ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет49/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   153


 

220 - Бөлім: ЖЕТІ ҚАРАҚШЫ МЕН ХАН 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1917 

 

 



Бір жарлы жігіт жат жерде талай жыл жұмыс істеп, тапқан-таянғанын алып үйіне қайтады. Көптен жол 

торып  жүрген  жеті  қарақшы  кезігіп,  жігітті  тұттай  жалаңаш  қып  тонап  алады.  Жігіт  қалаға  тартқан 

қарақшылардың  қарасынан  көз  жазбай  ілесіп  отырады.  Қалаға  бірге  кіреді.  Тұратын  үйлерін  анықтап 

көріп алғаннан кейін мән-жайды ханға барып айтады. Хан жеті қарақшыны шақыртып алып: 

 

—  Мына  жарлының  мүліктерін  қайтарып  беріндер,—дейді.  Қала  кедейлерінше  жұпыны  киініп  алған 



қарақшылар: 

 

—Біз дәнеңесін алған жоқпыз, тақсыр. Өзіміз қалада қалт-құлт етіп, әзер жан бағып жүрміз,— деп, бет 



бақтырмайды. 

 

Хан  зар  илеген  жарлының  сөзіне  нанарын  немесе  мізбақпай  тұрған  қарақшылардың  сөзіне  нанарын 



білмей дал болады... 

 

Содан кейін жарлы жігітті кайтарып жібереді де, жеті карақшыны қонақ үйіне алып барады. Үстілеріне 



шыт жаңа киім беріп, жақсы тамақтандырып күтіп-бағады. Қарақшылар күн сайын базар аралап келеді де, 

өздерінің  ерліктері  мен  өткен  өмірлері  туралы  әңгіме  айтады.  Бір  күні  сөз  саралғысы  етіп,  хан  оларға 

мынадай бір әңгіме айтады. 

 

—        Бір байдың жеті жасар қызы бір бағбанның бағындағы гүлге қызығып, бағбанның баласынан сұраса: 



 

—        Бойжеткенде маған тисең — беремін,— дейді қызға бағбанның өзі құралпы ұлы. 

 

—        Мақүл,— деп, қыз уәде береді де, гүлді алады. 



 

Арада біраз жыл өтіп, байдың қызы бойжетеді. Ата-анасы қызды біреуге ұзатпақ болып той жасайды. Қыз 

кішкене  күнінде  бағбанның  баласына  берген  уәдесін  айтып,  өзін  алмақ  болып  келген  күйеу  жігіттен 

басына бостандық беруін сұрайды. 

 

—        Ондай уәдең болса, менің киліккенім орынсыз екен,— деп жігіт қызға рұқсат береді. Қараңғы түнді 



жамылып, бағбанның баласына келе жатқан қызға жеті қарақшы кездесіп, біреуі алмақшы болады. Қыз 

оларға да өзінің түн жамылып келе жатқан жағдайын айтады. Сонда жеті қарақшы: 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              330 bet 

—        Ондай уәдеңе бола түн жамылып бара жатсан — рұқсат,— деп, қызды коя береді. Қыз бір бел аса 

бергенде жортып жүрген бір топ көкжал қасқыр кезігеді. Аш қасқырлар қамап, өзін жейтін болған соң, 

қыз қасқырларға да неге кетіп бара жатқанын айтады. Қыздың уәдесін орындауға кетіп бара жатқанын 

естіген соң, қасқырлар да босатып жібереді. 

 

Сөйтіп, қыз бәрінен құтылып, бағбанның баласына барған екен, 



 

ол: 


 

—        Уәденде тұрғаныңа рақмет! Мен сені қосағыңнан бөліп не мұратыма жетемін,— деп, қызға рұқсат 

беріпті. Қыз қайтып келіп, ата-анасы атастырған жігітке қосылыпты. Сонда осылардың қайсысы ер?— 

деп сұрайды әңгімесін аяқтаған хан қасында отырғандардан. 

 

—        Көкжал даланың серісі еді, бағына кезіккен қызды жей алмағаны несі? Кім тергер еді жей салса. 



 

—        Жеті қарақшы не қылған ақымақ? Бүлдіршіндей қызды көпекорнеу қоя беріп, мейірімді болғаны 

құрсын. 

 

—        Жігіт не қылған ез... 



 

—        Күйеу жігітте бір ынжыкекен!..— десіп, жатып кеп өкінісіпті! Аңғармай ойындағыларын айтып 

қалған  жеті  қарақшыны  хан  байқапты.  Сөздерінен  рақымсыз  жандар  екенін  біледі.  Мұндай 

тасбауырларды қарақшы емес, деп кім айтады. Сыры ашылады. Хан жендеттерін шақырып алып: 

 

—        Дарға асындар!— деп жарлық береді. 



 

—        Тақсыр, біз едік жарлы жігітті тонаған, қайтарып берейік, қасықтай канымызды қиыңыз,— деп қол 

қусырып орындарынан тұрып, ханның аяғына бас қояды. 

 

221 - Бөлім: АҚЫЛДЫ ДИХАН 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1918 

 

 



Бір есірік хан болыпты. Ойына не келсе, соны істеп, халықты жәбірлей береді. Бір күні екі шабарманын 

шақырып алып: 

 

— Маған осы елдегі ең ақымақ адамды тауып әкеліп беріндер!— деп бұйырады. Екі шабарман ақымақ 



адамды іздеп ел аралайды. 

 

—        Ақымақ мынау деп кімді алып барамыз? Көрінген біреуді айдап барсақ, ол ақымақ болмай шықса, 



хан өзімізді жазалайды,— дейді шабарманның біреуі. Сонда екіншісі айтады: 

 

—        Сен ақымақпысың? Кімді апарамыз деген сөз бола ма? Кім нашарлау көрінсе, соны еркіне қоймай 



айдап апарамыз. Хан шақырып жатыр десек, бармасқа лажы жоқ. 

 

Екі  шабарман  келе  жатып,  шыжыған  ыстықта  қара  тер  болып, қарағай  сүйреп  келе  жатқан  бір  адамға 



кезігеді де: 

 

—        Нағыз ақымақты таптық, бұл ақымақ болмаса, мынандай ыстықта тау басынан қарағай сүйрей 



ме?— дейді бір шабарман. Екіншісі: 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              331 bet 

—        Қарағайынды таста, сені хан шақырып жатыр,— дейді! 

 

—        Асықпандар, жігіттер! Қарағайымды үйіме жеткізіп қояйын да, барайын. Хан мені неге шақырды 



екен?— дейді ағаш тасушы. Шабарманның біреуі: 

 

—        Қарашы өзін, онда сенің не жұмысың бар. Жүр деген соң жүр! Хан сен сықылды ақымақты тауып 



кел деген, бас аяғынды!— деп, дігерлейді. 

 

—        Жоқ, жігіттер, сонша енбектеніп, қарағайды тау басынан сүйреп әкеліп, орта жолға тастап кететін 



ақымағың мен емес,— деп, ағаш тасушы өз жолына кете барады. 

 

Лажсыз қалған екі шабарман әрі кетеді де, өрмек тоқып отырған бір әйелді көреді де: 



 

—        Жеңгей, сені хан шақырып жатыр, жүр тез,— дейді. Әйел айтады: 

 

—        Ойбай-ай, ақыл сұрайтын еркек емеспін, хан әйел кісіні неге шақырды екен? 



 

—        Хан әйел адамды қайтуші еді,— дейді екі шабарман — Бізге «ақымақ адамды тауып кел» деп 

бұйырған. Еркектермен салғылас- пай, жүр жылдам!.. 

 

—        О антұрғандар, акымақ іздесе, босқа лағып жүрген өздеріңнен артық ақымақ табылмас... 



 

Мен жұмысымды бітіре алмай, жанталасып отырмын. Ақымақты табылатын жерден іздендер! Мен бара 

алмаймын,— деп, әйел зекіріп, сес көрсетеді. Әйелдің сөзінен шошыған шабармандар тайып береді. Олар 

біріне-бірі: 

 

—        Сырымызды ашық айтсақ, көнбейді екен. Енді кім кезіксе, соны зорлап айдап әкетейік, болмаса 



ақымақты соның өзіне таптырайық,—деген байлам жасайды. Содан кейін жер суғарып жүрген диханға 

жолығады. 

 

—        Ей, егінші, жүр ханға,— дейді. Дихан шабармандарға бажырая қарайды. 



 

—        Мына жұмысты сендер істейсіндер ме, әлде, хан істей ме? Мұны тастап бара алмаймын!.. 

 

—        Көп сөзді қой да, жүр деген соң, жүр! Хан «ақымақты тауып кел» деген.Сенің ақымақ екенін көрініп 



тұр. 

 

—        Сендерге ақымакты әзірлеп отырған ешкім жоқ,— дейді дихан ашу шақырып.— Көзіме көрінбей 



жоғалындар!.. 

 

Екі шабарман диханды қыса бастайды: 



 

—        Олай болса, ақымақты тауып бер!.. 

 

—        Мен ақымақ емеспін, ақымақты іздеуге де мұршам жоқ. Жұмысымнан қалдырып, әурелемендер!.. 



 

—        Жоқ, сен өзің ханға жүр. Әйтпесе, бізге ақымақтың кім екенін айт. Бәрің ақымақ емеспіз дейсіндер. 

Сендердің араларында кім ақымақ, оны біз кайдан білеміз. 

 

—                Жарайды  онда,  ақымақты  айтып  берейін,  бірақ  мені  әурелемендер,—  дейді  өзіне  жабысқан 



шабармандардан құтылу үшін. Сәл ойланып тұрып былай дейді.— «Ақымақты тауып кел» деген ханның 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              332 bet 

өзі ақымақ немесе ақымақты іздеп, таба алмай жүрген сен екеуің ақымақсың. Бұдан басқа ақымақты дүние 

жүзінен таппай- сындар! 

 

—        Сен ханға тіл тигіздің, ханға барып айтамыз!— деп жабысады шабармандар. 



 

—        Мейлі, айта беріндер, тіпті осыны ханға ұқтырып айтындар. 

 

Екі шабарман ханға шауып барады да, диханның сөзін жеткізеді. 



 

—        Ендеше, сол диханның кол-аяғын байлап алып келіндер!— деп бұйырады хан. 

 

Шабармандар диханды дедектетіп, ханның алдына алып барады. Хан мысқылдап диханға: 



 

—        Сен мені ақымақ дегісің. Ақылың тасып тұрса, айтшы қане, құдай қай жерде тұрады?— дейді. 

Сонда дихан айтады: 

 

—        Тақсыр, мына кейпіммен ханға ақыл айтпақ боп, құдайдын қайда тұратынын айтсам, сөзімде дауа 



бола ма? Сондықтан сіз менің кимімді киіп, бейне мен құсап, кешірім сұраған әлпетте алдыма бас иіп 

тұрыңыз. Мен сіздің киіміңізді киіп, тағыңызға отырайын да, хан болып тұрып айтайын. 

 

Хан бұл шартқа келіседі. Дихан ханның киімін киіп, хан тағына отырады да, нөкерлерді шақырады. 



 

— Осы уақытқа дейін ақымакты таба алмай, босқа сабылып жүр екенсіндер, мынадан артық ақымақ жоқ. 

Сыртқа алып шығып, басын кесіндер! 

 

Нөкерлер сөзғе келместен ханды желкелеп ала жөнеледі де, дар алдына апарып басын кеседі де тастайды. 



 

Халық зұлым ханның жойылғанына хош болады. 

 

222 - Бөлім: ЫНТЫМАҚ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1919 

 

 



Ертеде Нығмет, Үсен деген ағайынды екі бала болады. Нығмет он жасқа, Үсен бес жасқа келгенде әке-

шешелері қайтыс болып, екеуі жетім қалады. 

 

Осы  кезде  бұрын  әкелерінің  қожайыны  болған  Шаһимардан  деген  бай:  «Екі  жетімді  қолыма  алып, 



ержеткенше үй жұмысына салайын. Ержеткен соң екеуі әкесінің орнын басып, бір керекке жарап қалар» 

деп ойлайды. 

 

Сөйтіп, Шаһимардан бұғанасы қатпаған Нығмет пен Үсенге су тасытып, отын жақтырады. Ержеткен соң 



Нығметке жылқысын, Үсенге қойын бақтырады. Содан Нығмет пен Үсен кисе — киімге, ішсе — тамаққа 

жарымай,  Шаһимарданның  малын  бағып,  табаны  күректей  жиырма  бес  жылды  откізеді.  Байдың  қойы 

мыңға, жылқысы үш мыңға, сиыры екі мыңға жетіп, барған сайын дәулеті таси береді. Соншама еңбек 

істеп, тер төксе де бай екі жетімнің басына үй тігіп, бауырына қазан асып, басын құрасын деп ойламапты. 

 

Нығмет отыз беске,Үсен отызға шыққан жылы бай жеті жастағы ұлына келіншек айттырып, сән-салтанат 



құрады. Мұны көрген Нығмет пен Үсен ақылдасып, бұл бай әкемізге де жақсылық қылмаған еді, малын 

осынша өсірген бізге де жақсылық қылмайды. Бүйтіп, қорлық көріп жүргенше ақымызды алайық та, оз 

бетімізбен күнелтейік деген байламға келіседі. Шаһимарданнан ақы талап етеді. Зорласа да малын бақпай 

кететініне көзі жеткен бай амалсыз қалып, жиырма бес жылдық еңбек ақыларына бір ат, бір бұзаулы сиыр 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              333 bet 

беріп, екеуін жолға салады. Екеуі берген ақысына разы болмаса да қолдан келер қайраны жоқ еді. Байға 

қарғыс жаудырып, жапан далаға қаңғып кете барады. 

 

Нығмет пен Үсен жүре-жүре бір күні көкорай шалғынды көк өзеннің жағасына келіп, шөптен күрке жасап 



демалады. Кеш батып ымырт үйірілген кезде Нығмет пен Үсен жалғыз сиырды сауып алған бір баспақ 

сүтті қорек кып отырғанда, аттың дүбірі шығып, күркенін сырт жағынан біреу: 

 

—        Құдайы қонақпын!— деп дауыстайды. Үйде отырғандар: 



 

—        Атыңыз кім болады!— дейді. 

 

—        Атым — Қызыр. 



 

—        Қызыр болсаңыз, қонатын жерге қоныңыз, біз қондыра алмаймыз,— дейді үйдегілер. Мұны естіген 

қызыр кетіп қалады. 

 

Нығмет мен Үсен бұл түнді осылай өткізеді. Ертеңіне біреуі сиырды, біреуі ат пен бұзауды бағып, бір 



күнді тағы өткізеді. Кеш батып, ымырт үйіріледі. Кешкі ас үстінде отырғанда, тағы да ат дүбірі естіледі. 

Келген кісі сырттан: 

 

—        Құдайы қонақпын!— деп дауыстайды. Екі жігіт: 



 

—        Атыңыз кім?— деп сұрайды. Сырттағы кісі: 

 

—        Атым Бақ,— дейді. 



 

—        Бақ болсаңыз, орныңызды тауып қоныңыз,— дейді жігіттер. Сонымен бақ та кетіп калады. 

 

Үшінші күні кешкі тамаққа отырғанда тағы біреу келіп: 



 

—        Құдайы қонақпын,— дейді. 

 

—        Аты-жөніңіз кім? 



 

—        Атым — Дәулет,— дейді сырттағы кісі. 

 

—        Ендеше дәулетті жерге барып қоныңыз,— дейді екі жігіт — Бізде ішетін тамақ жоқ, жатарға орын 



жоқ. 

 

Сонымен Дәулет те кетіп қалады. 



 

Нығмет пен Үсен ылғи да: «А, кұдай, ынтымақтан айырма, бас аман болсын!— деп тілеу тілеп, қалт-кұлт 

күн өткізе береді. Бір күні кешкі асқа отыра бергенде үйдің сыртынан ат дүбірі естіледі де, бір кісі: 

 

—        Құдайы қонақпын!— деп дауыстайды. Екі жігіт: 



 

—        Атыңыз кім болады?— деп сұрайды. 

 

—        Атым — Ынтымақ,— дейді жолаушы. Нығмет пен Үсен сыртқа жүгіріп шығады: 



 

—                   Ынтымақ сіз болсаңыз, қонақ болыңыз,— деп, атын ұстайды. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              334 bet 

 

Ынтымақ — ақ көңіл, ашық-жарқын қарапайым кісі екен. Екеуінің пейіліне разы болады. Қонақ үйге кіріп, 



төрге  отырғаннан  кейін  Нығмет  пен  Үсен:  «Ынтымақтын  қонақ  болуы  —  үлкен  бақыт.  Сондықтан 

қонақты разы қылып аттандырайық» деп ақылдасады. Қонақасыға аттарын көлденең тартып, «Аумин!» 

деп бата сұрайды. Ынтымақ отырып: 

 

—        Жан баққан жалғыз аттарыңды маған сойсаңдар, қалай күнелтесіндер?— дейді жігіттерге. 



 

—        Қане, қонақ сіз болсаңыз, бәрі де орнын табады, ықыласыңызды беріңіз,— дейді екі жігіт өтініп. 

Шын пейілдеріне көзі жеткен Ынтымақ дастарқанға бар пейілін төгіп: 

 

—        Құдай ондасын, Қызыр қолдасын! Бақ қосылып, Дәулет дарысын, аллаһу әкбар?— деп бата береді. 



Нығмет мен Үсен дереу атты сойып, етті казанға салады. 

 

Үсен  ет  пісіріп,  Нығмет  Ынтымақпен  әңгімелесіп  отырғанда,  сәлем  беріп  үйге  Қызыр  кіреді.  Оның 



артынан іле-шала Бақ пен Дәулет кіреді. Ынтымақтың үстіне Қызырдың, Бақтын, Дәулеттің келуі үлкен 

қуанышқа айналады. Екі жігіт жігі-жапар болып күтеді. Ет түсіріліп, тамақ желініп болған соң, Нығмет 

пен Үсен алғашқы үш қонақты қондырмағандары үшін кешірім сұрайды. Сонда Қызыр қарт айтады: 

 

—                Балаларым,  оған  қысылмаңдар,  Ынтымақ  болмаса  Қызыр  қонбайды,  Бақ  қарамайды,  Дәулет 



дарымайды.  Біз  Ынтымақтың  бастауымен  келдік.  Көсегелерің  көгеріп,  өркендерің  өссін!—деп  ықылас 

білдіреді. 

 

Тамақ ішіп болған  соң, төрт қонақ екі  жігітке алғыс айтып аттанып кетеді.  Осыдан кейін Нығмет  пен 



Үсеннің істері өне бастайды. Оларды Қызыр қолдайды, Бақ қонып, Дәулет дариды да, бақытты жандарға 

айналады. 

 

Әйел алып, бала сүйіп, мұраттарына жеткен ағайынды екі жігіт: «Ынтымақтан биік, ынтымақтан күшті 



ештеңе жоқ» деп, үрім-бұтағына өсиет айтқан екен. 

 

223 - Бөлім: ДОЛЫДАН ПЕРІ БЕЗІПТІ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1920 

 

 



Биік  таудың  етегіне  орналасқан  үлкен  қаланың  сыртында  Монтай  деген  кедей  жігіттін  үйі  бар  екен.     

Монтай           таудан            отын   жинап,            соны   калаға 

 

арқалап әкеп сатып күн көреді. Күн сайын отын сатқаннан түскен кірісін әйеліне бере береді. 



 

Монтай отынға кеткенде әйелі қалаға барып, ақшаны көр-жерге жұмсап, жоғалтып қайтып жүреді. Содан 

Монтайдың үйіне де ештеңе құтаймайды. Бір күні Монтай шапанының бой-бой боп тозып кеткенін айтып: 

 

—        Жинаған ақшаға маған шапан алайық,— деп, әйелімен кеңеседі. Сонда әйелі баж ете қалады. 



 

—        Қайдағы ақша, күндегісін күнде ішіп-жеп жүргеміз жоқ па?— дейді бет қаратпай. 

 

Монтай үнсіз отырады да, ендігі тапқан ақшасынан өзі алып қалып, шапанының жыртығына тығып жия 



бастайды. Содан кейін әйелі күйеуінің тапқан ақшасының азайып кеткенінен күмәнданады. 

 

—                Әкелші,  шапанынды  жамап  берейін,—деп  шапанды  алады  да,  жамаған  болып  отырып, 



жыртықтарындағы ақшаны тауып алады. Содан қиғылықты салады. Қой дегенге қоймай долданған әйелі 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              335 bet 

күйеуінің жағасынан алып, киімдерінің дода-додасын шығарады. Долы әйелдің қылығынан мезі болған 

Монтай одан құтылуды ойлайды да, тауға қарай қашады. Әйелі тұра қуады. Монтай қашып, әйелі қуып 

отырыпты.  Монтай  сол  қашқаннан  қашып,  бір  биік  жалама  тасқа  шығып  кетеді,  әйелі  шыға  алмай 

бажылдайды. Көкбет долы тебіне айқайлап: 

 

—             Қайтып  келсең  — келдің,  келмесең  —  өзімді  шыңырауға  тастаймын!—дейді.  Монтай  артына 



бұрылып: 

 

—        Сен енді не болсаң, ол бол! Мен әйтеуір сенен құтылсам болды,— дейді. 



 

Бұған бұрынғыдан бетер булыққан әйел өзін терең шыңырауға тастап жібереді. Монтай үйіне оралады. 

Долы әйелден құтылғанына қуанып, құдайға сиынады. 

 

Арада біраз уақыт өтеді. Монтайдың есіне әйелі түседі. 



 

—        Бейшара не де болса әйелім еді ғой, сорлы шынымен өлді ме екен, әлде тірі ме екен?— Барып арқан 

тастап  көрейін,—  деп, әйелі  түсіп кеткен  шыңырауға  келеді.  Ұзын арқанды  тастаса  —  бір  ауыр  нәрсе 

ілінеді. 

 

—        Е, байқұс тірі екен ғой, долылығына тәубе қылар, шығарып алайын,— деп Монтай арқанды күшпен 



зорға тартып шығарса, әйелі емес, басы дудар-дудар бір нәрсе шыға келеді. Шошып кеткен Монтай оны 

тастай салып, тұра қашады. Сонда әлгі дудар бас: 

 

—        Ей, адамзат, сен неге қашасын? Тоқтай тұр!— деп, артынан қуып келіп, алдын кес-кестей тұра 



қалады.— Мен перімін. Сен маған дүниеде тендесі жоқ жақсылық жасадың. Бұл шыңырау менің мекенім 

еді. Бір  аптадан артық уақыттан бері  осында  бір көк бет,  долы әйел пайда болды да, құтылмас бәлеге 

ұшырап, сыртқа шыға алмай қалдым. Мені долы әйелден құтқардың, қалағаның берейін. Қашан басыңа 

күн туса, қиналсаң — мына шашымды тұтат. Мен сол заматта қасында боламын, сені құтқарамын. 

 

Пері бір тал шашын Монтайға береді де, ғайып болады. 



 

Арада  біраз  күндер  өтеді.  Бір  күні  патшаның  жалғыз  қызы  қатты  ауырады.  Патша  талай  білікті 

дәрігерлерге көрсетсе де, ештеңе шипа болмайды. Шарасыз қалған патша қызына жаны ашып: «Кімде-

кім қызымды емдеп жазса, соған қосамын. Әрі ол менің оң қол уәзірім болады» деп жарлық жариялайды. 

 

Бұған ешкімнің батылы бармайды. Сонда Монтайдың есіне пері түседі. Әлгі бір тал шаштың бір шетін 



тұтатқан екен, пері жетіп келіп, Монтайға: 

 

—        Не талабың бар?— дейді. 



 

—                   Патшаның қызын қалай емдеуге болады?—деп сұрайды Монтай. 

 

—        Жарайды, тілегінді орындайын. Патшаның қызын соққан пері мен едім. Сен патшаға қызынды мен 



жазамын деп,  уәденді  бер де, таңертең ерте патша қызы тұратын сарайға кір де, үш дүркін  «сүф,  сүф, 

сүф!» деп, қыздың оң иығын қағып-қағып қой, мен ұшып кетемін,— дейді де, ғайып болады. 

 

Монтай перінің айтқанындай істейді. Патшаның қызына қосылып, оң қол уәзірі болады. Сөйтіп, ырғын 



тұрмыс өткізе бастайды. 

 

Бір  күні  көрші  патшаның  қызы  сондай  науқасқа  ұшырайды.  Оған  да  шипа  қонбайды.  Ол  патша 



Монтайдың атағын естіп, патшаға адам жіберіп Монтайды сұратады. 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              336 bet 

 

—        Монтай менің қызымды да жазатын болса, қызымды қосамын және өзімнің оң қол уәзірім етемін,— 



дейді. Бұған Монтайдың патшасы көнбейді. Сонда қызы ауыру патша: 

 

—        Монтайды жібермейтін болса, соғыс жариялаймын!— деп жар салыпты сестеніп. 



 

Бұл  Монтайдың  патшасынан  күштірек  екен,  мұны  естіген  соң,  амалсыз  Монтайды  жібереді.  Монтай 

қайтерін  білмей  кетіп бара  жатып,  әлгі  перінің  шашынан  азырақ  тұтатады.  Пері  жетіп  келеді.  Монтай 

шаруасын айтады. 

 

—        Бұл ақырғы талабың болсын, орындайын,— дейді де, ғайып болады. 



 

Монтай ауыру қыздың сарайына кіріп барып, үш дүркін «сүф, сүф, сүф!» дейді де, қыздың оң иығынан 

қағып-қағып жібереді. Пері ұшып кетеді, қыз жазылады. Монтай бұл патшаның да қызын алып, оң қол 

уәзірі болады. 

 

Күндердін  бірінде  бұл  екі  патшадан  да  құдыретті  бір  патшаның  қызы  тура  сол  ауырумен  ауырады. 



Монтайдың атағын естіген бұл патша екі патшаға арнайы адам жіберіп, сәлем жолдайды да, Мон- тайды 

сұратады. 

 

—        Жібере алмаймыз,— дейді екі патша бірдей. Ана патша: 



 

—        Соғыс жариялаймын!— деп күш көрсетеді. Сонда әлсіз екі патша амалсыз Монтайды жібереді. 

Монтай жолға шығады. Періні шақырайын десе, шашы таусылған. Сонан соң тәуекел етіп, бара көрмек 

боп Монтай ауыру қыздың үйіне кіріп барса, әлгі пері қыздың оң иығында отыр екен. Көре сала Монтайға 

тұра ұмтылады. 

 

—        Ей, адамзат, сенен қашан құтыламын? Тағы келіпсің. Енді өзінді соғамын,— дейді пері. Монтай: 



 

—        Тұра тұр, әлгі долы әйел шыңыраудан шығып алып, періні тауып бер деп, мені қуды. Содан қашып 

келдім,— дейді. 

 

—        Олай болса, сен есікті мықтап жаба тұр, мен терезеден шығып, алты тауды асып кетейін. Оған 



дейін есікті ашпа!— деп, пері ғайып болады. 

 

«Долыдан пері безіпті» деген сөз содан қалған екен. 



 

  

 



елін шақырып, ұлан асыр той жасайды. 

 

224 - Бөлім: ЕШКІ ҚОТЫР 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1921 

 

 



Өр Алтайдағы бір бидің шабарманы өте пысық жігіт екен. Ел кезіп, көпті көреді. Қартайған шағында бір 

байдың ауылына түсіп, қонақ болады. Сонда қонақ кәде ретінде ауыл адамдары өлең айтқызады. Оның 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет