ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет27/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   153

 

- Қайғырма, мен бір дәрі беремін. Сол дәріні иіскеген ат тіріледі, — деп бай баласын жұбатады. 



 

Қыз берген дәрінің көмегімен жігіт арғымағын тірілтеді. Қызды алып, өз аулына оралады. Әкесі баласын 

үйлендіріп, үлкен той жасайды. Осылай екеуі тату-тәтті өмір сүре бастайды. 

 

Бір күні жігіттің аулына әлгі жалмауыз кемпір келеді. Ол сұлу қыздарды ұрлап, басқа елдің хандарына 



әйелдікке  апарып  береді  екен.  Кейде  осы  еңбегі  үшін  ақысын  алғанша,  ұрлаған  қыздарын  құсқа 

айналдырып, не болмаса үйіндегі сандыққа тығып тастайтын көрінеді. Енді осы қыз үшін ақысын алып 

қойған  мыстан  үйіне  келіп  қызды  таппай  қалыпты.  Жігіттің  атын  өлтірген  күзетшілерін  шақырып, 

олардың қайда кеткендерін біліпті. Айласын асырып бұл жолы да қызды қолға түсірмек болады. 

 

Осы оймен кемпір баланың үйіне келіп: 



 

- Шешесі жоққа шеше боламын, — дейді. 

 

Қыз күйеуне: 



 

- Біз шеше қылып алайық, — деп өтінеді. 

 

Жалмауыз кемпірге тағы да алданған қыз, оны шеше қылып үйлерінде қалдырады. Қыздың сеніміне кіріп 



алған жалмауыз кемпір бір күні: 

 

- Сенің күйеуіңнің жаны қай жерде? Соны неге сұрап білмейсің? — дейді. 



 

Кешке жігіт келген соң әйелі: 

 

- Сенің жаның қай жерде? Неге айтпайсын? Әлде маған сенбейсің бе? – деп сұрайды. 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              167 bet 

Күйеуі келіншегін өкпелетіп алмас үшін: 

 

- Менің жаным – ұлтарағымның астындағы ақ бәкі, — деп жауап береді. 



 

Кемпір  бұл  жолы  да  қулығын  асырып,  бәкіні  ұрлап  алады.  Жігіт  өліп  қалды.  Келіншегі  жылайды. 

Келіншекті жұбатқан болып: 

 

- Өлгеннің соңынан өлемісің, жүр суға түсейік, су денеңді босатып, қайғыңнан арылтар, — дейді. 



 

Осылай  қызды  алдап  ауылдан  алысырақ  жерге  ертіп  әкетеді.  Сәл  ұзай  бергенде  кемпір  қызды  қапқа 

салады. Қапты арқалап, уәделесіп кеткен ханға әкеліп береді. 

 

Енді жігіттің атына келейік. Ол осы оқиғаның бәрін сырттай бақылап жүріпті. Кемпір осы ауылға келгелі 



сәйгүлік тілінен айырылыпты. Бәрін біліп жүрсе де иесін алдын-ала сақтандыра алмапты. Мыстан қызды 

әкете сала, ол суға тастаған бәкіні  алып шығарады. Енді  осы бәкіні  жігіттің ұлтарағына салады. Жігіт 

тіріледі.  Басын  көтерсе,  үйінде  әйелі  жоқ.  Жігіт  әйелін  іздеп  шығады.  Жолда  бір  қойшыға  жолығады. 

Амандасып: 

 

- Мынау кімнің ауылы? – деп сұрайды. 



 

- Бұл – ханның ауылы, — дейді қойшы. 

 

- Мұнда не болып жатыр? Халық неге жиналған? – дейді жігіт. 



 

- Хан бір сұлу қыз алып, соның тойы болып жатыр, — дейді. 

 

- Ол сұлу қызды қайдан әкелген екен? – деп сұраса, қойшы: 



 

- Жалмауыз кемпір сұлу қыздың күйеуін өлтіріп, алыс жерден әкеліпті, — деп жауап береді. 

 

- Олай болса, ақыңды берейін, екеуміз орын алмасайық, — деп сұранады. 



 

Қойшы келісіп, ақысын алады. Әлгі жігіт кетейін деп жатқан қойшыдан: 

 

- Мына судан қайтып өтесің? – деп сұрайды. 



 

Қойшы: 


 

- Құрғырдың суы құры десе, су құрып қалады, — дейді. 

 

Содан кейін бай баласы қойшының киімін киіп, қойды ауылға айдап келеді. Ол қойларды судан өткізе 



алмай әлек болады. Қойшының айтқан сөздерін ұмытып, қойларды біртіндеп лақтыра бастайды. Қойшы 

болып келген бай баласының бұл қылығын хан көріп: 

 

- Антұрған, шартты сөздерді неге ұмытасың? – дегенде, қойшының айтқан сөзі есіне түсіп: 



 

- Құрғырдың суы құры, — дейді. Сол кезде алдындағы су жоқ болып, жол ашылады. 

 

Хан жігітті баяғы қойшы деп ойлап, әйеліне тамақ апарып беруге жұмсайды. Бай баласы тамақ  апарып 



берген  болып,  келіншегімен  көріседі.  Қуанған  екеуі  ұзақ  әңгімелеседі.  Келіншегі  баяғы  жалмауыз 

кемпірдің  бірнеше  сиқырын  үйренген  екен. Олар  келісіп,  түнде  қашпақ  болады. Жұрттың  көзі  ұйқыға 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              168 bet 

кеткенде қыз дұға оқып, күзетшілерді ұйықтатып кетеді де, жігіт екеуі уәделескен жерге келеді. Өзеннен 

шартты сөздерді айтқып өтеді де, әйелін тапқан бай баласы еліне оралады. Халқын жиып, ала бие сойып, 

үлкен той жасайды. Бақытты болып, мақсат-мұратына жетеді. 

 

122 - Бөлім: Ақ тиін мен қасқыр 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1819 

 

 



Бір  күні  ақ  тиін  бұтақтан  бұтаққа  қарғып  жүріп,  ұйықтап  жатқан  қасқырдың  үстіне  құлайды.  Қасқыр 

қарғып тұрып оны жегісі келеді.Ақ тиін жалынып: 

     - Мені жеме, жібер? – дейді.- Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат 

болып жүресіңдер? 

      Сонда ақ тиін: 

    - Мені жіберіңіз, содан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп, сөйлей алатын емеспін, – дейді.  

     Қасқыр ақ тиінді босатады. Ақ тиін ағаш басына шығып алып: 

   - Сен қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады. Сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге 

жауыздық істемейміз, сол үшін де әр уақытта мәз болып жүреміз, – депті. 

 

123 - Бөлім: Егінші мен балшы 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1820 

 

 



Алдамшы  бір  адам  ауылға  келіп,  адамдарды  айналасына  жинап,  оларға  келешектері  туралы  болжам 

жасайтынын айтады. Оның жанына бір топ адам жиналады. 

    Мұны  естіген  бір  егінші  де,  қызығып,  бал  аштырмақшы  болып,  балшыға  келеді.  Балшы  адам  әдемі 

сөздер айтады. Соңында кетпекші болған егіншіден ақшасын сұрайды. 

    -  Ненің  ақшасы?  –  дейді  егінші.  Сен  өткенді  де,  келешекті  де  білесің.  Қалтамда  ақшамның  жоғында 

білуің керек. Сөйлегендерің шын болса, ақшаны сол кезде беремін. Ал, қош болып тұр, – дейді егінші. 

 

124 - Бөлім: Түлкі мен құмыра 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1821 

 

 



Бір  әйел  далаға  егін  ора  келіп,  құмыраны  сүтімен  шөптің  арасына  тығып  қояды.  Бұны  түлкі  көрді  де, 

жасырынып келіп, құмыраның ішіне басын тығып, сүтті ішіп қояды. Енді түлкі құмырадан басын шығара 

алмай әлек болады. 

    Түлкі. 

    - Әу, құмыра! Біраз ойнадың, жетер, жібер менің басымды?- дейді. 

    Қалай жұлқынса да басын шығара алмайды. Түлкі ашуланып: 

    -  Қап,  бәлем,  тұра  тұр,  жақсылықпен  қаламасаң,  сені  суға  батырармын,  –  деп  жүгіріп  келіп,  өзенге 

қойып кетіпті. Сөйтіп, құмырамен бірге өзі де батып кетсе керек. 

 

125 - Бөлім: Түлкі мен ешкі 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1822 

 

 



Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су 

іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді. 

     - Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті. 

     - Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі 

салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, – депті түлкі. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              169 bet 

     Мұны  естіп  ешкі:  «Мен  де  салқындайын,  әрі  су  ішейін»,  –  деп  ойлап,  секіріп  апанға  түсіпті.  Сонда 

түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті. 

     «Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты. 

 

126 - Бөлім: Тышқан мен жылан 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1823 

 

 



Бір тышқан тамақ аулап, ініне қайтып келсе, онда бір жылан жатыр екен. Тышқан мұнан жаман қорқып, 

қуып шығаруға батпай, ақыл сұрай, өзінің қайғысын айтқалы көршілеріне барады. Ақылды тышқандар 

жиылысып отырып, кеңесін айтыпты: 

       - Сен ол інді тастап, өзге ін қазып ал. Жылан сенің ініңді тартып алғаны әділдік емес, бірақ оған қылар 

еш айла жоқ. Оған тиіп не қыласың? Мазасын ала берсең, өзіңді жеп қояды, оған ештеңе қыла алмайсың. 

     Тышқан бейшара қайғырса да, үндемей қойыпты. Бірақ қалай кегін алуды ойлайды. 

        Бір  күні  сейілдеп  келе  жатса,  інінің  аузында  жыланның  күн  шуақта  жылынып  жатқанын  көріпті. 

Жанында бір кісі ұйықтап жатыр екен. Тышқан барып оның мұрнын тістеп алып, жыланға қарай тұра 

қашыпты. Кісі оянып, тұра қуады. Қараса, алдында жатқан жыланды көреді. Тышқаннан мұның зияны 

көбірек болған соң, кісі жыланды өлтіруге алданып қалыпты да, тышқанды қоя беріпті. 

         Сөйтіп, кегі қайтқан тышқан өз ініне келіп тұрыпты. 

 

127 - Бөлім: Түлкі мен қырғауыл 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1824 

 

 



Қалың  ағашты  аралап,  бір  түлкі  келе  жатып,  ағаштың  басында  отырған  бір  қырғауылды  көрді  де, 

жақындап келіп: 

   – Саламатсыз ба, қырғауыл! Қалай тұрасың, достым? – деді. 

   – Жақсы сөзіңе рақмет! Өзіңіз қалай тұрасыз? – деді қырғауыл.   

   – Жерге түсіп сөйлессең екен шырағым, кәрімін, бір құлағым жөнді естімейді, – дейді түлкі.  

   – Жерге түспеймін, жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюға мүмкін  – деді, 

қырғауыл.  

   – Ей,достым, биылғы заман бұрынғы емес! Жаңада қалаға барып едім, бұйрық шығыпты,біреуге біреу 

зорлық қылмасқа! Қой мен қасқыр бірге жүрсін деген түлкі мен тауық бірге жүрсін деген көгершін мен 

қаршыға бір ұяға жұмыртқаласын деген. Қорықпа, түс,  – деді түлкі.  

   – Жақсы хабарыңыз бар, жақсы айтасыз, алласы разы болсын, дос! Мына жақта біриттер келе жатыр, 

оларға да айтыңыз, олар да естісін – деді қырғауыл.  

   Ит деген сезді естігесін түлкі алды-артына қарамастан қаша берді.  

   – Қайда барасыз, бұйрықты ұмытып кеттіңіз бе? – деді қырғауыл.    

   – Кім біледі, бұйрықты естімеген иттер шығар, – деген түлкінің даусы естілді. 

 

128 - Бөлім: Арыстан мен түлкі 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1825 

 

 



Арыстан    қартаяды.    Аңдарды    бұрынғысындай    аулай    алмайтын    болады.  Енді    аңдарды    айламен  

аулағысы  келеді. Өзі  үңгірде   жатады да: 

- Аурумын, жүруге   әлім жоқ, – деп,  барлық аңдарға хабар таратады.   Аңдар  бір-бірлеп арыстанның   

халін  білуге  келеді.  Арыстан  аңдардың  біреуін  де қайтармайды.  Бәрі де   арыстанға  жем болады.            

Бір күні  түлкі  келеді. Ол үңгірден  алысырақ  тұрады да: 

 -   Халіңіз  қалай, тақсыр? – деп  көңілін  сұрайды. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              170 bet 

-  Халім нашар. Неге жақынырақ  келмейсің? Берірек  кел, түлкіжан, азырақ  сөйлесейік? – дейді арыстан.  

Түлкі:            

- Мен саған  жақын  барар едім-ау,  бірақ саған  кірген із бар да,  шыққан із  жоқ! – деп жүріп кетіпті. 

 

129 - Бөлім: Бес ешкі 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1826 

 

 



Ертеде бір кедей болыпты. Оның бес ешкі, бір қара тоқтысы және бір құла аты болыпты. Кедей ешкілері 

мен тоқтысын байдың қойына, атын байдың жылқысына қосады екен. 

    Бір  күні  азынап  тұрған  боранда  бай  бес  ешкі  мен  қара  тоқтыны,  құла  атты  өз  малынан  бөліп,  елсіз-

күнсіз айдалаға айдап жібереді. 

    Ұли  соққан  боран,  үскірік  аяздан  бүрсең қаққан  бес  ешкі  бір  тасқа  келіп  ықтайды  да, тасжарғанның 

бүршігін  күрт-күрт  шайнап  тұра  береді.  Қара  тоқты  бишара  оларға  ере  алмай,  "Енді  өлдім-ау"  деп 

маңырап тұрғанда, тап қасынан бір түп көкпек көрініпті. Көкпектің түбіне келіп, теуіп-теуіп кеңейтіп, 

бүрлерін бырт-бырт шайнап, жата беріпті. 

    Жал-құйрығына қар қатқан, 

    Қабағын қалың мұз жапқан, 

    Әрлі-берлі көп шапқан 

    құла ат қамыстың арасындағы бетін көбік қар жауып қалған бір құдыққа күмп етіп, түсіп кетіпті. 

    Оқыранып, осқырынып, 

    Қайшылап тігіп құлағын, 

    Жұлып жеп ернеу құрағын, 

    күрт-күрт шайнап, о да тұра беріпті. 

    Сөйтіп, кедейдің бар малы ақ боранның астында, қараңғы түңде айдалада қалыпты. 

     Боранмен бірге құтырып, араны ашылған аш қасқыр жем іздеп келе жатып, қара тоқтының дәл үстінен 

түсіпті: 

— Қара тоқты, қара тоқты, сені жеймін! — депті қасқыр. 

— Ағатай, ағатай, мені жеме, ана жерде бес ешкі түр, соны же, — депті тоқты. 

— Жарайды, — депті де, қасқыр аузын ақсита түсіп, бес ешкіге жетіп келіпті. 

— Бес ешкі, бес ешкі, мен сеңдерді жеймін! 

— Қасеке, қасеке, бізді жеме, ана жерде жалы құлағынан асқан құла ат құдыққа түсіп жатыр, соны же, — 

депті бес ешкі. 

— Жарайды, — депті де, қасқыр құлағын тікірейтіп, арқа жүнін сыртқа теуіп, құла атқа келіпті. 

— Құла ат, құла ат, мен сені жеймін! — депті қасқыр. 

— Сен қасқыр едің, мен ат едім. Ең болмаса мені мына құдықтан шығарып алып, батпағымды тазарт, 

артыма шығып отыр да, бір аят оқы, сонан соң же. Онсыз да өлгелі жатырмын ғой, — депті құла ат. 

—  Жарайды,  —  деп,  қасқыр  құла  аттың  құйрығынан  мықтап  тістейді  де,  құдықтан  шығарып  алады. 

Аяғымен тырналап, батпағын тазалайды. 

— Енді әрі қарап түр да, иманыңды айта бер. Мен құранды келістіріп оқимын да, келістіріп тұрып сені 

жеймін, — депті қасқыр. 

     Құла ат құлағын жымырып, артқы аяғын бауырына алыңқырап тұра беріпті. 

     Иен  дала,  айсыз  түн,  азынаған  боранда  өзімнен  басқа  батыр  жоқ  деп  даңғойсыған  бөрі  құла  аттың 

артына  шығып,  шоқиып  отырады  да,  молдаларға  ұқсап,  екі  көзін  шарт  жұмып,  өзінше  әндетіп,  ұли 

бастайды. 

     Андып  тұрған  құла  ат  қырындай  түсіп,  көз  тастап,  артқы  аяғымен  дәлдеп  тұрып  қасқырдың 

шықшытынан періп кеп қалады. 

     Шықшыты сынып, екі көзі алдына ағып түскен қасқыр қылжиып жатып ұлиды: 

     Қара тоқтыны жемеген 

     Қобылан басым-ау, у… у… 

     Бес ешкіні жемеген 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              171 bet 

     Бағлан басым-ау, у… у… 

     Құла атты құдықтан суырып алған 

     Палуан басым-ау, у… у… 

     Артына шығып, құран оқып, 

     Көз жұмар молда ма едім? 

     Ау… у… 

     Осыны айтады да, қылжиып жатып өледі. 

     Ертеңіне  таң  атып,  боран  басылған  соң,  кедей  бір  төбенің  басына  келіп,  былай  деп  малдарын 

шақырыпты: 

     Қой баласы қоңырым, 

     Ұя бұзбас момыным, 

     Шопан ата түлігі — 

     Қошақаным, қайдасың? 

     Пұшайт! 

     Пұшайт! 

 

     Жүнін жұлса бақырған, 



     Ешкі атасын шақырған. 

    Өрісте өскен жануар —  

     Шөкетайым, қайдасың? 

     Шөре! 

     Шөре! 

 

    Жолға шықсам — көлігім, 



    Жапанда жүрсем — серігім, 

    Қамбар ата өсірген

    Құла атым менің, қайдасың? 

    Құрау!  

    Құрау! 

    Бұл дауысты естіген соң, құла аты қар бұзып, бес ешкі шұбап жол салып, қара тоқтыны соңдарынан 

ертіп, аман-есен иелерін тауыпты. Кедей малдарын әкеледі де, жылы қораға кіргізіп, астарына жайлап көң 

төсейді, пішен мен жемге тойғызады. Олардан көрген-білгендерін сұрайды да, әңгімеге әбден қанып алған 

соң: 

— Сен неге басынды сауғалап, бес ешкіні саудаға салдың? — деп қара тоқтыға кінә қойыпты. 



—  Мүйізім  болса  өскен  жоқ,  буыным  болса  қатқан  жоқ,  өзім  жалғыз,  әрі  әлім  келмейтін  болған  соң, 

солардан бір зауал болар деп, бес ешкіге жіберіп едім, — деп жауап беріпті қара тоқты. 

— Сендер неге өз бастарыңды сауғалап, құла аттың басын саудаладыңдар? — депті бес ешкіге. 

— Сіздің құла атпен талай рет қасқыр соққаныңызды білеміз, сондықтан ер қанаты ат еді ғой, бір зауал 

содан болар деп едік. Онымыз дәл келді, әйтпегенде аш қасқыр бәрімізді жеп қоятын еді, — депті ешкілер. 

 

130 - Бөлім: Бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1827 

 

 



Бұрынғы  өткен  заманда  бір  кедейдің  үш  ұлы  болыпты.  Бүкіл  өмірі  байлардың  есігінде  өткен  кедей 

өлерінде үш ұлын қасына алып отырып өсиет айтады. "Үйдің шығыс жағында бір жалмауыз бай бар, соған 

өлсеңдер де, жалданбаңдар", — дейді. 

     Әкесі дүниеден қайтқан соң, үш баласы қызмет істеуге кіріседі. 

Ең әуелі қызмет іздеп, ең үлкен ағасы үйінен кетеді. Ол көп уақыт жүріп, қызмет таба алмай, әкесі "барма" 

деген байға барады. Бай бұны көрген соң "хош келдің" деп қарсы алады. Бай бұған: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              172 bet 

—  Саған  бір  қызмет  берем,  соны  орындасаң,  жалшылыққа  алам.  Ал  орындай  алмасаң,  басыңды  алам, 

бәрібір басқа байларда жұмыс жоқ, — дейді. Кедейдің үлкен ұлы: 

— Жарайды, жұмысыңды істеймін, — дейді. Бай жұмысының түрімен таныстырмақ болып кедей ұлына: 

— Бір қара нарым бар, күніне қырық бөшке су ішеді, қырық арба құмалақ шығарады, қырық арба пішен 

жейді,  осыны  баға  алсаң,  қызметке  аламын,  егер  бұны  атқара  алмасаң,  басың  алынады,  —  дейді. 

Жарлының  үлкен  ұлы  жұмыстарды  амалсыздан  орындауға  кіріседі.  Алғашқы  күннен  кейін-ақ  үлгере 

алмайды. Бай төрт-бес күннен кейін келіп көрсе, шөп те, су да жетіспей, қара нар арықтап қалған екен. 

Бай ашуланып, кедейдің үлкен ұлының басын алады. 

   Жұмыс  сұрап  келген  адамдарға  бай  осындай  қолдан  келмейтін  жұмыс  тапсырып,  өлтіре  беретін 

болыпты. Бұдан соң ортаншы ұлы да осы жолмен қаза табады. 

   Ендігі үйде қалған кіші інісі ағаларын іздеп шығады. Оны жұрт "бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс" 

деп  атайды  екен.  Бірқарыс  ағаларын  іздеп,  көп  қиындықтарды  басынан  өткізеді.  Ақырында  Бірқарыс 

зұлым байдың ауылына келеді. Бай бұны көріп қуанып, қарқылдап: 

   — Ал саған жұмыс әзір, — дейді. 

   — Қандай жұмыс? — дейді Бірқарыс. 

   — Бір қара нарым бар, күніне қырық бөшке су ішеді, қырық арба құмалақ шығарады, қырық арба пішен 

жейді. Соны күтуің керек, егер күте алмасаң, басың алынады, — дейді. Бірқарыс күлімдеп: 

   — Мақұл, нар деген мен ең көп баққан малым, бабын табармын, — дейді. 

   Бірқарыс нарды күтуге кіріседі. Бай үйіне барып: "Қолыма қалай түспей кетер екенсің, бәлекетім",  — 

деп масаттанады. 

   Бірқарыс нарға барып, нарды пішен жейтін орнынан кейінірек, басын пішенге жетпестей етіп байлайды. 

Одан  кейін  төрт  аяғын  төрт  қазыққа  байлайды.  Нар  әрі  ұмтылады,  бері  ұмтылады,  шөп  жеп,  су  іше 

алмайды. 

   Бай бір күні келіп көрсе, нар ашығып қалған сияқты көрінеді, бірақ алдында пішен, су дегендер толып 

тұрады. Бай Бірқарысқа: 

   — Бірқарыс, ана нарды отқа жібер, — дейді де, үйіне кетеді. Бірқарыс: 

   — Құп, қожа! — деп қала береді. Бай кетісімен Бірқарыс нарды пішенмен қосып, отқа жібереді. 

   Бай бұны көріп, ашуланып, Бірқарысқа келіп: 

   — Нарды өртегенің не? — дейді. Бірқарыс: 

   — Байеке, ана нарды отқа жібер, — деп өзіңіз бұйырған соң, сізге, асылы нардың керегі болмай қалған 

ғой деп отқа жібердім, — дейді. Бай Бірқарыстан жай құтыла алмайтынын сезіп, оны бір қиын жұмысқа 

жұмсағысы келеді. 

   Бай  бір  күні  Бірқарысты  шақырып,  алыстағы  Ақсақ  Темір  ханның  жүйрік  қара  арғымағын  қалайда 

әкеліп беруін талап етеді. 

   Бірқарыс разы болып, "Қара арғымақты әкелген соң, барлық мүлкіңнің тең жартысын бересің", — дейді 

байға. Бай ішінен: "Бәрібір қара арғымақты әкеле алмас", — деп ойлап, мүлкінің тең жартысын беруге 

келіседі. 

   Бірқарыс байдың бір жүйрік атын мініп, жолға шығады. Бірнеше күндер, апталар жүріп, Ақсақ Темірдің 

еліне де жетеді. 

   Келсе,  Ақсақ  Темір  ханның  елінде  бір  үлкен  той  болып,  ат  шабысына  әзірленіп  жатыр  екен  дейді. 

Көптеген жерлерден келген аттар мен Ақсақ Темірдің қара арғымағын бәйгеге қосады. 

   Бірқарыс та астына үлкен құс жастық салып, бұ да өз атымен бәйгеге қосылады. Аттылар бәйге төріне 

барып, аттарды қоя бергенде, Бірқарыс алдынан оза отырып, құс жастықты жарып жіберіп, жүнін бәйгеге 

қосылғандар алдына қарай бората береді. Бәйгешілер көздері бұлдырап, ештеңе көрмей, аттарының басын 

басқа жаққа бұра жөнеледі. Қалғандары лағып шығып кетеді. 

   Бәйгеден тек Бірқарыс бұрын келеді, одан соң Ақсақ Темірдің қара арғымағы келеді. 

   Ақсақ  Темір  бұны  көріп,  табанда  ашуланып,  қара  арғымаққа  мінген  адамын  табанда  өлтіреді  де, 

Бірқарысты шақырып алып: 

   — Қонақ! Мал ал, алтын ал, не алсаң да, атынды бер, — дейді. Бірқарыс: 

   — Хан тақсыр, алыңыз, бірақ маған қара арғымағыңызды беріңіз, елге мініп қайтайын, көлігім жоқ жөне 

де бір мың ділда алтын беріңіз, — дейді. Есінен танып қалған Ақсақ Темір: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              173 bet 

   — Ал… ал… ал! — деп Бірқарыстың атының басын ұстай береді. 

   Бірқарыс Ақсақ Темір елінде қонақ болып жатып, ханның қара арғымағын және бір мың ділда алтынын 

алып,  еліне  қайтады.  Жолда  бірнеше  күндер  жүріп,  байдың  еліне  келеді.  Байға  қара  арғымақты  беріп, 

уәделі мүлкін сұрай бастайды. Бай Бірқарысқа: 

  —  Мүлкімнің  тең  жартысын  аласың  ғой,  бірақ  менің  үйімдегі  барлық  жұмысты  істейтін  боласың,  — 

дейді. Бірқарыс оған да көнеді. 

   Бірқарыс  байдың  барлық  жұмыстарын  мүлтіксіз  орындап,  қайткенде  айтқан  уәдесін  орындатуды 

ойлайды. Бай Бірқарыстан қорқып, қашпақшы болады. Бұны Бірқарыс сезеді де, байдың жол азық салған 

сандығының түбіне тығылып жатып алады. 

   Бір күні түнде бай әйелімен екеуі түн ортасында сандықты арбаға салып қашады. Жолға шығып, ұзаған 

соң бай: "Уһ, енді құтылмасақ, Бірқарыс бізге күн бермес", — деп қояды. Бірқарыс сандық ішінде жатып: 

"Я, құтылдың!" — дейді. Бай әйеліне: 

   — Апырай, даусының құлаққа естіліп тұрғанын-ай! — дейді. Тағы біраз уақыттар жүріп, елден әбден 

ұзаған соң: "Құтылдым, құтылдым!" — дейді бай. Бірқарыс қатты дауыстап: "Я, құтылдың", — дейді. Бай 

ашуланып: 

   — Құтылдым, құрғырдың даусы, қайдан естіліп тұрсың? — дейді. Бірқарыс тағы да: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет