ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет24/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   153

біреуі ойда, екіншісі қырда отыр екен?» - дейді. Бала сонда:  

- Ойда отырғанның жалғыз ұлы бар екен, қырда отырғанның қызы бар екен, екеуі  қалың  мал  сөйлесіп 

отыр екен. Қызы барға ұлы бар айтады екен «менің балама қызыңды бер» дейді  екен. Ол «қанша мал 

бересің»  депті.  Ұлы  бар:  «Отыз  алтын  берем»,  -  депті.  Қызы  бар  айтыпты:  «Онда  саған  қызымды 

бермеймін, себебі отыз алтын өзімде бар, одан да көбірек бер, - деп, бітісе алмай отыр екен», - деп бала 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              148 bet 

осымен  сөзін  тамамдапты.  Сонда  патша  тұрып:  «Ә,  менің  адамдарым  бұзылған  екен  ғой»,  -  деп  ойға 

кетіпті. Сөйтіп серуендеп болып кешкі уақытта жай-жайына тарасыпты. Кешке таман патша жаман киім 

киініп алып, қаласын аралап көруге шығып, қаласын қараса, қаласының тең жарымы бұзылуға тақалып 

қалған  екен,  оны  көріп  қайтады.  Ертеңіне  «қош  енді,  балалар,  ел  бүлініп,  қала  бұзылыпты,  бар 

жайларыңды табыңдар»  деп, үш жетімді  уәзірліктен босатып қоя беріпті. Балалар сөйтіп бас қамымен 

жүре  тұрсын.  Енді  қалаға  келейік.  Бұрынғы  уәзірлерді  қайта  сайлап  алыпты  да,  патша  селт  етпей 

шалқасынан  жатып  уәзірлеріне  аты-жөні  жоқ  «әкел!»  депті.  «Егер  үш  күнге  шейін  әкелмесеңдер 

бастарыңды кесем», - депті.  

Сонымен бұлар не әкел дегенін білмей, ақылдасып, «осы ана үш жетім балалар зерек еді, соны іздейік» 

депті.  Сонымен  бұл  үшеуін  екі  күн  өтіп,  үшінші  күні  іздеп  тауып  алады.  Келе  бұлар  балаларға  сәлем 

береді. Ол үшеуі де сәлемін қабылдады да: «Қош, жол болсын, қайда барасыздар?» - деп сұрау сұрады. 

Бұлар  жауап  берді.  «Біз  сіздерді  іздеп  жүрміз.  Себебі  біз  өлетін  болдық,  патша  бізге  уақыт  берді.  Ол 

мынадай, шалқасынан селт етпей, жатып алып аты-жөні жоқ «әкел!» дейді, не әкел дегенін білмей келеміз, 

сонымен бізге үш күн уақыт берді. Ол бүгін бітетін күні», - деді. «Дұрыс, онда қала бұзылған, соны жөндеу 

үшін ұста әкел дегені ғой!». Онда сол күні, сол уақытта артына кейін қарай қайтып, бірнеше ұста апарады. 

Сонда патша: «Е, қош, үш күннен бері ұста таба алмадыңдар ма? Неғып кешіктіңдер, айт шындарыңды! 

» -депті. Сонда аналар тұрып:  

- Не әкел дегеніңізді білмей әлгі үш баладан сұрап білдік, - депті. «Ә, ырзасыңдар ма, зеректігіне?» - депті 

патша.  


- Ырзамыз, сол үшеуін қойыңыз, - депті. «Иә, болмаса ертіп әкел», - деп алдырып, қайта уәзір сайлайды. 

Енді  аз  күннен  соң  елінде  наразылық  туып,  «біз  жетімді  уәзір  сайламаймыз»  деген  соң,  елі  бұзылып 

кететін болған соң, қайтадан үшеуін босатып қоя береді. Сонымен бұл үшеуі басар тауы жоқ, барар жері 

жоқ каңғырып басқа патшаның қол астына кетеді. Үшеуінің ендігі кәсібі патшаның қазынасынан алтын 

алып  ауқат  етпекші  болды.  Бұлардың  үйі  моланың  тесігі  болды.  Түнде  патшаның  қазынасындағы 

алтынды үшеуі үш дорбалап тасып көрге әкеліп жинай беретін болды. Азанда патша қазынасын қараса, 

алтынның  азайғанын  көреді.  Ертеңіне  уәзірлері  мен  қарауылдарын  қояды.  Сонда  да  сол  күні  үшеуі 

ешкімге білдірместен тағы алтын ұрлап көрге әкелді. Ертеңіне патша қараса,тағы азайып қалған.Патша 

қапаланып өзі қарауыл болып тұрады,«көрейінші қандай неме ол» деп сонда да патшаға білдірмей әлгі 

үшеуі тағы да қазынадан алтынды ұрлап алады. Азанда қазынаны қараса, тағы жоқ біраз алтын, қапаланып 

патша сол күні кешке жансыз болып, жаман киімді киіп алып кешке түнімен жүреді, сүйтіп жүрсе, бір 

жерде  бір  үшеу  бір  нәрсе  арқалаған,  ырс-ырс  етеді.  Дереу  патша  артынан  ере  береді.  Балалар  жаңағы 

адамнан: «Қайда барасыз», - деп сұрайды. Ол адам өздерінен: «Сіздер қайда барасыз?» - дейді. Бұл үшеуі 

«нан талап» дейді. Әлгі  адам да  «мен де нан талаппын, қарағым» дейді. Әңгімелесіп көрге қарай келе 

жатса, бір жерде ит үріпті қоймастан, сонан соң жаңағы үшеуінің біреуі тұрып: «Ә, сіз патша ма едіңіз, 

ана ит маған іштеріңде патша кетіп бара жатыр деп үріп тұр ғой»,  - депті. Сонда ол: «Жоқ, шырағым, 

менен патшалық не алсын, бірақ кішкене күнімде өздерімізше ойнап жүргенімізде балалар мені патша 

етіп ойнаушы еді», - деп жалтартыпты. Олар осы айтқанға шыннан сеніпті. Үшеуі әлгі адаммен төртеу 

болып  көрден  соққан  үйіне  келеді.  Өздерінше  жай  әңгімелесіп  әлгі  адам  әңгімемен  бұлардың  әдіс-

айласын білу үшін әр түрлі сөзге сала отырып, үшеуіне айтыпты:  

-  Ұрлық  ету  үшін  қандай  амалдарың  бар?  -  депті.  Үш  баланың  біреуі:  «Менің  амалым  патшаның 

қазынасынан алтын ұрлағанымды ешкімге білдірмеймін де, сездірмеймін де, міне, менің айла әдісім», - 

депті.  Екіншісі:  «Менің  амалым  үрген  иттің  тілін  білем!»  -  депті.  Үшінші  біреуі:  «Мен  бір  көрген 

адамымды айнытпай тауып аламын, маған бәрібір жеті қараңғыда көрсем де, күндіз көрсем де танимын», 

-  депті.  Бұл  үшеуі  сөзін  бітіріп  болған  соң:  «Иә,  сіздің  қандай  амал,  айлаңыз  бар?»  -  депті.  Бұл  адам 

айтыпты:  «Ажалға  кетіп  бара  жатқан  адамды  ажалдан  құтқарамын»,  -деген  екен.  Енді  бұлар  сөзін 

тауысып төртеуі ұйқыға кетеді. Сол уақытта ана үшеуін ұйықтата салып патша қайтадан бұрынғы киімін 

киініп болып, дереу тез қарауылдарына барып: «Дәл көрде үш бала бар, соны барып үшеуін бірдей дарға 

тартып, алтынды қазынаға сал!» - депті. Дереу қарауылдар келсе, үш бала ұйықтап жатыр, қасында алтын. 

Алтынды алып сол түнде қазынаға салады да, азанға шейін қарауыл тұрады. Азанда үшеуі тұрса, алтын 

да,  жанындағы  адам  да  жоқ.  Дереу  үшеуі  жан-жағына  алақтап,  сасқалақтап  далаға  шығайын  десе,  ана 

қарауыл  әскерлер  үшеуін  ұстап  алып,  аяқ-қолын  байлап  дарға  аспақ  үшін  даршыға  береді.  Даршы 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              149 bet 

үшеуінің мойнына жіп байлап аспақшы болып жатады. Осы уақта патша бір биік жерден жаңағы үшеуін 

көрмекші болып тұр еді, себебі қандай әдістер жасар екен деп ойлап еді. Сол уақытта адам танығыш бала 

дереу даршыдан ұрықсат сұрап мойнын босаттырды да, әлгі патшаға бала тұрып:  

-  Е,  адам,  түндегі  адам  сен  емес  пе  едің,  өлімге  ажалға  кетіп  бара  жатқан  адамды  өлімнен,  ажалдан 

құтқарам  дегенің  қайда,  құтқар,  міне,  өлімге  кетіп  бара  жатырмыз,  -  деді.  Сонда  патша  даршыға 

босаттырып, құтқарып жіберіпті. Сөйтіп, өзіне әлгі үшеуін уәзір қылып тағы алыпты. 

 

106 - Бөлім: Бір үзім нан 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1803 

 

 



Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді 

екен.  


 

  Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған-алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін 

бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, 

орып, өз күнін өзі көріпті.   

 

  Бір жылы көктемде алапат су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал 



кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына  көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге 

созылады. Бір күн қарны ашқан бай кедейге:   

 

-  Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді.  



 

-  Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей.  

 

Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды.   



 

- Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы.   

 

- Жоқ, бере алмаймын, - деп бұл жолы да кедей келіспейді.   



 

Ақыры  аштан  өліп  бара  жатқан  соң  шыдамай,  бай  бір  үзім  нанға  барлық  алтынын  айырбастайтынын 

айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі 

күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен» 

дейтіні орай айтылғаны екен. 

 

107 - Бөлім: Құмырсқа қанағаты 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1804 

 

 



Ертеде  бір  оқымысты  болыпты.  Ол  барлық  халықтың,  жан–жануардың,  жәндік,  өсімдіктің  тілін  түгел 

біледі екен.  

   Бір күні ғұлама бақ ішінде келе жатып, құмырсқаның илеуіне тап болады. Қарап тұрған біреуі жоқ: бір 

тобы індерін кеңейтіп жатыр, бір тобы нән құртты сүйретіп келеді, енді біреулері күзет қорықта жүр, ал 

ана біреуі басқа илеуден ұшырасқан құмырсқамен алысып жатыр.  

   Әлгі адам бір құмырсқаны ұстап алады да:  

   – Сенің басың неге үлкен? - деп сұрайды.  

   – Ақылым көп.  

   – Құйрығың неге үлкен?  


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              150 bet 

   –  Қайратым  көп. Өзімнен  қырық  есе ауыр жүкті көтере аламын. Қайратымды құйрығыма жинамасам, 

ауыр жүкті көтергенде, тоңқалаң асар едім,  -  дейді  

   Құмырсқа:   

   – Ал сенің ішің неге жіңішке?  

   – Қанағатым көп.   

   –  Жарайды,    -  деді  оқымысты.  –  Ақылың  мен  қайратыңның  көп  екеніне  көзім  жетіп  тұр.  Енді 

қанағатыңның қандай екенін білейін. Егер саған бидайдың бір дәнін берсем, қаншаға жеткізер едің?  

   – Бір жылға жеткізер едім, – депті құмырсқа.  

   – Оқымысты құмырсқаны сауытқа салып, қасына бидайдың бір дәнін қояды. Бір жыл өткен соң сауытты 

алып қараса, құмырсқа бір қырынан бүк түсіп, қимылсыз жатыр екен. Қасында бидай дәнінің жартысы 

қалыпты. Әрі–беріден кейін бірте–бірте мұртын, аяғын қимылдатады да, құмырсқа орнынан тұрады.  

   – «Бір дән маған бір жылға жетеді» деп едің. Жыл өтті, ал сен дәннің жартысын ғана жепсің. Оның қалай? 

– деп сұрады оқымысты.  

   – Иә ... ол дәнді бір жылда жеп бітірсем, қазір менің халім әлде қайда жақсы болған болар еді. Бірақ сен 

бір жылдан кейін мені  босатуды ұмытып кетсең, онда мен бостан–босқа аштан өлген болар едім. Сол 

себепті бір жыл бойы жарты дәнді қанағат қылдым, – деп жауап береді құмырсқа.  

   – Егер босатуды ұмытып кетсем, қалған жарты дәнді қанша уақытқа жеткізген болар едің?  

   –  Төрт-бес жылға жеткізген болар едім, –депті құмырсқа. 

 

108 - Бөлім: Сауысқан мен көкек 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1805 

 

 



Ертеде сауысқан мен кӛкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап 

күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып  алып: «ұя керек», «ұя керек», - деп, көршілерінің мазасын кетіреді. 

Бір күні сауысқан көршісіне:  

    – Екеуіміз бірігіп бірік ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз,  - дейді. 

    Көкек:  

    –  Менің  ұя  салатын  қуатым  да,  құралым  да  жоқ.  «Керек,  керек»  деп  қақсай  берсем,  құстың  бәрі 

ағайыным, көп болып көмектесіп, ұя салып берер, - деп келіспейді.  

   Сауысқан көкектің көмегін күтпей–ақ, ұя салуға кірісті. Ол ұясының қабырғаларын жас  бұтақтармен  

таспалап, берік етіп өрді. Оны шыммен, өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырды.  Іші  –  тысын 

саз  балшықтармен  сылады.  Кішкентай  бұтақтардан  құрастырып,  қақпалы  есік  жасады.  Ұяның  астына 

мамықтан төсек төседі. Ал көкектің «керек, керек» деп қақсай  – қақсай даусы қарлығып, тілі сақау болды. 

Ол кейінгі жылдарда «керек» дегендегі «р»  - ды айта алмай, «керек» деудің орнына «көлек, көлек» дейді. 

Сондықтан жұрт оны кекетіп «көкек» деп атайтын болды. Сол көкектің күні бүгінге дейін өзімдікі деген 

ұясы да, үйіші де жоқ. 

 

109 - Бөлім: Сылтаушыл 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1806 

 

 



Ертеде бір  қойшы  үйіне мызғып алуға келіпті де, қойды қарай тұруға баласын жұмсатыпты. Күн суық 

болса керек, баласы:   

 

    –Тоңамын! – деп, сылтауратыпты.  



 

   Анасы ұлының аяғына жылы байпақ, үстіне тон тері шалбар, жылы қолғап, басына үлкен тымақ қигізіпті 

де:  

 

    – Ал, балам, енді тоңбайсың, бара ғой, - депті.  



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              151 bet 

 

   Сонда баласы ұялмастан:  



 

    –  Енді көзім тоңады, - деп жылапты. 

 

110 - Бөлім: Үш жалқау 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1807 

 

 



Ертеде бірінен  –  бірі өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтай беру 

екен.  


    Бірде үшеуі жолға шығыпты. Тоғай арасына келгенде, мәуелі ағаш көлеңкесіне қисая кетіпті. Бірінші 

жалқау:  

     – Е... құдай, мына өріктер піссе, - депті.  

    Екіншісі:  

    –Ауызға келіп түссе, - депті.  

   Сонда үшіншісі оларды міней сөйлеп:  

   –Түу, соны айтуға қалай ерінбейсіңдер, - депті. 

 

111 - Бөлім: Сыншы бала 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1808 

 

 



Баяғыда бір баланы жат  жұрттықтар  тұтқындап, еліне алып кетіпті. Еліне әкелген соң, қой бақтырып 

қойыпты.   

    Бала қой бағып жүріп, далада қалған қу бастың қасына келіп: «Сенің  арғымақтың басы екенінді кім 

білсін, менің Тортай сыншының баласы екенімді кім  

білсін?» деп зарлайды екен.  

     Күндердің күнінде баланың қожасы үш аргымақ әкеліп балаға сынатыпты.  

   – Бала, мына арғымақтардың қайсысы жүйрік? – деп сұрапты. Бала:   

   – Мен білмеймін, әкем білетін еді, - депті.  

     Мұнан соң бай сәйгүліктерді балаға бақтырып қойыпты. Бала ең тұлпарын танып,  жарата беріпті. Бір 

күні  бала тұлпарға мініп, еліне тайып отырыпты. Жат  жұрттықтар жабыла қуыпты. Бірақ бала оларға 

жеткізбей кетіпті. Сӛйтіп аман – есен еліне жетіпті. 

 

112 - Бөлім: Құстар неге сөйлей алмайды? 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1809 

 

 



Ерте заманда адамдар мен құстардың достығы мықты болыпты. Құстар адамдардың тілін түсіне алатын 

болған екен. 

   Биік тауда бүркіт өмір сүріпті. Бір күні бүркіттің қарны ашып, аулайтын аң аңдып отырады таудың биік 

шыңында  отырып.  Бірақ  ештеңе  табылмайды.  Күннің  көзі  бүркіттің  көзіне  түсіп,  ол  ұйықтап  кетіпті. 

Біраздан соң құстың қанатының даусынан оянып кетеді. Қараса, қаршыға жемтігін аулаған екен. Сөйтіп 

келесі  бір  төбешікке  барып  жейін  деп  жатыр  екен.  Оны  көрген  бүркіт  қатты  ашуланады  да  қаршыға 

отырған төбешікке барып, қаршығаны шұқып тастауға аз қалады. 

   Қаршыға қорықпастан: 

   — "Бүркіт, саған не болған дікеңдеп? Дұрыстап сұрасаң саған да беремін ғой еттен” дейді. Сонда бүркіт: 

   — "Маған сенің қонақжайлылығың керек емес. Жай сенің өліп қалған аңды қалай жейтініңді көрейін 

деп келдім” дейді. Бірақ етті көріп көзі қызып барады. 

   Оның сөзіне қаршыға күледі де: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              152 bet 

   — "Егер бұл аң өліп қалған болса, онда сен күні бойы не қарап отырдың?”. Бұл сұраққа көңіл-күйі түсіп 

кеткен бүркіт: 

   — "Мен бұл аңды көрмедім. Мен бұны емес, бір көзіммен қоянды, екінші көзіммен елікті аңдып отырған 

едім. Сен олардың етін жей алмайсың ғой. Же алдыңдағы етті, сасып кетпесін” деп жауап қайырады. 

   Бүркіт  пен  қаршыға  бір-бірімен  қатты  ұрысып  қалады.    Екеуінің  шуын  естіп  қалған  барлық  құстар 

жиналады. Құстар Құстандың занын сайлауды ойластырады. Сол хан ұрысты шешіп беруі керек болады. 

   Құстар шықылдап, шулап кетеді. Барлығының хан болғысы келеді. Сол кезде Бүркіт алға шығып: 

   —  "Мен  сендерге  хан  болу  керекпін.  Менен  де  биікте  самғап  ұшатын  ешкім  жоқ”  дейді.  Бірақ  оған 

құстар келіспей: "Жоқ, керек емес! Сен өте тәкәппарсың. Сол себептен де биік құзда өмір сүресің” деп 

қарсы болады. 

   Жарқанат шығып: 

   — "Менің хан болғым келеді. Менің қанатым сендердікіндей жүннен емес теріден. Алыстағыны естіп 

қоямын”. Бұған көкек келіспей қояды: 

   —  "Жарқанаттың  хан  болуы  мүмкін  емес.  Құстарға  ҚҰСПЫН  дейді,  аңдарға  АҢМЫН  дейді.  Оның 

үстіне  түні  бойы  ұйықтамай  ұшып  жүреді  де  бізге  ұйқы  бермейді.  Сендер  үшін  менен  жақсы  хан 

болмайды. Менің салған әніммен бүкіл жер беті және жасыл желек құлпырады”. 

   Көкектің  де  сөзіне  құстар  келіспей  қояды  да  былай  дейді:  "Көкек  бізге  хан  болмайды.  Ол  өзінің 

балапандарына қарамай тастап кетеді”. 

   Осы  кезде  құстар  арасында  үлкен  айтыс-тартыс  туды.  Әрбір  құс  өзін  хан  қылып  сайлауды  ұсынды. 

Құстар қатты шулап кетеді. Мұны естіп жоғарыда талдың басында сиқыршы қара қарға отырады. Ол: 

   — "Ақыры бір-біріңмен тіл табыса алмайды екенсіңдер, онда сөйлемей-ақ қойыңдар. Барлығының хан 

болғысы келеді” дейді. Сол кезден бастап құстар адам сияқты сөйлеуден қалады. 

   Міне, құстардың ауызбіршілігі болмағандықтан барлығы бірдей сөйлей алмай қалыпты. 

 

113 - Бөлім: Өсімдіктер мен кемпірқосақ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1810 

 

 



Баяғы  заманда  жер  бетіндегі  өсімдіктердің  барлығы  тек  жасыл  түсті  болыпты.  Бір  күні  қатты  жаңбыр 

жауып, олар қуанып, асыр салады. Жаңбырдың қалай басылғанын да байқамайды. Жапырақтар бетінде 

жаңбыр тамшылар қалады. Тамшылар да өсімдіктермен бірге ойнағысы келгендей түрлі түсті түске енеді. 

Дүние әдемі боп кетеді. Кенет өсімдіктер жаңбыр тамшыларынан әдемі біреудің өздерімен бірге күліп, 

ойнап, қуанғанын көреді. Оның сұлулығына таң қалады. 

   - Сен кімсің? – деп сұрайды одан Алма. 

   - Менің атым Кемпірқосақ, – дейді ол көзін қысып. 

   - Сен жаңбыр суының ішіне қалай кіріп кеткенсің? – дейді Алма таңданысын жасыра алмай. 

   - Мен жаңбыр суының ішінде емеспін, мен аспандамын, – дейді Кемпірқосақ. 

   Аспанға қараған Алма тіпті таң қалады. 

    - О-о-о, сен неткен сұлусың, Кемпірқосақ, мен де сіз секілді сұлу болсам ғой, шіркін,- дейді қызығып. 

   Алма мен Кемпірқосақтың әңгімесін естіген Қызанақ: 

   - Мен де сұлу болсам ғой, – дейді. 

   - Менің де сұлу болғым келеді, – дейді Баклажан қалыспай. 

   Сонда Кемпірқосақ: 

   - Менің қай түсім ерекше ұнады саған? – деп сұрайды Алмадан. 

   - Қызыл түсің, – дейді Алма. 

   - Онда мен саған қызыл түсімнен берейін, – дейді де Кемпірқосақ Алмаға қызыл түсінен сәуле шашады. 

Алма қып-қызыл нарттай боп кетеді. Ол қатты қуанады. Оны көрген Қызанақ: 

   - Менің де қызыл болғым келеді, – дейді тағатсыздана. 

   - Онда сен де қызыл бол, – деп Кемпірқосақ Қызанаққа да қызыл түсінен сәуле жібереді. Лезде Қызанақ 

та қып-қызыл боп қуанышқа бөленеді. 

   Сол сәт Баклажан: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              153 bet 

   - Менің де қызыл болғым келеді, – дейді. 

   Онда сен де қызыл бол, Баклажан, – деп Кемпірқосақ оған да қызыл түсінен бөліп береді. 

   Бірақ Баклажанға қызыл түс ұнамай қалады. Ол: 

   - Жоқ, менің қызыл түсті болғым келмейді. Маған көк түсің ұнап қалды, – дейді Кемпірқосаққа. 

   Баклажанның мінезін ұнатпаған Кемпірқосақ: 

   - Мен берген түсімді қайта ала алмаймын. Мә, саған көк түс, – деп қызыл түстің үстіне көк түсін шашып 

жібереді. Баклажан қою көк түсті болып шыға келеді. 

   - Қалай түсің енді ұнады ма? – дейді оған Кемпірқосақ. 

   Кемпірқосаққа ренжіп қалған Баклажан басын төмен қаратып бұртиып оған сөйлемей қояды.  

   Жеміс-жидектер  мен  көкөністердің  бірінен  кейін  бірі  әдемі  түске  еніп  жатқанын  көрген  Қияр 

жапырағының арасынан шыға алмай біраз әуреге түседі. 

   Дау Асқабақ маңғаз қалпы асықпай: 

   - Менің сары болғым келеді, – дейді. 

   - Сен сары бола ғой, Асқабағым, – деген Кемпірқосақ оған сары түсінен шашып жібереді. 

   Сол сәт секіремін деп жапырақтарының арасынан сәл басы қылтиып көрініп қалған Қиярға сары түстің 

бір  тамшысы  тамып  кетеді.  Лезде-ақ  Қиярдың  басындағы  жап-жасыл  гүлі  сап-сары  боп  шыға  келеді. 

Қуаныштан беті бал-бұл жанған Қияр отыра қап басындағы сары гүлін тамашалауға кіріседі. 

   Ал Асқабаққа сары түс түгел жетпей, оның денесінде жасыл жолақтар қалып қояды. Бірақ Асқабаққа 

мына түсі де қатты ұнайды. Ол Кемпірқосаққа: 

   -  Рахмет  саған  Кемпірқосақ!  Менің  түсімдей  түс  ешбір  өсімдікте  жоқ-ау  деймін.  Мен  осы  түсіммен 

қаламын, – дейді жадырап. 

   Бағанадан бері айналасындағы болып жатқан оқиғаға ұйқылы ояу қарап жатқан Қарбызға Асқабақтың 

түсі ұнап кетіп ұйқысы шайдай ашылады. Ол да қалыспай Кемпірқосақтан әдемі бір түсті сұрап алайын 

деп  ұмтыла  бергенде,  Кемпірқосақ  жоқ  болып  кетеді.  Қарбыз  жасыл  күйінде  қалады.  Содан  бері  ол 

Кемпірқосақтың шығуын күтіп үнемі аспанға қарап жататын болыпты. 

 

114 - Бөлім: Хан мен құмырсқалар ертегісі 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1811 

 

 



Баяғы заманда бір хан өмір сүріпті. Ол өзін әлемдегі ең ақылды, ең білгір адам деп санаған екен. Бірде 

хан  өзінің  әскерін  ертіп  аң  аулауға  шығады.  Және  шабармандарын  жан-жақтағы  құмырсқаларға, 

кішкентай  жәндіктерге  хабар  айттыру  үшін  тездетіп  жолға  шығарады.  Хан:  ”Барлық  құмырсқаларға, 

құрттарға  және  басқа  да  кішкентай  ақымақ  мақлұқтарға  ‘Он  күн  бойы  індеріңнен  шықпаңдар’  деп 

ескертіңдер. Егер айтқанды тыңдамаса, онда менің атты әскерім оларды таптап өтеді” деген бұйрығын 

айтады.  Барлық  жәндіктер  мен  құрттар  қатты  қорқып  індеріне  тығылып,  шықпай  қалады.  Тек 

құмырсқалар ғана ханды өздерінің ауылдарында қарсы алмақ болып, індерінде тығылып отырмайды. 

   Уақыты келіп, хан өзінің әскерімен келе жатса, жолдарында жыбырлап жүрген құмырсқаларды көреді.  

   —”  Мен  бұлардың  барлығына  ескертпеп  пе  едім?!  Құмырсқалардың  менің  айтқанымды  тыңдамай 

сыртта жүргендері қалай?” деп сұрайды. 

   Ханның  жанындағы  қызметшілері  абдырап,  абыржып  қалады.  Біраз  жер  жіріп  барып,  хан  өзінің 

нөкерлеріне ”Құмырсқалардың патшасын алдыма әлып келіңдер!” деп бұйырады. Құмырсқаның патшасы 

ханның алдына келгенде хан: 

   — ”Неге менің айтқаныма құлақ аспай, жолда қырсығып тұрып алдыңдар?” деп сұрайды. 

   — ”О, тақсыр! Біз сізді ауылымызға шақырып, қонақ етпекші едік” деп құмырсқаның патшасы жауап 

береді. 


   Патша бұл жауапты естігенде мысқылдап күледі де: 

   — Әй, ақымақтар-ай! Ойлаңдаршы. Біз сендердің ауылдарыңа қонақ болдық делік. Сонда сендер бізді 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет