ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет48/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   153

 

—        Мынау мезгілдің ауылы дегенім — қонатын мезгіл жетті дегенім еді,— дейді Сарқыт жымия күліп 



— «Әттегенайдың» ауылы дегенім — елсіз далада кеш қалып өкінетіндеріңізді ұғындырғаным еді. Одан 

арғы  «Қаптың»  ауылы  дегенім  —  Кербиге  жете  алмай,  біздің  ауылдан  кете  алмай,  «қап»  деп  сан 

соғатындарыңызды, «Маған бәрекелді» айтып, қайта оралатындарыңызды ескерткенім еді. 

 

Он үш жасар баланың тапқыр сөзіне жүргіншілер қайран қалысып, біріне-бірі қарайды. 



 

Шайдан кейін Сарқыт: 

 

—        Уа, ағайлар, малдан кенде болсақ та, пейілден кенже емеспіз. «Ұлы сөздің ұлтары жоқ» дейді халық. 



Бір мал жейсіздер ме, әлде екі мал жейсіздер ме?—деп сүрайды. Есік алдына мал әкеліп көлденен тартып 

бата сұраса, қонақтар қобырай күбірлесіп алады да, буырыл сақалды кісі: 

 

—        Пейіліне рақмет, шырағым. Тобымыз көп, Топанымыз мол адамдармыз. Бір мал сойғаннан гөрі екі 



мал сойғаның жөн болар,— дейді. 

 

Тамақ пісіп, қазан түсірілгеннен кейін төрдегі төбелі кісілерге бір қойдың, бір жылбысқа қозының басы 



тартылады. Мұны көрген қонақтар олқысынғандай ойлана қалғанда, кепкен етпен келістіре жондалған 

үстеме табақтар да келеді. Сонда бурыл сақалды кісі Сарқытқа тандана қарап: 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              322 bet 

—        Екі малыңның етіне дән ризамыз, қарағым. Егер бір мал сойсаң — не соятын едің?— деп сұрайды. 

 

—        Онда құйрығы ошақтай, үш жыл борға байлаған дөнен қойым бар еді, соны соятын едім. Амал 



қанша, талаптарыңыз бойынша оны екі басқа айырбастап жібердім,— дейді Сарқыт күлімсіреп. Сонымен 

қонақтар: «Қап, өз обалымыз өзімізге» деп, сандарын соғады. 

 

Сорпа ішіліп, аллауһуәкбар айтылғаннан кейін жамырай сөйлеген қонақтар: 



 

—                Бұл  балаңыз  жауға  салсақ  та,  дауға  салсақ  та  жарайтын,  біздің  бағымызға  біткен  бала  екен. 

Кербидегі елдің кегін бір қайтарса, осы қайтарар, тобымыздың төбе басы болсын, бізге қосып беріңіз,— 

деп, Сарқытты Оңғар атадан қалап өтінеді. Кек үшін кетіп бара жатқан жолаушылардың тілегіне Онғар 

ата көп ойланбастан көнеді. 

 

Ертеңіне  Сарқыттың  орнына  Оңғар  атаға  қолқанат  қалдырып,  ақ  еділ  ауылға  алғыс  айтады  да,  бала 



басшыны ортаға алып жүргіншілер жүріп кетеді. Күн жүріп, түн жүріп, екпіндете Кербидің ауылына да 

жетеді. Араға хабаршы салып, ауыл сыртына алпыс аттыны қоршай орналастырады. Сарқыттың жалғыз 

өзі Кербимен кездесуге келеді. 

 

Бойы  керегенің  кез  көзінен  сәл  ғана  жоғары  Сарқыт  есіктен  кіргенде  қарны  салбыраған,  күйек  сақал 



Керби құс жастықты қостап жастанып, жамбастап жатыр екен. 

 

—        Барымтаның жоқшысы осы бала,— деп таныстырады Сарқытты Кербиге шабарман. Жастықтан 



басын жұлып алған Керби Сарқытқа отты көзімен ата қарап: 

 

—        Е, бұл хайуандардың үлкені жоқ па екен?— дейді кіжініп. 



 

—        Онда саған түйе қажет пе?— деп, Сарқыт та түйіп тастайды. 

 

—        Жоқ, сақалдыдан жұтаған елмісің?— дейді Керби ызаланып. 



 

—        Онда саған керегі теке ме? Осы топастығың кете ме? Бойың нардай, сақалың талдай, боқ қарын-

ау, ақылың маған жете ме?— деп, Сарқыт тілін қанжардай қадайды. 

 

—        Япырмай, мынау қандай тілі тас жарған бала — деп, жүкке арқасын сүйеп отыра кетіпті Керби. 



Сарқыт тебініп, Кербиді кейін ығыстырады: 

— Ойлағаным еңірегеннің қамы еді, 

Іздегенім дәл солардың малы еді. 

Санап түгел қолыма сал барлығын, 

Қайтармасаң, қалағаным қан еді. 

 

Шошығаннан қояндай бағжиған Керби: 



 

—        Жокшың қанша сонда сенің?— деп міңгірлейді. Сарқыт жал-мажан Кербидің құлағына ауызын 

тақап, айбындана түседі. 

 

—        Артында алпыс мың, алдында алпыс мың, жүн боласың тұяк астында қалып. 



 

Өзіне  төнген  осыншама  күштен  жасқанып,  үрейленген  Керби:  —  Рас  па?—деп  шабарманына  мойын 

бұрады. Сол кезде Сарқыттың «алпыс мың» дегенін естімеген шабарман: «Солай, тақсыр» деп бас изейді. 

Сол-ақ екен, сасқалақтаған Керби:— Жаңылдым, жаздым. Қасықтай қанымды қи!..—деп жалбарынады. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              323 bet 

Орынды даудан, өткір сөзден ыққан қарақшы сол күні бес жүз жылқыны жоқшылдардың алдына салып 

беріп аттандырады. 

 

218 - Бөлім: ЖАҚСЫ ҚАТЫН 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1915 

 

 



Бір ханның айдай сұлу қызы бар екен. Бір күні хан екі уәзірімен әңгімелесіп отырғанда төбелерінен екі 

қаз қаңқылдап ұшып өтеді. Хан екі уәзіріне: — Анау екі қаз не деп кетті, соның айтқанын табындар. Үш 

күн мұрсат беремін. Таппасандар, бастарынды аламын,— дейді. 

 

Уәзірлер үш күн бас қатырып, қаздардың не айтқанын таба алмай, қайғырып отырғанда қастарына хан 



қызы келіп қалады да: 

 

—        Неге қайғырып, мұңайып отырсындар?— деп сұрайды. Екі уәзір мұңын шағып, болған оқиғаны 



айтады. 

 

—        Аспаннан қаңқылдап ұшып өткен екі қаздың не айтқанын табындар деп, әкең үш күнге мұрсат 



беріп еді, таба алмадық. Енді өлеміз ғой деп, жылап отырмыз. 

 

—        Олай болса, қаздың не дегенін мен айтып берейін, ешкімге мен айтты демендер. Ол қаздар: «Жақсы 



қатын жаман еркекті хан қылады, жаман қатын жақсы еркектің басын даң қылады» деді,— деп ұқтырды 

хан қызы. 

 

Екі уәзір қуанып кетіп, жүгіріп ханға барады. 



 

—        Ал, таптындар ма?— деп сұрайды хан. 

 

—        Таптық тақсыр, қаздар: «Жақсы қатын жаман еркекті хан қылады, жаман қатын жақсы еркектің 



басын даң қылады» деп барады екен. 

 

—        Сендерге мұны кім айтты? 



 

—        Өзіміз білдік, тақсыр. 

 

—        Жоқ, сендерге мұны біреу айтты. Сол айтқан кісіні мәлімдемесеңдер, бастарыңды аламын!— деп 



шұқшияды хан. Уәзірлер айтпайды. Хан олардын біреуін дарға астырады. Қалған біреуіне: 

 

—         Сен айт,  айтпасан анау  уәзірдің аяғын  құшасың,— деп қыстайды. Уәзір  қорықканнан шынын 



айтады. 

 

—        Тақсыр, оны үйреткен сіздің қызыңыз еді. 



 

—         Ә, солай ма?.. Онда сен кете бер,— деп, уәзірді босатады.— Ал, менің қызым жақсы болса, жаман 

еркекті хан қылып көрсін... 

 

—        Хан жұртын жинатады. Ең жаман делінген, қолынан ештеңе келмейтін, надан деген бір жігітке 



қызын қосады. Мал да, үй жабдығын да, ыдыс-аяқ та, киім-кешек те бермей, жұртқа тастап көшіп кетеді. 

 

Қыз бен күйеуі қол ұстасып, бір көлдің жағасына келеді. Шөптен күрке жасап, елдің жұртында қалған 



жүн-жұрқаны, тері- терсекті теріп, үстілеріне лыпа қылады. Көлден шабақ аулап, қоректенеді. Қыз теріп 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              324 bet 

алған жүнді иіріп, шекпен тоқиды. Оны күйеуіне базарға саттырады. Сөйтіп жүріп қыз келіскен бір салы 

тоқиды. Күйеуіне: 

 

—         Мынаны базарға алып барып байларға сат. Бергенін алып кел,— дейді. 



 

Салыны сатуға алып бара жатқанда жолдан бір саудагер кезігеді. 

 

—         Жігітім, мына салынды мен алайын, құнына не сүрайсың?— дейді. Жігіт саудаласуды да білмейді 



екен. 

 

—         Бергенінді алайын,— дейді. Саудагер: 



 

—         Астымдағы атымды ер-тоқымымен берейін,—дейді. Жігіт соған келіседі. Жігіт қара жорғаға мініп, 

келе жатса, бір қу жігіт ұшырасады. 

 

—         Әй, атынды сатасың ба?— дейді. 



 

—         Сатамын. 

 

—         Мына текеге айырбаста. 



 

Жаман жігіт атты текеге айырбастайды. Текені алып келе жатқанда оның сырын білетін бір қу: 

 

—         Тек енді мына үйрекке айырбаста,— дейді. Текені үйрекке айырбастайды. Жолшыбай тағы біреу 



кездесіп: 

 

—         Үйрегінді қайраққа айырбаста,— дейді. Жігіт оған да мақұл болады. 



 

Қайрақты алып келе жатса, қара суда қалқып бір үйрек жүреді. Соны ұрып алайын деп дәмеленген жігіт 

қайрақты үйрекке қарай лақтырып жібереді. Үйрек ұшып кетеді.  Қайрақ суға батады. Ақырында жігіт 

сымпиып өзі қалады. 

 

Жолшыбай болған істің бәрін манағы атына салыны айырбастап алған саудагер сырттай бақылап жүріп 



отырған екен. Шыдай алмай жаманның қасына келеді. 

 

—         Ей, не деген ақымақ едің, денің сау ма өзіңнің? Шынынды айтшы, мына салыны кім тоқыды? 



 

—         Менің қатыным тоқыды. 

 

—         Қатының саған ұрыспай ма, барлық еңбегін еш қылдың ғой. 



 

—         Ұрыспайды. 

 

—         Ұрысса қатынынды маған бересің бе? 



 

—         Берейін. Ұрыспаса сен не бересің? 

 

—         Бір сауда дүкенімді мүлкімен берейін. 



 

Екеуі осыған уәделеседі де, жаманның үйіне келеді. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              325 bet 

—        Ал не көрдің, не істедің, сөйле,— дейді қатын. Саудагер сыртта жаманның сөзін тыңдап тұрады. 

Жаман әйеліне басынан кешіргенін бастан-аяқ баяндап береді. Сонда әйелі: 

 

—        Дұрыс істепсің,— дегеннен басқа бір ауыз сөз айтпайды. Сыртта тыңдап тұрған саудагер шыдай 



алмай, үйге кіріп келеді. 

 

—        Не деген сабаз әйелсің. Мен еріңнің қолындағы салыға ертоқымымен жорға атымды түсіп беріп 



алып  ем,  бұл  атты  текеге,  текені  үйрекке,  үйректі  қайраққа  айырбастады.  Ақыр-аяғында  суда  жүзіп 

жүрген үйректі ұрып алмақ болып, қайрақты суға батырды да, құр қол қалды. Не деген ақымақ еді. 

 

—        Оқасы жоқ, бір қайыры болар,— дей салады әйел. 



 

—        Мен күйеуіңмен бәстесіп едім, егер ұрыссаң мен сені алатын болғам. Ұрыспасан бір сауда дүкенімді 

мүлкімен беретін болғамын. Сен ұрыспадың. Жарайтын адам екенсің. Бір ақымақты аялап отыр екенсің. 

Сөзі-сөз. Дүкенімді бердім. Өткізіп алындар. 

 

Дүкенді алғаннан кейін әйелі күйеуіне ақша беріп, базардан екі мәстек сатып әкелуге жібереді. Күйеуі 



алып  келеді.  Әйел  күйеуіне  бақтырып,  семіртеді.  Содан  кейін  біреуін  сойдырады  да,  біреуін  бақтыра 

береді. 


 

Бір күні әйелі күйеуіне: 

 

—        Ертең осы ханның қосшылары киік аулайды. Мына мәстекке мініп, сен киік қу. Сен жетіп ұстайсың. 



Хан келіп: «Киігінді маған бер» дейді. Сен «әйелім біледі» де. Сонан соң хан маған келеді. Қалғанына 

өзім жауап беремін,— дейді. 

 

Содан кейінгі іс әйелдің айтқанындай болады да, хан жігітке ілесіп, оның үйіне келеді де, хан: 



 

—        Ей, әйел, мына киігіңді маған бер,— дейді. 

 

—        Сіз не бересіз? 



 

—        Нені қаласаң, соны ал. Бұл алтын жүнді киік. 

 

—        Алсаңыз — алыңыз. Бұл жолы ештеңе сұрамаймын. Алғым келетінін кейін алармын. 



 

Хан киікті алады. Сонда да: «Мұның бодауына не сұрайды? Қалай да өзі білгір адам екен» деп кете барады. 

Бірнеше күннен кейін әйелі күйеуін жақсы киіндіріп, мәстекке мінгізіп: 

 

—        Сен барып ханды қонаққа шақырып кел. Ханымы, баласы, уәзірі түгел келсін,— деп тапсырады. 



 

Хан  қонаққа  төрт  адам  болып  келеді.  Оларды  бір  сәулетті  үйге  кіргізіп,  жақсылап  күтеді.  Бірақ  әйел 

қонақтарға көрінбейді. Дәмді, тәтті тағам дайындап, ылғи күйеуі арқылы ханның алдына тартады. Екі күн 

қонақ болған соң, хан үшінші күні қайтпақ болады. 

 

Әйел күндегіден де дәмді тағамдарды дайындап, күйеуінен жібереді. 



 

—        Хан сенен «бұл тағамдарды кім пісірді?» деп сұрайды. Сен «әйелім пісірді» де. «Әйеліңді көрсет» 

дейді.  «Көрсетсем,  не  бересің?»  де.  Оның  бізден  алған  алтын  киігі  бар.  «Қатынынды  көрсеткеніңе  не 

сұрайсың?» дейді хан. Сен: «Басындағы тәжінді, астындағы тағынды берсең — көрсетемін» де. Хан екі 

айтпай «мақұл» дейді. Сонан соң қайтып кел,— деп, әбден үйретіп жібереді. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              326 bet 

 

Айтқанындай  хан  тамақты  кім  пісіргенін  сұрап,  әйелінді  көрсет  дейді.  Әйел  бетіне  перде  бүркеніп, 



ханның алдына келеді. 

 

—        Сіз менің күйеуіммен не деп уәде жасастыңыз?— дейді әйел. 



 

—        Сені көрсет дедім. Ол көрімдігіне тәжімді, тағымды сұрады. Мен «макұл» дедім. Сен келіпсің, 

бетінді аш, көрейін,— дейді хан. 

 

—        Хан екі айтса — қара болады. Уәдеден қайтпасаңыз, көрінейін. Ханымыңыз, балаңыз, уәзіріңіз куә 



болсын,— дейді де, әйел пердесін жұлып алады. Бәрі аң-таң. Ханның ханымы әйелді бассалып құшақтап 

жылап қоя береді. Ханның есі ауып кете жаздайды. 

 

Бұл  әйел  ханның  жаман  деп  осы  жігітке  қосқан  қызы  еді.  Қызының  осындай  күйге  жеткеніне  қатты 



қуанысады. 

 

—        Е, балам, жарайсың, айтқаныңа жеттің! Рас данышпан болдың. Айтқанымнан қайтпаймын. Саған 



қарыздар едім, тәжімді, тағымды, малымның жартысын бердім,— дейді де, күйеу баласы мен қызын ертіп 

үйіне келеді. Содан соң ел-жұртын жиып, үлкен той жасайды. Сөйтіп, мұраттарына жеткен екен. 

 

219 - Бөлім: АТАСЫ МЕН КЕЛІНІ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1916 

 

 



Жұртқа қадірлі, ақылды бір шал болыпты. Бір ұл, бір қызы бар екен. Қызын алыс жерге ұзатады. Ұлы өте 

анқау, бос белбеу болыпты. Қарт «Өлсем өлігімді де жөндеп жөнелте алмас» деп қайғырыпты. 

 

«Қалай тіршілік етер, артта қалған бар-жоқты қалай құрап, қалай тұтін тұтетер. Жұрт «Пәлен екем» деп 



құрметтеген  атым  өзім  өлген  соң  өше  ме?»  деген  қиял  шегеді  шал.  Олай  ойланып,  былай  ойланып, 

ағайындарына ойын айтады. Баласына бір ақылды әйел алып беруге бекиді. Өзі де сынап және жұрттың 

тәуір адам болады-ау деген сынына тоқтап, бір кедейдің қызын алып береді. 

 

Содан кейін ұлын сынамақты ойлап, қарт ұлын ертіп жолаушы жүрмек болады. 



 

—         Балам, жолаушы жүреміз, барынды алып, бақаныңды таянып, жолға әзірлен,— дейді. 

 

Ұлы кетпен, күрек, бақан алып, әкесімен жолға шығады. Әкесі ішінен кейиді. Бір талай жүргеннен кейін: 



 

—         Е, балам, жер ұзақ жолды қысқартпайсың ба?— дейді. Бала әкесінің сөзін екі етпей, аттан түседі 

де, жолды шаба бастайды. Әкесі сұрайды,— мұның не? 

 

—         Жолды шауып қысқартпаса, қалай қысқартады?— дейді баласы. Әкесі: 



 

—         Болды, атыңа мін!— деп баласын атына мінгізіп жүре береді. Баласының санасыздығына ішінен 

күйінеді. Аттарынан тер шығып, шаршай бастайды. Сонда әкесі: 

 

—         Балам, біраз төбеленіп алайық,— дейді. 



 

Баласы атынан түсіп, кетпенмен топырақты бөлек-бөлек төбешіктеп үйе бастайды.— Мұның не?— деп 

сұрайды қария. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              327 bet 

—         Төбеленіп алайық дедің ғой,— деп, бала әкесіне ренжи шікірейеді. Әкесі тағы ішінен құсаланады 

да: 

 

—         Атыңа мін,— жүр,— деп жүріп кетеді. 



 

Тағы да бірталай жер жүрген сон: 

 

—         Балам, бір ағаш қазан кайнатып алсақ қайтеді?— дейді шал. Баласы: 



 

—         Жарайды,— деп тоқтап, аттан түседі де, өзінің ала шыққан бала-шотын қоржыннан алып, бір 

қураған ағашты бұтарлай бастайды. Әкесі сұрайды: 

 

—         Мұның не? 



 

—         Ағаш қазан жасаймын. 

 

Әкесі баласының санасыз аңқаулығына тас-талқан ыза болады да: 



 

—        Үйге қайтайық,— деп жүріп кетеді. Келген соң келіншегі күйеуінен: 

 

—        Бүгін атам екеуің қайда бардың?— дейді. Күйеуі: 



 

—        Әкем алжыған ғой деймін,— деп, болған оқиғаны айтады. Сонда келіншегі күйеуін мазақтап, біраз 

күліп алады.— Неге күлесің, жындандың ба?—деп дүрсе қоя береді күйеуі. Ал келіншегі күлкісін тыйып: 

 

—        Жоқ, жынданғаннан саумын. Мен сенің соншама түйсіксіз, аңқаулығыңа күлемін,— дейді. 



 

—        Неге? Ол қалай? 

 

—        Негесі сол, атам асқан ақылды адам. Ол сені баулып, адам қылмақ болған, сынаған. Сен соны 



түсінбегенсің. 

 

—        Қалайша? 



 

—        Атамның «жол қысқарта жүр» дегені — «әңгіме айта жүр» дегені. Әңгіме айтса жолдың ұзақтығы 

білінбейді.  «Төбеленіп  алайық»  дегені  —  «тоқтап,  демалайық»  дегені.  Атты  тоқтатып,  ат  үстіндегі 

нәрселерді жерге түсіріп қойып, өздеріңнің шоғырланып отырып тыныстағандарың төбелену болмай ма? 

Тым болмаса аттың белін көтеріп, қоржын-қоланды үйсең де, атам разы болар еді ғой. Ал, «ағаш қазан 

қайнатып алайық» дегені — «нәй тартайық — темекі шегейік» дегені емес пе? Тым босбелбеусің, ойласаң 

етті. 

 

Қайтсін, күйіп кетсе керек. Ол кезде нәймен (мүштек) темекі шегу қазақта да бар дағды екен. 



 

Келінінін  сөзін  сыртынан  естіген  қарт  ерекше  қуанады.  «Адамым  табылған  екен,  орным  құрғамайды, 

шүкір» деп қамсыз ұйықтайды. 

 

Көңілі орныққан шал: «Енді көзімнің тірісінде қызымды да бір көріп келейін. Жол ұзак, қатерлі болса да, 



қайтейін, тағдыр басқа салса, не іс болса да көрмейміз бе?» деп ойлап, келінімен ақылдасады. Келіні: 

 

—        Барсаңыз, барып қайтыңыз,— деп, жол азығын әзірлеп беріп, ұзақ жолға шығарып салады.— Аман-



сау оралыңыз!..— деп, иба көрсетіп, құрметпен аттандырады. 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              328 bet 

 

Қарт жолға шығады. Тау  асып, тас басып, бірнеше күн жүреді. Бір  күні  иен далада қарақшыларға тап 



болып, таланға түседі. Ат- көлігін, киім-кешегін, заттарын түгел алып, жалаңаш шалды өлтірмек болады. 

Сонда қарақшылардың жартысы: 

 

—        Өлтіріп қайтеміз, жанын қияйық, өзі өлгенше жүре берсін,— дейді. Жартысы: 



 

—        Тірі коя берсек, артынан өзімізге пәле болады,—деп, екі дай боп таласады. Ақыры өлтіретін жақ 

жеңеді. Сонда шал: 

 

—        Дат, мырзалар!— дейді. 



 

—        Датың болса айт!— деп, қарақшылар тілге келеді. Шал дауын айтады: 

 

—        Мен жалғыз шалмын. Үйімде бір қауым мүліктерім бар. 



 

«Бұйрығым неден болса, соған жұмсайын» деп сақтап жүр едім. Соны алындар да тынындар!.. 

 

—         Алындар заттарын,—дейді  іздегені  дүние-мүлік болған қарақшылар:— Қане, жөнін айт,  алып 



келудің жолын ұқтыр! 

 

Сонда шал: 



 

—        Сексен серке саным бар, соны берсін. Алты ала бас атаным бар, соны берсін. Алтын салған екі 

баспақ бар, соның біреуін алып қалып, біреуін берсін. Екі сандық бар, екеуін де бір кілт ашады, соны 

берсін, келініме айтындар. Осыларды алындар да жанымды өзіме қиындар. Егер өлтірсендер дым да жоқ. 

Уәдеме мен жетемін. Белгі үшін белбеуімді, атымды, тымағымды алып барындар. Бір ғана тілегім — осы 

заттарды алып келіп, көзіме көрсетіп өлтіріндер. 

 

Құлқын құлдары қарақшылар өзара ақылдасады да, екі пысық жігітін жібереді. Олар межелі нұсқамен 



шалдың үйіне келеді де, бұйымтайларын айтады. 

 

—        Бізді ақсақал жіберді, қызына аман-есен барды,— дейді де,— сол жерде жиеніне біреуге құда 



түсіпті,— дегенді өздері жандарынан қосады.— Сол құдалық үшін,— деп, шалдың айтқандарын түгел 

санап шығады.— Белгіге, міне, белбеуін, тымағын, атын беріп жіберді. 

 

Келіні шалға мұндай байлықтың бітіп көрмегенін біледі де, жұмбақ сөздің астарына ой жүгіртеді. Сонан 



соң: 

 

—        Жақсы болыпты. Асықпаңыздар, қона жатып жайланыңыздар,— дейді. Онан соң бұл кісілерді 



күтуді  еріне  тапсырады  да,  өзі  сыртқа  шығып  кетеді.  Ауылдың  екі  жігітін  оңаша  шақырып  алады.— 

Сендер мына конақтардың атына мініп, сексен жігіт жиып келіндер. Алты ауылдың алты ақсақалын ерте 

келіндер,— деп тапсырады. Содан соң өзі үйге кіріп, қонақтарға сыр бермей, күтімін жақсарта түседі. 

 

Жұртқа  беделі  бар қарттың  үйі  шақырып  жатыр  деген  соң,  бірдеме  боп  қалды  ма  деп, бәрі  де  жетеді. 



Сырттағы көгалға бұларды отырғызып, келіні оларға атасының сәлемін айтады. 

 

—        Сіздерді атам шақырған екен, атам қарақшылардың қолына түсіп қалыпты. Сіздерге ет асып, тамақ 



дайындадым.  Соны  жеп,  тезірек  аттаныңыздар.  Атам  «сексен  серке  саным  бар,  соны  жіберсін»  депті. 

Онысы  —  сексен  жігіт  дегені.  Тегі  қарақшылар  көп  болса  керек.  «Алты  ала  бас  атаным  бар,  соны 

жіберсін» депті. Онысы алты ауылдың қадірлі алты қариясын шақырғаны. «Алтын салған екі баспақ бар, 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              329 bet 

бірін алып қалып, біреуін жіберсін» дегені — үйде екі қарақшы отыр. Оның біреуін ұстап қалып, біреуіне 

жол бастату керек. «Екі сандық бар, екеуін бір кілт ашады» дегені — баласы мен мені айтқаны. Ашатын 

кілті менмін. Белгіге белбеу, тымақ, ат жібергені — «келмесендер өлтіреді, бәрібір тұлдайсыңдар» деп, 

атты әдейі тұлдап жіберіп отыр. Енді үйдегі екі қарақшыны байлап алып шығындар! 

 

Сексен жігіт екі қарақшыны тарпа бас салып ұстайды да, байлап тастайды. Ұрыларға дәм татырмастан 



өздері жейді де, әзірленіп сайланады да, ұрының біреуіне жол бастатып жүріп кетеді. 

 

Сөйтіп,  сексен  жігіт  пен  алты  ақсақал  барып,  қартты  ажалдан  құтқарып  алады.  Адамды  сексен  деп 



межелеуі — қарақшылар қырық кісі екен. Бірге екіден болған соң, тыпыр еткізбей басып алады. 

 

Жас келін ақылымен елдің сый-құрметіне бөленеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет