Султаниязова И.С.
Абай ат. ҚазҰПУ PhD докторанты, su.indira@mail.ru
ҚАРАМА-ҚАРСЫ МАҒЫНАЛЫ ТІЛДІК БІРЛІКТЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
Түйін: Мақалада жоғары оқу орнында қарама-қарсы мағыналы тілдік бірліктерді оқыту жолдары қарастырылады.
Автор магистратурада антонимия құбылысын меңгерту әдістерін және болашақ ЖОО оқытушының кәсіби
құзыреттіліктерін қалыптастыруға септігін тигізетін тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін ұсынады.
Кілттік сөздер: қарама-қарсы мағыналы тілдік бірліктер, антонимия, әдістеме, әдістер, құзыреттілік.
Summary: This article deals with the ways of teaching opposite language units at higher schools. The author suggests the meth-
ods of how to teach antonymous appearance in a magistracy and the system of tasks and exercises which will help to form the
professional competence of a future teacher of a higher school.
Key words: opposite language units, antonymy, metod, methodology, competence.
Резюме: В статье рассматриваются пути преподавания языковых единиц с противоположными значениями в высших
учебных заведениях. Автор предлагает методы обучения антонимических явлении и систему с заданиями и упражне-
ниями для того, чтобы формировать профессиональную компетенцию будущего преподавателя вуза в магистратуре.
Ключевые слова: языковые единицы с противоположными значениями, антонимия, методы, методология, компетен-
ция.
Қазіргі уақыт талабы жоғары оқу орнына
білікті, сапалы, жан
‐жақты білімді маман
дайындау міндетін қойып отыр. Жоғары оқу
орнынан кейінгі білім берудің тиімді бағыты -
магистранттың белсенділігін арттыру, белгілі бір
дидактикалық ұстанымдарға сүйеніп, ұтымды
әдістермен өткізілген сабақ арқылы болашақ
маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
Жоғары оқу орнының басты қызметі - жеке
тұлға ретінде қалыптасқан
маман дайындау. Кайкаустың өсиетінде: «Тым
ұзақ немесе қысқа және мағынасыз сөйлеме.
Мінбеге шығып алып, көңілің қалаған, аузыңа
түскен сөзді айта бермей, мақсатыңды қысқа әрі
сұлу сөзбен сөйлегін. Әр сөзің әсерлі болсын,
есіткен жұрт әр сөзіңе ризалансын. Қызметсіз
ғалым болма, білімді жақсы үйренгін. Білгеніңді
жақсы сөз өрнектерімен жұртшылыққа хабарлап,
оның іске асуына көңіл бөл. Өзің жақсы білмейтін
мәселеден сөз қозғап, масқара болма» [1]. ХІ
ғасырда
айтылған
өсиет
жоғары
мектеп
оқытушысының тұлғасын айқындап берді. ХХІ
ғасырдағы жоғары оқу орнының ұстазына қойылар
талап
бұдан
да
жоғары
болса
керек.
Магистранттардың бойына кәсіби құзыреттілік
дарыту үшін жоғарыдағы талаптар айқындағандай
келесі құзыреттіліктерді жинақтау қажет:
‐
тілдік құзыреттілік;
‐
коммуникативтік құзыреттілік;
‐
танымдық құзыреттілік;
‐
интерактивті құзыреттілік;
‐
тұлғалық құзыреттілік;
‐
ұжымдық құзыреттілік;
‐
шығармашылық құзыреттілік.
Тілдік құзыреттілікке бай сөздік қормен ғана
жетуге болады. Оқытушы тілді меңгердім деп айту
үшін сөздік қоры қарапайым адам қолдана алатын
сөзінен екі есе артық болуы тиіс. Оқытушы тіл
байлығының шұрайлысын өз ойын дәлме-дәл,
ұтымды жеткізетін сөз тізбегін қолданғаны дұрыс.
Сонда ғана тіл тек ақпарат тасымалдаушы, қатынас
кұралы емес, эмоционалдық, тәрбиелік әсердің көзі
ретінде танылады [2]. Білім алушы лектордан
кәсібилікті жоғары танытып, ұсынылып отырған
тақырыптың өзектілігін айқын көрсетіп, нақты
дәлелдермен түйіндеп, тілдік құралдарды дұрыс
таңдап, сабақ бере білуін қаларын әр кез ескеруіміз
керек.
Тілде ғаламды танып
‐білудің сан ғасырлық
тәжірибесі жатыр. Ол кез
‐келген танымдық іс‐
әрекеттің құралы болып табылады. Жоғары оқу
орнында қазақ тілі пәні оқытушыларының ойын,
мәдениетін,
тілін
дамытуда
қарама-қарсы
мағыналы тілдік бірліктердің алар орны зор.
Қоғам
мен ғылымның дамуына орай
дидактикалық
ұстанымдар
өзгеріп,
жетіліп
отырады. Қазіргі адам құндылығы алғашқы орынға
қойылатын заманда дидактикалық ұстанымдар
магистранттардың логикалық, шығармашылық
қабілеттерін жетілдіруге, олардың рухани дүниесін
ізгілендіріп, тіл мәдениеті мен сөйлеу әдебін
қалыптастыруға бағытталған оқыту әрекетінің
мазмұны мен мақсатын, ұйымдастырылуы мен
әдіс-тәсілдерін айқындайды. Оқыту ұстанымдары
пәнді оқыту үдерісінде қойылған мақсаттар мен
міндеттерге жету мазмұны, әдістері мен оқытуды
ұйымдастыру жолдары көрінетін дидактикалық
бірлік болып табылады. Ол – оқыту мазмұны,
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
.................................................................................................................................................................................................. ...........
191
құрылымы, оның іс-әрекет нормасы түріндегі
заңдылығы.
Магистратурада
қарама-қарсы
мағыналы
тілдік бірліктерді оқыту барысында дидактиканың
төмендегі ұстанымдар негізге алынғаны жөн:
тәрбиелік ұстанымы:
ғылымилық ұстанымы;
жүйелілік ұстанымы;
қолжетімділік ұстанымы;
көрнекілік ұстанымы;
белсенділік ұстанымы;
беріктілік ұстанымы;
жекелік ұстанымы;
теория мен практиканың ұштастығы
ұстанымы.
Тәрбиелік ұстанымы. Оқу орны, ең алдымен,
тәрбие ошағы болып табылады. Магистранттар
бойына жоғары оқу орнының кәсіби маманы
ретінде
қалыптасуына
қажетті
тілдік,
қатысымдық, тұлғалық, танымдық және т.б.
құзыреттіліктерді
дарыту,
дүниетанымын
кеңейтіп,
шығармашылық
ойын
дамыту
қарастырылады.
Ғылымилық ұстанымы оқыту барысында
магистранттардың нақты ғылыми дәлелдермен,
теориямен танысуын көздейді. Бұл ұстаным
антонимияға қатысты ғылыми зерттеулерді
талдатуға, осы саланы зерттеу әдістерін
меңгертуге, қажетті материалды сұрыптап
таңдай білулеріне бағытталады. Осы мақсатта
магистранттарға
бұл
ғылым
саласында
қалыптасқан тілдік ережелер мен терминдер
беріледі, антонимдер сөздігімен жұмыстану
ұсынылады. Ғылымилық ұстаным оқыту
барысында магистрантқа ғылыми ізденіске,
қосымша
ғылыми
ақпараттар
іздеуге,
өз
көзқарасын дәлелдеуге бағыттайды.
Жүйелілік ұстанымы оқытылатын саланы
белгілі бір тәртіппен, өзара байланыста оқытып,
меңгертуді көздейді. Бұл ұстаным бірізділік пен
дамытушылыққа бағытталған. Оқытылатын
материал бөлімдерге бөлініп, оны оқыту тәртібі
мен әдістері айқындалуы тиіс. Әр тақырыптың
маңызды
мазмұны
мен
негізгі
ұғымдары
айқындалады. Әрбір бөлімді оқытуда теориялық
байланыс ескеріледі. Оқыту жүйелілігі ең үздік
оқыту жүйесі модульмен оқытуда айқын көрінеді,
оның блоктары белгілі жүйемен құрылады.
Қолжетімділік
ұстанымы.
Қолжетімділік
жеңілдетілген оқу емес.
Л.В. Занков айтқандай, оқу қолжетімділік
ұстанымына жауап беретіндей өте күрделі
тапсырмалар
арқылы
дамыту
мақсатында
жүргізілуі керек. Қолжетімділік ұстанымы
маңызды, қызықты ақпараттардан тұратын
материалдарды интерактивті оқыту әдістерімен
меңгертуді көздейді.
Көрнекілік ұстанымы. Оқу материалын
қабылдау мен түсіну үшін мақсатты түрде сезім
мүшелеріне әсер ету оқытудың тиімділігін
қамтамасыз етеді. Оқыту барысындағы табиғи
тіл, сөйленіс,шешен сөз, көркем шығармадан үзінді
де көрнекілік болып табылады. Көрнекіліктер
дидактикалық материал ретінде сөз, сурет, сызба
болып бөлінсе, қабылдау түріне қарай есту, көру,
есту және көру, материалды беру тәсіліне қарай
техникалық
құралдармен
және
техникалық
құралдарсыз, ұйымдастыру жұмыстары бойынша
материалды жариялау арқылы фронталды жұмыс
және үлестіру материалдары негізінде жеке деп
бөлінеді.
Белсенділік ұстанымы - оқытушы мен
магистрант
әрекетінің
бірлігін
қамтитын
әдістемелік жүйедегі маңызды ұстанымдардың
бірі. Магистрант белсенді болып, іс-әрекеттің
субъектісі болғанда ғана оқыту тиімді болмақ.
Олардың белсенділігі оқытудың мақсатын біліп, өз
білімін тексере алуынан, білімге қызығушылық
танытып, мәселені өздері қойып, оның шешімін
іздей білуінен көрінеді. Оқытуда белсенділікке
жету үшін танымдық негіздегі оқыту уәжін
қалыптастыру, проблемалық жағдаят қойып,
теориялық және практикалық мәселелерді шешуге
бағыттау,
оқытудың
интерактивті
түрін
таңдау, жеке және ұжымдық жұмыс түрлерінде
магистранттардың
өзара
әрекет
етулерін
қадағалау қажет.
Беріктілік ұстанымы білім, білік пен дағды
білім
алушылардың
санасында
сақталуына
бағытталған дидактикалық ұстаным болып
табылады. Беріктілік ұстанымы практикалық
әрекеттер, лексикалық жаттығулар, өткен
материалды үнемі қайталау арқылы жүзеге
асады. Білім, білік пен дағдылардың беріктігінің
өлшемі
-
практика.
Олардың
беріктігін
материалды меңгеру қажеттігін, теориялық
білімнің тәжірибеде қолданылу мүмкіндігін түсіну,
берілген білімді уақытылы бекіту, терминдер мен
анықтамаларды мақсатты түрде есте сақтау
қамтамасыз етеді.
Жекелік ұстанымы оқытушы магистрантты
ұжымдық жұмысқа араластыра отырып, оның
қызығушылығы мен ерекшелігін ескеруін, игерген
білімі мен білігін бақылауда ұстауын көздейді.
Оқыту үдерісі әр магистранттың жеке тұлға
ретінде қалыптасуына жағдай жасауы керек.
Теория
мен
практиканың
ұштастығы
ұстанымы алған білімді тәжірибеде қолдана білуге
бағытталады.
Теория
мен
практиканың
ұштастығы түрлі жаттығулар негізінде жүзеге
асады. Алған теориялық білімді мәтіннен
анықтайды, сөздіктен тексереді, кейін оны жұп
табуда, сөйлем, мәтін құрауда қолданады.
Осындай жолмен меңгерілген білім нәтижелі
болмақ.
Оқыту жүйесі субъект, үдеріс, оқыту пәні,
жағдай, әдіс, нәтижелерден тұрады. Бұл қызмет
уәж,
әдіс
пен
нәтижеге
бағытталған
ұстанымдарға негізделеді. Жоғарыда аталған
ұстанымдар бірлікте жұмсалып, магистранттың
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
.................................................................................................................................................................................................. ...........
192
бойында
жоғарғы
мектеп
ұстазына
тән
құзыреттіліктер
қалыптастыратын
басты
ұстаным дамытушылық ұстанымы на бірігеді.
Қарама-қарсы мағыналы тілдік бірліктерді
магистранттарға меңгертуде зерттеу әдістерін
іріктеп алуға материалистік диалектикада
бейнелеу,
жеке
тұлға,
таным,
іс-әрекет
теориялары, ойдың психологиялық теориясы,
ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру
теориясы негіз болып табылды. Магистрантқа
жан-жақты таратылып берілген білім, оның
танымдық құзыреттілігін дамытары сөзсіз. Осы
орайда, жаңа технологиямен оқытудың алар орны
ерекше.
Жаңа
технологиямен оқытуда оқытушы
дайын
білім
бермейді,
магистрантты
шығармашылық ізденіске бағыттайды. Олар алған
білімдерін тәжірибе жүзінде тексереді, кәсіби
міндетті шешуде логикалық ойлауға, қорытын-
дылауға үйренеді. Шығармашылық құзыреттілікті
қалыптастыруда шығармашылық тапсырмалардың
алар орны ерекше. Жаңа технологиямен оқытудың
дәстүрлі
оқытудан
басты
артықшылығы
үйренушілердің,
біздің
жағдайы-мызда
магистранттардың, белсенділігінде.
Жаңа
тақырыпты
меңгерту
барысында
INSERT әдісін қолданудың мәні зор. « √ - білемін, –
- мен үшін түсініксіз, + - мен үшін жаңа ақпарат, ?
– мені таң қалдырады» кестесіне белгі қою білім
алушының бұған дейін алған білімін жинақтап,
жаңа тақырыпты түсінуіне, өз ойына басшылық
етуіне мүмкіндік жасайды. Яғни, жаңа түсінік пен
бұрынғы білім арасында байланыс орнатады.
Келесі кезеңде тақырып туралы ой тудыру негізге
алынады. Ол магистрантты өзіне және басқаға сын
көзбен қарап, баға бере білуге тәрбиелейді. Әр
түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта
қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
«Бес
жолды
өлең»,
«Венн
диаграммасы»,
«Семантикалық карта», «Т кестесі» және т.б.
әдістер
әр
сабақтың
ерекшелігіне
қарай
қолданылады.
Кәсіби бағдарлы оқыту болашақ маманның
қызметіне қажетті дағдылар, біліктер мен ғылыми
ұғымдар жүйесінің қалыптасуына тиімді жағдайлар
жасайтын оқу әрекеті болып табылады.
Практикалық сабақта дәрістен алған білімдерін
бекіту мақсатында арнайы жаттығулар жүйесін
орындату ұсынылады.
1.Дайындық жаттығулары:
А. Қарма-қарсы мағыналы тілдік бірліктерді
табуды талап ететін жаттығулар.
Ә. Контрасқа негізделген стильдік фигуралар
түрлеріне ажыратып, мағынасын ажыратуға
арналған жаттығулар;
2.Шығармашылық жаттығулар:
А. Қарма-қарсы тілдік бірліктерді қатыстырып
сөйлем құрастыру;
Ә. Қарма-қарсы тілдік бірліктерді қатыстырып
мәтін құрастыру;
Б. Қарма-қарсы тілдік бірліктерді қатыстырып
эссе дайындау;
В. Антонимдер сөздігімен жұмыс жасау.
Дайындық жаттығуларының
мақсаты – қарама-қарсылық ұғымын түсіну,
олардың тілдегі қызметімен танысу, ғылыми
әдебиетпен жұмыс істеу.
міндеті – сөйлемнен, мәтіннен қарама-қарсы
мағыналы тілдік бірліктерді табу, сөздердің
антонимдік жұптарын табу, олардың түрлерін
анықтап, мағынасын ажырату.
тиімділігі – жаңа игерілген білім
бекітіліп, магистранттардың сөздік қоры байиды.
нәтижесі – тілдік және танымдық құзырет-
тіліктері қалыптасады, антонимия құбылысының
табиғатын түсінеді.
Шығармашылық жаттығулардың
мақсаты – қарама-қарсы мағыналы тілдік
бірліктерді практикада қолдана білуге үйрету.
міндеті – антонимдерден сөйлем, мәтін,
сөзжұмбақ құрастыру, қажетті контрасты
сұрыптап қолдану, антонимдер сөздігінен
сөздердің антонимін табу.
тиімділігі – мұндай жаттығулар алған
теориялық білімдерін бекітуде өз нәтижесін береді,
шығармашылық тұрғыдан жұмыстануға үйретеді.
нәтижесі – қарама-қарсы мағыналы тілдік
бірліктерді еркін қолдана алады, шығармашылық
құзыреттілігі қалыптасады.
Сабақтарда
коммуникативті-жағдаяттық
тапсырмалар беру болашақ мамандарды өмірде
болатын жағдайларға неғұрлым жақындатып,
өзін ұстауы мен тілдік құралдарды таңдап
қолдана білуге үйретеді. Бұл тапсырмалар
магистрантқа көпшілік алдында сөйлеуге, шешен
сөйлеуге, сұхбаттар мен пікірсайысқа қатысуға
мүмкіндік береді. Ол магистранттың бойындағы
коммуникативтік
құзыреттілігін
дамытады.
Сондықтан да қарама-қарсы мағыналы тілдік
бірліктерді
оқытуда
хабарлама,
баяндама
жасату, оппонент рөліне бекіту, анықтама
бергізу, пікір айтқызу, жүргізуші, хатшы,
төрағалық рөлдерді беру, диспутқа қатыстыру
сияқты жұмыстар орындату ұтымды болмақ.
Осы арқылы тұлғалық құзыреттілігі жоғары
маман дайындап шығуға болады.
Қарама-қарсы
тілдік
бірліктерді
оқыту
барысында ізденімпаздық жұмысты неғұрлым
кеңірек пайдалану магистранттарда танымдық
қызығушылықты арттыруға септігін тигізеді.
Олардың танымдық белсенділігін арттыруда жо-
ғары
оқу
орнында
проблемалық
оқытуды
ұйымдастырудың,
проблемалық
жағдайларды
жасау мен шешудің, оқу үдерісінде магистрант-
тарды ғылыми ізденіс пен өзіндік жұмысқа
баулудың маңызы зор. Мұнда проблемалық
жағдаят беріліп, магистранпен бірге шешіледі. Ол
үшін белсенділік тудыратын сұрақтар қойылып,
пікірталас тудырған жөн. Жұмыс топпен немесе
ұжыммен
ұйымдастырылып,
баяндамалар
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
.................................................................................................................................................................................................. ...........
193
жасалады. Магистранттың ойын дұрыс жеткізуіне
мән беріліп, қателіктері түзетіледі. Бұл әдіс
оқытушыға қарағанда, магистрантты белсенді іс-
әрекет атқаруына итермелейді. Проблемалық
оқытуда магистранттар тапсырманы шығарма-
шылық тұрғыда орындайды. Оқу тапсырмасын
шығармашылықпен орындау дегеніміз - білім
алушылардың белсенді ізденіске түсіп, шешім табу
жолдарын іздеуі. Егер тапсырма конспект жазу
болса, В.Ф. Шаталовтың «тіректі конспектілер»
технологиясын басшылыққа алған дұрыс. Ол
конспектіні кестеге салудың төрт жолын ұсынады
[3]. Оны біздің ұсынып отырған курсымызға
лайықтасақ: қарама-қарсы мағыналы сөздері бар
сөйлемдерді кестеге салып, стилдік фигураның қай
түріне жататынын шартты белгімен белгілеу; тілдік
не контекстуалды антоним екендігін белгілі бір
түспен білдіру. Біз осы жолдарды бір кестеге
біріктіріп,
төмендегідей
тапсырма
беруді
ұсынамыз:
№
Ақпарат көзі
Сөйлем
Қарама-қарсы мағыналы тілдік
бірліктердің
стилистикалық
қызметі
1
Кітаптың
авторы
мен
аты, беті
Сөйлем
жазылып,
контрасты
шартты
түспен
беру(мысалы,
тілдік –көк, контекстік - қызыл
Фигура не троп түрін шартты
белгімен беру(мысалы, ант,амф,
альт, дз, пд, окс
Ал есте сақтау картасында қарама-қарсы
мағыналы тілдік бірлікті алып, келесідей талдаса
болады:
антоним сөз - фигура түрі
‐
жасалу жолы
‐
тілдік, контекстік
‐
антонимдік қатар құру мүмкіндігі
‐
фразеологиялық бірлік
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы
магистранттарды
түрлі
жағдаятты
шешуге
дағдыландырады. Жағдаятты дұрыс шешу үшін
білім алушылардан терең теориялық білімді
дәрістен тыңдап, семинарда бекіту арқылы
меңгересе,
өзіндік
жұмыс
пен
МОӨЖ-де
жинақтаған білімдерін практикада пайдаланады.
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы магистрант-
тардың
жеке,
жұпта,
топта
оқу-танымдық
белсенділігін көрсете алуына жол ашады. Бұл
технологияның
мақсаты
–
тапсырмаларды
шығармашылықпен орындату, магистранттарда
өзіндік пікір қалыптастыру. Қарама-қарсы тілдік
бірліктерді
оқытуда
көркем
шығарма
мен
басылымдардағы,
жарнамадағы
қарма-қарсы
мағыналы тілдік бірліктерді тауып, оған тілдік
және стилистикалық тұрғыдан жан-жақты талдау
жасату басты назарда ұсталады. Бұл технология
тапсырмалары сөйлеу және жазу іс-әрекеттері
арқылы жүзеге асады. Жазу іс-әрекетінде қарама-
қарсы тілдік бірліктерді зерттеп реферат, конспект,
эссе жазу, сөйлем құрау сияқты түрлі тапсырмалар
орындалады.
Мысалы,
«Өмір
мен
өлім»
тақырыбына эссе жазу ұсынылады. Мұндағы басты
тапсырма ретінде осы сөздердің орнына
қолданылуы мүмкін синонимдері алынып, түрлі
антонимдік жұптарды қолдану тапсырылады. Өлім,
ажал, көз жұму,демі таусылды, т.б . және өмір,
тіршілік, т.б синонимдік қатар ұсынылады.
ЖОО тыңдаушыларында оқу-танымдық іс-
әрекет табыстылығын қалыптастыруға оқу
тапсырмасының әр түрлі болуы тиімді нәтиже
береді. Мысалы, 5 минуттық эссе, INSERT,
академиялық дау-дамай, жаттығулар, бірлескен
іс-әрекетте жоба құру, тест, аудиобейне
құралдарымен жұмыс істеуге арналған жаттығу-
лар, пікірлерді талдау күнделігін толтыру т.б.
Магистранттың оқытушының басшылығымен
жүргізілетін өздік жұмысы (МОӨЖ) барысында
қарама-қарсы мағыналы тілдік бірліктерді меңгерту
арқылы ЖОО ұстазына қажетті құзыреттіліктерді
қалыптастыруда
мынадай
жұмыс
түрлері
ұсынылады:
Дәрісбаяндар
–
қарама-қарсы
ұғымдар
қолданыла отырып берілген ақпарат, деректер,
қызықты мысалдар т.б. негізіндегі дәрісбаяндар
магистранттардың ынта-ықыласын тудырып, қыр-
сырын
ұғынуға,
қатысымдық
құзыреттілігін
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Сократтық сұхбат» – кезегімен қосымша
сұрақтар қоя отырып, оларға жауап тауып,
көтерілген
мәселелердің
көптеген
балама
шешімдерін кеңінен қарастырумен біртіндеп
мәселенің шешіміне жету жолы. Магистранттарға
қайшылықты мәселелер ұсынылады.
Ашық микрофон – болашақ ЖОО ұстазының
тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру үшін
магистрантқа белгілі бір тақырыпты талқылау
ұсынылады. Талқыланатын мәселенің екі қыры
болуы шарт.
Пікір–сайыс – екі топ бір-біріне қарама-қарсы
пікірлерін, ой толғаныстары мен шешімдерін
ортаға салып, өз жобаларын қорғайды.
Сыр–сұхбат – қазіргі қоғамда болып жатқан
өзгерістердің жағымды және жағымсыз жақтары
сөз болатын әңгіме сағаты.
Қарсыластар
сайысы
–
алдын-ала
жинақталған материалдар негізінде көкейкесті
материалдар жөнінде қарсы екі топтың пікірлерін
ортаға салатын сөзжарыс.
Көрсетілген шараларды МОӨЖ сабақтарында
тақырыппен сабақтастыра жүргізу оң нәтиже
берері сөзсіз. Дұрыс ұйымдастырылған оқу әрекеті
тұлғаны дамытуға мүмкіндік береді. Қарма-қарсы
мағыналы тілдік бірліктерді оқыту барысында
жоба қорғау, баяндама жасау, пікір айту, сұхбат
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
.................................................................................................................................................................................................. ...........
194
беру, сұрақтарға жауап беру қатысымдық
әрекеттері жүзеге асты.
Магистранттардың өз бетімен жұмыст-ануына
келесі бағыттағы тапсырмалар берілгені дұрыс:
1. Зерттеу тапсырмалары.
2. Шығармашылық тапсырмалар.
3.Тіл дамыту тапсырмалары.
Зерттеу тапсырмаларының тиімділігі
мынада: антонимияға қатысты терминдерді теру
арқылы магистранттардың сөздік қоры ғылыми
сөздермен толықты; зерттеу еңбектерді, сөздіктерді
талдау, сын-пікір жазу ғылым ордасы болып
табылатын жоғары оқу орнына лайық маман
дайындауға өз үлесін қоспақ.
Шығармашылық тапсырмалардың тиімділігі:
көркем шығармалардан, публицистикалық шығар-
малар мен жарнама мәтіндерінен контрасты, оның
түрлеріне мысалдар теру, сөздікпен жұмыс жасау
магистранттардың шығармашылық, ізденім-дік
қабілеттерін
дамытып
қана
қоймайды,
шығармашылық құзыреттіліктерін қалыптастыруға
септігін тигізеді.
Тіл дамыту тапсырмаларының тиімділігі: тіл
дамыту тапсырмалары магистранттардың тілдік,
танымдық, коммуникативтік құзыреттіліктерін
дамытады.
Реферат жазу, баяндама дайындау, тезис,
конспект
жасау
магистранттың
ақпараттық,
коммуникативтілік құзіреттілігін жетілдіреді.
Тілде ғаламды танып
‐білудің сан ғасырлық
тәжірибесі жатыр. Ол кез
‐келген танымдық іс‐
әрекеттің құралы болып табылады. Жоғары оқу
орнында қазақ тілі пәні оқытушыларының ойын,
мәдениетін, тілін дамытуда лексиканың алар орны
зор.
ЖОО оқытушысы бойына барлық адамдық
және кәсіби қасиеттерді сіңірген жан-жақты білімді
маман болуы керек. Бұл - сабақ беруші оқытушыға
ғана қойылар талап емес, болашақ жоғары мектеп
маманы магистрантқа сабақ барысында сіңірілуі
тиіс шыдамдылық, парасаттылық, көрегендік,
мейірімділік, шешендік, сезімталдық, алғырлық,
ізденімпаздық және т.б. қасиеттер.
Достарыңызбен бөлісу: |