Қазақстанның Ғылымы мен өмірі халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Бір жылда 6 рет жарық көреді Құрылтайшы: «ҚҰҚЫҚТЫҚ миссия»



Pdf көрінісі
бет27/43
Дата03.03.2017
өлшемі5,5 Mb.
#5910
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43

 
 
Нурланова.В.С., қауымдастырылған профессор м.а., п.ғ.к.,   
Ыбышова.С.Т., аға оқытушысы, п.ғ.к. 
ҚазМемҚызПУ,  Құқық және басқару негіздері кафедрасы, Алматы 
 
МЕКТЕПТЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДА  ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ 
 
Түйіндеме.  Бұл  мақала  мектептегі  оқушыларды  қоғамдық  ұйымдарда  әлеуметтендіру  мәселелеріне  арналған. 
Мақалада жеке тұлғаны әлеуметтендіру, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік кеңістік сияқты ұғымдар ашып көрсетілген. 
Жеке  тұлғаны  әлеуметтендірудің  философиялық,  педагогикалық  және  психологиялық  негіздері  қарастырылған. 
Сонымен бірге, жеке тұлғаны әлеуметтендіру мәселесі жөніндегі отандық және шет  елдік ғалымдардың көзқарастары 
талданған. «Білім», «тәрбие» және «әлеуметтендіру» ұғымдарына саластармалы талдау жасалған. Сондай-ақ, авторлар 
баланың әлеуметтік табиғатын ашудағы қоғамдық жастар және балалар ұйымдарының міндеттерін бөліп көрсеткен. 
Түйін сөздер: қоғамдық ұйым, әлеуметтендіру, жасөспірім, тұлға, қоғамдық бірлестік, балалар, тәрбие, қоғамдық 
қозғалыстар, мектеп, әлеуметтік тәрбие.   
Резюме.  Статья  посвящена  проблемам  социализации  школьников  в  общественных  организациях.  В  статье 
раскрываются  такие  понятия,  как  социализация  личности,  социальная  активность,  социальное  пространство. 
Рассмотрены  философские,  педагогические  и  психологические  основы  социализации  личности.  Вместе  с  тем, 
проанализированы  взгляды  различных  отечественных  и  зарубежных  ученых  к  проблеме  социализации  личности
Дается  сравнительный  анализ  понятий  «образование»,  «воспитание»  и  «социализация».  А  также  авторами  выделены 
задачи общественных молодежных и детских организаций в раскрытии социальной природы ребенка.  
Ключевые  слова:  общественные  организаций,  социализация,  личность,общественные  объединения,  дети, 
воспитание, общественные организации, школа,социальное воспитание, подросток. 
Summary. The article is devoted to the problems of socialization of pupils in public organizations. In the article disclosed 
concepts  such  as  socialization,  social  activity,  social  space.  Considered  philosophical,  pedagogical  and  psychological  basis  of 
socialization.  However  analyzed  the  views  of  various  domestic  and  foreign  scientists  to  the  problem  of  socialization.  A 
comparative analysis of the concepts of "education", "education" and "socialization". And the authors highlighted the problem of 
youth and children's public organizations in the disclosure of the social nature of the child. 
Keywords: social organizations, socialization, personality, public associations. 
 
Тұлғаны  әлеуметтендіру  әлеуметтік  ортада 
өтеді. Мектептегі қоғамдық ұйымдар мен қоғамдық 
қозғалыстар 
оқушылардың 
өз 
еріктерімен 
құрылатын  әлеуметтік  орта  деп  қараймыз.  Көбіне 
мектептерде  қоғамдық  қозғалыстар,  қоғамдық 
бірлестіктерге  қарағанда  қоғамдық  ұйымдар 
қалыптасқанын  зерттеу  барысында  көре  білдік. 
Балалар  қоғамдық  ұйымы  әлеуметтік  тәрбиелеудің 
субъектісі  болғаннан  кейін  өзінің  аса  ауқымды 
тәрбиелік  мүмкіндігін  жүзеге  асыра  алады.  Бұл 
балалар 
қоғамдық 
ұйымының 
өзгеше 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
152 
 
 
мүмкіндіктерімен  анықталады.  Осы  өзгешелікті 
А.Г.Кирпичник төмендегі  түрде анықтаған: 
1.  Балалар  қоғамдық  ұйымы  –  әлеуметтік 
тәрбиелеудің  негізінде  құрылатын  қоғамдық 
институт. Балаларды бірлестікке олардың әлеумет-
тік  іс-әрекетке  деген  әлеуметтік-психологиялық 
жақындығы  алып  келеді.  Жеткіншектер  үшін 
шынайы қоғамдық пайдалылықпен бейнеленген іс-
әрекет  қызықты.  Мұндай  іс-әрекетті  құрдастары-
мен  жалпы  құрамда  жүзеге  асыру  мүмкіндігі 
туындағанда оған деген қызығушылық арта түседі. 
Қоғамдағы  жағдайдың  өзгеруіне  қарамастан 
жеткіншектердің  қоғамдық  процестерге  қатысуға 
деген 
талпыныстары 
қатысудың 
қандай 
формаларына  бағытталғаны  –  әлеуметтік  тәрбие-
леудің 
аясындағы 
осы 
процесті 
басқаруға 
байланысты болу керек. 
2.  Балалар  қоғамдық  ұйымы  –  балаларды 
болашақ  өмірге  дайындайтын  емес,  бүгінгі  өмірін 
ұйымдастыратын құрал болып саналады.  
А.Г.Кирпичниктің  пайымдауынша,  балалар 
қоғамдық  ұйымын  тәрбиелеу  құралы  ретінде, 
баланы  ересек  өмірге  дайындайтын  құрал  ретінде 
қарастырып  отыр.  Бұл  міндеттерді  білім  беру 
мекемелері  (мектеп,  қосымша  білім  беру  жүйесі) 
орындай  алады.  Балалар  қоғамдық  ұйымдары 
компенсаторлық  рөлді  ойнайды,  яғни  арнайы 
ұйымдастырылған  тәрбие  процесінің  жүйесінде  өз 
орнын 
таба 
алмаған 
балалардың 
бүгінгі 
жағдайындағы  орнын  толтырушы  вакуум  іспеттес 
болады.  Олар  балалар  мен  жеткіншектердің 
әлеуметтендіруін  реттеп  отыратын  балалардың 
тұлғалық  дамуын  педагогикалық  басқару  үшін  
қосымша  мүмкіндіктер  тудырады.  Бұдан  бөлек 
балалар  ұйымдары  мен  бірлестіктер  басқа 
тәрбиелеу институттарына қарағанда өз бетінше іс-
әрекет  етуін,  істің  жаңаша  бастамасын  ұсынуын, 
басқарушылық 
дағдыларды 
қалыптастыруды, 
басшылық  қабілеттердің  көріністерін  ынталан-
дыруды дамытуға аса көңіл бөледі. 
Балалар  қоғамдық  ұйымының  компенсатор-
лық рөлін кең түрде қарастыруға болады. Алдыңғы 
қатарлы  мектептерде  де  қолайлы  сезінбейтін 
балалар  бар.  Себептердің  түрі  де  көп  қарым-
қатынастың 
қанағаттандырмауы, 
оқу 
іс-
әрекетіндегі  табыссыздығы  және  т.б.  Бұл  балалар 
қарым-қатынасты  мектептен  тыс  іздейді  және  оны 
кейде  әлеуметтік  емес  топтардан  табады.  Дәл  осы 
жерден  балалар  қоғамдық  ұйымының  қажеттілігін  
көруге болады. 
3.  Әлеуметтік-педагогикалық  ұйымдастырыл-
ған қазіргі заманға сай балалар қозғалысы тек қана 
білім  беру,  тәрбиелеу  жүйесіндегі  маңызды, 
тұрақты  және  іс-әрекет  ететін  гуманизацияланған 
фактор  емес,  сонымен  бірге  қоғамның  толық 
факторы;  балаларға  қоғам  тарапынан  жағымсыз 
әсер  еткенде  қарсы  тұратын  шынайылық  (әсер  ету 
күші  бойынша  шешуші  болмаса  да);  бұл 
әлеуметтік-мүліктік, 
ұлттық 
ерекшеліктерге 
байланысты  жағдайларда балалардың айқындалған 
топтарын  шынайы  адами  және  әлеуметтік 
қорғаудың алтын діңгегі болып табылады [1]. 
Сонымен,  балалар  қоғамдық  ұйымы  бір 
мезгілде  бірлестік  те  және  оның  әрбір  мүшесі  де 
болып  саналатын  объектілер  мен  субъектілердің 
өзара  әрекеттесуі  нәтижесі  ретіндегі жұмыс болып 
қарастырылады.  Балалар  бірлестігі  жеткіншекке 
(объект)  іс-әрекетті  қызықтыруда  қалыптасқан 
дәстүрлермен  әсер  ететін  құрал  (субъект)  ретінде, 
балалардың 
жолдастық 
ұжымдыққа 
деген 
қажеттілігі  –  балалар  қорғаушысы  ретінде  рөл 
ойнайды.  Бала  жаңа  ұстанымды  игеру  процесінде 
өзінің  бірлестікке,  оның  жеке  мүшелеріне  деген 
жеке тұлғалық әсер етуін күшейтіп, ұйымның және 
жеке  өзінің  өмірлік  іс-әрекетінің  субъектісіне 
айналады.  Дәл  осы  субъектілі  және  объектілі 
рөлдердің  өзара  әрекеттесуінде  балалар  бірлестігі 
мүшесінің ерекше ұстанымы қарастырылады. Жеке 
тұлғалық  сатылар,  балалардың  оны  игерудегі 
нәтижелері 
бар 
балалар 
және 
ересектер 
ұжымдастығының  бірлескен  күшімен  құрылған 
тәрбиелеу  кеңістігіндегі  балалардың  тұлғалық 
дамуының көрсеткіші болып саналады. 
Балалар  қоғамдық  ұйымдардағы  балаларға 
қажетті  қол  жетерлік  әлеуметтік  маңызды,  іс-
әрекетпен бірлескен және нәтижесі айқын көрінетін 
балалар  мен  ересектердің  еркін  түрде  құрылған 
достастығы; 
бұл 
бірлестік 
іс-әрекетінің 
нәтижелеріне  белсенді  түрде  әсер  етуін  субъекті 
ретінде  бала  өзін  шынайы  көрсете  алатын 
демократиялық құрылым. 
Қазақстан  Республикасы  үздіксіз  білім  беру 
жүйесіндегі  тәрбие  тұжырымдамасында  әлеумет-
тік-мәнді  және  жеке  қасиеттерін  қалыптастыру 
тұлғалық қасиет (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік 
белсенділік,  әлеуметтік  тұрақтылық)  әлеуметтік 
қарым-қатынас  жүйесінде  өзіне  тән  тәртіп  стилі, 
шығармашылық 
пен 
дербестікті 
дамытуға, 
қоғамдағы  өзгерістерден  дереу  және  тең  әсер  алу, 
белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал жасайды 
[2]. 
Педагогикалық 
тұрғыда 
әлеуметтену 
– 
адамның  өмір  бойы  дамуы  мен  қалыптасуындағы 
әлеуметтік  нормалар  мен  мәдени  құндылықтарды 
меңгеру  үдерісінде  қоршаған  ортамен  өзара  іс-
қимыл, сондай-ақ, өзі өмір сүретін қоғамда өзін-өзі 
дамыту және өзін-өзі табысты көрсету. 
Тұлғаны 
әлеуметтендіру 
– 
әлеуметтік 
нормалар  мен  мәдени  құндылықтарды  меңгеру 
үдерісінде 
оқушының 
қоршаған 
ортамен  
әрекеттесуі,  сондай-ақ,  өзі  өмір  сүретін  қоғамда 
өзін-өзі  дамытудағы  табыстылығы,  әлеуметтік 
белсенділігі  мен  іс-әрекетті  жүзеге  асырудағы 
дайындығы.  Әлеуметтендіру  тұлғаның  қалыпта-
суына  ықпал  ететін  әлеуметтік  топтарға  тұлғаның 
ену  үдерісін  қамтиды.  Қазақстандағы  балалар 
қоғамдық  ұйымдарының  дамуы  мен  қалыптасуы 
бойынша 
зерделенген 
негізгі 
тұжырымдар 
қоғамдық  ұйым  мазмұнын  жетілді-руге,  тұлғаның 
субъект  –  субъект  тұрғысынан  қатынасын 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
153 
 
 
қалыптастыруға 
мүм-кіндік 
береді. 
Балалар 
қоғамдық  ұйымы  қоғам  мүшесінің  құқығын,  іс-
әрекетін  бір  жүйеге  келтіретін,  әр  мүшенің 
арасындағы  қарым-қатынастың  әлеуметтік  мәнін 
және  тұлғаға  бағдарланған  бағыттарды  реттейтін, 
тұлғаны  әлеуметтендіруде  қоғамдық  институт 
тұрғысынан  баланы  ересек  өмірге  дайындайтын 
әлеуметтік  тәрбиелеудің  негізі  болып  саналады 
.Әлеуметтік  белсенділік  –  адамның  әлеуметтік 
қарым-қатынас  жағдайындағы  іс-әрекетті  жүзеге 
асыратын дайындығы [3]. 
Қазақстан  Республикасы  үздіксіз  білім  беру 
жүйесіндегі  тәрбие  тұжырымдамасында  «білім 
беру  жүйесінің
 
басты  міндеті
 
–  жеке  тұлғаның 
ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар 
негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби 
жетілуі  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау;  баланың 
тәрбиелену,  білім  алу  және  жан-жақты  қалыптасу, 
ана  тілін,  ұлттық  салт-дәстүрлерді  сақтау,  ақ-
параттану,  денсаулығын  нығайту  сияқты  құқық-
тарын  іске  асыру  болып  табылады»,  -  деп  білім 
алушылардың бойында  қалыптастыру мен дамыту 
Қазақстан  Республикасы  білім  беру  жүйесінің 
маңызды міндеті ретінде қарастырылады [2]. 
Тұлғаны  әлеуметтендіру  –  әлеуметтік  норма-
лар мен мәдени құндылықтарды меңгеру үдерісінде 
оқушының қоршаған ортамен  әрекеттесуі, сондай-
ақ,  өзі  өмір  сүретін  қоғамда  өзін-өзі  дамытудағы 
табыстылығы,  әлеуметтік  белсенділігі  мен  іс-
әрекетті 
жүзеге 
асырудағы 
дайындығы. 
Әлеуметтендіру  тұлғаның  қалыптасуына  ықпал 
ететін  әлеуметтік  топтарға  тұлғаның  ену  үдерісін 
қамтиды. 
Қазақстандағы 
балалар 
қоғамдық 
ұйымдарының  дамуы  мен  қалыптасуы  бойынша 
зерделенген  негізгі  тұжырымдар  қоғамдық  ұйым 
мазмұнын  жетілді-руге,  тұлғаның  субъект  – 
субъект  тұрғысынан  қатынасын  қалыптастыруға 
мүмкіндік  береді.  Балалар  қоғамдық  ұйымы  қоғам 
мүшесінің  құқығын,  іс-әрекетін  бір  жүйеге 
келтіретін,  әр  мүшенің  арасындағы  қарым-
қатынастың  әлеуметтік  мәнін  және  тұлғаға 
бағдарланған  бағыттарды  реттейтін,  тұлғаны 
әлеуметтендіруде  қоғамдық  институт  тұрғысынан 
баланы  ересек  өмірге  дайындайтын  әлеуметтік 
тәрбиелеудің  негізі  болып  саналады.  Жаңа 
әлеуметтiк  даму  жағдайында  тұлғаны  әлеумет-
тендірудің  философиялық  және  педагогикалық-
психологиялық    негіздерін  айқындауда  әлеумет, 
әлеуметтік  кеңістік,  әлеуметтік  даму,  тұлғаны 
әлеуметтендіру  мәселелері  бойынша  ғалымдардың 
еңбектерін  саралай  отырып,  теориялық  негіздерін 
айқындадық. 
Әлеуметтік  кеңістік  дегеніміз  –  күн  сайын 
баланың  алдында  сөздер,  қимыл,  іс-әрекет,  мінез-
құлық  ретінде  немесе  ерекше  заттар,  интерьер, 
ғимарат,  көлік  т.б.  ұғымдар  бейнесінде  келген 
әлеуметтік 
қатынастардың 
алуан 
түрлілігі. 
Әлеуметтік 
қатынастардың 
түрлілігі 
өз 
бойында  дәстүрде,  моральдық  құндылықтарда, 
өнерде,  ой-санада,  ғылымда  бекітілген  тарихи 
тәжірибені  қамтиды  [4].  Сонымен  қатар  мінез-
құлықта,  киімде,  өркениеттің  жетістіктерінде, 
жеке тұлға шығармаларында көрініс тапқан жалпы 
адамзаттық  мәдениет  жетістіктерін  қамтиды,  оған 
қоса  өз  бойында  қазіргі  заманда  болып  жатқан 
жаңа  қатынастарды  сақтайды.  Мұндай  әр  алуан 
әлеуметтік  қатынастар  дамып,  жаңа  өмірге 
қадам  басқан  бала  дамуының  әлеуметтік 
жағдаятын  құрайды.  Өз  бойында  өзіндік  ерекше 
мөлшерде  жалпы  адамдық,  мәдени,  тарихи, 
халықтық, отбасылық, топтық элементтері бар бұл 
даму  жағдайы  әрбір  балаға  ерекше  болып  келеді. 
Ол  балаға  микроорта  ретінде  көрінеді,  бала  үшін 
бұл орта  жалғыз мүмкін бола  алатын және  жалғыз 
бар  болған  орта  болып  табылады,  -  деп  атап 
көрсетеді. 
Әлеуметтендірудің 
тетігі 
мен 
құралдарына  бірінші  баланың  жас  ерекшелігі,  іс-
шараларды  ұйымдастыруға  деген  бағыттылық, 
дәстүрлі  қалыптасқан  жүйелер,  экскурсиялар, 
диспуттар, кездесулер, т.б. қамтылады [4].  
Философиялық  тұрғыда  әлеуметтену  ұғымы 
дәстүрлі  «білім»  және  «тәрбие»  ұғымдарымен 
салыстырғанда  кең  ауқымды,  терең  мағыналы 
ұғым.  Әлеуметтендіру  өзіне  білім  беру  мен 
тәрбиені  бірлікте  қарастырады.  Сонымен  қатар 
тұлғаның  қалыптасуына  ықпал  ететін  ешкім 
жоспарламаған  тосын  жағдайларды  да,  әлеуметтік 
топтарға тұлғаның еркін кіргізу үдерісін қамтиды», 
-  деп  атап  көрсетеді  [5,  32  б.].  Тұлғаның 
әлеуметтенуі  әртүрлі  әлеуметтік  ортада,  кеңістікте 
оқушылардың  еркін  сезінуі.  Қоғамдық  ұйым, 
қоғамдық  қозғалыстар,  қоғамдық  бірлестіктер  – 
бұл  тұлғаны  қалыптастыратын  әлеуметтік  орта. 
Әлеуметтік  кеңістікте  тәрбиені  жүзеге  асыру  –  бір 
әлеуметтік  топтан  екінші  әлеуметтік  топқа  көшіп 
жүретін  баланың  бүкіл  өмір  салаларын  мойындап, 
қазіргі  мәдениеттің  жоғары  жалпы  адамзаттық 
құндылықтарға  бағыт  беретін  ортақ  тәрбиелік 
пікірге жол көрсету. 
ХХ  ғасырдың  басында  С.Л.Франк  әлеуметтік 
философияның  негізін  қалай  отырып,  «әлеуметтік 
философия  –  қоғам  деген  не,  ол  адам  өмірінде 
қандай  мағынаға  ие  болады?»  -  деген  сұрақтарға 
жауап  береді.  Адамның  қоғамдық  өмірі  –  тарих, 
мәдениет, дін, саясат, құқық, т.б. зерттейтін ғылым 
саласы бойынша қарастырды. 
Қазақстанда,  алыс  және  жақын  шет  елдерде 
қазірге  дейін  тұлғаны  әлеуметтендіру  мәселесін 
тәрбиелеу 
тұрғысынан 
қарастырып 
келді. 
Қоғамдық  үдерісінің  жылдам  дамуы,  техникалық 
прогрестердің  жылдам  жетілуі  әлеуметтендіру 
мәселесіне  баса  назар  аударылды.  Әсіресе, 
әлеуметтік 
педагогика, 
әлеуметтік 
тәрбие, 
әлеуметтендіру 
мәселесіне 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстары көптеп жүргізілді.  
П.И.Пидкасистыйдың ғылыми-зерттеу жұмы-
сында  әлеуметтік  кеңістікте  тәрбиелеу  үрдісі 
әлеуметтік-психологиялық 
феномен 
ретінде 
кеңістік шектері бар  белгілі бір қоғамда құрылады, 
орналасады, дамиды, - деп атап көрсетеді [4].  

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
154 
 
 
Ал  қоғам  физикалық,  психикалық,  түрдегі 
адамдардың 
ішкі 
сезімдеріне 
әсер 
ететін 
географиялық 
кеңістікте 
орналасады, 
яғни, 
қоғамдық  кеңістік  туралы  айтатын  болсақ,  жалпы 
кеңістік  –  бүкіл  заттардың  орналасу  жері  екенін 
ұмытпауымыз 
керек. 
Мектеп 
тәрбиесінің 
тәжірибесі 
табиғи 
кеңістіктердің 
өзіндік 
ерекшеліктерін 
еркін 
пайдаланады: 
теңіз 
жағалауында тұратын балалардың мектеп өмірі 
теңіз  болмысымен  тығыз  байланысты  -  балалар 
теңіз  оқиғаларымен  бірге  өмір  сүреді;  далалық 
жерлерде  туған  балалардың  өмірі  басқаша:  олар 
далада  өмір  сүреді,  даланы  өз  бойына  сіңіреді, 
игереді  және  даланы  өмір  маңызы  ретінде 
таниды;  қаладағы  балалар  қазіргі  заманғы  үлкен 
ғимараттар 
арасында 
өмір 
сүріп, 
дүниені 
өркениеттілік тұрғыда танып біледі, табиғатта өмір 
сүріп 
жүрген 
балалардан 
өзгеше 
болады. 
Әлеуметтік кеңістік дегеніміз – күн сайын баланың 
алдында  сөздер,  қимыл,  іс-әрекет,  мінез-құлық 
ретінде  немесе  ерекше  заттар,  интерьер,  ғимарат, 
көлік  т.б.  ұғымдар  бейнесінде  келген  әлеуметтік 
қатынастардың  алуан  түрлілігі.  Әлеуметтік 
қатынастардың 
 
түрлілігі 
өз 
бойында 
дәстүрде,  моральдық  құндылықтарда,  өнерде, 
ой-санада, ғылымда бекітілген тарихи тәжірибені 
қамтиды [4].   
Профессор  В.И.Смирнованың  әлеуметтен-
діруге  берген  анықтамасы  «әлеуметтік  тәжірибе 
және  әлеуметтік  байланыс  барысында  әлеуметтік 
ортаға  тән  құндылықтарды,  тұлғалық  қалыптарды, 
мінез-құлықты  менгеру»,  -  деп  қарастырады. 
Тұлғаны 
әлеуметтендіру 
әлеуметтік 
ортаға, 
қоғамдық  санаға  байланысты  тұлғаның  дамуына 
жағдай  жасайды.  Ғалымның  тұжырым-дауынша, 
тұлғаның  алдына  мақсат  қою  арқылы  өзін-өзі 
дамытуға,  бойындағы  жағымды  тұлғалық  қасиетті 
жетілдіруге,  ал  жағымсыз  жақтан  тазалануға 
бағытталған  іс-әрекеті  тұрғысынан  карастырады 
[6].  Мектептегі  қоғамдық  ұйымдар-дың  ережесіне 
негізделіп  жасалған  бағдарлама  мен  әдістеме  жеке 
тұлғаның  бойында  жалпыадамзаттық  және  ұлттық 
құндылықтарды 
қалыптастыруға, 
тұлғаны 
әлеуметтендіруге негіз болады.  
Мектептегі оқушыларды қоғамдық ұйымдарда 
әлеуметтендіруде  біз  төмендегі  негізгі  міндеттерді 
басшылыққа алдық: 
-
 
жастар  тәрбиесінің  болашағын,  саяси  және 
әлеуметтік маңыздылығын өзектілендіру; 
-
 
интелектуалдық,  педагогикалық  ұйымдас-
тырушылық,  тәрбие  міндеттерін  жүзеге  асыруда 
шоғырландыру;  
-
 
ашық 
ақпараттық, 
білім 
беру, 
коммуникативтік,  әлеуметтік  және  тұлғалық 
кеңістікті 
құру, 
балалар 
мен 
жастардың 
жауапкершілікті  және  өз  бетінше  болу  қажеттілігі 
үшін тәрбие ортасын қалыптастыру;  
-
 
тәрбиеленушілердің  рухани,  интелектуал-
дық  және  өз  денсаулығы  мен  өмірі,  әлеуметтік 
біліктілігі мен жауапкершілігін көтерудің ұйымдас-
тырушылық жағдайларын жасау
-
 
жастардың  әлем  және  ұлттық  мәдениетті  
игерулеріне  толеранттылық,  келісім    және  ұлтара-
лық мәдениет пен қарым қатынасты тәрбиелеу; 
-
 
қоғамға, 
қоршаған 
ортаға, 
табиғатқа 
позитивті  көзқарас  қалыптастыруға  ықпал  ететін 
әлеуметтік педагогикалық жағдай жасау; 
-  кәсіби  бағдар  мен  тұлғаның  өзін-өзі  іске 
асыруына  және  өз  білімін  үздіксіз  жетілдіру 
қажеттілігіне жағдай жасау [7] 
Қорыта 
келгенде,мектептегі 
қоғамдық 
ұйымдарында тұлғаны әлеуметтендіру бүгінгі күнгі 
негізгі  педагогикалық  мәселелердің  бірі  болып 
отырғанын жоғарыдағы ғалымдардың еңбектерінен 
нақты 
көруге 
болады. 
Зерттеу 
барысында 
мектептегі  оқушылардың  қоғамдық  ұйымдары 
тұлғаны  әлеуметтендіруге  жағдай  жасайтын, 
балалар  мен  жастар  тәрбиесінің  болашағын,  саяси 
және  әлеуметтік  маңыздылығын  өзектілендіретін, 
интелектуалдық 
ұйымдастырушылық, 
ашық 
ақпараттық, коммуникативтік, тұлғалық-әлеуметтік 
кеңістікті  құруға  бағыттайтын,  интелектуалдық 
және  ұйымдастырушылық  қабілеттерін  қалып-
тастыратын  әлеуметтік  институт  болып  табылады. 
Осындай  қоғамдық  ұйымдардың  негізінде  елін, 
жерін  сүйетін,  табиғат,  қоршаған  ортаны  аялай 
білетін, рухани және интеллектуалды мәдениеттері 
қалыптасқан, қоғамдық қатынастарда өз ойын еркін 
айта  алатын,  қоғамдық  ортада  өзін  еркін  сезінетін 
тұлға  қалыптасады.  Қоғадағы  өмірге  дайын,дені 
сау  азамат  тәрбиелеу,  тұлғаның  шығармашылық 
дамуына 
жағдайлар 
жасау,балалар 
мен 
жасөспірімдердің  құқықтары  мен  мүдделерін 
қорғау.  Өз  қатарында  жас  қазақстандықтарды 
біріктіріп  отырған  балалар  қоғамдық  ұйымдары 
егемен  еліміздің  жас  азаматттарын  тұлға  ретінде 
қалыптасуына  ықпалы  мол  екенін  және  олар 
жаңашыл  қоғамның  маңызды  және  тиімді 
әлеуметтік-саяси  институттары  ретінде  еліміздің 
қоғамдық  өмірінің  демократиялық  өзгерістерінің 
өсуіне жағдай жасайды 
 
Әдебиеттер: 
1.  Кирпичник  А.Г.  Если  цель  у  детского 
объединения  педагогическая,оно  не  может  быть 
общественным // Детское движение: матер. инф.-метод. – 
2002. - Вып. 2. – С. 23-33. 
2.  Қазақстан  Республикасы  «Білім»  мемлекеттік 
бағдарламасы. –Алматы, 2000. – С. 47. 
3. 
Педагогичекий 
словарь 

под 
ред. 
В.И.Загвязинского, А.Ф.Закировой. –М.: Академия, 2007. 
- С. 352-388. 
4. 
Пидкасистый 
П.И. 
Педагогика 

ауд. 
Г.К.Ахметова, 
Ш.Т.Таубаева. 
– 
Алматы: 
Қазақ 
университеті, 2006. – 336 б.  
5.Коменский  Я.А.  Ұлы  дидактика  /  аударған,  алғы 
сөзін жазған Ә.Қоңыратбаев. – Алматы, 1993. - 100 б. 
6.Смирнова  В.И.  Общая  педагогика.  –  М.:  Логос,  
2003. – С. 304.  
7.  Гернле  Э.  Детская  движение  как  новая  форма 
организации  воспитания  //  На  путях  к  новой  школе.  – 
1993. - № 7-8. – С. 99-108. 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
155 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет