнаасуы  адамның  үнемі 
алға  ұмтылушылығына  жағдай  туғызады  да  оның 
шығармашылық 
іс-әрекетіне 
дайын 
бола 
алатындығын дәлелдейді.  
Ғылыми 
әдебиеттерде 
пәнаралық 
байланыстың  дидактикалық  негізінде  оқу  пәндері 
алынған. Ғылымдардың гуманитарлық, табиғаттану 
және  техникалық  болып  дәстүрлі  топтастырылуы, 
олардың зерттейтін объектілерінің ортақтылығына, 
пәндік  қатынастардың  бірлігіне  негізделген.  Олар 
қоғам, 
табиғат, 
еңбек 
салалары 
бойынша 
біріктіріледі де, әр пән өз ішінде білім іскерліктерге 
арналған  материалды  және  оқушылардың  жалпы 
таным  объектілерінің  бір  жүйеге  келтірілуі. 
Сонымен  пәнаралық  байланыстың  маңызына 
мыналар жатады: 
1.
 
Оқу 
пәндер 
арасындағы 
өзара 
байланыстың болуы – ғылымдар негізін меңгерудің 
және білім жүйесінің дамуының қажетті шарты. 
2.
 
Диалектикалық  көзқарастың  қалыптасуы 
білім  мазмұнының  барлық  құрамды  бөліктерінің 
байланысын талап етеді. 
3.
 
Пәнаралық  байланыс  жан-жақты  тәрбие 
беру  жүйесінің  барлық  салаларын  комплексті 
жүзеге асыруға ықпал жасайды. 
4.
 
Пәнаралық 
байланыс 
педагогикалық 
еңбектің 
ғылыми 
негізінде 
тиімді 
ұйымдастырылуына көмектеседі.  
5.
 
Педагогикалық  ұжымның  барлық  іс-
әрекетінің 
бір-бірімен 
келісімді 
және 
демократиялық негізге жүріп отыруына әсер етеді. 
Пәнаралық  байланыс  оқытудың  мазмұны, 
әдістері,  оқытудың  ұйымдастыру  түрлерімен  ғана 
шектелмейді. Ол оқушы мен мұғалімнің оқу-таным 
іс-әрекетінің  бір  бөлігі  болып  саналады.  Оқу 
материалының  мазмұнымен,  ана  тілі,  дүниетану, 
еңбек  пәндерін  бейнелеу  өнерімен  байланыстыра 
оқытудың  ғылыми-әдістемелік  жолдарын  мектеп 
тәжірибесі  негізінде  ашып  көрсетуге  болады.  Біз 
оқушыларға  ана  тілінен  білім  беру  дегенді  кең 
түсінеміз. Өйткені тіл – оқушыларды дүние тануға 
баулитын қоғамдық құрал. Тілсіз қоғам жоқ, тілсіз 
ғылым  жоқ.  Адамдар  өзінің  қоғамын  қашан  да  тіл 
арқылы  дамытып  отырады.  Тіл  шындықтың, 
ғылымның және ол жөніндегі ақыл-ойдың танылуы 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
103 
 
 
немесе  олардың  адамдар  ұғымынан  орын  алып, 
жүйеге  келуі.  Олай  болса,  өмір  шындығынсыз 
мидың  қызметі  болуы  мүмкін  емес,  сол  сияқты 
мидың  қызметінсіз  тіл  немесе  тілдегі ой  мен ұғым 
болуы  мүмкін  емес.  Ондай  жүйеге  келген 
ғылымдар  мектебімізде  ең  алдымен  сол  өзінің  ана 
тілінде оқытылады. Мектеп тәрбиесінде әдебиеттік 
оқу  пәнінің  мұғалімдері  пәнаралық  байланыс 
негізінде 
сабақ 
өткізу 
барысында 
«Абай 
өлеңдеріндегі  түсініксіз  сөздер,  мысалы,  «Қыс" 
деген  өлеңінде,  «жидем"-деген  сөз  балаларға 
түсініксіз  болады.  Мұғалім  балаларға  бұл  сөздің 
мағынасын  ашып  түсіндіру  еңбек  пәнімен 
байланысы  арқылы  жүргізеді.  Сондай-ақ  А.  С. 
Пушкиннің  «Қысқы  кеш"  өлеңінде  жазушы  өзінің 
тіл байлығымен балаларды сол өлеңді оқи отырып, 
көз  алдына  елестеген  суретті  қағаз  бетіне  түсіруі 
арқылы  әдебиеттік  оқу  мен  бейнелеу  өнерін 
байланыстыра  жүргізу  арқылы  оқушылардың 
зейінін,  байқағыштығын,  ойлау  қабілеттерін 
арттыруға  болады.  Оқушыларға  барлық  пәннен 
білім 
беретін 
мұғалімдеріміз 
өздерінің 
мамандығын,  оның  ғылыми  жүйесімен  бағытына 
ана  тілі  арқылы  үйретеді.   Сонымен  қатар,  біздің 
мектептеріміздегі  тәжірибелі  мұғалімдеріміз  қазақ 
тілін оқыту  жұмыстарын табиғат құбылыстарымен 
ұдайы  байланыстырып  жүргізіп  отырады.   Табиғат 
құбылыстарымен 
тілді 
оқыту 
жұмыстарын 
практика  жүзінде  ұштастыра  жүргізіп  отырудың 
алуан  түрлі  тәсіл  амалдары  бар.  Оқытушылардың 
ең  алдымен  сол  тәсіл-амалдары  және  оны 
практикада  қолдана  білудің  жолдарын  меңгереді. 
Мысалы,  оқытушы  белгілі  бір  тілдік  тақырыпты 
өткенде,  оқушылардың  табиған  құбылыстарына 
байланысты 
сөз 
байлықтарын 
толықтырып 
дүниетануын 
күшейту 
мақсатында 
табиғат 
байлықтарын 
суреттеп 
көркем 
жазылған 
шығармалар  мен  өлеңдерден  үзінділер  алады. 
Табиғат  құбылыстарын  суреттейтін  ана  тілінен 
алынған текстерді алдымен оқушылардың ұққанын 
әңгімелетіп 
айтқызады 
немесе 
өздеріне 
мазмұндатып  жаздырады.  Сонымен  ғалымдардың 
дәлелдеуінше:  тіл  қоғамды  біліп,  дамытудың 
құралы, ендеше тіл адамның ақыл-ойының көрінісі, 
әдет-ғұрпының  байлығы,  өнер-білім  қазынасын 
меңгертудің 
құралы. 
Жоғарыда 
келтірілген 
мысалдар  арқылы  оны  мұғалімдердің  пәнаралық 
байланысты  практикалық  қызметінде  пайдаланып; 
сыныптан  тыс  және  мектептен  тыс  жұмыстардың 
пәнаралық  байланыс  бағыттылығын  күшейте  түсу 
керек.  Бұл  міндетті  шешу  озық  тәжірибелерді 
жинақтауды,  жұмыстың  неғұрлым  тиімді  түрлерін 
практикада пайдалануды қажет етеді. 
Сонымен  пәнаралық  байланыс  өзінің  мәні 
жағынан  көпмағыналы  педагогикалық  табиғаты 
бар проблема. Қазіргі педагогика ғылымының жан-
жақты  қарастырылатын,  зерттейтін  мәселесінің 
бірі.  Демек,  пәнаралық  байланыс  білім  беру 
мәселесінің бірі ретінде мазмұнды әдістер жүйесін 
және  ұйымдастыру  жұмыстарының  түрлерін 
сапалылық  жағынан  қайта  бұруға  жетелейді. 
Нәтижесінде  оқытудың  дамытушылық,  білім  және 
тәрбие  берушілік  қызметі  объективті  түрде 
кеңейеді.  Бұдан  біз  пәнаралық  байланыс  идеясы 
білім  мазмұнын  айқындаудың  негізінде  алынуы 
керек  деп  есептейміз.  Білім  мазмұнын  анықтауға 
ғылымдардың  саралануы  (дифференциялану)  және 
кіріктірілу  (интеграциялануы)  қағидалары  негізге 
алынады. 
Ғылымдардың 
ішкі 
табиғи 
байланыстарын  ашу  табиғат,  қоғам,  адам  ойының 
даму  заңдылықтарының  әдіснамалық  негізін  білу 
қазіргі мектептің білім мазмұнын бағытын жасауға 
тірек  болады.  Әрбір  ғылым  негізінде  жеке  пәндер 
адам  ақыл-ой  дамуының  оның  танымдық  жемісі 
болғандықтан  жалпы  адамзаттық  құндылықтар 
білім  мазмұнына  алынуы  керек.  Қазіргі  ғылым 
мазмұнындағы  негізгі  бағыт  жалпы  білімнің 
гуманитралық  бірлікте  болуы  көздерінеді.  Білім 
мазмұнының  жаңа  құрылымы  Республиканың 
мәдени,  рухани  потенциалының  жаңа  сапалық 
деңгейіне  көтерілуінің  бірден-бір  тілін  оқытуда 
бірнеше  ғылымдар  саласымен  байланыстырудың 
педагогикалық-әдістемелік  мол  мүмкіндіктері  бар 
екенін  тәжірибесінде  көріп  аламыз.  Мектеп 
тәжірибесінде  біртіндеп  қолданылып  келе  жатқан 
пәнаралық  байланыс  негізінде  ұйымдастырылып, 
кейбір  сабақтарға  сыныптан  тыс  жұмыстарға 
тоқталу  керек.  Пәнаралық  іскерлік  оқушының  бір 
пәннен  меңгерген  білім  іскерлік  дағдыларын, 
екінші  жақын  пәндерді  меңгеруді  пайдалана  білу 
қабілеттерінен  көрінеді.  Мәселен,  қазақ  тілі 
пәнінде  меңгерілген  кітапты  пайдалану  іскерлігі, 
ана тілі, дүниетану, математика т.б. пәндерді оқып-
үйренуге қолданылады. Сол сияқты оқушының бір 
пәннен  үйренген  еңбек  іскерліктері,  екінші  пәнді 
терең  жан-жақты  меңгеруге  ықпал  жасайды. 
Пәнаралық  байланыстың  ең  негізгі  дидактикалық 
міндеті  –  ол  оқыту  процесінің  білім  беру,  тәрбие 
беру,  дамытушылық  сипатының  арасындағы 
байланысты  құру  болып  табылады.  Қазіргі 
мектептердің  жалпы  білім  беру  мазмұны,  оның 
ішінде  оқу  жоспарлары  пәнаралық  байланыс 
негізінде  жетілдіріліп  келеді.  Осыған  орай,  ғалым 
зерттеушілердің,  шығарма-шылық  еңбек  етуші 
мұғалімдердің 
ізденістері 
интеграцияланған, 
жүйеленген  қорытындыланған  жаңа  курстардың 
оқу-тәрбие  процесінде  қажет  екендігін  дәлелдеп 
отыр.  Міндеттері мыналар: 

 
оқушылардың  оқыту  процесіндегі  пән-
аралық  байланысты  түсінуін,  саналы  қабылдауын, 
танымдық беленділігін қалыптастыру жұмыстарын 
ұйымдастыру, 

 
оқу  пәндерінің  оқушыларға  біліммен 
тәрбие  беру  және  пәнаралық  байланыс  орнату 
мүмкіндіктерін айқындау мақсатында білім беретін 
орта  мектептің  оқу  жоспарымен  бағдарлама-
ларында  тыңғылықты  таңдау  жасау  басты  шарты 
болып  табылады.  осыған  байланысты  білім 
мазмұнына  қазіргі  заман  ғылымының  серпінді 
бағыты  жалпы  білім  беретін  мектептердің 
жаңаруына, 
жеке 
тұлғаның 
шығармашылық 
ойлауымен  еңбек  ету  дағдысының  қалыптасу 
процесінде көрініс табады. 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
104 
 
 
Дүниежүзілік 
тәжірибеде 
көрсеткендей 
ғылыми  дүниетанымды  берік  меңгеру,  әлемдік 
құбылысты,  деректерді  қабылдау  білім  мазмұнын 
бөлшектенбеген 
жағдайда 
тұтас, 
жүйелі 
қалыптасуы  нәтижесінде  жүзеге  асырылады. 
Пәнаралық  байланыс  қазіргі  дидактиканың  басты 
мәселесі  екені  бізге  мәлім.  Мектеп  және  мұғалім 
үшін  бұл  ең  көкейтесті  проблема  болып  отыр
Себебі  пәнаралық  байланыс  білімдердің  синтезі 
үшін қажет. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту және 
пәндердің  бір-бірімен  байланысын  айқындау, 
әсіресе  өнер  мен  мәдениеттің  басты  міндеті  деп 
түсінеміз.  Сондықтан  күнделікті  сабағымызда 
пәнаралық байланысты  оқыту  процесінің өзегі  деп 
есептейміз.  
Қорыта 
келгенде, 
классикалық 
педагогика  жүйесінде  орын  алған  пәнаралық 
байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп қазіргі 
педагогика  ғылымының  басты  мәселесіне  айналып 
отыр.  Адамзат  баласының  алдындағы  негізгі 
міндеттерінің  бірі  –қол  жеткен  қоғамдық,  рухани 
және  материалдық  құндылықтарды,  өндіпрістік 
тәжірибені  игерген  тұлға  даярлау.  Осы  міндетті 
жүзеге  асыру  негізінен  білім  беру  жүесіне 
жүктелетіні  белгілі.Тұлға  –  бұл  субъект  ретіндегі 
нақты  адам.  Адам  санасының  белсенділігі  оның 
танымына,  әсерленуінде  жүреді.   Адамның  негізгі 
қасиеттерінің  тобын  кез  келген  педагогтің  білуі 
шарт.  Олар:  бағыттылығы  (сенімі,  дүниетанымы, 
идеалы, қызығуы), тәжірибесі (адамның даярлығы, 
оның  білімі,  дағдысы,  ептілігі  мен  әдеті), 
психикалық  үрдістері  (қабылдау,  ойлау,  түйсік, 
зейін,  ес,  ерік,  сезім,  эмоция,  сенсомоторика), 
темпераменті  (адамның  жоғары  жүйке  қызметінің 
типологиялық  негіздері,  жеке  тұлғаның  жас  және 
жыныстық  қасиеттері  мен  патологиялық  өзгерісі). 
Аталған  негізгі  қасиеттерді  біле  отырып,  әр  түрлі 
жастағы  оқушы  үшін  оқу  материалдарының 
мазмұнын іріктеу және  соған сәйкес іс-әрекеттерді 
ұйымдастыру  кез  келген  педагогтің  білімі  мен 
біліктілігіне, 
тұлғалық 
қасиеттеріне 
байдланысты.   Оқушының  адам  қасиеттеріне 
сәйкес  бағыттылығы  мен  тәжірибесін  негізінен 
мектеп 
қабырғасында 
дұрыс 
қалыптастыру 
қажеттілігі туындайды. Адамның бағыттылығы мен 
тәжірибесіне негіз болатын құрушының бірі – оның 
білімі.  Білімнің  өзін  мазмұндық  және  іс-әрекеттік 
тұрғыдан  қарастыру  көптеген  зерттеулерде  орын 
алған.  Мазмұндық  тұрғыдан  оның  өмір  сүру 
формасы  –  оқу-әдістемелік  әдебиеттерде  тіркелуі. 
Осыған  сәйкес  М.  Скаткин  жалпы  білім  беретін 
пәндерге  қатысты  өзара  байланысты  білімнің 
түрлерін:  негізгі  ұғымдар  мен  терминдер;  әр  түрлі 
нысандар  мен  болмыс  құбылыстары  арасындағы 
байланыстарды 
және 
қатынастарды 
ашатын 
күнделікті  болмыстық  және  ғылыми  фактілер; 
берілген  пәндік  саланың  құбылыстарын  түсіндіру 
және 
болжау 
нысандары 
мен 
әдістерінің 
жиынтығын  анықтау  жөніндегі  ғылыми  білімдер 
жүйесін  қамтитын  теориялар;  ғылыми  және 
әлеуметтік  идеялар;  іс-әрекет  тәсілдері,  таным 
әдістері  және  білімді  алу  тарихы,  ғылым  тарихы 
жөніндегі  білімдер;  қоғамдағы  белгіленген  өмірлік 
әр түрлі құбылыстарға қатысты нормалар жөніндегі 
білімдер  деп  қарастырады.  Оқыту  мазмұнындағы 
білім  мен  іскерліктің  адамның  интеллектуалдық 
өрісін  байытудағы,  ақиқат  дүниенің  біртұтас  жүйе 
екендігі 
жөніндегі 
ғылыми 
көзқарасты 
қалыптастырудағы, 
алған 
білімді 
өмірмен, 
қоғамдық 
тәжірибемен 
байланыстырудағы 
құралдардың  бірі  -  пәнаралық  байланыстар. 
Пәнаралық  байланыстар  өткен  ғасырдың  соңғы  20 
жыл  төңірегінде  кеңінен  зерттелген  мәселенің  бірі 
ретінде 
де 
қарастырылады. 
Зерттеулірдің 
нәтижесіне 
сәйкес 
пәнаралық 
байланыстар 
оқытудың  қағидасы  және  білім  берудегі  міндетті 
элемент ретінде де айқындалады (В. Краевский, И. 
Лернер,  А.  Бейсенбаева,  И.  Зверев,  В.  Максимова 
және  т.б.).  И.  Зверев  пәнаралық  байланыстарды 
толықтыру  көлемде  жүзеге  асыру  тәсілдерінің 
сипатынсыз  олардың  білім  беру,  дамыту  және 
тірбиелеу  функциясының  өзара  байланыстарын 
ашпайынша бұл мәселені елестету мүмкін еместігін 
айтады.  Пәнаралық  байланыстардың  жалпы  біім 
беретін 
функциялары 
оқушыларда 
материя 
қозғалысының  әр  түрлі  формаларының  өзара 
байланысын  көрсететін  әлем  жөніндегі  жалпы 
білімдер  жүйесін  қалыптастыруды  қарастырады. 
Пәнаралық  байланыстардың  тәрбиелеу  функциясы 
оқушыларда  диалектикалық-материалистік  дүние-
танымды,  өнегелік-эстетикалық  идеяларды,  жеке 
тұлғаның 
эмоционалдық-еріктік 
қасиеттерін 
қалыптастыруды  көрсетеді.  Пәнаралық  байланыс-
тардың дамытушылық функциясы салалас пәндерді 
зерделеу  кезінде  жалпы  жаратылыстану-ғылыми 
және  политехникалық  ұғымдарды  дамытуда, 
талдап 
қорытындыланған 
іскерліктер 
мен 
дағдыларды  қалыптастыруда  жүзеге  асырылады. 
Сондай-ақ  пәнаралық  байланыстар  жастарды 
тәрбиелеу ісінде жасөспірім тұлғаны қалыптастыру 
функциясында едәуір мәнге ие. Еңбекке баулу мен 
ғылыми  негіздерінің  пәнаралық  байланысты 
мектеп  оқушысының  белсенді  өмірлік  көзқарас 
ұстанымында,  объективтік  ақиқакт  құбылыстары 
мен фактілерінің ғылыми түсінуінде пайда болатын 
түсінуде 
пайда 
болатын 
дүниетанымды 
қалыптастыруға  едәуір  ықпал  етеді.  Ол  сананың, 
сезім  мен  мінез-құлық  әрекетінің  жүзеге  асуына 
мүмкіндік  береді.  Технология  пәні  мен  ғылым 
негіздері  пәндерінің  байланысы  политехникалық 
функцияны  жүзеге  асырады.  Бұл  функция  еңбек 
үдерістерінің  жалпы  ғылыми  негіздерін,  бірыңғай 
ұйымдастыру  –  экономикалық  ұстанымдарын 
ашуға көмектеседі.  
В. 
Скакун 
өз 
жұмысында 
пәнаралық 
байланыстарды:  зерделейтін  оқу  материалдары 
мазмұны  бойынша,  оқушыларда  қалыптастыратын 
жалпы  оқу  іскерліктері  бойынша,  оқыту  әдістері 
мен  құралдары  бойынша,  оқушыларды  тәрбиелеу 
және дамыту әдістері мен құралдары бойынша деп 
ажыратады.  Пәнаралық  байланыстардың  оқушы 
жеке  тұлғасын  дамыту  міндеттерін  шешудегі 
әлеуметтік-педагогикалық 
аспектісін 
ескеру 
қажеттігі  туындайды.  В.  Скакуннің  пәнаралық 
байланыстарының  түрі  бойынша  мұғалім  мен 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
105 
 
 
оқушы  тарапынан  орындалатын  іс-әрекеттер 
сипаты төменде беріліп отыр: 

 
зерделенетін  оқу  материалдары  мазмұны 
бойынша  пәнаралық  байланыстар.  Бұл  байланыс 
түрінде  оқу  материалдарын  іріктеуден  бастап 
пәнаралық байланыстарды белгілеу, басқа пәндерді 
зерделеу  барысында  өндірістік  және  өмірлік 
тәжірибеде  алған  білімдерді  оқушылардың  беріл-
ген  пәнді  зерделуі  үшін  пайдалану,  барлық 
пәндерде  кездесетін  терминді  бірыңғай  ғылыми 
көзқарас тұрғысынан  пайдалану, әр түрлі пәндерді 
зерделеу барысында оқушылардың алған білім мен 
іскерліктерді  кешенді  пайдалану  жүзеге  асырылуы 
тиіс; 

 
оқушылардың  жалпы  оқу  іскерліктерін 
қалыптастыру  кезіндегі  пәнаралық  байланыстар. 
Бұл  байланыс  түрінің  сипатына  оқушылардың 
кітаппен  жұмыс  жасау  іскерліктері,  оқушыларда 
жоспарлау  іскерліктерін  қалыптастыру,  пәнаралық 
сипаттағы  интелектуалдық  іскерлікті  қалып-
тастыру,  тәжірибелік  және  ұйымдастырушылық 
(жұмыстағы  тәртіптілік,  жұмыс  орнын  тиімді 
ұйымдастыру,  өзіндік  бақылау,  еңбек  қауіпсіздік 
ережелерін сақтау) іскерліктерді қалыптастыру тән; 

 
оқыту  әдістері  мен  құралдары  бойынша 
пәнаралық  байланыстар.  Мұнда  әр  түрлі  оқу 
материалдарын пайдаланып үй тапсырмасын орын-
дау,  пәнаралық  сипаттағы  білімдерді  дамытуға 
әңгімелер  өткізу,  басқа  пәндер  бойынша  деректі 
фильмдерді,  үзінділерді,  көрнекі  құралдарды 
қолдану,  сандық  және  танымдық  тапсырмаларды, 
пәнаралық музыкадағы  кроссвордтарды шешу, т.б. 
іс-әрекеттер жүзеге асырылуы тиіс; 

 
оқушыларды  тәрбиелеу  және  дамыту 
әдістері  мен  құралдары  бойынша  пәнаралық 
байланыстар.  Бұл  байланыста  әрбір  пәннің 
дүниетанымдық  идеясын  ашу,  қоғамдық  құрылыс-
тың  өмірмен  байланысы,  еңбекке  шығармашылық 
қатынасты,  оқушылардың  танымдық  белсенділігін 
және  өз  бетінше  жұмыс  жасай  алатынын  дамыту, 
барлық 
педагогтер 
тарапынан 
оқушыларға 
қойылатын 
бірыңғай 
педагогикалық 
талап, 
оқушылардың  ұжымшылдығын,  өзара  комектесу-
лерін  дамыту,  педагогтің  өзінің  жеке  үлгісін  өнеге 
ретінде жүзеге асырылуы қажет. 
Білімді  игеру  мен  оларды  тәжірибелік  іс-
әрекетте қолдануда ғана адам өз бетінше талқылау 
және  әрекет  ету  іскерлігі  мен  дағдысын  игереді. 
Пәнаралық байланыс мәселесін шешуде оқу-тәрбие 
үрдісіндегі  пәнаралық  байланыстарды  айқындау 
әдістері  мен  жүзеге  асыру  жолдарын  іздеуді  керек 
етеді. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың 
объективті  және  субъективті  екі  жағын  бөліп 
көрсетуге  болады.  объективті  жағы  оқыту 
мазмұнын анықтау кезінде көрініс табады және оқу 
жоспарларын,  бағдарламаларын,  оқулықтарды,  оқу 
құралдарын  және  т.б.  әзірлеу  кезінде  ескеріледі. 
Субъективті  жағы  тікелей  оқыту  үрдісінде  көрініс 
табады,  яғни  оқушыларға  қатысты  пәнаралық 
байланысты жүзеге асырудың негізгі тәсілдері мен 
әдістері  қарастырылады.  Еліміздегі  білім  беру 
жүйесінің  12  жылдық  оқу  мерзіміне  өтуде, 
жаңаланған  оқыту  мазмұнын  айқындауда  пәнара-
лық байланыс түрлерін педагог-ғалымдарымыздың, 
әдіскерлеріміздің есте ұстағаны дұрыс деп білеміз. 
Пәнаралық  байланыстарды  жүзеге  асырудың 
негізгі  бағыттарында:  пән  бойынша  оқулықтарды, 
оқу  құралдарын  жазу  кезінде;  оқу  жоспарларын 
және 
бағдарламаларды 
даярлауда; 
жеке 
әдістемелерді  және  ғылыми-әдістемелік  әдебиет-
терді жазуда; оқу орындарының түріне байланысты 
әдістемелік  және  оқу-әдістемелік  жұмыстарды 
жүргізуде  бұларды  басты  назарда  ұстаған  жөн. 
Сондай-ақ  педагогика  ғылымында  белгіленген 
пәнаралық  байланыстарды  оқу  материалдарының 
уақыт  критерийі  (алдын  ала,  сәйкес  және  кейінгі); 
жекелеген  пәндердегі  оқу  материалын  фактілік, 
ұғымдық,  теориялық  ақпараттық  мәні;  оқу 
пәндеріндегі  білімдер  мен  іс-әрекет  түрлері; 
мазмұндық  ақпараттық,  операциялық  іс-әрекеттік, 
ұйымдастыру-әдістемелік  сипатына  тән  талдап 
қорытындыланған 
түрі 
бойынша 
жүзеге 
асырғанымыз абзал.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет