«Атадан балаға баққан малың емес, еккен
талың қалады». Халық даналығы осылай дейдi.
Облыс әкiмi Асқар Мырзахметовтiң бастамасы-
мен Шымкент қаласының шетiнен жаңадан жа-
сыл аймақ пайда болып, бiр мың гектарға тал
отырғызу қолға алынды ( «Жас Алаш», 22.10.2009).
Мақал-мәтелдер тұлғалық жағынан тұрақты
болып келгенімен, адресант шеберлігіне орай, түрлі
өзгерістерге ұшырап қолданылатын жағдайлар да
кездеседі. Ә. Қайдар «мұндай жағдайда олардың
жалпы мазмұнына, мағынасына, бүкіл тіркеске
негіз, дәнекер болып тұрған образ – бейнеге бәлен-
дей нұсқан келтіре қоймайды»,- дейді. Ғалым
мұндай «тұлғалық модификацияларға ұшырау сал-
дарынан пайда болған, тіл практикасында бір-ақ
рет қолданыс табатын» мақал-мәтелдердің түрлерін
«инварианттар» деп атаған. Бұл ретте ғалымның
«инварианттар» деген терминінің баламасы ретінде
өз тарапымыздан «окказионал мақал-мәтелдер»
немесе «окказионал сөз оралымдары» деген тер-
миндерді пайдалануды ұсынамыз. Өйткені «окка-
зионал» термині де бұл жерде «бір қолданар, жаңа
қолданыс» деген мағынаға саяды. Сондықтан «ин-
варианттар» терминінің орнына кей тұстарда «ок-
казионал мақал-мәтелдер», «окказионал сөз ора-
лымдары» дегеннің еш әбестігі жоқ есептейміз.
Мәселен баспасөз бетінде жарық көрген мына бір
өлең жолдарына назар аударалық:
Ащы мысқыл батқаны-ай, шымбайыма,
Дегенмен, Ақыл, сенi тыңдайын, ал:
(Бас жарылса бөркiм бар... кiм көредi?!)
Ағамның жығылайын ыңғайына («Жас Алаш»
05.05.2010). Төрт жол өлеңдегі тамаша үйлесім
тапқан «Бас жарылса бөркiм бар... кiм көредi?!»
деген мысалдағы мақалдың о бастағы қалыпты
нұсқасы «Бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса -
жең ішінде». Ал енді мысалымызда адресант өз
жазғанының адресатқа әсерлі жетуі үшін әдейі
«Бас жарылса бөркiм бар... кiм көредi?!» деп өз-
геріске ұшыратып берген.
Күйеудiң өзi – жүз жылдық, ал әуресi – мың
жылдық («Жас Алаш», 19.01.2010) деген мысал-
дағы мақалдың ежелгі нұсқасы көпшілікке мәлім.
«Күйеу - жүз жылдық, құда - мың жылдық» деген
мақалдың стильдік өзгеріске ұшырап, инвариант-
талған нұсқасы болып табылады. Бұл жерде
мұндай стильдік өзгеріске ұшыраған көркем сөз
оралымдары сөйлемге ықшамдылық, дәлдік, эмо-
ционалдық сипат беріп тұрғанын анық.
Үшінші тұтастай автордың өз иелігіне ай-
талған мақал-мәтелдер өте жиі ұшыраспаса да,
саяси дискурстарда бірлі-жарымды ұшырасып оты-
рады. Мысалы: Шындығында, бүгiнгi қазақ зи-
ялысының сөзге қыры болғанымен, табанында
бүрi жоқ. Нысанаға алған бетiмен қасқайып
тұрмай, жеме-жемге келгенде тайқып шыға бе-
редi. Осыдан кейiн елдiң шетi мен желдiң өтiнде
тұратын ұлт азаматтары “қазақтың ұл-қыздары
кiмнен үлгi алуы тиiс?” деп ойлайсың. Ұрпаққа
талғамды тәрбие, салиқалы саясат, салауатты
өмiр мен сындарлы тарихты қалыптастыратын
қазiргi қоғамның келбетi неге мың құбылады?
(«Жас Алаш», 13.10.2011). Бұл сөйлемнен байқаға-
нымыз мақалдың еш стильдік өзгеріске түспей ақ
автордың иелігіне айналған, экспрессив-тілігі сөй-
лемге көркемдік сипат беріп тұр.
Тіліміздегі қанатты сөздерің эмоциялық әсері
өте жоғары болады. Халық қазынасының осындай
көркемдік үлгісі баспасөзде де кездесіп отырады.
Олады айтылатын оймен орайластырып, дұрыс
қолдана білсек, сөзіміз мірдің оғындай өткір, көңіл-
ге бірден ұялай қалатындай дәл әрі ықшамды бола-
ды»- дейді Р. Сыздық [9; 112].
Үйi жоқтың – күйi жоқ» деген қанатты сөз
бар қазақта. Осындай үйi жоқтарға үй алуға
жәрдемдесiп, күйi жоқтардың күйiн келтiруге
көмектесiп жүрген «Тұрғын үй құрылыс жинақ
банкiн» халықшыл демей, кiм деймiз?! («Жас
Алаш», 22.10.2009).
Ядролық сынақтардан, экологиялық апаттар
мен әлеуметтiк-экономикалық проблемалардан көз
ашпаған семейлiктердiң билiкке «өкпесi қара
қазандай» екенi белгiл. («Жас Алаш», 28.12.2010).
«Үйi жоқтың – күйi жоқ», «өкпесi қара
қазандай» деген қанатты сөздер халық нақылына
айналып кеткен, ал автор оларды кейіпкерлерінің
жай-күйі мен өз эмоциясын нақты әрі дәл жеткізу
мақсатында қолданған. Автор осындай қолданы-
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
.................................................................................................................................................................................................. ...........
203
старды қолдана отырып, сөйлемдегі стильдік
бояуды қалыңдата түседі, эмоционалыдқ реңкін
арттырады.
Аталмыш қанатты сөздерді белгілі бір автор
қаламынан туындап, кейін жалпыхалықтық игілік-
ке айналуы әбден мүмкін.
Сонымен қорыта келе мақал-мәтелдер, қанат-
ты сөздер, фразеологиялық тіркестер – экспрес-
сивтілігі өте күшті, образдылығы жағынан маңы-
зды қызмет атақаратын стильдік құрылымдар. Олар
баспасөз беттерінде өзгермеген қаз-қалпында да,
инварианттық құрылым түрінде де, адресант тара-
пынан өзгеріске ұшырап та қолданылады. Мұндағы
осы жанрдың функционалдық стиліне орай, қоғам-
дық, саяси-әлеуметтік мәселелерді эмоционалды
әсерлі етіп шебер суреттеуде мол мүмкіндіктер
береді. Жағымды эмоциялы фразиологизмдер мен
жағымсыз эмоциялы фразиологизмдер адресанттың
түрлі эмоциялық сипатын ашып, автордың сезім
иірімдерін дәл әрі әсерлі етіп жеткізіп отырады.
Сөзіміздің соңында отандық мерзімді баспасөздегі
саяси дискурсқа эмоционалдылық пен экспрес-
сивтілік тән екендігін және олар түрлі фразеоло-
гизмдер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер арқылы
көрініп отыратындығы анықталды деген пікірге
келеміз. Сондықтан баспасөз тіліне лингвистика-
лық талдау жасаған кезде, оған жалаң тілдік
тұрғыдан емес, әлеуметтік, философиялық, психо-
логиялық тұрғыдан келу орынды деп есептейміз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Жақсыбаева Ф.З. Газет мәтінінің прагматикалық
функциясы. Фил. ғыл. кан. дис. – 10.02.02. – 2000 ж.
2.
Гвоздев А.Н. Очерки по стилистике русского
языка. М: Просвещение, 1965.- С. 407.
3.
Мұсабекова А.А. Қазіргі қазақ публицистикасын-
да экпрессия мен эмоцияны білдірудің тілдік құралдары.
Фил.ғыл. канд. дис. 10.02.02. – Астанаа, 2004 ж
4.
Сыздық Р. Абайдың сөз өрнегі. – Алматы: Санат,
1995. – 207 б.
5.
Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдер
сөздігі. – Алматы: 2001.
6.
Махмудов Х. Некоторые вопросы теоритической
стили. Филологический сборник. Выпуск IV. – Алма-
Ата: 1965.- С. 288.
7.
Васильев Л.А. Семантика русского глагола. – М:
Высшая школа,1981, С.184.
8.
Байтұрсынов А. Шығармалар. – Алматы, 1984.
9.
Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Санат, 1997, -
224 б.
10.
І. Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық
сөздігі. – Алматы: «Ғылым», 1977,- 711 б.
Қосымова Г.С., ф.ғ.д., профессор, Маханбетова Н.К., магистрант
Абай атындағы ҚазҰПУ
ҚАЗАҚ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Түйіндеме: Мақалада қазақ жер-су атауларының зерттелуі қарастырылған. Автор қазақ жер-су
атауларының зерттелу кезеңдеріне тоқталады және осы саланы зерттеген ғалымдардың пікірлерін
қарастырады. Сондай-ақ, тарихтың ұшқыны – жер-су атауларының қойылу үлгілері көрсетілген.
Түйін сөздер: топонимика, мәдениет, тарих, этимомология.
Тәуелсіз ел болып, қазақ тіл білімі қарыштап
дамуымен байланысты топонимиканы зерттеу
мәселесі де жолға қойыла бастады. Осыған
байланысты қазақ топонимикасын тіл ғылымының
бір саласы ретінде зерттей бастады.
Қазақстанның жері әлемге Алтай тауының
атымен
танымал
болған.
Сонау
Геродот
жазбаларында, қытайдың жылнамаларында, көне
түркі жазба ескерткіштерінде, Марко Поло, Плано
Карпини
сияқты
шетелдік
саяхатшылардың
жазбаларында Алтынтағ (Алтын йыш, Әктаг,
Төлес, Алтай), Мұзтағ (Мұзтау), Ертіс атаулары
көрініс береді. Көне топонимдердің барлығы дерлік
түркі тілдерінен жасалғандықтан, Алтайдан бастап,
Каспийге дейінгі жерлер, яғни қазақстан аумағы
тұтасымен ежелден түркі халықтарының жері
болғаны
дау
тудырмаса
керек.
Шығыс
Қазақстандағы
Алтай,
Бұқтырма,
Күршім,
Марқакөл, Ертіс сияқты макротопонимдердің
негізінде түркілік мағына жатуының өзі осыған
дәлеле бола алады [3]. Ал монғол, орыс тілді
атаулар, сөз жоқ, кірме атаулар екендігін тарихты
оқыған кез келген адам біледі. Патшалы Ресей бұл
өлкеге ерекше назар аударды. Өйткені оларды
Алтайдың алтыны мен күмісі қызықтырған еді.
Сондықтан 18-19 ғасырларда патшалық Ресейдің
ғалым-саяхатшылары Алтайды түбегейлі зерттей
бастады. Атап айтқанда, Н. М. Пржевальский, Г. М.
Потанин, В. А. Обручев, К. Лебедур, Ф. А. Геблер,
Н. М. Ядринцев, Д. А. Клеменц, В. В. Сапожников,
А. Н. Седельников т.б. бірнеше дүркін саяхат жаса-
ды. Олардың әрқайсысының өзінің зерттеу нысана-
лары болғанымен, топонимдерді (жер-су аттарын)
жанама түрде қарастырып отырған [9]. Мәселен,
1863 жылдың жазында өлкемізді аралап, «Путеше-
ствие на озеро Зайсан и в речную область Черного
Иртыша до озера Марка- кул» атты саяхатнама
жазған Карл Струве мен Григорий Потанин мы-
надай жер - су аттарын келтіреді: Борлытөбе,
Шағыл,
Жалаңаштүбек,
Ақтүбек,
Борқыт,
Қарабөрік, Шөңгелді, Төрткөл, Үшқара, Сарытау,
Майшілік, Ойшілік, Қызылшілік, Балақшілік, Ту-
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
.................................................................................................................................................................................................. ...........
204
лақшілік, Бесбуын, Бала Қалжыр, Үлкен Қалжыр
т.б. Мұндағы Борлытөбені «бөрі» мағынасымен
шатастырып алмау үшін, «Гипсовые сопки» деп
атап көрсетсе, қазақтар Керіш деп атайтын жер-
лердің түрлі-түсті топырағы ман жаратылысын
таңырқай жазады. Бұл атаулардың көпшілігін
қазіргі карталардан таба алмаймыз, өйткені ара-
дағы уақыт, саяси-әлеуметтік өзгерістер оларды
жадымыздан өшірген немесе өзгертіп жіберген.
Дәл осы кезде, 1863 жылдары, тағы бір Ресей Сая-
хатшысы А.Принтца өзінің «Каменщики» атты
зерттеу еңбегінде орыс қонысаударушыларының
қалай келгенін баяндайды. Діни көзқарастарына
байланысты қуғынға ұшыраған орыс босқындары
алғаш 1761 жылдары Тұрғысын өзенін бойлай кел-
гендерін, одан соң, Осочиха, Быкова, Сенная, Ко-
робиха Верхняя Бухтарма, Мало Нарымская, Язо-
вая, Белое, Фыкалка, Берел хуторларын салғанын
жазады.
Орыстың атақты саяхатшыларының бірі, қазақ Ал-
тайын дүркін аралаған В. В. Сапожников қазақ
атауларын барынша дәл беруге тырысқан [7].
Отарлау саясатының ықпалынан шыға алмаған
кейбір ғалым- саяхатшылар алғашқы карталарға
көптеген атауларды орыс тіліне бұрмалап түсіруге
мәжбүр болса (Мұзтау/Белуха), ол оған көне бер-
меген. Қобда қаласының маңындағы қазақ атаула-
рын монғолдардың өз тілдеріне қолма-қол аударып
жатқанын жазады. Мысалы, Қызылкеңді –
Уландаба, Ақсуды – Цагангол т.б. Атақты сая-
хатшылар Геблер мен Ядринцев Яшпага, Проезд-
ная деп атай салған Ителген асуын өзгертпей бе-
реді. Бұдан біз жер - су аттарын саясатпен тығыз
байланысты екенін айқан көреміз. Кезіндегі монғол
басқыншылары да олардың мұрагерлері жоңғарлар
да, орыс отарлаушылары да жерді иемдену үшін, ең
алдымен атауларды ауыстыру керек екенін жақсы
түсінген. Тіпті бертіндегі фашистік Германия ауы-
стырып жіберген атауларын Польша мен Чехия
күні бүгінге дейін қалпына келтіру үстінде.
Кеңестік саясатқа қарсы шыққан Балтық елдері де
өз елінің қамын ойлап топонимикасын реттеп алды.
В. В.Сапожников Сарымсақты мен Күршім өзен-
дерінің бір мұздықтан басталып, бірінің теріскейге,
екіншісінің күнгейге ағатыны алғаш бағамдап
жазған. 1905 - 1909 жылдары жазған сапарнама-
сында Қу Ертіс, Бала Ертіс, Қара Ертіс өзендерінің
ағынды емес екенін айта келіп, көптеген топоним-
дерді тізіп жазады. Мысалы, Аққаба, Чиндагаты,
Ащыбұлақ, Қарақаба, Төсқайың, Балықтыбұлақ,
Жетікезең, Тарбағатай, Бұрхат асуы (2150 м), Бай-
бөрді асуы т.б. Бұл атаулар Қатонқарағай мен
Марқакөлдің арасында орналасқан. Қазір Ша-
нағаты болып жүрген елді-мекен мен өзен аты
өткен ғасырдың басында ғана Шандағаты деп
аталғаны оның этимологиясын ашуға көмектеседі.
Шандағаты-монғол тілінен аударғанда «Қоянды»
болып шығады. Ал, Шанағаты түрінде келсе,
«шөмішті» мағынасын береді де, топонимге сәйкес
келмейді. Осы маңда Сарқамыр тауы бар екенін
саяхатшы жазғанымен, ресми карталардан оны
кездестірмейміз
[1].
1910 жылдары Шығыс Қазақстанды ара-
лап, «Озеро Зайсан» атты кітап жазған А. И. Се-
дельниковтың деректері бойынша Зайсан, Абла-
кетка атауларынаң тарихи оқиғалар барысында
туған таулар екенін ұқсақ, А. А. Силантьевтің «Ис-
следование мараловодства на Алтае» (1900) атты
еңбегінде
мағынасы
дау
туғызып
жүрген
Қатонқарағайдың - Котонъ-Карагай екендігі тайға
таңба басқандай етіп жазылғанын көреміз.
Мұндағы Зайсан гидронимі алғашқы карталарға
Зайсан-нор, Нор-Зайсан қалпында түсіп кеткені
болмаса, қазақтар ол көлді Теңіз (Бейне Теңіз) деп
атайтыны ескертеді. Ал Қатонқарағайдың -
Қатонқарағай,
яғни
«Топқарағай»
екенін
мойындайтын да уақыт жетті. 1792 жылы жазылған
И. Сиверстің «Письма из Сибири» атты кітабында
Шығыс Қазақстан аумағы да қамтылған. Онда Тар-
бағатай тау жотасы, Үржар өзені, Ұланбалық өзені,
Сарыесік, Қараесік өзендері, Құсмұрын тауы, Қы-
зылтас
сияқты
топонимдер
бар.
И. Сиверс басқа саяхатшылардай атауды жай ғана
атап өтпейді, оны сипаттап жазып отырады. Бұл
атаудың мағынасын ашуға көп көмектеседі. Мәсе-
лен, Жайтөбе - «жеке тұрған тақыр төбе», Күршім -
Ақтөбе - «ортасында ақ жолағы бар тазды тау»,
Қалмақтолағай - «биік домалақ, тасты таулар
тізбегі» дейді. Соңғы атаудағы толағай географи-
ялық термині монғол тіліндегі «бас» сөзін білдіріп,
үнемі домалақ тасты тауларға қойылады деген
пікірді дәлелдеп тұр. Осы арада Қоңқай оронимін
(тау атын) әлдебір Қоңқа деген қалмақ батырының
атымен байланыстыратын аңызды атаудың этимо-
логиясы деп түсіндіретін пікірлер бар екенін, ол
пікірдің «халықтық» (жалған) этимология екенін
ескерте кету керек. Қоңқай көне түркі, монғол тіл-
дерінде «жеке», «бөлектенген» деген мағынада
келіп, үнемі жалпы тау жүйесінен бөлініп қалған
тауларға ғана беріледі. Қазіргі тілдегі Жалғызтау,
Шолақтау атауларымен сәйкес [2]. 1770 жылы
«Описание всех национальностей России» атты
кітап жазған И. Фальк жоңғардың атақты ханы
Галдан Цереннің Зайсанға жақын Шульдет Тау
деген жерде отырғанын атап өтеді. Ол тау атаудың
орысша дұрыс жазылмауы себепті анықталмай
отыр. Орыс, әсіресе қытай жазбаларының түркі
атауларын дәл бере алмайтындығынан көптеген
атаулар даулы мәселеге туғызып жататыны белгілі.
Шығыс Қазақстан жерін геологиялық мақсатта
зерттеген еңбектердің өзі бір төбе. Оларды түсті
металл қоры бар деп табылған өзен атауларының
маңына топтап айып өтуге болады. Мысалы, Ұлан,
Қанай, Егіндібұлақ, Тоқпақбұлақ, Ағынықатты,
Құндызқатын, Бүлкілдек, Сібе, Сынтас, Балажал,
Ақжал, Үлкен Бөкен, Құлыжұн, т.б. Аталған автор-
лардың еңбегіндегі атаулардың дені қазақ тілінде,
ішінара монғол тілінде кездесетіндіктен, орыс ата-
уларының ол кезде дендеп ене қоймағаны байқала-
ды. Оның үстіне атаулар табиғи нысананы дәл си-
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
.................................................................................................................................................................................................. ...........
205
паттап тұрады. Бұл көшпелі қазақтардың байқам-
паздығын білдіреді және ой-қиялының ұшқыр,
санасының таза болғанын көрсетеді. Бұлардан
басқа кезінде Семейден шығып тұрған «Записки
Семского Подотдела Императорского Русского
географического общества» журналының санда-
рында, «Вопросы колонизации» журналының сан-
дарында, 1925–1926 жылғы халық санағында, кол-
хоз, совхоздардың шаруашылық жерін түсірген
карталарда т.б. құжаттарда көптеген географиялық
атаулар мен елді-мекендер аттары кездеседі [6]. Ол
атаулардың көпшілігі, өкінішке орай, біздің за-
манға дейін қолданыста болмады, бірақ сол құжат-
тарда сақталып қалды. Тілдердің таралу аймағы
(ареалы) болатыны сияқты, тілдің диалект, топо-
нимика секілді құрамдас бөліктерінің де таралу
аймақтары болады. Қазақстан көлеміндегі диа-
лектілер аймақ-аймаққа бөлініп, картасы түзілген
болса, топонимдердің таралу аймағын анықтап,
картографиясын жасау әлі қолға алынған жоқ. Сол
себепті қазіргі Шығыс Қазақстан облысы көлемін-
де кездесетін жер-су аттарын сұрыптап, ареалын
айқындау мәселесі толық зерттелмеген деуге бола-
ды. Шығыс Қазақстан – талай халықтың қоныс
аударуын бастан кешкен тарихи өлке. Алайда жер-
бедерін белгілеу барысында түркі, монғол және
славян (орыс) тілдік қабаттары ғана сақталып
қалған. Оларды стратиграфиялық бағанаға орнала-
стырып көрсек, әр қабаттың көнелігі, көлемі айқын
байқалады. Мұндағы ең көне (төменгі) қабатқа
жататын атаулар біздің эрамыздан бұрын, немесе
дәуірдің басында қалыптасқандықтан, қазіргі тіл-
дер тұрғысынан этимологиясын аша қоймайды.
Олардың мағынасын тек ғылыми жорамал ретінде
ғана ұсына аламыз. Мәселен, Ертіс, Күршім, Қаба,
Үлбі сияқты гидронимдердің семантикасы әлі күн-
ге дейін дау туғызып келеді. Бұдан біздің ең көне
атаулар гидронимдер деген ғылыми пікірдің дұрыс
екенін көреміз. Көне атаулардың көлемі аз және
көпшілігінің мағынасы айқындалған соң, белгілі
бір кезеңге жатқызылып отыр. Мысалы: Алтай
оронимін монғолдардың 13-ғасырларда түркінің
Алтынтағ (Алтынтау, Алтынды) атауынан өз тіл-
деріне аударып алғанын қытай жылнамаларына
қарап
білеміз.
Өз жазбаларын б.з. – дан бұрын жүргізіп
келген Солтүстік Қытай империялары Алтайды
Цзиньшань деп атаған. Бұл түркінің Алтынтағ
атауының тікелей өзгерген түрі болатын: қыт,
цзинь
«алтын»
-
шань
«тау».
Көне қабаттан кейін іле-шала шығып, танып-білуге
келетін атаулар түркі тіліндегі топонимдер. Соған
қарағанда Алтай, Ертіс өңірін мекендеген сақ, ғұн,
түркі, қимақ, қыпшақ, қырғыз, теле сияқты көне
тайпалар әуел бастан бір ғана тілде, түркі тілінде
сөйлеген деп батыл болжам айтуға болады [7].
Өйткені көне қабат пен түркі қабаты аралығында
енетін басқа атаулар жоқ. Сонымен бірге, қазақ
(түркі) тіліндегі атаулар облыс топонимдерінің 74,8
%-ын құрайды. Мысалы, Азутау, Арда, Барлық,
Бұқтырма,
Қайырты,
Қоснарты
т.б.
Монғол тілді атаулар қабаты, кейбір ғалымдар
айтып жүргендей, алтай тіл бірлестігі заманынан
бері келе жатпағанын аңғарамыз. Бұл кірме атаулар
Алтай тауларының өзіне, одан соң Қыпшақтың
Ұлы даласына тек 13-ғасырдан бастап тарай
бастаған.
Қазақстанда
кездесетін
монғол
атауларының көне монғол тілінен емес, қазіргі
монғол тілінен ашылатыны бұған дәлел бола
алады.
Облыс
көлемінде
монғол
тіліндегі
топонимдердің көлемі 10 %–ды құрайды. Алтай,
Борғұстай, Бақанас, Қандығатай, Доланқара,
Зайсан, Ұлан, Өрел, Сайқан, Ұласты, Үйдене,
Шаған, Шорға, Шабарты, Толағай т.б.
Сондай-ақ, Қазақстандағы топонимдерін
зерттеген
Ж.Исмаилова,
Қ.Рысбергенова,
А.Сембиев,
Шығыс
Қазақстанда
Б.Бияров,
А.Әлімхан, Батыс Қазақстанда Ұ.Ержанова т.б.
Оңтүстік Қазақстан аймағындағы топонимдердің
құрамында жеке есімдер мен әулетесімдерден
(фамилия) жасалған топонимдер көп кездеседі.
Негізінен елді мекендер кісінің жеке атымен
аталса, бірқатар жерлердің атауында әулетесімі
қосарлана айтылады. Жекелеген адамдардың аты
жөнімен
аталатын
географиялық
объектілер
атаулары сол нақты елді мекеннің негізін қалаған
немесе сол төңірегінде тұрған, халық арасында, өз
ортасында үлкен беделге ие болған кісі ататары
кездеседі. Мысалы: Абай, Жамбыл, Аманкелді,
Қошқарата, Қалдыкөл, Асан, Алтынбек құдықтары
т.б. [1]. Көрнекті ғалым Э.М.Мурзаев «Елді
мекендердің
атауларында
кісі
есімдері,
фамилиялары, лақап аты жиі кездесіп отырады
дейді». Жоғарыдағы мысалдан көрініп отыр
антропонимдердің топонимдер орнына жұмсалуын
көрсетеді. Өйткені антропонимдер, топонимдер,
этнонимдер, гидронимдер өзара тығыз байланысты.
Сонымен халықтың тұрмыс тіршілігі, рухани
байлығы, мәдени мұрасы, тіпті белгілі бір кезендегі
саяси ұстанымы да көрініс тапқан адам аттарының
қатысымен жасалған антропонимдерде қандай да
тарихи оқиғаның, құбылыстың, жағдайдың болмыс
бейнесі көрініп тұрады. Сондықтанда болса керек,
діни наным сенім берік орныққан Оңтүстік
аймақтағы елді мекендер мен жер су, өзен, көл,
құдық, т.б. атауларында мифтік бейнелер, пірлер
мен әулиелер, тарихи тұлғалар есімдері жиі
кездеседі. Қоғамдық орта, әлеумет өмірінің оқиға,
өзгерістері
тілдік
деректермен
таңбаланып,
топонимияда өз ізін қалдырып отырған. Осы
орайда аймақтағы елді мекен, жер су атауларының
негізі ер адамдардың есімдермен аталатынын айту
керек. Мысалы: Амангелді, Лесбек батыр, Қазыбек,
Қабанбай, Рысқұл т.б. ауылдар. Осы заңдылықтың
өзі қоғамдық ортада ер адамдардың орны ерекше,
салмақты істердің ер азаматтың мойында екенін
көрсеткендей, ер адамды қадірлеу, сыйлау,
ардақтау.
Ресейдің
отаршылық
саясатының
салдарынан Кеңестік кезенде аймақтағы елді
мекен, атаулары терең өзгерістерге ұшырап, орыс
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
.................................................................................................................................................................................................. ...........
206
тілді атаулар көбейді. Мысалы: Түркістан
ауданында Пушкин, Чапаев, Максим Горький,
Сарыағаш ауданында Дмитрев, Стаханов, Горький,
Карл Маркс, ауылдары, Мақтаарал ауданында
Гагарин, Жданов Киров, Чкалов, Чехов ауылдары,
Отырар ауданында Ильич ауылы, Түлкібас
ауданында Мичурин ауылы т.б. Осындай жағдай
тек Оңтүстік Қазақстан топонимдеріне ғана тән
емес, басқа да орталық, солтүстік, батыс
облыстарында да кездеседі. Еліміз тәуелсіздігінің
арқасында ежелгі атаулар қайтарыла басталады.
Бұл
қоғамдық
әлеуметтік
факторлардыңатаулардағы көрініс сонымен бірге
оңтүстік
Қазахстан
аймағының
топонимдік
жүйесінде халықтың ежелден берігі діни нанымы,
әдет-ғұрпы мен дәстүрі, әулие әмбиелердің
есімдері географиялық атауларда кеңінен орын
алып отырған. Оңтүстік Қазахстан облысында
зерттеу жүргізген ғалым Қ.Рысбергенова аймақ
агиотопонимдердің сипаттауда және топтастыруда
ертедегі
ислам
қайраткерлерінің
есімдеріне
байланысты қалыптасқан баба, ата, ана, әулие
этномаркерлі топонимдерге немесе никронимдер:
Әзірет Сұлтан, Баба Ата немесе Ысқақ баба,
Ибрагим Ата, Қарашаш Ана, Гауһар Ана, Қара
Бура, Ақ баба, Әулие Ата, Укаш Ата әулие, ата
баба, аналардың әруағына табынудың іздері болған
[8]. Ұлы әулиелердің бұрын қараусыз қалып қалған
мавзолейлері, зират-молалары, қасиетті мекен-
жайлары қалпына келтіріп, халық көп жиналатын
жерге айналды. Мысалы: Түлкібас ауданындағы
Шақпақ баба, Дәу баба ауылдары, Шардара
аудандағы Ұзын ата ауылы, Төлеби аудандағы
Әңгір ата ауылы, Сарыағаш аудандағы Қошқар ата,
Диқан баба ауылдары қасиетті құтты мекендер. Бұл
елді мекендердің ауларына назар аударсақ,
мұндағы антропонимдердің көбісі тарихи тұлғалар,
қасиетті адамдардың патронимдерден тұрады.
Оңтүстік
Қазақстан
аймағы
топонимдердің
құрамында жеке адамдардың есімдері мен әулет
есімдерінен жасалған микротопонимдер көптеп
кездесіп отырады.
Қорыта айтқанда, кез келген халықтың
болмысын, оның жер бетіндегі өмір тіршілігін
дәйектейтін деректердің бірі – жер-су атаулары –
қоғамдық құбылыстың әр тұстағы көрінісі.
Сондықтан олар – тарихтың ұшқыны, соның табы
сіңген нысаналы белгілер.
Достарыңызбен бөлісу: |