Егеменді Қазақстан Мақсаты: Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның экономикалық реформалары мемлекеттік дамуындағы саясаты мен бағдарламаларын қарастыру.
1.Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның экономикалық реформалары
2.«Қазақстан -2030» даму стратегиясы
3.ҚР Президентінің жолдаулары
Қазақстанның көршілес елдермен мәдени, саяси, әлеуметтік және экономикалық даму процестері сонау ерте кезеңдерден бір-біріне ықпалдаса отырып ұқсас дамыды. Дегенмен қазіргі таңда даму ерекшеліктері байқала түсуде. Жақын және алыс шет елдер деген ұғымның интеграциялық байланыстарда маңыздылығынан айрылуда. Әрине, бұл елдер бәсекелесте, қарсыласта болды, әр түрлі саясат пен идеологияның ықпалына түсті. Аймақ, өзінің геосаяси жағдайымен әрқашан сыртқы күштерді қызықтырған. Ал, жергілікті халықтың басты мақсаты аймақ тыныштығы мен ұрпақ амандығы. Оған тарих дәлел.
Бүгінгі таңдағы жағдай өткен тенденциялардың қайталамасы десек артық айтқан болмас. Өйткені жаһандану кезеңінде жоспарлы экономикадан қатал нарық ықпалына түскен Қазақстанның жағдайы алңдаушылық тудыруда. Себебі, көршілес елдердегі қарулы қақтығыстар аймағына айналуы да әбден мүмкін. Бұдан шығудың жалғыз-ақ жолы аймақ елдерінің саяси-экономикалық және әлеуметтік ынтымақтастығы, мәдени-рухани құндылықтар мен салт-дәстүр өзегін сақтап қалу, өз тарихын ұмытпай, әлемдік қауымдастықта өз позициясын нақтылау. Ол үшін әрине экономикалық тоқтаусыз даму мен саяси тұрақтылық әрқашан қажет. Қазіргі таңдағы еліміздің қаржы-экононмикалық дамуына басқа мемлекеттер қызыға да, қызғана да қарайды десек артық айтқанымыз болмас.
Экономикалық жүйелерді қоғам мен экономикалық объективті нәтижесі ретінде пайда болады және өзгеріп отырады. Жасанды түрде құрылған экономикалық жүйелер ақырында өндірісті күштер және ресурсты базалармен қарама-қайшылыққа түсіп, нәтижесінде құрып кетеді. Дәл осындай жағдай дамуда объективті тенденциялар мен ұлттық ерекшеліктерді ескермеген жағдайда қайталанады, яғни жоғары дамуды қамтамасыз ете алмайды. Нарықтық қатынасты, тауар өндірісі мен кәсіпкерлік әрекеттерді сынау социализмнің негативті негізгі экономикалық факторлары болып табылады.
Қазақстанда кейінгі онжылдықта қоғамды трансформациялау мен ұлттық шаруашылықты әлемдік экономикамен интеграциялау, тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру мен елдің саяси және экономикалық жүйесін негіздеу процесі жүрді. Бұл процеспен қоса адамдардың менталитеттері де өзгерді. Жаңа құндылықтар жүйесі мен жаңа көзқарас қалыптаса бастады.
Бүгінгі таңда аймақ елдері жоғарыда атап өткендей ішкі ресурстар сыртқа шикізат пен жартылай дайын өнімдер шығаруға, дәстүрлі транспорттық қызмет көрсетулер мен туризм және басқа да салалардан пайда табуды маңызды санауда. Дегенмен, әрбір аймақ елі үшін сыртқы қарыз алу мен кредиттер, инвестиция, жаңа технологиялар, нау-хауды тарту мен рационалды қолдану өте қажет болып отыр. Ол үшін нарықтық механизмдердің қызмет атқаруынан, басқарушылық білімнің, менеджмент пен маркетингтік жетістіктері, шаруашылықтағы мемлекеттік реттеу жүйесінің қажеттілігінің құндылығы артып отыр.
Мұнай саласындағы жүргізіліп жатқан іс-шаралардың барлығы әлемдік деңгейдегі саяси ойынға айналып отыр.
Сонымен, Қазақстанның әлемдік қауымдастағы орны: алдыңғы қатарлы геосаяси күштердің негізгі қақтығыс объектісі ретінде анықталып отыр. Түбінде қайсысының осы аймаққа өз басшылығын орнығатынын ешкім кесіп айта алмайды.
Тәуелсіз Қазақстан алдында келесі негізгідей проблемалар тұр. Ішкі саяси проблемалар:
тек, шикізат өндіруші және нашар дамыған инфрақұрылым;
либерализация мен мемлекеттік құрылыстағы процестердің әртүрлі бағытта болуы;
мемлекеттің полиэтникалылығы, елде 131 ұлттар тұрады, қазақ пен орыс ұлты басым. Бұл Қазақстан халқының өзіндік бір сарында дамуына әсерін тигізуде;
ұлттық идеологияны қалыптастырудағы қиындықтар;
қазақ бюрократиясының тәуелсіздік алған кезеңдегі мемлекеттік басқаруда тәжірибелерінің жетіспеуі,мемлекеттен гөрі жеке бас пайдаларын жоғары қоюлары;
демократиялық соттың болмауы;
тұрғындар арасында мемлекеттік тілге сұраныстың болмауы мен дұрыс білмеуі;
ішкі рулық немесе діни алауыздықтар мен бөлінушіліктер;