таптым дер, ал бізді аштан өлейін деп келе жатқан жерінен өзім тамаққа тойындырып алдым дер. Әкеміз
екеуміздің байға жалданып мал баққанымызды естісе, менің атыма дақ келтірдіңдер деп дарға асуы да
мүмкін. Қайткен күнде де Хасанның көзін жою керек, содан кейін құсты өзіміз тауып алып келдік дейміз»,
- дейді. Екеуі осылай етіп келісіп, Хасанға келеді. «Бізге құдықтан су алып бер», - дейді. Хасан «мақұл»
деп беліне жіп байлап терең шыңырау құдыққа түседі. Асан мен Үсен Хасан құдықтың дәл ортасына
жетісімен жіпті пышақпен кесіп жібереді. Хасанды құдыққа тастағаннан кейін Асан мен Үсен қызды «мен
аламын», «мен аламын» деп таласып қалады. Қыз екеуіне де тимей, айдалаға қаңғырып кетеді. Асан мен
Үсен құсты алып еліне келеді. Әкесіне құсты алып келгенін баяндайды. Патша Асан мен Үсеннен: «Хасан
қайда?» - деп сұрайды. Асан мен Үсен: «Хасан біздің айтқанымызға көнбей, теңіздің суына шомылып
жатқанда, жайын жұтып қойды. Бірақ біз жайынды өлтірдік, Хасанның кегін алдық», - дейді. Патша
Хасанның өлгенін естіп, қатты қайғырып басын көтермей күн-түн жатып алады. Дәл сол күні перілер
ұйқысынан оянады, пері патшасының қызы қапастағы құстың жоқ екенін біліп қалаға жар салады.
Қалтасындағы хатты көріп, құсты адамзаттың алып кеткенін біліп, пері патшасының қызы әскерімен
құсты іздеуге аспанға ұшады. Хасанның әкесі бір күні өзі орнынан тұрмастан: «Құсты сайратыңдар!» -
деп бұйрық береді. Құсты алтын қапасқа отырғызып сайратады. Құс қайғылы, мұңлы үн, ащы дауыспен
сайрайды. Дәл осы кезде аспанда ұшып, құсты іздеп кең аспанды кезіп жүрген перінің қызының әскерлері
Хасанның елінің үстінен адам болып түсе береді. Аспаннан адам жауған соң, Хасанның елінің адамдары
үрейленіп, қорқып патшаға келіп тығылады. Пері патшасының қызы әскерімен құстың тұрған жеріне
келіп, патшаны алдына шақырады. Патша жатқан орнынан тұрып киімін киіп, белін буынып, аллаға
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
142 bet
сиынып, пері патшасының, алдына келеді. Пері қызы патшадан сұрайды: «Ей, адамзаттың патшасы!
Мына құсты қай балаңыз алып келді, соны маған көрсетіңіз, мен сіздің сол балаңызбен сөйлесер едім», -
дейді. «Әй, пері қызы! Осы құсыңды мен түсімде көріп, бір көруге құмар болғаным рас. Алып келіңдер
деп үш баламды жұмсағаным рас. Ал, сол үш баламның екеуі аман қайтып келді, ал ең кішісі жақсы
көретін балам қайтпады, жолда балық жұтты деп келді, өтірік-расын әлі анықтағаным жоқ. Ал, сол
баламның қайғысынан мына құсты осы бірінші рет көріп тұрмын, ендігісін ана тірі келген екі баладан
сұраңыз!» - деді де патша үйіне кетті. Пері қызы Асан мен Үсенді шақырып: «Қалай алып қайттыңдар,
соны айтып беріңдер», - деді. Асан мен Үсен: «Е, қалай алып қайттыңдар дейтін несі бар, жүйрік атпен
бардық та, алып қайттық», - деді. Пері қызы айтты: «Сендер шындарыңды айтпай отырсыңдар, бәрібір
мен қазір құсты сөйлетемін, құс барлық шындықты айтып, сендердің сөздерің өтірік болса, бастарыңды
аламын!» - деді де құсқа «сөйле» деп белгі берді. Құс жолда болған оқиғаның бөрін айтты: «Хасан ақ
көңіл, қайырымды жігіт екен, жылап қоймаған соң, ергенім рас, Хасан мені алып менің бұрынғы иемнің
үйіне әкелді. Содан кейін бәріміз осы жаққа қарай келе жатқанымызда жолда азып-тозып, ашығып келе
жатқан Асан мен Үсенді кездестірдік. Хасан бұл екеуін тамаққа тойындырып, киім киіндіріп еді, бұлар
Хасанға қастық ойлап құдыққа алдап түсіріп тастап кетті. Содан кейін менің бұрынғы иемді екеуі «мен
аламын», «мен аламын» деп таласып еді, ол қыз екеуіне де тимей, айдалаға қаңғырып кетті. Олардың
аштан өлетін уағы болған жоқ, әлі тірі болуы мүмкін», - деді. Пері қызының бір әскері жер жүзін бір
сағатта айналып шығатын жүйрік екен, пері қызы сол жүйрікті жұмсады, ал Асан мен Үсеннің басын кесіп
алды. Пері кызының мұнысына барын өз құлағымен естіген патша қарсы болған жоқ. Асан мен Үсеннің
басы алынып болған кезде жүйрік пері Хасан мен қызды алып келді. Пері қызы Хасанның батырлығына,
адамгершілігіне риза болып, құсты өз қолынан Хасанның әкесіне сыйлайды. Патша пері қызына алғыс
айтып қырық күн той, отыз күн ойын жасады. Пері қызы әскерімен қонақ болды. Сонымен адал адамдар
өз мақсаттарына жетіп, бақытты өмір кешті.
99 - Бөлім: Кім күшті?
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1796
Күресе де білетін,
Тіресе де білетін
Алтай бала бәрінен
Күштімін деп жүретін.
Қызарса да құлағы,
Тарқамайтын құмары.
Абайсызда бір күні
Мұзға тайып құлады.
Көз алдына бұлт қонып,
Кірпігіне шық толып,
Ісіп кетті шекесі,
Күдірейіп, күп болып.
Мұз дегенің мықты екен,
Қалай ұрып жықты екен,
Білейінші — мұндай күш
Бұған қайдан бітті екен!
Әй, мұз, дейім, мұз, дейім,
Бәрін айтып тізбейін.
Сенен күшті бар ма осы?
Бар болса, мен — іздейін.
— Не дегенің, шырақ-ау,
Менен күшті Күн — анау.
Тастаса бір сәулесін,
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
143 bet
Тас-талқаным шығар-ау...
Теңізді де кешеді,
Таудан тауға көшеді,
Алтай бала, ақыры,
Күнге барды, деседі.
— Қандай өзің көрікті ең,
Тұрмын Жерден келіп мен.
Сенен күшті бар ма осы,
Тастай мүзды еріткен?
— Соған, балам, сендің бе?
Анау бұлтты көрдің бе,
Сол күштірек, бөгесе,
Өте алмаймын мен мүлде...
Тарқамайды құмары,
Тау басына шығады.
Будақ-будақ бұлттардың
Бала жөнін сұрады.
Бұлттар келіп топталып,
Айтуға енді оқталып
Жатқанда, жел кенеттен
Қуып-айдап, кетті алып.
— Жел, әкеттің бұлтты айдап,
Күн сәулесі шықты ойнап.
Сен екенсің ең күшті,
Таба алмап ем қатты ойлап.
Ортекедей орғыған
Масаттанды жел бұған.
— Қозғалтшы енді, батырым,
Мына тауды орнынан!
Жел олай бір жүгірді,
Жел былай бір жүгірді.
Қозғалмасын білді де,
Құзға барып жығылды.
— Деген біреу Жел күшті,
Желдің өзі жер құшты.
Бәрінен де, Асқар тау,
Сен екенсің ең күшті.
— Жоқ!— деді тау,
— Менен де
Күшті мынау Емендер.
Тұрса дағы денемде,
Тамыры оның тереңде!
— Мұз да қалды далада,
Құз да қалды далада.
Күн де қалды көгінде,
Түк болмады Желің де,
Ең күштісі, Еменім,
Сен екенсің, тегінде.
— Әлі сен жас баласың,
Әрнеге таң қаласың.
Қажет етсең менен сен
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
144 bet
Қағаз жасай саласың.
Мұз, күн, бұлт, жел, қара орман
Адам үшін жаралған.
Бәрін соның қорғайтын —
Күшті ешкім жоқ адамнан!
100 - Бөлім: Екі дос
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1797
Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша
жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.
Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім
құтылып кетермін» деп жерге жата қалады.
Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен
досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.
Сонда досы: «Досына қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты»
дейді.
101 - Бөлім: Ғылманның өнері
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1798
Бұрынғы өткен заманда Бағдат шаһарында Ғылман деген бір ақылды адам болған екен. Бағдатта оның әр
түрлі дәрігерлік өнерімен атағы шығады. Мұны естіген Бағдат патшасы Ғылманды өзіне шақырып
алдырыпты. Патша күн сайын онымен бірге кеңесіп отырады екен. Ғылманның өнерлеріне таң қалып
жүреді екен. Бір күні патша үлкен уәзірін шақырып алып:
- Бұл Ғылман өте ақылды және өнері де көп адам екен. Осыны уәзір етсек қайтеді? - дейді. Уәзір
патшадан бұл сөзді есіткен соң: «Ғылман уәзір болса, бізді орнымыздан түсірер», - деген ойға келеді де:
- Ей, патшам! Бұл Ғылманнан мен қорқамын, өйткені басқа адамдар істей алмаған нәрселерді бұл істей
алады. Сондықтан бір күні сізді де, бізді де өлтіріп, өзі патша болып алар деп қорқамын, - дейді. Патша
кенет ойға қалады да қапа болып:
- Мұндай ақылды адам патшаларға зиянды болады екен ғой! Енді бұл Ғылманды не қыламыз, тез көзін
жойып өлтіреміз бе? - дейді. Уәзір қуанып:
- Ей, патшам! Әуелі одан үш түрлі ғылым сұрап алып, сол ғылымды біліп алайық, сонан соң өлтіреміз, -
дейді.
- Олай болса, Ғылманды не қылсаң да өзің біл, сенің қолыңа бердім, - дейді патша. Сол күннен бастап,
Ғылманды патшаның алдына келгізбейтін болды. Ғылман уәзірден:
- Патша неге мені кіргізбейтін болды? - деп сұрағанда уәзір оған:
- Патшаның уақыты болмай жүр, - дейді. Ғылман ақылға салып, ойлайды да патшаның жаратпағандығын
біледі. Уәзір:
- Ей, Ғылман! Патшамыздың сізден сұрайтын бір сауалдары бар, сол сауалдарға жауап беріңіз, - дейді.
- Мен әрқашан да қызметтеріңізге даярмын, - деп жауап береді Ғылман. Уәзір:
- Бірінші сауалы: қол астындағы дұшпанды ұстауға, өлтіруге жетік болу үшін қандай ғылымды оқу керек.
Екінші сауалы: патша қол астындағы халқын қайтсе байыта алады. Осы екі түрлі істің амалын бізге жазып
беріңіз, - дейді. Ғылман:
Мұндай ғылымдарды жазып беруге екі жыл уақыт беріңіздер, - дейді.
- Екі жыл тұрсын, екі ай бермейміз, екі жұмада жазып бітіресіз, - дейді уәзір. Ғылман екі жұмадан кейін
өзін өлтіретінін біледі де:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
145 bet
- Менің бұл істер туралы бар ақылымды сарп қылып, неше жыл жазған кітабым бар, енді мен соны бір
жұма қарап, қатесін түзетіп берейін, - дейді. Уәзір қуанып, шығып кетіпті. Бір жұмадан соң, Ғылман
уәзірге келіп:
- Кітапты түзетіп болдым, бірақ патшаға өзім тапсырсам екен, - дейді. Уәзір Ғылманды патшаның алдына
алып барған соң, Ғылман кітапты патшаға береді. Патша уәзірге:
- Ғылманды сыйлаңыз, қазір бір кесе шарап құйып беріңіз, - дейді. Уәзір у салынған шараптан бір кесе
құйып береді. Ғылман шарапта у барын сезеді де уәзір мен ханға сездірмей, қалтасынан бір кішкене
түйіршік тұз секілді нәрсені кесеге салып жіберіп, біраздан кейін шарапты ішіп салады; аздан соң ол у
ішкен адам секілденіп, қиналып тұрады да кесенің түбіне ұйыған уға саусағын малып уәзірге:
- Ай, уәзір, шырағым! Кітапты бердім, көп пайдалы кітап, әсіресе сіздерге керегі мына беттері, не
істейтінін мынау арада жаздым, - деп, саусағындағы уды кітаптың беттеріне жағып жібереді де патшадан
рұқсат сұрап, шығып кетеді. Уәзір мен патша Ғылман шыққан соң кітапты алып, жазуды қараса: «Кімде-
кім осы кітаптың қағазын он ретке дейін жаласа, ол кісінің қуаты тіпті кемімейді», - депті. Патша мен
уәзір бұған қуанып, кітаптың жазуындағы айтқан бетке шейін қағазды жалайды, сөйтіп, өз уынан өздері
өледі. Сол кітапта: «Патша қол астындағы халық тыныш болсын десе, әркімді ақ көңіл, әдепті қылып
үйретсін!». «Патша қол астындағы халық бай болсын десе, әркімді еңбекке тәрбиелейтін болсын!»
«Патша қол астында зұлымдықты тыямын десе, әуелі өзі зұлымдықтан тыйылсын!» - деген екен.
102 - Бөлім: Батпан құйрық
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1799
Қарны ашқан қасқыр тамақ іздеп, арсалаңдап келе жатады. Сол кезде түлкі жолығады.
- Қасеке, жолың болсын! Қайда жортып барасың? - деп сұрайды түлкі жылмаңдап.
- Түкем, қарным ашты. Тамақ іздеп барамын.
- Қасеке-ай, менің де қарным ашып келе жатыр еді, өзің кездестің. Жолым болады екен. Бірге іздейік.
- Ал, түке, ендеше баста, - дейді қасқыр. Қасқыр мен түлкі жорта жөнеледі. Бір мезгілде төңкеріліп
жатқан қойдың тегенедей құйрығына тап болады. Қуанғаннан қасқырдың екі көзі сексеуілдің шоғындай
жайнап кетеді. Оп-оңай табыла қалған тамаққа таңырқап, түлкіден сұрайды:
- Түке, түке, бұл неғылған батпан құйрық, тегіннен тегін айдалада жатқан құйрық?! Түлкі ойлаған боп,
қипаңтай жауап қайырды:
- Апырмай, қасеке-ай, бір алаңғасар базарға барған шығар. Арзан бағаға алған шығар. Қанжығасына бос
байлап, содан түсіп қалған шығар.
- Ай, түке, сонда да мен осыныңнан қауіптеніп тұрмын.
- Қасеке, сен қауіптеніп, қорқатын болсаң, мен-ақ жей салайын, - деп, түлкі құйрыққа үмтыла бергенде:
- Тоқта, тоқта! - деп, қасқыр арс ете қалады. Түлкі жалт беріп, құйрығын бұлғаңдатып, шоңқып отыра
кетеді. Ашқарақ қасқыр былқылдақ құйрыққа ауызды салып кеп жібереді.
- Қасеке, мені де ескерсейші! Олжаға ортақ емеспіз бе? - деп, түлкі өтірік мүләйімсиді. Қасқыр оған ала
көзімен ажырая қарап, тісін ақситып:
- Был-жыр-рра-ма...- дейді де, қойдың тегенедей құйрығын төрт-ақ асап, толғап-толғап, қылғи салады.
Қарны тойып, қарық болған қасқыр аузын кере қарыс ашып, ыңыранып, бір керіліп алады да, жорта
жөнеледі.
Іші біліп, мұртынан күліп, қасқырдың соңынан келе жатқан түлкі:
- Апырай, қасеке-ай, әлгі май құйрықтан тым болмаса бір асам дәм татырмадыңыз-ау, ә?! - деп,
күңкілдейді.
- Түке-ау, мұрныңа майдың иісі барғаны да жетпей ме! - деп, қомағай көкжал қарқ-қарқ күледі. Біраздан
кейін қасқырдың көзі алақтап, тілі салақтап, жанын қоярға жер таппай, дөңбекшиді де калады.
- Е-е... құйрық жейтін батырмысың, жан бергелі жатырмысың?! - деп, түлкі қусықылықтай кеп күледі.
Емің бар ма, түлкіжан-ау... Түкешім, аясаңшы ағаңды, - деуге қасқырдың тілі әрең келіпті. У барған ішке
су барса, тез өлтіретінін білетін түлкі:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
146 bet
- Удың емі су болады, қасеке. Су ішсең, жаның қалады, сәтін салса, - дейді. Қасқыр бар қалған күшін
жинап, суды тілімен жалап-жалап алады да, қалпақтай ұшып түседі.
- Міне, саған батпан құйрық, айдалада тегіннен-тегін жатқан құйрық! - дейді де, түлкі өз жөніне кете
барады.
103 - Бөлім: Ақылды етікші
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1800
Бұрынғы өткен заманда бір патша болған екен. Оның әрбір тәртібін халқы екі етпей уақытымен орындап
тұрады екен. Бір күні бұл патша: «Менің әрқашан халық пайдасына еткен әмірім орнына нақпа-нақ келіп
тұрады және халқым да мені жақсы көреді. Сондықтан да мен олардың пайдасын ойлаймын. Енді мен осы
халқыма зиянды бір әмір таратайын. Халқым тыңдап, орнына келтірер ме екен? Жоқ, келтірмес пе екен?»
- деп ойлап уәзірлеріне:
- Халыққа тегіс хабарландырыңдар: «Ешкім басына пайда қылмасын!» - деп, әмір қылады. Бұдан соң
уәзірлер бұл әмірді халыққа естіртіп болып, патшаға:
- Халқыңыз әміріңізді нақпа-нақ айтқаныңыздай орнына келтіретін болды, - дейді. Патша уәзірлеріне еш
жауап айтпайды. Түн болған соң үстіне бөтен, ескі киім киіп, әмірінің қалай орындалғанын көру үшін
көшеде жүрсе, шеттегі бір үйде шам жанып тұр екен. Патша қайыр сұраған кісі болып, шам жанып тұрған
үйге келсе, үйдің ішінде бір етікші етік тігіп отыр екен. Етікші қайыршыны көріп тұра келіп, бір кішкене
нан береді. Сонда қайыршы:
- Сен патшаның әмірін тұтпаған не қылған адамсың? «Ешкім басына пайда қылмасын және шам да
жақпасын», - дегені қайда? - дейді. Сонда етікші: «Сенің онда не жұмысың бар? Сондай әмір қылып
отырған патша да ақымақ. Себебі, мен жарлы адаммын. Күнде төрт теңге пайда қыламын да, төрт теңге
зиян қыламын. Міне, мен сонымен күн көріп отырмын. Патша ақылды болса, осыны білер еді», - дейді.
Патша бұған жауап қайтармастан үйіне келеді де, ақылды төрт уәзірін шақырып алып: Сіздерді
басқалардан ақылы көп деп, өзіме уәзір қылып едім. Енді менің сіздерден сұрайтын сауалым бар. Күніне
төрт сом пайда, төрт сом зиян қыламын. Сол пайдам мен зияным не? Үш күн ішінде соны табыңдар. Таба
алмасаңдар, бастарыңды аламын! Өздерің таппасаңдар да табатын кісі тапсаңдар, жазадан құтыласыңдар!
- депті. Уәзірлер үш күннің ішінде өздері де шеше алмай және табатын кісі де таба алмаған соң, енді
патшаға көрінбей, қашпақшы болып жүргенде, баяғы етікші уәзірлерге келіп:
- Мен патшаның сұраған сауалын тапсам, сіздер маған не берер едіңіздер? - дейді. Уәзірлер төрт мың
ділда бермекші болады. Етікші уәзірлерден төрт мың ділданы санап алып, олармен бірге патшаға барады
да:
- Тақсыр, мен етік тігіп, әр күні төрт сом пайда, төрт сом зиян қылам. Ол былай: бір сомды қарызға
беремін. Бір сомды ескі қарызымды төлеуге беремін, бір сомды құдыққа тастаймын, бір сомды әйеліммен
екеумізге жұмсаймын, - депті.
Сонда патша:
- Әйеліңмен екеуіңе жұмсалған ақшаға бәріміз де түсінеміз, қалған үш сомның жұмсалған орнын
анықтап түсіндір, - депті. Бұл сөзге етікші былайша жауап қайырыпты:
- «Бір сомды қарызға беремін», - дегенім: «Қартайғанда өзімді асырар», - деп балама беремін. «Бір сомды
ескі қарызыма беремін» - дегенім: өзімді жасымда асыраған кәрі әкем мен шешеме беремін. «Енді бір
сомды құдыққа тастаймын» - дегенім: күйеуіне тұрмай, қайтып келіп отырған қызым бар, соған беремін
дегенім, - депті. Сонда патша: «Бұл етікші ақылды адам екен», - деп, өзіне уәзір қылған екен.
104 - Бөлім: Ай неге жалаңаш қалды
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1801
Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп,
тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
147 bet
- Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен
мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.
Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.
Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен
қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі.
Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен асқанда келе жатқан топ-толық өзі
тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша
жөнеледі. Ай ары іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш
қалыпты.
105 - Бөлім: Үш жетім
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1802
Ертеде, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір патша бар екен. Оның жалғыз ұлы болыпты. Ол
ұлы ажалы жетіп ауырып өліпті. Жалғыз ұлының күйігінен патша далаға шықпай жатып алыпты. Бұл
патшаға бірнеше патша көңіл сұрай барыпты. Сонда да тұрмапты. Патша басқармаған соң елі күйзеліпті.
Осы елде жан ашыр адамы жоқ, әке-шеше, аға-іні дегендей туған туысы жоқ үш жетімек бар екен. Бұлар
үшеуі ақылдасып «біз патшаның көңілін сұрасақ қайтеді» деген оймен патшаға бармақшы болады. Бұлар
халықтарына «біз барып көңіл сұрасақ қайтеді» деп ақылдасады. Халықтары: «Сен үшеуің түгіл
сендерден де зорлар барып көңіл айтқан сонда да тұрмаған патша, сендерге тұра ма?» - депті. Әрине ол
уақта жетім-жесірді көрсе де көзге ілмейтін уақ қой. Осы күні бұл үшеуі жылап-жылап ауылына қайтады.
Тағы бір күні үшеуі ақылдасып, алған бетімен патшаның ордасына бармақшы болып, үйінен шығып, сол
бетімен ордаға келеді. Барайын десе алдындағы қарауыл рұқсат етпейді. Осы жерде бұлар тұра береді. Ол
қарауылдары барып, патшаға хабар етеді. Бала деген соң «патша қандай жұмысы бар екен, әкел» дейді.
Сонымен үшеуі барып отырады. Онан соң патша: «Қош, жұмыстарың не, айт», - дейді. Үшеуінің ішінде
біреуі тұрып айтады:
- Ия, таласымыз бар. «Қандай талас, айт қәне?» - дейді патша. Бала біреуін қолымен көрсетіп: «Мынау бір
жерге алтын қойып кетіпті. Оны мынау қойған жерден алып кетіпті. Осы алтын қойған баланікі ме, жоқ
болмаса, қойған жерден алған баланікі ме, міне, осы таласымыз», - дейді. Патша: «Әрине, қойған баланікі»,
- дейді. Бала тұрып: «Сонда алтын қойғандікі болды ма?»
- Ия.
- Ендеше, құдай баланы осы дүниеге қойды, яғни жаратты, оны сіз алдыңыз. Бірақ ол алған сіздікі емес,
қойған құдайдікі ғой. Не үшін қапа болып төсектен тұрмай жатырсыз? - деп көңіл айтыпты бұл үшеуі.
Онан соң патша орнынан тұрып есін жинап, қайтадан халқын жинап алыпты дейді. Патша уәзірлерін
шақырып, бұларды уәзірлердің қатарынан босатып, бұлардың орнына үш жетім баланы ақылды, білгір,
зеректігі үшін уәзірлік қатарына енгізіпті. Ал енді бұлар уәзір болып тұра тұрсын. Бұрынғы ескі
уәзірлеріне келейік. Бұлар үш жетімнің уәзір болғанын көре алмай елге үгіт таратып, осы жердегі тау
тасты уатуға, елді бүлдіруге кірісіп, қаланың көп жайларын бұздырып осындай әрекет жасап жүрген кезде
патша бір күні жорыққа бұрынғы, соңғы уәзірлерімен шықпақшы болады. Сөйтіп жорыққа шығып келе
жатса бір қайырылыс жерде екі байғыз атты құсқа көзі түседі. Қараса біреуі ойда, екіншісі қырда отырған
екен. Үш жетім бұрын айтады екен «біз құстың да тілін білеміз» деп. Оны ана уәзірлер біледі екен. Бұлар
айтыпты, патшаға: «Осы сіздің жаңадан сайлап алған үш уәзір балаңыз айтатын еді, біз құстың да тілін
білеміз деп, егер де білетін болса анау отырған байғыздың біреуі ойда, екіншісі қырда нағып отыр екен
осыны сұраңызшы», - депті. Байғызбен тілдесіп біліп келу үшін біреуін жібереді. Ол атынан түсіп, атының
ерін қайтадан мықтап тартып алып, қайта атына мініп артынан қуып жетеді. Аналар сұрайды: «Не үшін Достарыңызбен бөлісу: |