Reference
1. Noel, John C. Comparison of some idioms in English.-
1975.-p.94
2. Fernando, Ch.Flavell, R. On Idiom: Critical Views And
Perspectives.- (Exeter Linguistic Studies, 5). Exeter: University
of Exeter, 1981.-p. 18
3. Cowie, A. P., Mackin, R., & Craig, I. R. (1990). Oxford
dictionary of current idiomatic English: English idioms (Vol. 2).
London: Oxford University Press.
4. Cambridge international dictionary of idioms. (1998).
Cambridge: Cambridge University Press.
Қалқабаева С.Ә.
ф.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің доценті, Алматы қ., Қазақстан
«МАХАББАТ, ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР» РОМАНЫНДАҒЫ ӘДЕП МӘСЕЛЕСІ
Әдебиет – әсемдіктің әлемі. Ал әсемдіктің бір
белгісі әдептіліктен көрініс алады. Ғұлама эстетик
ғалымымыз Әбу Насыр әл-Фараби “Қайырымды
қала адамдарының көзқарастары” атты еңбегінде
әдепті әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы деп
есептесе, әдеміліктің жыршысы М. Жұмабаев
“Педагогикасында” әдеп тәрбиенің озық нәтижесі,
мәдениеттіліктің үлгісі екендігін айтқан. Әсемдік
пен әдеп, адамгершілік пен мейірбандық жайы қай
кезде де әдебиеттің басты тақырыбы болды.
Әсіресе замандастың әсемдiк әлемiн сипаттайтын
шығармаларда көбiрек сөз етiледi. Мәселен, 70-
жылдарда жазылған Ә. Нұршайықовтың «Махаббат,
қызық мол жылдар», М. Мағауиннiң «Көк мұнар»
романдарында, Ә. Сараевтiң «Жұлдызды жон», З.
Шүкiровтiң «Жас жесiр» повестерiнде әдеп
проблемасы
басты
назарға
алынып,
бұл
шығармалардың эстетикалық негiзiне айналған.
Мұның бәрi жазушының оқырман санасына
халқымыздың асыл қасиеттерiн ексем деген түпкi
мақсатынан туғандығын айқындайды.
«Махаббат, қызық мол жылдар» романында
орын берiлген әдептiлiк жайындағы нақыл сөздер,
ақыл-өсиеттер жазушының ізгі ниетінен туған.
Сондықтан да автор қисыны келген тұста
оқырманына адамгершiлiктi, жақсы әдет, озық
дәстүр,
жоғары
мәдениеттiлiктi
дәрiптеуге
тырысқан. Оны автор Ербол, Меңтай, Майраның
анасы тағы да басқа басты кейiпкерлердiң сөздерi,
ой-тебiренiстерi арқылы жүзеге асырған. Мысалы,
Ерболдың жазып алған махаббат жайындағы
ұлағатты сөздерiн, өлер алдында Ерболға жазып
қалдырған Меңтайдың хатын, Майра мен Меңтай
анасының шешендiкпен айтылған ақыл-өсиеттерiн
оқи отырып, тәлiм-тәрбие аларлық көп лұғаттарды
кездестiремiз. Ал бұлардың бәрi романның
идеясымен үйлесiп, ол арқалаған әдептiлiк жүгiнiң
салмағын арттыра түседi. Сондықтан бұны жастар
тәрбиесi, қыздар әдептiлiгi жайындағы шығарма
деуге әбден болады. Әсiресе Меңтайдың анасы
түрткен
нақылдар
арасында
жастарды
салиқалылыққа,
әдептiлiкке,
ұстамдылыққа,
iзеттiлiкке, салауаттылыққа шақыратын өсиеттер
көп. Соның iшiнде: «Қыз көйлегiнiң етегi тiзеден
жоғары шықпауы керек, себебi қыздың жалаңаш
жерiне көп көзiнiң құрты түскiш
келедi. Ал халықта:
«Естi қыз етегiн қымтап ұстайды» деген мақал бар.
«Қызға қатты күлудiң қажетi жоқ, жiгiттерге оның
жымиғаны да жетiп жатыр», «Шошаңдаған қыз
шешесiнiң атына кiр келтiредi» [1, 156-бет].
«Қыздың жақсы жiгiтке шығуы, жiгiттiң жақсы жар
таңдап алуы жеңiспен пара-пар. Алдымен жеңiске
жету қымбат, ал жеткен жеңiстi баянды ету – одан
да қымбат» [1, 157-бет], – сияқты ана жүрегiнен
шыққан шұрайлы нақылдар қыз тәрбиесi мен
мiнез-құлықтың ұлттық этикасы сияқты.
Осы арада айта кететiн бiр жай, автор
замандас бойынан үнемi көрiнуге тиiс әдептiлiктi
айшықтауға ден қойған, содан да болар кейiпкердiң
әдеп
қасиеттерiн
шым-шытырық
оқиғалар
оңтайында сынға салмай, күнделiктi жай тiршiлiк
ағымындағы қақтығыс, пiкiр талас, диалог
барысында
көрсетуге
тырысады.
Айталық,
қыздардың әр алуан іс-әрекеттерiн, мiнез-
қылықтарын,
пiкiр
қайшылықтарын,
сөз
саптастарын сипаттау арқылы-ақ оқырманға ой
түйетiн, тәлiм алатын көп нәрселердi меңзейдi. Әрi
бүгiнгi күнi де көңiл қоярлық мәселелердiң
пернесiн дөп басып әдептiлiкке, арлылыққа
шақырады. Осындай iзгi ниет, ұлағатты өнеге
Майра анасының айтқандарынан да байқалады.
Абзал ананың аузынан шыққан: «Жалғыздың жан
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
.................................................................................................................................................................................................. ...........
171
жолдасы – ары мен жары», «... жарыңды жаныңмен
тең ұста, жаныңды арыңмен тең ұста», «Ақылды
қызға ана көп, аяулы жанға пана көп» [1, 27-бет],
«Ана болған – дана болады» [1, 273-бет], – деген
түйдек-түйдек, даналық маржан сөздердi естiп,
шүйкедей
ғана
қарапайым
кейуананың
шешендiгiне қайран қаласың. Бұған қоса оның
мырзалығы да сүйсiндiредi. Қамқор болар туысы
жоқ Меңтай мен Ербол қосылмақ болып шешкенде,
мал сойдырып той жасайды. Екi жастың
қуанышына ортақтасып, өз баласындай жақын
көредi. Шығармада аз көрiнсе де осы бiр жан кең
пейiлдi, үлкен жүректi ел анасы ретiнде есте
қалады. Автор осылай бiрi – оқыған, бiрi –
оқымаған қос ананың ғажап бейнелерiн жасайды.
Олардың философтар трактаттарымен теңдес
сөздерiн оқыған тұста, осындай аналардан тәлiм
алған Меңтай мен Майрадай естi қыздарға
оқырман iлтипаты арта түскендей болады. Автор
бұл нақылдарды жайдан-жай роман көлемiн
арттыру үшiн
келтiрiп отырмаса керек. Бiрiншiден,
оқырман ойын бiр сәт әдептiлiкке аударып, тәлiм
айтса, екiншiден, оны кейiпкерлердiң iшкi
сырларын жеткiзудiң, рухани байлығын көрсетудiң
тәсiлi ете бiлген. Дегенмен он шақты беттi алатын
нақыл сөздердi санамалап келтiру шығарма
көркемдiгiн кемiтiп, жазушы шеберлiгiне сын бола
ма деп те ойлайсың. Сондықтан да осы ойды айтар
тұста жазушы басқаша бiр үйлесiмдi әдiс табуы
керек пе едi деп те қаласың.
Романда Меңтайдың көрiнiс берер сәттерiнiң
бәрi әдептiлiктi, инабаттылықты насихаттағандай.
Бұдан бiз автордың әдеп мәселесiне аса ден
қойғандығын аңғарамыз.Эмоциялық жылылығы
мол, эстетикалық талғаммен жасалған Меңтай –
жазушының
биiк
мұратынан
туған
басты
кейiпкердiң бiрi. Ол – көркiне мiнезi сай, әдептi қыз
Меңтай . Меңтайға берiлетiн алғашқы портреттiк
сипаттаманың өзiнен-ақ автор оның жан тазалығын
сездiрiп,
оқырманды
осы
кейiпкерге
ынтықтырғандай болады. «Ортадан сәл ғана
төмендеу бойы бар, самай тұсы ширатыла
бұйратылып тұратын қою шашын ұзын қос бұрым
етiп өрiп, оны ақ маңдайынан жоғарылата басына
бiрнеше рет орап, екi ұшын тас қылып төбесiне
түйiп тастаған, ақ бетi таза қолмен аршыған
жұмыртқадай кiршiксiз, жасы он сегiзге келген
талдырмаш қыз... Әсiресе оның ақ бетiндегi
мойылдай мөлдiреген мең менiң көзiмдi де, өзiмдi
де магниттей тартып әкетiп бара жатты» [1, 34-бет].
Меңтай көркiн суреттейтiн осы портреттi оқып
отырғанда классикалық әдебиетiмiзде жасалған
Шұға, Гүлхашима, Қамар, Ғайша, Жамал, Ақбiлек,
Тоғжан мен Әйгерiм сынды шынайы достық пен
махаббатты
берiк ұстаған, сұлулығымен жұртты
тамсандырған қыздар образы көз алдыңа елестейдi.
Меңтай М. Әлiмбай айтқандай: «Ақылды, ұстамды,
бiлiмдар, жан сұлулығы жарқырап көрiнген қазақи
мiнез бен жаңа дәуiр қызы психологиясының
қосындысы – синтезi» [2,120]. Оның жүрiс-тұрысы,
көркi,
мiнез-құлқы,
дүниетанымы
жарасым-
дылықпен үйлескен адам болмысын танытады. Әрi
ол сыпайы да инабатты, сезiмтал да қайырымды.
Меңтай бойына сiңген бұл қасиеттердi автор жалаң
сөзбен емес, iс-қимылмен сипаттауға көбiрек
ұмтылған. Мысалы, Ерболға әуел бастан-ақ
қамқорлық
көрсетуi,
лекцияны
жаза
бiлу
дағдысына үйретуi, сия сауытты төгiп алғаннан
кейiн қыздардың қылжағына тап болған Ерболды
қорғаштай сөйлеуi оның өзгенiң жанына қаяу
түсiрмейтiн қайырымдылығының айғағы дер едiк.
Бұған қоса ол сергек те сыншыл. Адамның жаман
жағынан гөрi жақсы жақтарын көбiрек көруге
тырысады. Содан да болар құрбы-құрдастарының
кемшiлiгiн кешiре бiлiп, ешкiмнiң көңiлi қаларлық
сөз айтпайды. Тұрғыластары қандай мәселе
төңiрегiнде болсын кеңес сұраса, қолынан
келгенше көмегiн көрсетiп, жөн-жобасын айтады.
Мысалы, танысқанына не бары алты-ақ тәулiк
болған жiгiтiн сынап бершi деп
өтiнген Зайгүлге:
«Менiң айтар ақылым мынау ғана: өзiң бiл, өзiң
ойлан, өзiң есепте. Қыздың өзiне лайық өмiрлiк
жар таңдауы ауыл болып ақылдасып, базардан ат
сатып алу емес. Өзiң оған жақсы жiгiт деп шаң
жуытпай тұрсың. Ал жақсы жiгiттiң әлден арақ
iшуi маған ұнап тұрған жоқ. Қосылған соң
кемшiлiгiн түзеп әкетуге әлiм келедi, апам
айтқандай, махаббатымның күшi,
өз қажырым
жетедi десең өзiңе серiк ет оны» [1, 156-бет], – деуi
оның ана ақылын көкейiне түйiп
өскен әрi оны
бойына дарыта алған тәрбиелi қыз екендiгiн
аңғартады.
Оның қағазға түсiрген «Өз ойларым» атты
қолжазбасын оқи отырып, Меңтайдың жан
сарайымен танысамыз. Қабiлет-қарымы мен түйсiк-
түсiнiгiн пайымдап, аппақ жанының астарын
көремiз. Әрi адамгершiлiгi мол, жаны сұлу,
ажарына ақылы сай қыз екендiгiн мойындаймыз.
Оның үлкен тебiренiспен жазылған: «Әйел
махаббаты – ең күштi махаббат. Еркектер әлiмен
күштi
болса, әйелдер махаббатымен мықты. Әйел
махаббаты – әлемнiң тұтқасы» [1, 162-бет]; «Мен
Отанымды сүйемiн. Өз мемлекетiмдi өз үйiмдей
көремiн. Егер мен соғыста болсам сүйiктi Отаным
үшiн Зоя Космедемьянская, Мәншүк
Мәметова,
Әлия Молдағұлова сияқты қасықтай қанымды,
шыбындай жанымды аямас едiм. Бiрақ менiң
үлесiме соғысқа бару тиген жоқ. Мен бұл соғыста
талай адамның қаны төгiлiп қорғалған қасиеттi
мемлекетiмнiң моральдық негiздерi одан сайын
берiк бола беруiн мұрат тұтамын...» [1, 162-бет], –
деген сияқты үздiк-үздiк ойлары отаншылдығын,
ерлiк
пен
өрлiктiң
жақтаушысы
екендiгiн
айғақтайды. Әдептiлiк пен арлылықтың әдемi
үлгiсiн танытатын Меңтай образы қазақтың әдепті
де арлы қыздарының бейнесiн толықтыра түсетiн
кейiпкер екенiн мойындайсың.
«Махаббат, қызық мол жылдар» романында
әдеп, махаббат пен достық сезiмдерiнiң ұлттық
мiнезге сай көрiнiс алып, сұлу жарасымдылық
табуы шығарманың эстетикалық әсерiн күшейтсе,
ал адамгершiлiк асыл қасиеттердiң асқақтата
көтерiлуi тәрбиелiк қуатын арттырған. Терең сезiм
иесi Ербол мен инабатты сұлу бойжеткен Меңтай
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
.................................................................................................................................................................................................. ...........
172
арасындағы шынайы сүйiспеншiлiктiң лирикалық
сарынмен баяндалуы да романның зор жетiстiгi.
Шығарманың
оқырманын
бейтарап
күйде
қалдырмай, ондағы кейiпкер тағдырына алаңдатып,
елiктiре ала жөнелуiнiң бiр тетiгi ондағы лиризмде
жатыр.
Романның тағы бiр жетiстiгi мұнда қыздардың
әртүрлi мiнез-құлықтарының жасалғандығы дер
едiк. Олардың бiрi – әдептi де сабырлы болса, ендi
бiрi – жеңiлтек те тұрлаусыздығымен көрiнген.
Осылардың iшiнде Зайгүл – өз қылықтарымен
көзге ұратын кейiпкер. Ол модашыл, жiгiт көрсе
қылмыңдай кететiн, ұшып-қонба жеңiлтек мiнездi
қыздардың бейнесiн елестетедi. Ол жайындағы:
«Зайгүл киiм жағынан өзгелерден өзiн ерекше
ұстауға тырысатын. Кексе әйелдерге ұқсап,
мойнына студент қолы жетпейтiн қызыл түлкi
салып, екi қолын бiрдей қаракөл жеңқолғапқа
тығып, оқшауланып жүретiн» (203-бет), – деген
мiнездеу-портрет оның бар болмысын сипаттап тұр.
Әрi «адамның күн шуақ жақтарына көңiл бөлмей,
көлеңке жағына көбiрек көз салатын» таяз
ойлылығы сөйлеген сөздерiнен сезiлiп қалып
жатады. Оның ондай қылықтарын Жомартбек
қуақы тiлмен түйреп отырады. Салмақты да бiлiмдi
Меңтай табиғатымен үш қайнаса сорпасы
қосылмайтын жеңiлтек те бiлiмсiз Зайгүлдiң
мiнезiндегi мiндердi мұрнынан тiзе отырып, автор
халқымыздың арлы қыздарының жарасымды
үлгiсiн ұсынады. Кiтапта Зайгүлдiң ұнамсыз
жақтарымен жанастырыла жақсы қасиеттерi де
қамтылған. Оның ойындағысын бүкпей ашық айта
салатыны, артында арамдығы жоқ турашыл, ақ
көңiл қыз екендiгi Меңтайдың оған берген
мiнездемесiнде айтылған. Әсiресе, Заман мен Тана
жағдайын естiген Меңтай құрбыларын Тананың
жолына қаражат жинастырып беруге көмектесуге
шақырғанда мойнындағы бағалы түлкi
жағасын
сатып қаржыға беруге ұсынуы Зайгүлдiң шешушi
сәттерде адамгершiлiк жағынан табылатындығын
байқатады. Ербол мен Меңтай маңын қоршаған
Майра, Жомартбек, Зайгүл, Қанипалар әзiлдесе де,
күле де, күңiрене де, көмектесе де бiлетiн ақ-
жарқын жандар. Олардың жарастықты жастық
өмiрiн, достық, жолдастық қарым-қатынасын сөз
ету
арқылы
автор
студенттер
қауымының
ұйымшыл ортасын бiркелкi тәуiр сипатта көрсете
алған.
«Махаббат, қызық мол жылдар» романында
да әдеп, махаббат пен достық сезiмдерiнiң ұлттық
мiнезге сай көрiнiс алып, сұлу жарасымдылық
табуы шығарманың эстетикалық әсерiн күшейтсе,
ал адамгершiлiк асыл қасиеттердiң асқақтата
көтерiлуi тәрбиелiк қуатын арттырған. Басты
кейiпкерлерi Ербол мен Меңтай әдептiлiк пен
арлылықтың әдемi үлгiсiндей. Терең сезiм иесi
Ербол мен инабатты сұлу бойжеткен Меңтай
арасындағы шынайы сүйiспеншiлiктiң лирикалық
сарынмен баяндалуы да романның зор жетiстiгi.
Шығарманың
оқырманын
бейтарап
күйде
қалдырмай, ондағы кейiпкер тағдырына алаңдатып,
елiктiре ала жөнелуiнiң бiр тетiгi ондағы лиризмде
жатыр. Көптеген оқырман жүрегiнен жол таба
алғандығын романның 1971 жылғы республикада
ең көп оқылған кiтап аталуынан, ал 1972 жылы
ҚазКСР-ның
Мемлекеттiк
сыйлығына
ұсынылуынан-ақ көруге болады.
Басым көпшiлiгi жастарға арналған жазушы
шығармаларының кейiпкерлерi – адамгершiлiгi мол,
жаны сұлу жастар, идеялық мақсаты –әдемілік пен
әдепті насихаттау. Бұл сөзiмiзге әр алуан
тәсiлдермен жасалған көркем образдар кепiл бола
алады. Ә.Нұршайықов шығармаларын саралап
қарасақ, көркем шығарманың құндылығын берер
өнегесі
көп
образдар
жүйесi,
поэтикасы
айқындайтындығына көз жеткiземiз.
.............................................
1.
Нұршайықов Ә. Төрт томдық шығармалар
жинағы: Роман, повесть және әңгiмелер. – Алматы:
Жазушы, 1992. – Т.1. – 432 б.
2.
Әлiмбай М. Қалам қайраты: Эсселер, сын,
мақалалар. – Алматы: Жазушы, 1976. – 224 б.
Қалқабаева С.Ә.
филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің доценті
«МЕНІҢ ӘУЕЗОВІМ» РОМАН-ЭССЕСІНДЕГІ ДЕРЕКТІЛІК СИПАТ
Әдебиетімізді әлемдік деңгейге көтерген
халқымыздың саңлақ суреткері, ғұлама ғалым
М.Әуезовтің өмір жолы мен шығармашылық
өнерін зерттеп, дәріптеуге сан жылғы ғалымдық
ізденісі мен жазушылық еңбегін, күллі ұстаздық
ғұмырын арнаған халық жазушысы, академик
Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім»(1997)
роман-эссесі әдебиеттануға қосылған қомақты
дүние. Ұзақ жылдар бойғы ізденістің қорытылған
нәтижесі көрініс тапқан бұл еңбектегі автордың
басты мақсаты - кемеңгер, дана ұстаз Әуезовтің,
ақыл-ойдың кені, ғұлама ғалым Әуезовтің, көркем
сөздің хас шебері, біртуар жазушы Әуезовтің
тұлғасын жарқырата таныту. Демек шығарма
кейіпкері
-
көркем
өнерді,
ғалымдықты,
ұстаздықты бойына сіңірген тарихи тұлға. Бұндай
дара тұлға туралы жазу соны соқпақты қажетсінеді.
Осы жерде жазушының ұтқан тұсы - көркем
шығарма жанрын роман-эссе деп айқындап алуы.
Шығарманың
өмірлік
деректерге
сүйеніп
жазылатын эссе жанры болуы ірі тұлға болмысын
әрі ғалымдық көзқарас, әрі жазушылық
дүниетаным тұрғысынан сомдауға көп мүмкіндік
берген. Содан болар көркем әдебиетте қалыптасқан
белгілі соқпақтардан бөлек жаңаша әдіс, тың
болжам, батыл ой түйіндеулер көбірек орын алған.
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
.................................................................................................................................................................................................. ...........
173
«Бүкіл
роман
жазушы
Қабдоловтың
ішкі
толғанысы мен өзіндік көзқарасы арқылы өріліп
отырады. Әуезов өмірінің суреттері жан-жақтан
құйылған бұлақ тәрізді, бірте-бірте «үлкен көлге
айналып, бай мазмұнға айналады». (Т.Бекниязов.
«Өмірге
құштарлық».
Алматы:
«Қазақ
университеті.» 2000, 67-бет.)
Әуезов өмірінің жарқын шақтары мен бұралаң
соқпақты кезеңдеріне жете қанық, әрі оның көркем
дүниелерінің тылсымына терең бойлаған жазушы
бұл шығармада баяндайтын оқиғаларды асқан
сарабдал көңілмен сұрыптай білген. Сондықтан
бала Мұхтардан дана Мұхтарға дейін қалыптасу
кезеңдеріндегі ең маңызды мәселелерді қамтуды
қажет деп тапқан. Бітімі өзгеше бұл туындыда
эссеист өзінің аңғарғанын, көрген-білгенін, сезген-
түйгенін ешбір бүкпесіз қаз-қалпында баяндай
отырып,
өмір
материалын
өнер
дүниесіне
айналдырады. Дәл осы шеберлік оқырман көкейіне
қонып, көңілін қозғап, таным көкжиегін кеңейте
түседі.
Талапты жастың әдебиетке құштарлығын
оятып, оны ғұмырлық сүйікті кәсібі етуге септігі
тиген Әуезовтей дара тұлғаның жүрегінде із
қалдырған өшпес бейнесін көркем образға
айналдыруы шынайы әрі нанымды шыққан.
Алғашқыда көне дүние философтарының ойларына
бойлатып, әлем әдебиеті классикасының сырына
қандырып, Абай поэзиясының тереңіне сүңгітіп,
студент санасын өсірер ғажайып дәрістерімен
елітіп әкеткен талантқа тамсанып жүрген шәкірт
Зекең, кейін келе ұстазының жанын да, зарын да
ұға білетін, көп нәрсені айтпай-ақ түсінетін серігіне
айналады. Ұстазымен бірге ойланып, ұстазымен
бірге толғанады. Ұстазы жүрегінен өткізген сызды
өз жүрегінен өткізеді. Екі жүрек тұтастыққа
айналып, екі ой бір арнаға тоғысып жатады. Үкімет
үйінің
кең
мәжіліс
залында
М.Әуезовтің
жазушылық, ғалымдық қызметін үш күн бойы
талқылап, нақақтан қаралап жатқанда дарабоз
суреткердің қарсыласа алмай діңкесі құрыған
сәттерінің куәсі болғандығын психологиялық
суреттемелермен беретін тұстар бұған дәлел.
«Талай әкесін сабағанды көріп едік, бірақ арбаға
таңып қойып сабағанды көргенім осы» депті ғой
біреу. Дәл сол секілді Әуезовті төрге - орталарына
отырғызып алып, шетінен Мұқалап - «мәпелеп» -
төпелеп жатыр» (110-бет), - деп жазады
пайғамбардай қастерлеп жүрген ұстазын «аяусыз
сабалап жүндей түткен» Сәмсүгір Сұршин,
Қарабұжыр мен Шикілсарылар сияқтыларға налып.
Кеше ғана қаптап досы боп жүргендердің бірі де
шолақ белсенді партократтардың жаласынан
арашалап қалатын жанашыр бола алмағаны
аңғарымпаз шәкірттің жанын қынжылтады. Талант
пен тобыр арасалмағын таразылайды. Ойы мен
эстетикалық талғамы төмен тобырдың Әуезовті
ұлтшыл деп, «Абай» романын большевизм идея-
сына жат шығарма деп тануы - талантқа тұсау салу
әрекеті болғандығы анық. Белгілі бір кезеңдегі өмір
шындығын танытатын осындай жағдайлар роман-
эсседе едәуір мол. Суреткер өмірінен алынған
мұндай деректер талант тағдыры - қиын тағдыр,
тар да тайғақ жол болғандығын шынайы көрсетеді.
Роман-эссе кейіпкері - шығармашылық тұлға,
жан-жақты дарын иесі. Сол себепті автор
М.Әуезовтің
суреткерлік
шеберлігін
таныту
мақсатында оның көркем прозасын пайдаланса, ал
енді ғалымдық дүниетанымын танытуда Абай
поэзиясы туралы жазған пікірлерін, ғылыми
еңбектерін нақты материал көзі ретінде қолданған.
Жазушының шығармашылығы ғұмырнамасымен
астарласа суреттелген. Қаламгердің өнері өмірінен
өніп, өрбіп отырады. Мұны «Абай жолы», «Қыр
суреттері»,
«Еңлік-Кебек»,
«Қаракөз»,
«Қорғансыздық күні», «Ескілік көлеңкесінде»,
«Қилы заман» сияқты халқымыздың тағдыры мен
қасиеті баяндалатын шығармалары жайын сөз
еткен тұстардан байқаймыз. Мәселен, «Абай
жолы» сияқты дүние жазуға апарған негізгі жол -
бала жасынан Әуез атасының Абай өлеңдерін
жаттатып,
өмірге
Абай
көзімен
қарауға
тәрбиелеуінде жатқанын романда баяндалатын
бала Мұхтар басынан өткерген өмір көріністері
растап отырады. Абайды Мұхтардың алты жасында
алғашқы әрі ақырғы көру сәті, ақын ағаның
мейірімді жүзі мен ғұмыр бойы санасына арай
шашқан жігерлі сөзін еске алатын тұстары сыршыл
сезімге толы. Мұхтарды бала кезінде Абайшыл
еткен атасы Әуез болса, ер жете келе Абай әулетіне
жақындатқан, ол туып-өскен жерге ғашық еткен
ағасы Қасымбек болды. Ағалы-інілі екеуі «Абай-
аға шыққан қырға шығып, Абай-аға түскен ойға
түсіп» сайын далаға бұрынғыдай бала Мұхтарша
емес,
ақын
Абай
көзімен
қарады.
Абай
өлеңдеріндегі сұлу суреттердің тууына түрткі
болған табиғаттың тылсым сырын ұқты. Болашақ
жазылатын көркем дүниелерінің бастауы мен
қайнар көздерін тапты. Сонымен қатар ол өзі туған
топырақтағы
ертегі-аңыз,
қилы
тағдырлар
деңгейінде қалмай, аса талантты ақын жанының
тереңіне үңіліп , «әлемдік әдеби классиканың күнес
биігіне қарай батыл адымдады». Романда «Абай
жолы» эпопеясындағы образдар галереясының
түзілуі туралы соны пікірлер мол кездеседі. Әсіресе
әйел жанының ішкі күйзелісін, болмысының нәзік
те сұлулығын танытқан Ғазиза, Қарагөз, Тоғжан
образдарының қазақ қыздарына тән сұлулық
символына айналуына Мұхаңның сүйікті жары
Абайдың немересі, Мағауия қызы Кәмила сұлудың
себепші болуының өзі өмірдің өнердегі көрінісі
екені рас. Сондай-ақ Мұхаң өмірде тағдыр қосқан
үш әйелінің үш түрлі көркем туындысын –
(Кәмиланың
«Қарагөзді»,
Райхан
мен
Валентинаның «Үйлену» мен «Сөніп-жануды»)
жазуына себепкер болғаны да қызықты дерек.
Шығармада суреткер өмірінің өнер мазмұнына
айналғандығын дәлелдейтін мұндай деректерді
айта келе, жазушы: «Құнанбай мен Абай – бәрінен
бұрын Мұхтардың өзі. Бұлар ғана емес, сайып
келгенде «Абайдағы» күллі кейіпкердің күллі
сезімі мен сыры, ақылы мен ойы, парасаты мен
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
.................................................................................................................................................................................................. ...........
174
философиясы – бәрі Мұхтардікі. Әуезовтікі!» (200-
бет), - деп түйіндейді. Абай мен Мұхтар
болмысының ұқсастығы мен тұтастығын әркез
ұмытпай жаза отырып, Әуезовтің фәни жалғанға
келгендегі басты қызметі – Абай туралы эпопея
жазып, Абай арқылы қазақ халқының өмірі мен
тағдырын, сұлулығы мен ұлылығын көрсету
болғандығына нандырады. Бұл тұста «Абай
жолына» берілген халықтың бағасын, Әуезовтің өз
сөзін дәл қалпында келтіріп, ол пікірлерді автор
өзінің әдеби, сыни пайымдауларымен толықтырып
отыруы эссеисттің де қарымды қаламгер, зерделі
ғалым екендігін мойындата түседі. Туындыда
автордың өз бейнесінің көрінуі баяндаушылық
қызметті ғана атқармайды, кейіпкердің табиғатын
ашуға, дара тұлғаның болмысын шеберлікпен
мүсіндеуге бағытталған.
Қазіргі қазақ прозасында М.Әуезов бейнесін
сомдауға ұмтылған шығармалар аз емес.
К.Оразалиннің «Абайдан соң», «Абайдан соңғы
арыстар» романдары, Т.Жұртбаевтың «Бесігіңді
түзе» толғау-романы, Д.Досжановтың «Алыптың
азабы» деректі романы т.с.с. жазылу стилі жағынан
бірін-бірі қайталамайтын дүниелер баршылық.
Осылардың ішінде стильдік, жанрлық тұрғыда
жаңаша ізденіспен, сыни проза үлгісінде жазылған
З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесінің
орны дара. Бұған қоса айтарымыз, жазушы
қолданған сан-алуан көркемдік әдіс-тәсілдердің
ішінде деректілік негіздің болуы шығарма
шынайылығы мен құндылығын арттырып тұрған
бірден-бір қасиет.
Достарыңызбен бөлісу: |