ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет20/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   153

табылмаса, шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық», –  дейді. 

     Сиыр айтты: «Адам егін ексе, меніменен егеді, сүтімді ішеді, құрт-май істейді», – деп. 

     Қой айтады: «Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді? Жүнімді алып киіз істейді, жабағымменен 

киіз тігеді, арқан-жіп істейді, сүтімнен құрт-май алады», – дейді. 

     Ит  айтты:  «Мен  болмасам,  сендердің  көбіңді  не  ұрлап,  не  қасқыр  жеп  тауысар  еді.  Сендердің 

баршаларыңның мен бақташыңмын, дұшпан көрінсе, үріп, абалап иеме хабар беремін». 

     Тауық  айтты:  «Мен  болмасам,  кісі  ерте  тұрып  жұмысына  бармай  ұйықтап  қалар  еді.  Мен  таңертең 

тұрып  шақырып,  хабар  айтамын  «таң  атты»  деп.  Көп  отырса,  «жұмысыңнан  қаларсың  жатар  уақыт 

болды» деп, түн ортасында шақырамын, кеш болса, тағы шақырамын, «мезгіл болды» деп», – дейді. 

     Тышқан не айтарын білмей тұрды да, бір түрлі қулық ойлап, жиылған көпке айтты: «Бұл таласқанмен 

ешнәрсе өнбес, күнді қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын», – дейді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              125 bet 

     Өзгелері қарап тұрғанда, түйе өзінің биіктігіне сеніп, «менен бұрын кім көреді» деп, тышқанның сөзін 

қостап, бәрі де қарасып тұрды. Біраздан соң тышқан жорғалап түйенің үстіне шығып, өркешінің басына 

мінді де отырды. Мұнан соң күнді бәрінен бұрын тышқан көріп, хабар беріп, жыл басы болғаны. 

     «Түйе бойына сеніп құр қалды», – деген сөз осыдан қалған екен. 

 

84 - Бөлім: Мысық неліктен тышқан жейді? 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1781 

 

 



Ерте, ерте, ертеде  мысық пен тышқан өте тату өтетін дос екен. Олар тапқандарын бөліп жеп, ойнап-күліп 

жүріпті. 

  Сол  кезде  адамзат  жыл  мүшелдерін  белгілеу  үшін  бір  жылы  хайуанаттарды  жинап  сайлам  жүргізбек 

болыпты,  бұл  сайламға  бүкіл  хайуанаттардың  барлығы  қатысуы  керек  екен.  Ертең  сайлам  жүргізіледі 

деген күні  ұйқышыл мысық «Тәңертең ұйықтап қалып сайламнан құр қалмайын» деген  ойымен қағылез 

досы тышқанға: 

  –  Ағайын,  ертең  сайламға  бірлікте  барайық.  Ұйқының  қаттылығын  өзің  білесің,  таңертең  мені  сөзсіз 

оятып қой, ертерек барайық, – депті. 

  – Қам жеме, мысық аға, мен таң атпай оянғаныммен, сені оятпай қайтіп жалғыз барамын, – депті тышқан. 

Бірақ  ол  түніменен  ойға  батып  «Сайламға  қатынасатындардың  саны  көбейіп  кетсе,  маған  жыл  тимей 

қалуы мүмкін» деген байламға келіп ертесі таңертең алаң-елеңде орнынан тұрып, қасындағы мысықты 

оятпай өзі жалғыз сайламға жетіп барады. 

  Сайлам барысында тышқанның жолы оңынан келіп, он екі жыл мүшелінің біріншісі болып сайланады. 

  Тышқан қайта оралғанда орнынан енді тұрған мысық: 

  – Сайламға қашан барамыз? – деп сұрайды. 

  –  Әлі ұйықтап түс көріп тұрсың ба?!  –  дейді. Тышқан мазақтай күліп,  –сайлам аяқтағалы қашан, мен 

сайланып қана қалмастан, біріншілікті қолдан бермедім. 

  – Мені неге оята салмадың? – дейді мысық ренжіп. 

  – Ұмытып қалыппын, – дейді тышқан. 

  – Ашуланған мысық мұртын едірейтіп: 

  –  Оңбаған,  бетсіз!  Тұқымыңды  құртайын,  –  деп  оқша  атылып  барып,  тышқанды  бас  салып, 

қылқындырып өлтіреді де, жеп алады. Бірақ мысық әлгі тышқанды өлтіргенімен, жыл мүшелікке ие бола 

алмайды. Сөйтіп, күні бүгінге дейін мысық тышқанды көрді болды, бас салып қысып, мылжа-мылжасын 

шығарып жеп алатын болыпты 

 

85 - Бөлім: Ит неліктен ырылдайды? 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1782 

 

 



Бұрынғы заманда бір байдың бір ит, бір мысығы бар екен. Иті кәрі, мысығы жас екен. Күндердің бірінде 

әлгі бай ит пен мысыққа жұмыс тапсырыпты. Ол: 

  – Екеулерің ана ауылдағы қызыма мына алтын жүзікті апарып келіңдер, мысық сен жүзікті алып жүр. 

Ит саған жол бастасын, сақтанып жүріңдер, жүзікті жоғалтып қоймаңдар, – дейді. 

  Олар жолға шығып, жарым жолға келгенде алдарынан бір өзен кез болады. Өзенде көпір жоқ екен, сонан 

олар  өзеннен  малтап  өтбек  болады.  Мысықтың  малтауға  онша  шебер  емес  екенін  білетін  ит  жүзіктен 

алаңдап: 

  – Ей, мысық, өзеннен өткенше жүзікті маған бер, сен жоғалтып аласың, – дейді. 

  – Болмайды, – дейді мысық, – қожайын маған: «Жүзікті сен алып жүр» деген, саған бере алмаймын. 

  –  Мен  саған  қарағанда  мұқияттаумын,  өзеннен  өткенше  жүзікті  маған  бер,  аузыма  салып  алайын, 

өзеннен өткен соң өзіңе беремін, –  дейді ит. 

     Ақыры, мысық жүзікті итке береді. Олар өзеннің ортан беліне барғанда ит: 

  – Ойбай! Жүзік аузымнан түсіп кетті, – дейді. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              126 bet 

  – Енді қайттік! – дейді мысық. 

  – Мен іздеп көрейін – дейді ит. Алайда қанша іздегенімен жүзікті таба алмайды. Ақыры олар жағдайды 

қожайынға айту үшін үйге қайтады. Үйге таяғанда ит жазаланудан қорқып, орманға кіріп, ғайып болады. 

  Мысықтың тез қайтып келгендігін көрген қожайын алаңдап: 

  – Ит қайда? – дейді. 

  – Жүзікті жоғалтып қойып қашып кетті, – дейді мысық. Ашуланған бай иттің танауын тартпақ болып, 

ауылдағы басқа иттерді жинап алып оларға: 

  – Қайтсеңдер де әлгі итті тауып келіңдер, – дейді. 

  – Біз ол итті басқа бейуаз иттерден қалай парықтаймыз? – деп сұрайды әлгі иттер. 

  –  Ол  ерекше  қартайып  кеткен,  аузында  бір  де  тіс  жоқ,  сендер  оның  тісіне  қарасаңдар,  оңай  тани 

аласыңдар, – дейді бай. 

   Сонымен, иттердің барлығын әлгі кәрі итті ұстап келу үшін жан-жақтан іздеуге аттандырады. Талай тау-

тасты  басып  іздеуге  аттанады.  Олар  талай  тау-тасты  басып,  өзен-тоғайды  аралап,  алыс-жақындағы 

қалалардың барлығына барады. Алайда әлгі итті ешқандай жерден таба алмайды. Күні бүгінге дейін иттер 

алтын жүзікті, сол итті таба алмапты. Сол үшін қазір де иттер бірін-бірі көріп кездесе қалғанда «Байдың 

алтын жүзігін жоғалтқан ит  мен емес, сенбесең қарап көр, тісім сау» деп тістерін ақситып, ырылдап қояды 

екен. 


 

86 - Бөлім: Не үлкен? 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1783 

 

 



Бір кедейдің үш баласының ортасында мал дегенде бір жалғыз өгізі болыпты. Өгіз орасан үлкен екен. 

Өгізді оттату үшін үлкені – басына, ортаншысы – беліне, кенжесі құйымшағына мініп, оттанады екен. Бір 

күні жайылымда жүргенде, өгіз оттамай қалыпты. Құйымшағында отырған кенжесі: 

  – Өгіз жапаламағалы бүгін он күн болды, осыны орта белдегі ортаншыға айта салыңыз, – деп, жанынан 

өтіп бара жатқан бір жолаушыға тапсырыпты. Жолаушы ұзақ күн жүріп, кешке  қонаға өгіздің белінде 

отырған ортаншыға жетіпті. Жолаушы оған кенжесінің сәлемін айтса, ортаншысы: 

  – Осы өгіздің бүйірі орталанып, іші қабысып бара жатыр ма деп, өзім де күдіктеніп отыр едім, осыны 

өгіздің басындағы ағамызға, бара қалсаңыз, жолдан айта кетерсіз, – депті. 

  Жолаушы түнімен жүріп, таң ата өгіздің басына жетіп, өгіздің басындағы балаға: 

  –  Мен  осы  өгізді  өрлей,  ат  шалдырмастан  дамылсыз  бір  күн,  бір  түн  жүріп  келемін.  Құйымшақтағы 

кенженің өгіз жапаламағалы он күн болды деп, ортаншыңыз өгіздің бүйірі орталанып, іші қабысып бара 

жатқанын байқап отырмын деп, саған сәлем айтты, – дейді. 

  Сонда өгіздің басындағы бала: 

  – А, өгіз шөлдеп жүр екен деп, су іздепті. Мөлшерлі жерден өгіз қанарлық мол су таба алмапты. Енді 

кейін кетіп бара жатқан бір жолаушыға өгіздің басындағы бала тапсырыпты: 

  – Өгізді суаруға көл іздеп барамын, ортадағы ортаншыға әдейі жолығып айтыңыз, өгізді тездетіп тебінсін, 

– депті. Жолаушы жүріп отырып, шаңқиған түсте өгіздің белінде отырған ортаншыға келіп, ағасының 

тапсырғанын айтыпты. Онда ортаншы бала: 

  –  Ендеше  ерте  барсаңыз,  құйымшақтағы  кенжемізге  айта  салыңыз,  қаузап,  қамшылай  түссін,  –  депті. 

Жолаушы күн ұясына кіре өгіздің құйымшағындағы кенжесіне жетіп, ортаншының тапсырғанын айтыпты. 

Сонда басында отырған бала өгізді айдын шалқар көлге әкеп суғарыпты. Өгіз үлкен көлді үш-ақ ұрттап, 

қанбай қалыпты. Үшеуі өгізден түсіп тұрғанда, аспаннан бір ақиық бүркіт келіп, өгізді іліп әкетіпті. Өгізді 

алған  бүркіт  айналып  ұшып  жүріп,  бір  бәйтерекке  қонса,  ол  бәйтерек  бір  серкенің  мүйізі  екен.  Серке 

мүйізін шайқағанда, серкенің сақалында көлеңкелеп жатқан бір  шалдың көзіне өгіз түсіп кетіпті. Шал 

көзін уқалап кемпіріне: 

  –  Көзіме  бір  шөп  түсіп  кетті,  арылта  қарап, алып  тасташы,  –  десе,  кемпірі  әрі  қарап,  бері  қарап,  таба 

алмай, әдейі арылта іздеуге сары атқа мінгізіп, қолына сабау ұстатты, салт атты кісі жіберіпті. Бұл кісі 

өгізді  үш  күн  қарап,  әзер  тауып,  көздің  көліне  түсіп,  арам  өлген  жерінен  тоқымға  салып,  сүйретіп, 

шығарып тастапты. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              127 bet 

  Екі-үш  жылдан  кейін  өгіздің  өлексесіне  шөп  шығып,  сүйегі  солқылдаған  саз  болыпты.  Жауырын 

сүйектің  жазығына  ел  жайлап,  мал  жайылатын  өріс  болыпты.  Бір  күні  отырған  ауылымен,  жайылған 

малымен  жауырынды  бір  түлкі  сүйрей  ала  жөнеліпті.  Ауыл  адамдары  бәйге  атпен,  қыран,  тазымен 

жабыла қуып жүріп, түлкіні соғып алыпты. Түлкінің терісін илеп, бәйбіше баласына тұмақ қылып берсе, 

бір құлағына жетіп, бір құлағына жетпей қалыпты. 

  – Айтыңдар, балалар, кім үлкен? 

 

87 - Бөлім: Қарлығаш пен дәуіт 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1784 

 

 



Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары 

шыдамсыздана күтумен болады екен.. 

  Бір  күні  қарлығаштың  ұясына  жылан  өрмелеп  бара  жатады.  Мұны  көрген  қарлығаш  шыр-шыр  етіп, 

балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкекке барады. 

  Қарлығаш: «Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!» – дейді. 

  - Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, – дейді көкек. 

  Қарлығаш  ұшып  қарғаға  келеді.  –  Қарғажан,  маған  көмек  бере  гөр.  Балапандарымды  жылан  жегелі 

жатыр, – дейді жылап тұрып.- Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан: Мен үйленейін деп жатырмын, 

мазамды алма! – дейді маңғазданып. 

  Қарлығаштың  амалы  таусылып,  шырылдап  ұшып  келеді.  Қарлығашқа  дәуіт  .-  Улы  жылан 

балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады. -Олай болса, мені тезірек жеткіз, -дейді дәуіт. 

Қарлығаш қанатын тосады. Қарлығаш пен дәуіт көзді ашып-жұмғанша ұяға жетед 

  Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланға тап береді. Жылан сылқ етіп жерге құлап түседі. 

  Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болады. 

  Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүретін болған екен. 

 

88 - Бөлім: Күшік пен мысық 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1785 

 

 



Бір күні қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүрсе, қасқыр жүгіріп келіп: 

  — Ей, күшік, мен сені жеймін! – депті. 

  — Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз,сонан соң жерсің, – депті күшік. 

  Қасқыр: 

  — Жарайды, жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер, – депті. 

  Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды көріпті. Қасқыр өзінің жолдасына қарап: 

  — Маған қарашы, менің көздерім, құлақтарым, ауызым, құйрығым қандай екен? – депті. 

  — Сенің екі көзің шоқтай қызарып жайнаған, екі құлағың жымиған, аузың арандай ашылған, құйрығың 

артқы екі аяғыңның арасына қыстырылып, жас шыбықтай болып майысқан, – депті күшік. 

  — Мен не қылар екем, соны қара, – депті де, қасқыр шапшып барып, бір бұзаудың тамағына жабысады 

да, тұншықтырып өлтіріп, күшікті де тойғызады, өзі де тояды. 

  — Мен тойдым, сенің етіңді енді жемеймін. Қош бол! – дейді де, қасқыр желе жортып, кетіп қалыпты. 

  Күшік бұзаудың жемтігінің қасында қалып, үш күндей тегін етке тойып жатыпты. Ақырында, іші пысқан 

соң, қаңғып жортуылға шыққан екен, бір аш мысыққа кез болып, оған: 

  — Ей, мен сені жеймін! — депті. 

  — Қой, күшеке, қой! Әуелі мені тойғыз, сонан соң жерсің, — депті мысық. 

  — Жарайды! Менімен бірге еріп жүр, — депті күшік. 

  Біраздан соң бұлар бір топ түйеге келіпті. 

  Күшік: 

  — Мысық! Маған қарашы: менің көздерім, құлақтарым, аузым, құйрығым, қандай екен? – депті. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              128 bet 

 — Несін айтасың! Сенің көзің бозарып тұр, құлақтарың салпайып тұр, аузың айқайып тұр, тілің салақтап, 

құйрығың салбаңдап тұр, – депті мысық. 

  Сонда оған күшік: 

  — Енді мен не қылар екенмін, көр! – депті. 

  Күшік жүгіріп барып, бір түйенің аяғын тістейін дегенде түйе мұны дәлдеп тұрып, басқа теуіп қалыпты, 

күшік сол арада сеспей қатыпты. Сонда мысық айтыпты: 

  — Әй, мақтаншақ! Сен әліңе қарамай, қиын іске қолыңды созасың! Сенің етіңді енді мен жемеймін, – 

депті. 

 

89 - Бөлім: Түйе, арыстан, қасқыр, түлкі 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1786 

 

 



Бір түлкі жортып келе жатып, қаңғып бара жатқан бір түйеге кездеседі. 

— Түйем, түйем, қайда барасың? — дейді. 

Түйе: 

— Оты мол, суы мол жер іздеп барамын, — дейді. Түлкі: 



— Ендеше, екеуміз жолдас болайық! — дейді. 

Түйе: 


— Болсақ болайық, - дейді. Екеуі келе жатса, бір қасқыр келіп жолығады. 

— Е, қайда барасыңдар? — дейді. Түйе мен түлкі: 

— Оты мол, суы мол жерге барамыз, — дейді. Қасқыр: 

— Ендеше, үшеуміз жолдас болайық! — дейді. Бұл үшеуі жолдас болып, жүріп келе жатса, бір арыстан 

келіп кездеседі. 

— Е, қайда барасыңдар? — дейді. Үш жолаушы: 

— Оты мол, суы мол жер іздеп барамыз, — дейді. Арыстан: 

— Ендеше төртеуміз жолдас болайық, — дейді. 

Төртеуі  жүріп  отырып,  өзен-сулы,  биік  таулы  бір  жерді  тауып,  соны  мекен  қылып  жүреді.  Арыстан, 

қасқыр, түлкі ұсақ аң, тышқан аулап жеп, итшілеп күн көреді. Түйе жердің оты мен суына жардай болып 

семіреді. 

Бір кезде қылышын сүйретіп, қыс келеді. Ұсақ аң таусылып, арыстан, қасқыр, түлкі үшеуі әбден ашығады, 

өлетін болады. Көздеріне түйеден басқа ештеңе көрінбейді. Сонан соң үшеуі ақылдасып, түйені жемек 

болады да, онымен сөйлесуге түлкіні жібереді. Түлкі түйеге барып: "Қыстан сенің аман шығуың туралы 

кеңестік, ақылын таптық. Сені ішімізге сақтап, өзіңді сонда боталатып, қыстың қиыншылығын көрсетпей, 

жазға салым өріске ботаңмен өргізіп шығаратын болдық",  — дейді. Түйе бұған нанып, уәдесін береді. 

Оны түлкі келіп, арыстан мен қасқырға айтады. 

—  Түйе  көнді…  Бірақ  сендерден  өтінетінім:  "Үшеуің  етімді  теңдей  қылып  бөліп  алмай  түрып,  жеуші 

болмаңдар деді", — дейді. 

Оған арыстан мен қасқыр қуанып: 

— Ойбай жарайды! Дегені болсын, — дейді. Үшеуі түйеге келеді. Келе сала, оны жығып, жара бастайды. 

Арыстан ішек-қарнын суға жууға әкетеді. Арыстан келгенше, түйенің етін бұзып, бөлшектеп жатқанда, 

қасқыр шыдамайды, түлкінің көзін ала беріп, түйенің бүйрегін асап кеп жібереді. Түлкі миын жеп қояды. 

Арыстан келген соң, қасқыр жамандап, түлкіні көрсетеді. Түлкі: "Тақсыр, түйенің миы әуелден жоқ екенін 

білмейсіз бе? Оның миы болса, осыған көнер ме еді? Қасқыр өзі түйенің бүйрегін жеп қойып, жаласын 

маған  жауып  түр",  —  дейді.  Арыстан  қасқырға  тап  береді.  Қасқыр  тұра  қашады.  Арыстан  оны  қуа 

жөнеледі. Қасқырды қуып, арыстанның қарасы үзіледі. Бұл кезде түлкі етті қопаға таси бастайды. 

Көптен соң ентігіп, болдырып арыстан келеді. Келсе, түлкі жылап отыр. 

— Не болды? Түйе қайда? — дейді арыстан. Түлкі: 

—  Ойбай,  қор  болдық,  уәдеде  тұрмадыңдар,  бірдей  қылып  бөлісуге  шыдамадыңдар  деп,  тұрып  кетіп 

қалды, — дейді. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              129 bet 

— Қап! — деп, арыстан түйені іздеп кетеді. Кешке қырылдап қасқыр келеді. Түлкі оған да түйенің кетіп 

қалғанын айтады. Қасқыр да: 

— Қап! — деп өкініп, түлкінің қасына келіп, бұралып жата кетеді. 

Түңде  түлкі  ептеп  тұрып  барып,  қопаның  арасынан  түйенің  ішек-қарнын  әкеліп,  құйрығының  астына 

тығып жеп жатады. Түлкі ішек-қарынды жеп бола бергенде, қасқыр сезіп қалып: 

— Түлкі, түлкі, не жеп жатырсың? — дейді. Түлкі: 

— Ашыққан соң, өз ішегімді өзім суырып жеп жатырмын! — дейді. 

Қасқыр: 

— Е, ауырмай ма екен? 

Түлкі: 

- Әуелі ауырса да, артынан басылады екен, — дейді. Қасқыр: 



— Ендеше, сен менің де ішегімді суырып берші, — дейді. Түлкі: 

— Жарайды! — деп келіп, қасқырдың ішегін суырып алады. Қасқыр қыңсылап, қыңсылап өліп қалады. 

Түлкі оның да етін жеп алады. 

Бір күні түлкі келе жатса, арыстан бір жартастың басына шығып түр екен. Түлкі оған қарап, тұра қалып 

күледі. Арыстан: 

— Е, неге күлесің? — дейді. Түлкі: 

—  Сіздің  атаңыз  осы  жартастың  басынан  талай  секіріп  түскен  еді.  Сіздің  тұлғаңыз  сол  атаңыздың 

тұлғасынан аумаған екен. Ерлігіңіз де соңдай шығар деймін. Мынадан сіз де қорықпай қарғыр ма едіңіз?.. 

— дейді. Арыстан: 

— Е, қарғыса несі бар дейсің! — деп, шегініп келіп, қарғиын деп қорқып, қарғи алмайды. Сонда түлкі 

тағы күледі. Арыстан ыза болып, қарғып кеп түседі. Жамбасы күл-талқан болады. Түлкі келіп: 

— Е, неғып жатырсың? — дейді. Арыстан: 

— Ойбай, өлейін деп жатырмын! — дейді. Түлкі: 

— Ендеше, мен сізді емдеймін! — деп, арыстанның қоңын ойып, жей бастайды. Арыстан: 

— Түлкім, түлкім, тілімді жеші! — дейді. Түлкі: 

—  Жоқ,  батыреке,  артқы  қоңыңыздан  бастап,  тіліңізден  бір-ақ  шығам,  —  деп,  арыстанды  жей  береді. 

Сөйтіп, түлкі қыстан аман шығады. 

 

90 - Бөлім: Қартайған арыстан 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1787 

 

 



Бір заманда үлкен тауды бір арыстан жайлапты. Ол басқа аңдарға зорлық-зомбылықты шектен тыс асыра 

істеген екен. Бірақ қандай қиянат көрсе де оған ешқандай жануар теріс келмейді. Өйткені қарсыласарлық 

шамасы жоқ. Сондықтан бірнеше жыл жәбірлік көріп, қолдан келері жоқ, іштен тынып, тістерін қайрап, 

әлсіз жануарлар шыдап жүре беріпті. 

   Арыстанның  мейманасы  асқаны  сондай,  ол  жемді  өз  аяғымен  жүріп  іздемейді.  Оған  өзінің  бұйрығы 

бойынша семіз сиыр, семіз жылқы, қой, бұғы-марал секілді жануарлар белгілі "тәртіп" бойынша келіп 

тұрады. Соятын — жолбарыс, бұзып-жаратын — аю, тәтті-дәмділерін патшаға тасып беріп жүретін епті 

даяшы — түлкі екен. 

   Арыстан әбден ұйқысы қанып, жайланып, тамаққа тойғаннан кейін, оның көңілі қалауынша әркім әр 

түрлі сауық жасап батырдың көңілін жұбатады. Бұлбұл сайрайды, көкек зікір салады, шымшық билейді. 

Маймыл  түрлі  ойындар  көрсетеді.  Түлкі  күлдіргі  қулық  айтады.  Топас  аю,  аңқау  қарға,  меңіреу  есек 

оларға келемеж күлкі болады. Ал батырдың тыныштық тауып жатқан кезінде төрт мысық табандарын 

жалап маужыратып ұйықтатады. Әлдеқалай оның ұйқысын бөліп, дыбысын шығарған қылжақбас аң бар 

бола қалса, ауыр жазаға кіріптар болады. 

   Сол сияқты мейманасы асқан арыстан күндерде бір күні әбден қартайып, алжуға айналады. Ақырында 

орнынан  тұруға  шамасы  келмей  әлі  бітеді.  Тістері  түгелдей  түскен,  тырнақтары  тұқыл  болған, 

буындарында әл жоқ. Осы жайды көрген аңдар енді батырдан қорықпады. Оны сыйлауды қойды. Тамақ 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              130 bet 

болу үшін де ешкім келмеді. Аштан өлер болып діңкесі құрып жатқанда, одан бұрын жәбір көрген аңдар 

кезекпен келіп бұрынғы өштерін алған екен. 

   Ішіне  қанды  кек  қатқан  жануарлар  жаны  ерекше  қиналатын  жерін  таңдап  тұрып,  өз  шамаларынша 

батырға жаза беріпті. 

   Ит қабады, қасқыр талайды, ат тебеді, сиыр сүзеді, тышқан тістейді. Бір кезде салпаң құлақ есек келіп: 

   "Қай  жерінен  тепсем  оның  жанына  артық  батар  еді",  —  деп,  батырдың  денесіндегі  жанды  жерін 

таңдайды. Осы кезде талықсып жатқан арыстанның есі  кіріп, көзін ашады. Ол қасында тепкелі  тұрған 

есекті көріп өте назаланады. 

   — Кешегі дәурен баста тұрған кезде бұл шірікті жан деп те есептеген жоқ едім, бұл күнде бұл да маған 

қорлық  көрсетпек  болып  аяқ  көтеріп  түр.  —  Ә,  тәңірім,  менің  жанымды  бұл  жаманның  қорлығын 

көрсетпей ал! — деп жан тәсілім еткен екен. 

   "Не ексең соны орасың" деген мәтел осыған келеді. 

 

91 - Бөлім: Жақсылық пен Жамандық 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1788 

 

 



Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп 

келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген 

Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып: 

— Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кетші,— депті. 

Жақсылық: 

— Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да, өзің жаяу кете 

бер. Сонсоң мен жетіп, атпен біраз жер жүріп, жол бойына байлап кетермін. Сөйтіп, баратын жерімізге 

кезек мініп жетейік. Екеуміз мінгессек, атқа қиын соғар,— депті. 

   Жамандық атқа мініп алып, сол кеткеннен Жақсылықты есіне алмастан, кете беріпті. 

   Жақсылық шаршап, арып-ашып, кешке жақын бір күркеге келеді. Ішіне кірсе, жан жоқ. Бірақ ортада бір 

үлкен  қазан  асулы  тұр  екен.  «Айдалада  қайнап  тұрған  не  қылған  тамақ?  Дәм  татайын»,—  деп,  бір 

саусағының ұшын батырып, дәм татады да, күрке төбесіне шығып жатады. 

   Бір уақытта қасқыр, түлкі, арыстан,— үшеуі келіп, күркеге кіріпті. Түлкі тамақты көре сала: 

   — Ойбай, мына тамақтан біреу жепті!— деп, байбалам салады. 

   Қасқыр мен арыстан екеуі: 

   —  Кім  жеуші  еді?  Адам  келетін  жер  ме,  бұл  жер?—деп,  кейіген  соң,  түлкі  әңгімені  доғарып,  үшеуі 

отырып тамақ ішіп, әңгімеге кіріседі. 

   Арыстан, қасқыр, түлкі — үшеуі көрген-білгендерін айтысады. Арыстан мен қасқыр түлкіге: 

   — Түлкі, сен не көрдің, не естіп, не білдің? — дейді. Сонда түлкі тұрып: 

   — Мен бір жерден бір алтын көрдім. Пәлен деген байдың қыстауының қасындағы жаман қыстаудың 

ортасында, бір сүйем жердің астында жатқан бір құмыра алтынды күнде қарауылдап, қарап келемін,— 

дейді. 


   Сонда қасқыр тұрып: 

   — Мен күнде пәлен деген байдың қойының арасындағы үлкен ала тоқтыны қарауылдап келемін. Себебі: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет