ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет42/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   153

анасын алып кетті. Аң-таң  болған Әкежан  әкесіне:  «Әке, менің сыйлығым қайда? Аяз ата мені биыл 

ұмытып кетті ме? Анам қайда кетті?  Қалай жаңа жылды қарсы аламыз?»-деді жылам- сырап.  Сәлден соң 

телефон шырылдады.  Қуана жымиған әкесі: «Сен биыл ерекше сыйлыққа ие болдың , Аяз ата саған іні 

сыйлады»-деді.  Бауырлары  бар  өзге  балаларға    ерекше    қызғаныш-  пен  қарайтын,    Әкежанның  

қуанышында шек жоқ.  Қатты қуанғаны сондай, қолын шапалақтап секіріп жіберді.  Әкежан үшін бұл 

жаңа жыл ерекше болды. Ол тіпті армандаған сыйлығын ала алмағанына да өкінген жоқ. 

 

Мақала авторы: Жақсы ауданы.Жақсы №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Бақтыбаева Мөлдір 



Балғабайқызы. 

 

188 - Бөлім: Ерлер мінген арғымақ (батырлар жыры негізінде) 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1885 

 

 



“ Бектер мінген бедеудей, 

 

Безектей басқан аяғын  ”. 



 

“ Ер Тарғын ”  жырынан 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              274 bet 

Халқымыз  ежелден – ақ  төрт түлік малдың ішіндегі төресі деп  жылқыны  таныған. Оны өзге малдан 

ерекше күтіп баққан. Түгінің түсіне, жаратылысына сай ат қойған.. 

 

Ауылға  келген  қадірменді    қонағына  дәулетінің  көлеміне  қарай  күмістеген  құранды  ер  салған  жібек 



жалды арғымақ не сауырынан су төгілмес жорға мінгізген. 

 

Жылқы, арғымақ, батырлар жыры, балаларға оқу, тұлпар, ат 



Қонақасыға да бабына келтіріп пісірген жылқы етінің жылы- жұмсағын тартып, артынан   қазының майы 

салып ашытылған  қымызбен сыйлаған. 

 

Адам тәрбиесінде ерекше орын алатын халықтық салт-дәстүрдің көптеген тамаша көрінісі жылқы малына 



байланысты болады.  Жас баланы сүндеттегенде сүндет атын сайлауы, жиен  ауылға қыдырып келгенде 

нағашы жұртының бәсіреге тай, құнан атауы соның куәсі болса, адам болмысындағы жағымды, жағымсыз 

мінездерді  сынағанда  да  жылқы  малының  мінезіндегі  ерекшеліктер  салыстырмалы  түрде  алынатын 

болған. 


 

Мысалы,     “  Болар бала бесігінде бұлқынады, 

 

Тұлпар болар құлын желіде тұрып ойнайды”, 



 

“ Ат болатын құлынның бауыры жазық келеді, 

 

Адам болар баланың маңдайы жазық келеді ”,- деп, жақсы қасиеттерді  дәріптесе, жағымсыз әрекеттерді 



сынағанда: 

 

“ Жаман атқа жал бітсе, 



 

Жанына торсық байлатпас . 

 

Жаман адамға мал бітсе, 



 

Жанына қоңсы қондырмас”,- дейтіні де бар халқымыздың. 

 

Осындай  қан  қыздырар  қуаты  бар  қанатты  нақыл  сөздер  халқымыздың  ақыл-ой  парасатының  кемел 



қуатын ерекше танытса керек. Тіпті, ел арасында айтылатын мына бір жай, қарапайым: “Атқа мінгеннің 

арқасы  қозады  ”,-деген    мақалдың    кейде  “Ат  үстінің  желі  бар”-деп,  сәл  басқаша  айтылғаны  болмаса, 

бастапқы ойымыздан сонша алшақ болмай тұрғанын байқаймыз. 

 

Көшпелі  тірліктің  көсемі  болған  халқымыз  өзінің  ғасырлар  бойы  қалыптастырған  ауыз  әдебиетінің 



барлық жанрларында жылқы малын қатыстырып отыру себебі де күнделікті тірлігінде жылқы малының 

атқаратын қызметі зор болғандықтан еді. Өзіміз бала күннен оқып өскен “ Керқұла атты Кендебай ”, “ Ер 

Төстік ”, “ Алтын сақа ” ертегілерінде басты қаһарманның мақсатына жетер жолдағы сенімді серіктері де 

аттары  болады.  Олар  қуса  жететін,  қашса  құтылатын  қанатты  тұлпарлар  болып  суреттеледі.  Қажет 

жерінде оларға тіл бітіп, алдағы кездесер қиындықтардан құтылудың жолын иелеріне айтып береді де. 

(Керқұланың Кендебайға, Шалқұйрықтың жер астына түскенде Ер Төстікке айтқан кеңесі) 

 

“ Ел намысы – ер намысы ”,- деп аллалап атқа қонып, аруақтап жауға шапқан батыры сүйір ұшты көк 



найзасын көкке бұлғап, атойлағанда қаны қызып, делебесінің  қозатыны да ат үстінің желінен болады. 

 

Ел  қорғаған  ұланының  ерлік  бейнесін  ел  есінде  мәңгі  қалдыруға  ұмтылған  халқымыз  олар  мінетін 



тұлпарлардың да бейнесін тамаша жасаған. Олардың өзі де батырлардың қолына оңай түсе қалмайды. 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              275 bet 

 

Мысалы,  Қобыландының  тұлпары  Тайбурылды  Құртқа  көрегендігімен  танып,  бапкерлігімен  жаратып 



күтуінің арқасында жауға мінер нағыз ат болады. Алпамыстың Байшұбары да  өзінен күші асқан ерге ғана 

ат  болуға  серт    етеді.  Құйрығына  қол  салып  тоқтатқан  Алпамыстың  күшінің  басымдығын  білген 

Байшұбар батырдың нағыз сенімді серігі болады. 

 

Қалмақтың Қараманы мен Тайшаның қалың қолын жеңіп, өзі сүйген  Гүлбаршынды алып еліне оралған 



Алпамысты әкесі жылқысын талап алып кеткен Тайшық ханға жұмсайды. 

 

“Көрінгенмен  ұрысқан,    қабағы  қатып  тырысқан,  аласа  ғана  бойы  бар,  адам  таппас  ойы  бар,  тізесіне 



шекпені жетпеген, басынан жаманшылық кетпеген ” мыстан кемпірдің алдамшы сөзіне сенген Алпамыс: 

 

“ Кел, шеше, атқа мінгес” деп, 



 

Үзеңгісін береді. 

 

Байшұбарға мінбекке 



 

Дұшпан зәлім, қу мыстан 

 

Оңтайланып келеді. 



 

Адамнан есті жануар 

 

Қос аяқтап тебеді. 



 

Алпамыс сезбеген жауыздықты сезген Байшұбар ат осындай әрекет  істейді. 

 

Батырға адал болған Байшұбар Алпамыс зынданда жатқанда өзін иемденбек болған қалмақтарға: 



 

Сол уақытта Шұбар ат 

 

Алдына келсе тістеді 



 

Артына келсе тебеді. 

 

Бетіне түгіл Шұбардың 



 

Сыртына адам келмеді… 

 

Қаншама көп болса да, 



 

Шұбарға әлі келмеді, 

 

Неше дәулер жабылды, 



 

Бәрін де Шұбар сүйреді…,-деп жырланғандай “өнер” көрсетіп жатады. 

 

Қаракөзайымның  ақылымен  зынданнан  шыққан  Алпамыс  пен  Байшұбардың  кездесуін  жыршы  кәдімгі 



сағынысып көріскен адамдардың кездесуіндей етіп жырлайды: 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              276 bet 

…Жеті жыл жатқан қамалып, 

 

Қырық арқан бойы зынданнан! 



 

Иесін  алды шығарып, 

 

Үш секіріп, үш түсті. 



 

Шабамын деп қуанып, 

 

Сөйлесті біраз екі шер 



 

Біріне-бірі білдіріп…,-дейді. 

 

Байшұбар  аттың    қуанышын  жыршының  осылайша  суреттеуі  ешқандай  жасанды  емес,  керісінше  жан 



толқырлықтай  нәзік  әрі  орынды  шығуын  жылқыға,  оның  ішінде  ерен  жүйрік  әрі  сенімді  серік  болған 

тұлпарға деген ел құрметінің белгісі деп білуге болады. 

 

Еліміздің елдік қасиетін ту ғып көтерген ерлерге қойылған мәңгілік ескерткіштердің бірі “ Ер Тарғын ” 



жырында да батырдың жан серігі адамзатта әйелден Ақжүніс болса, жылқыдан Тарлан ат еді 

 

Батырдың жан серігі – астына мінген тұлпары. Онсыз ол қанша батыр болса да дәрменсіз болып қалады. 



Оны өзінің  сүйеніші — тірегі деп ұғады. 

 

Айналайын Тарланым 



 

Бектер мінген бедеуге, 

 

Сен тұрғанда бармадым! 



 

Қырдан қиқу төгілсе… 

 

Жалғыз-ақ сені қармадым! 



 

Қырдан қиқу болғанда, 

 

Қараңғы тұман болғанда 



 

Сеніңмен еді дәрменім,- деп, өзінің тірек-сүйеніші болғанын мойындайды. Тарлансыз Тарғын жоқ. 

 

Батырдың атына деген шексіз сүйіспеншілігін: 



 

Құлында емдің, тайда емдің, 

 

Құнан жаста арда емдің 



 

Дөнен жаста үйреттім, 

 

Алты қабат ала арқан 



 

Жібектен өріп сүйреттім, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              277 bet 

 

Алшақтатып ойнаттым. 



 

Таудан асқан тұлпарым ,- деген жолдардан  байқау еш қиын емес. 

 

Анталаған қалың жауды қанатты әрі төзімді тұлпарсыз жеңу де мүмкін емес. 



 

Он екі күн ұрыс салып, жауды қырып біткен соң : 

 

Астындағы Тарланның тұрпатына қараса, 



 

Он жеті жерден жаралы… 

 

Ол жараға болмайды. 



 

Әлі де ойын салады. 

 

Қос тізгінді созады… 



 

Шаршады Тарлан десек те 

 

Жер басқаннан озады, — деп жырланады. 



 

Жыршы  осындай  әсірелеулер  мен  дамытуларды  орынды  қолдану  арқылы  батырдың  серігі  тұлпар 

бейнесін шебер жасай білген. 

 

“Ылдидан  салса,  төске  озған,  ертеден  шапса,  кешке  озған,  томаға  көзді  қасқа  азбан  ”    қанатты 



тұлпарлардың  көркем бейнелерін сомдау арқылы  жыршылар жылқы малының халқымыздың  күнделікті 

тұрмысындағы маңызын  және жаугершілік замандардағы сәйгүліктің орны ел өмірінде ерекше екенін 

нақты көрсете алған. 

 

Жылқының  ерекше қасиеті тек батырлар жырында, ерте замандарда  ғана  жырланып қойған жоқ. Ол 



бүгінгі күнде де бар. Қазақтың қанында бар атқұмарлық қасиет неше заман өтсе де жоғалмақ емес. Кешегі 

Тайбурылдың, Байшұбардың, Тарланның көзіндей болған Құлагердің аяулы тұлғасын қазақ баласы әзірде 

ұмыта қоймас. Оған арнап жазылған Ілиястың “Құлагер” поэмасы көркемдігі келіскен ғажайып туынды. 

 

Тұңғыш  олимпиада  чемпионы  болған,    Жамбыл  облысындағы    Луговой    асыл  тұқымды  жылқы 



зауытының  тұлпары  Абсентті  біздер  әкелеріміздің    айтуынан  білеміз.  Бүгінде  жылқы  зауытының 

алдындағы  тас  тұғырға  қойылған    Абсенттің  тас  мүсіні  еліміздің  жылқыға  көрсететін  биік  құрметінің 

куәсіндей. 

 

Ел  көлемінде  өткен  үлкен  жарыстарда  ат  бәйгесі  өтеді.  Дала  төсін  күңіренте  шапқан  сәйгүліктердің 



тұяғының    дүбірінен,  қиқу  сала  айғайлап  ата  аруағын  шақырған,  шаң-тозаң  толған  тамақтан  қарлыға 

шықса  да  қуаты  қашпаған  құдіретті  дауыстан    арқаң  қозып,  көзіңнен  жас  та  шып-шып  шығып  кетеді. 

Қанымызда бар болғандықтан шығар. 

 

Қалай болған күнде де жылқы малының халқымыздың  дүние танымы мен қадір  — қасиетінің төрінде 



ерекше орын алғандығына ешкімнің дауы жоқ. 

 

Нұрбай Маржан 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              278 bet 

189 - Бөлім: Апамның әңгімелері 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1886 

 

 



Біздің апам (анамызды “апа” дейміз) әңгімені нәшіне келтіріп айтады. Наурыздың 12-сі күні дастархан 

басында  біраз  әңгімелерді  айтып,  жұртты  қыран-топан  күлкі  еткен  болатын.  Солардың  бірқатарын 

назарларыңызға ұсынамыз. 

 

Ауырған ит 



Сонау жетпісінші жылдар. Базарбай атамыз бен Нәзәрәлі көкеміз 2-3 шақырымдағы көрші қыстауға көшіп 

кетіп,  белі  шойырылған  қазақы  иттерін  жұртта  қалдырып  кетеді.  Апам  күнде  тамақ  бергенімен,  ит 

орнынан қозғала алмайды. Бір күні Базарбай атамыздың балалары ауылдан қойшы ауылға келе жатқанын 

көріп, көкем оларды үйге шақырып алады. Келген бойда: 

— Мына итті әкелерің сендерге үйге жеткізсін деп тапсырып еді. Ала кетіңдер, — дейді. 

Жастары 10-12 жастағы 4 бала итті айналып шығып, палаткаға салып төрт жағынан көтеріп жолға түседі. 

Жолда  ыңғайсыз  болып  көтере  алмаған  соң,  Әбілаш  (балалардың  үлкені)  қасындағыларға  ұрсып,  өзі 

арқалайды.  Иттің  басы  Әбілаштың  басынан  асып,  арқасында  шоқайып  отырғанын  көріп,  көкем  мен 

апамның ішек-сілесі қатады. 

Нәзәрәлі көкеміз жолға қарап: 

—  Ай,  Айғаным  (жеңшем

тағатсыздана күтеді. 

Үй  қамымен  жүрген  жеңшеміз  де  жолға  қарайды.  Жақындағанда  әлгі  жұртта  қалдырып  кеткен  итті 

балалардың арқалап келе жатқанын көреді. 

Нәзәрәлі көкеміз: 

 

 



Сол кезде ғана түсінген Нәзәрәлі көкеміз: 

-

н. 



 

apa-angimeleri 

Пістекүл әпшемнің қонақта болуы 

Сонау жетпісінші жылдар. Көрші қыстаудағы Базарбай атамыздың үйі жақтан ебіл-дебіл болып, жылап 

келе  жатқан  10-11  жастағы  Пістекүл  әпшемізді  көкем  үйге  шақырып  алады.  Сөйтсе  атамыздың 

балдарымен ойнап жүріп, ұрсысып қалған Пәстекүл әпшеміз тікесінен жылап-еңіреп ауылға тартқан екен. 

Үстінен бозаның исі шығады. Шаштары қобырап кеткен. Апам ашуын бастырып, үйге ұйықтатады. 

Сол мезетте көкем де үйде ет таусылып, қой сойып тастайды. Пістекүл әпшем ұйқыдан тұрғанда, көкем: 

 

Сөйтсе,  ұйқыдан  жаңа  тұрған  әпшеміз  төрге  қарай  ойысып,  белін  тіктеп,  бейнебір  алыстан  келген 



құрметті қонақтарша түрін келтіре қояды екен. 

 

Атқорадағы кәмпит 



Алпысыншы  жылдары  апамыз  атқораға  барып,  5-6  биені  сауып  келе  жатады.  Жолда  Күлсін,  Шебер 

әпшемдер ойнап жүреді. Оларды қызықтап, қастарынан өтіп бара жатып, қалтасынан ұзын-ұзын сорғыш 

кәмпиттерді береді. Ойынды қыздырып жатқан әпшелеріміз жеңгелерінен: 

 

Апам болса: 



сыймады, — дейді. 

Соны  есіте  сала  әпшелеріміз  атқораға  қарай  тартып  кетеді.  Биелерге  қарап  жүрген  Кенже  атамыздың 

айқайына құлақ аспай, әр құлынның тұсына барып, малақтарын аяқтарымен шашып тексеріп жүреді. 

-таң. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              279 bet 

Рәбия жеңгесіне сенген әпкелеріміз аң-таң… 

 

Алма сатушы келгенде 



Ауылымыз шөлді аймақта орналасқандықтан көкөніс, бақша дақылдары өспейді. Алпысыншы жылдары 

апам көршінің үйінен бір шелек алманы алып, үйге келе жатады. Жолда ойнап жүрген Бибіш, Тұрғанкүл, 

Айсан, Пістекүл әпкелерімізге бір-бір алмадан ұсынады. Олар апамнан алманы қайдан алғанын сұрайды. 

Апам: 


 

Сәл  уақыттан  кейін,  шелектерін  басына  көтеріп  алып,  Нақып  атаның  үйіне  қарай  безіп  бара  жатқан 

қыздарды көреді. 

Қыздар бір-бір шелектен ұстап, Нақып атамыздың үйіне жүгіріп жетеді. Барысымен кәрі шешесінен алма 

сұрайды. Ол кісі қыздарды алдына салып, “Қайдағы алма?” деп қуалайды. 

Апамыз аяғын жылдам басып үйге кіріп кетеді. 

 

Мақала авторы: Қайрат Серікбайұлы 



 

190 - Бөлім: Мақтаншақ Қоян 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1887 

 

 



Орманда бір қоян өмір сүріпті. Ала жаздай сайраңдап, тоғайдағы жеміс-жидектерді теріп жеген ол, қыс 

түссе қарны ашып, ауылға арпа ұрлауға барады екен. 

 

Бір күні ол ауыл шетіндегі тұратын шаруаның үйіне ұрлыққа келеді. Қорасына кірсе, қаптаған қоян. Ол 



мақтана бастайды: 

 

—  Сендер  үйде  тұрсаңдар  қайтейін?!  Мен  сендерден  бәрібір  артықпын.  Менің  мұртым  —  мұрт-ақ! 



Сендердікіндей емес! Ал, табаным мен тістерім ше? Сендердікі салыстыруға да келмейді… Мен ешкімнен 

қорықпаймын!Мақтаншақ Қоян, қарға, ерлік, көмек, балаларға, ертегі 

 

Үй қояндары мақтаншақ қоянның қылығын Қарға тәтелеріне айтып береді. Ол бөспе қоянды жазаламақ 



болып, іздеп тауып алады. Даңғой қоян шошып кетеді: 

 

— Қарға тәте! Тиіспеші. Мен енді мақтанып, елдің мазасын алмайтын боламын! 



 

— Солай де! Босқа мақтанба! Елден ерекшелігіңді бос сөзбен емес, ісіңмен көрсет! — дейді Қарға. 

 

Арада біраз күн өткен соң, бірде қараса, әлгі қарғаны иттер талап жатыр екен… Жаны ашып кеткен қоян 



құтқармақ болады. Иттердің назарын өзіне аударып, тұра жүгіреді. Қарғаны тастай салған иттер қоянды 

қуа жөнеледі. Ол қашып құтылады. 

 

Қоянның ерлігіне риза болған қарға оған келіп жолығып: 



 

—    Рақмет  саған!  Сен  мақтаншақ  емес  екенсің,  мақтауға  тұратын  ер  екенсің!  —  деп  ризашылығын 

білдіреді. 

 

191 - Бөлім: Адал достық 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1888 

 

 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              280 bet 

Бастауыш  сынып  оқушылары  үшін  достық  ұғымы  сабаққа  бірге  келу,  немесе  ата-аналары  таныс 

отбасының балаларының бірге ойнауы немесе аталмыш баламен көрші тұру сияқты ұғыммен байланысты. 

Ержасын мен Темірлан тату, дос. Екеуі бірге ойнайды, мектеп асханасына бірге барып,кітапханадан бірге 

барып кітап алады. Қашан көрсең де егіз қозыдай бірге жүргені. Сейсенбі күні матемеатикадан бақылау 

жұмысы болды. Неге  екені  белгісіз сол, бақылау  жұмысынан кейін екі  достың арасынан бір сызаттың 

түскенін, мұғалімі де оқушылар да тез байқады. 

 

достық туралы, әңгіме, балаларға 



Екеуі бір-біріне жоламайды Ержасын өзбетінше сабаққа дайындалып отырады, ал Темірлан қоңырауда 

өзге  сыныптағы  балалармен  ойнайтын  болды.Сабақтан  кейін  мұғалім  екі  досты  шақырып  алып,  ұзақ 

сөйлесті. Темірлан: « Бақылау жұмысы кезінде Ержасын дайын есептерді көшіріп алуғадәптерін бермеді 

және өзің шығар деп қарамай қойды»-мен енді онымен дос болғым келмейді деді. Ал Ержасын болса шын 

кінәлі кісіше басын төмен салбыратып, досына кінәлі көзбен қарады. 

Келесі  күні  оқушылар  өз  көздеріне  өздері  сенбеді.  Ержасын  мен  Темірлан  сабаққа  бірге  келді,  сабақ 

соңына  дейін  жұптары  жазылмады.  Ал,  Ержасын  мен  Темірлан  адал  достықтың  мәнін  түсіндірген 

ұстаздарына дән риза. Енді олар достықты қадір тұтатын болады. 

 

192 - Бөлім: БЕКЖАННЫҢ АМАЛЫ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1889 

 

 



Бір хан болыпты. Бір күні сол ханның ақшасы ұрланыпты. Оны ұрлаған ханның қол астындағы Бекжан 

деген жарлы екен. Оның алғанын ешкім білмейді. 

 

Бірнеше күн өткеннен кейін хан ақшаны кімнің алғанын білмек болып, барлық жұртын асқа шақырады. 



Қонақтар үшін біраз үй тіктіреді. 

 

Әр адамның алдына он тиыннан ақша қойдырып былай дейді: 



 

— Кімде-кім осы ақшаны ұрлап алса, сол менің ақшамды алған адам. 

 

Сонда Бекжан аяғына киіз байпақ киіп, табанына желім жағады да, қолына құмған алып, қонақтардың 



қолына су құяды. Сойтіп жүріп, әлгі кісілердің алдында жатқан ақшаның бәрін аяғымен басып, табанына 

жапсырып алып, сыртқа шығып кетеді. Мұны ешкім байқамай қалады. 

 

Ханның бір нар түйесі бар екен. Оның жоғалған затты алған кісіні біле қоятын қасиеті бар екен. Сол нарды 



хан  бір  күні  далаға  жібертеді.  Нар  барып  Бекжан  үйінің  алдына  шөгеді.  Бекжан  бұл  нардың  небір 

ғаламатының бәрін бұрыннан біледі екен. Үйінің алдында жатқан нарды көріп, ұстайды да, сойып алады. 

Мұны хан білмейді. 

 

Бір күні көрші үйдің қатыны Бекжанның нарды сойғанын біліп, ханға айтайын деп, Бекжанның әйеліне 



келеді де, нардың етінен сұрап алады. Бұл кезде Бекжан үйде жоқ екен. Көрші қатын ханға келе жатқанда 

жолдан Бекжан жолығып: 

 

—        Қайда барасың?— деп сұрайды. Қатын айтады: 



 

—        Мен сенің үйіңнен нардың бір борша етін сұрап алып келемін. 

 

Сонда бұл қатынның жаман пиғылын түсініп, оны алдап, үйіне ертіп келеді де, өлтіріп тастайды. Мұны 



да ешкім білмейді. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              281 bet 

Содан кейін хан бір ағашты тысқа қадатып, басына бір қапшық ақшаны байлатып қояды. Кімнің алғанын 

қарап тұру үшін ағаштың екі жағына елу-елуден кісі қойдырады. 

 

Бекжан бұған да айла табады. Үстіне ақ киім киіп, астына ақбоз ат мінеді де, өзінің және атының оң жақ 



қапталына қара балшық жағып алады. Сонан соң атқа мініп, әлгі ақшаны шауып барып алады да, ілгері 

қарай зымырап шауып кетеді. 

 

Сонда ағаштың оң жағында тұрғандар: 



 

—        Қара киімді, қара атты кісі алды,—десе, сол жағында тұрғандар: 

 

—        Ақшаны ақ киімді, ақбоз атты кісі алды,—деп, өзді-өзі ұрсысып қалады. 



 

Ақырында хан ешбір айла таба алмай, тағы да жұртын жинайды. 

 

—        Менің ақшамды алған кісіге қызымды беремін,—деп жар салдырады. Қалың елдің алдында уәде 



береді. 

 

Бұл сөзді естіген соң, Бекжан ханға өзінің істеген амалын айтып береді. Сөйтіп, амалшыл Бекжан хан 



қызын алыпты. 

 

193 - Бөлім: БАҚ, ҚЫЗЫР ЖӘНЕ АҚЫЛ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1890 

 

 



Бір жетім бала жан бағу үшін жер жыртып, тұқым сеуіп жүрсе, Бақ, Қызыр және Ақыл үшеуі қасына келіп 

қалады. Еңбекқорлығын көріп: 

 

— Ей, Қызыр,— дейді Бақ пен Ақыл,— Адал еңбекпен шұғылданып жүрген мына балаға дарышы!.. 



 

Қызыр  балаға  ықылас  аударып,  дариды.  Сол-ақ  екен,  баланың  егін  сепкен  атызы  қып-қызыл  малта 

тастарға  толып  кетеді.  Бала  бұл  кереметке  түсіне  алмайды.  Егінімді  тас  басып  кетті  деп,  қатты 

кайғырыпты. Тасты тасып, егінін тазалап мысы құриды. Қақырығы түтеп, өзегі талады. 

 

Сол кезде баланың өкпе тұсына түйелері шұбалған керуен келіп қонады. Соларға барып, бірдеңе сұрап 



жеп, өзегімді жалғайын деп ойлаған бала керуеншілердің итгерінен қорғану үшін екі қолына екі қызыл 

тас  ұстайды.  Жақындағанда  иттер  өре  түрегеліп,  тұра  ұмтылады.  Бала  қолындағы  тасты  лақтырып 

қорғанады.  Сол  тастың  біреуі  керуен  басының  алдына  барып  түседі.  Ол  алып  қараса,  кып-қызыл  саф 

алтын екен. Баланы иттен қорғаттырып, касына алдырады да, сұрайды: 

 

—        Балам, мына тасты қайдан алдың? 



 

—        Егінімді осындай қызыл тас басып кетті,— дейді бала кейіп. Керуен басы: 

 

—        Ол тасты мен қызметкерлеріме тергізіп, егінінді тазартып берейін,—дейді керуен басы. Сонан соң 



қызметшілерін ертіп алып, баланың егіс жеріндегі алтынды жинатып алады.  «Бұл баланың бір қасиеті 

бар-ау» деп ойлаған керуен басы өзінің керуеніне қосып алады да, жолға шығады. 

 

Апта жүреді, ай жүреді. Дала кезіп, тау асады. Дариялар кешіп, теңіздерден өтеді. Содан бір қалаға жетеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет