«Қазгидромет» қызметі толық тай тегін болуы керек. Ауа райы өз



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата08.01.2017
өлшемі3,16 Mb.
#1393
1   2   3   4   5   6

 Бүркіт НҰРАСЫЛ

Астана

Бас прокуратураның ресми өкілі Жандос 

Өмірәлиевтің айтуынша, тексеру бары-

сында уәкілетті органдар білім алу бойынша 

грант ұсыну барысында тегін білім алуға 

құқылы балаларға қатысты теңдік қағидаты 

соншалықты қамтамасыз етілмейтіні 

белгілі болған. «Әсіресе колледж түлек-

терінің тегін білім алуға қатысты консти-

туциялық құқықтарына нұқсан келтірген 

жағдайлар анықталды. Нақтыласақ, заңға 

сәйкес, республикалық және халықаралық 

спорт жарыстарының жеңімпаздары білім 

гранттарын алуда артықшылық құқыққа 

ие. Бұл ретте, заң нормасы мектеп түлек-

теріне де, колледж бітірушілерге де тең 

қарас тырылады. Алайда осы талап бұзыл-

ған. Колледждің 2010 жылғы түлектері 

түрлі спорт жарыстарының жеңімпаздары 

бола отырып, әлгіндей артықшылықтан 

қағылған», – дейді ресми өкіл. Мұның 

себебіне үңілген прокурорлар білім гран-

тын табыс ету барысында конкурстық 

комис 


сияның қарауына спорттық іс-

шаралар жеңімпаздарының тізімі дұрыс 

берілмегенін де анықтапты. «Дарын» 

республикалық ғылыми-практикалық 

орта лығының бастамасы бойынша мұндай 

тізім тек мектеп түлектері арасынан ғана 

әзірленген. Сөйтіп, колледж бітірушілері 

тізімнен тыс қалған. Тізімге ілікпей, 

артықшылықтан құр қалғандар арасында 

– Азия чемпионы, ел чемпионатының 

жеңімпаздары, жасөспірімдер арасындағы 

Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп 

алған жас спортшылар да бар екен. 

Колледжді бітірген әлгіндей спортшы-

абитуриенттер бұрын әзірленген тізімде 

болмауына байланысты конкурсқа 

арналған өтініш бланктерін толтырғанда 

«спорт жарыстарының жеңімпазы» деген 

деректі көрсетпей толтыруға мәжбүр 

болыпты. «Осылайша «Дарын» республи-

калық ғылыми-практикалық орталығы 

заңда көзделген артықшылық құқықтарға 

ие азаматтардың құқығын негізсіз шектеп

өз әрекеттерімен балалардың конститу-

циялық құқықтарына нұқсан келтірді. Бас 

прокуратура анықталған заңбұзушылықтар 

бойынша Білім және ғылым министрлігіне 

ұсыныс енгізіп, кінәлі лауазымды тұлғалар 

тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі 

таңда конкурстық комиссия босатылған 

білім гранттары есебінен тегін білім алуға 

өтініш білдірген төрт баланың конститу-

циялық құқығын қалпына келтіру мәселесін 

қарап жатыр», – деді ресми өкіл. 



ЖАЛАҚЫ БОЙЫНША 

ЕҢ КӨП ҚАРЫЗ «ҚУАТТА»

Бұдан бөлек, прокуратура органдары 

кәсіподақтармен бірлесіп еңбек құқығын 

қорғауға бағытталған шараларды да қолға 

алыпты. Елдегі еңбек жағдайына талдау 

жасап, жалақысыз жүргендердің мұң-

зарына да ден қойып, мұнда да бұзылған 

құқықтарды қалпына келтіру қолға 

алынған. Елдегі еңбек нарығындағы 

жағдайды саралаған прокурорлар, 

республика бойынша жалақы мәселесіндегі 

жұртқа берешектің тең жартысы «Қуат» 

корпорациясы» АҚ компаниясына тиесілі 

екенін де анықтапты. Мәселен, былтырғы 

желтоқсан айында аталмыш кәсіпорынның 

жұмысшылар алдындағы қарызы 1,7 млрд 

теңгені құраған. Сөйтіп, шамамен алғанда 

20 мың жұмысшының құқығына нұқсан 

келтірілген. «Бас прокуратура Үкіметпен 

бірлесіп, жұмысшылардың құқығын 

қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар 

қабылдады. Атап айтсақ, атқарушы биліктің 

резервінен 3 млрд теңге алынды. Өйткені 

«Қуат» корпорациясы Алматыдағы «Шығыс 

айналма жолы» құрылысын салу 

барысында мемлекеттің пайдасына жер 

телімдерін сатып алған болатын. Қазір сол 

жер телімдері мемлекеттің балансына 

өтті», – дейді қарызға қаражаттың қайдан 

алынғанын әңгімелеген ресми өкіл Жандос 

Өмірәлиев. 

Оның айтуынша, аталған қаражат 

«Қуат» корпорациясында жұмыс істеген 

азаматтар алдындағы берешекті өтеуге 

бағытталатын болады. Бүгінгі күннің өзінде 

6,5 мың жұмысшыға 870 млн теңгеден 

астам сомадағы жалақы қарызы жабылған. 

«Қалған 13,5 мың еңбеккердің жалақысы 

да алдағы уақытта толығымен өтеледі», – 

деп сендірді ресми өкіл. 



Қанат ҚАЗЫ

«Бүгінгі таңда күллі қазақтың арманы мен мұңын біріктіріп, басын 

қосатын жалғыз ғана жол қалған сияқты. Ол – біртұтас Алаш идеясы». 

Астанада «Аманат» зияткерлік пікірсайыс клубында «Әлихан Бөкейханов 

және Алаш идеясы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде белгілі 

алаштанушы, жазушы, филология ғылымының докторы, профессор, 

«Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының директоры Тұрсын Жұртбай 

осылай деп атап өтті. 

Прокурорлар былтыр 690 мыңнан астам азаматтың конститу ция -

лық құқықтарын қорғады. Азаматтардың құқығы мен бос тан дықтарын 

қорғауды жүйелі түрде қадағалайтын орган жақында тегін жоғары 

білім алуға артықшылықтары бар балаларға қатысты мемлекеттік білім 

гранттарын берудің заңдылығына тексеру жүргізіп, біршама жайсыздықты 

анықтапты. Бұл туралы кеше Бас прокуратурада өткен баспасөз 

мәслихатында мәлім болды. 

Әлихан Бөкейханов 

және Алаш идеясы

Тегін білім алуға қатысты 

теңдік сақталмай отыр 

Ең еңбекқор халық қайсы? 

Тұтас халықтың жартысын құрайтын фамилиялар

Басы 1-бетте

Көршілес Судан, Тунис, Алжир, Мысырда болған оқиғалар Ливияға 

да әсер етпей қоймады. Африка елдеріндегі жаппай халықтың 

толқуы бейне бір тізбектер арқылы жүргізілгендей әсерде қалдырды. 

Көрінбейтін тізбек жүріп өткен мемлекеттердің алды жаңа саяси 

жүйе құрудың алғышарттарын жасауға кіріссе, Бахрейн, Йемен 

сынды мемлекеттерді төңкерістің елесі кезіп жүр. Ал әзірге әлем 

назарын өзіне Ливия аударып тұр. Жалпы, жоғарыда айтып өткен 

тізбек жүріп өткен мемлекеттердегі төңкерістің төркіні бірдей. Бірақ 

41 жыл биліктің екі тізгін, бір шылбырын уысында ұстаған Муаммар 

Каддафидің ұлы – Сейф әл-Ислам Каддафидің айтуынша, Ливиядағы 

бүлікті ұйымдастырған «үш күш» бар сияқты. Олар – саяси белсенділер, 

«араб элементтері» және мұнай алпауыттары. Бұл – жуырда саяси 

аласапыранға ұшыраған Ливияға жақын орналасқан мемлекеттерге де 

тән құбылыс. Ендеше, біз айтып отырған тізбектерді физикадағы қатар 

орналасқан бірнеше биттік блоктан түзілетін жаңа псевдокездейсоқ 

тізбектер сияқты кездейсоқ тізбек деп айта алмаймыз.

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

Иә, Ресейдің өзінде Иванов, 

Смир 

нов, Кузнецов деген фа-



милияның қарасы мол екені мәлім. 

2005 жылы Эстония үкіметі өз аза-

маттарының арасында көп тарал-

ған фамилияларға статистика лық 

санақ жүргізіпті. Сонда ең көп 

кездесетін фамилиялар қатарына 

Тамм, Саар, Мяги және Сепп деген 

фа ми лиялар  жат қызылған.  Алай-

да бейресми дерек терге қараған-

да, бұл елде орыстың Иванов 

деген фамилиясы ең көп кездесетін 

көрінеді. АҚШ-та 2 млн 383 мың 

Смит ныспысы кез 

деседі. Бүкіл 

әлемдегі 80 миллион корей ұл-

тынан ең көп дегенде 300-ге жуық 

қана Ким, Пак, Ли секілді әртүрлі 

фамилияны кездестіре ала 

сыз. 

Бірақ та корейлерде екі түбір сөз-



ден тұратын мыңдаған есім бар. 

Сондықтан бұл ұлттан аттас есім-

дерді кездестіру – қиынның қиы-

ны. 


Сол сияқты тұтас халықтың 

жар т ысына  жуығын  құрайтын 

фа милия лар бар. Мысалы, көп-

теген дерек 

терге қарағанда, 

Вьетнам халқының 40 пайызы 

Нгуен деген фамилиямен жүреді 

екен. Қытайда 92,9 миллион Ван 

және 92 миллион Ли деген фа-

ми лия бар. Одан кейінгі көп кез-

де сетін фами лия – Чжан, саны 

– 87 миллион. Осы үш фамилия-

ның қарасы 300 млн-ға жуықтап 

қа л ады  екен. 



АРША-АҚПАРАТ 

Бүгінде тау аршаларының 

ТМД елдері аймағында 20-дан 

астам түрі, Қазақстанда 10 түрі 

өседі. Олардың арасында Қызыл, 

Сауыр, Дробов, Талас және Сібір 

атты түрлері бар. 

АРШАҒА – АРАША

 ҚР Әкімшілік кодексінің талаптарына сай тауда өсетін аршаны 

заңсыз кескені үшін мемлекеттік қызметкерлер мен жеке 

кәсіпкерлерге – 50-70, ал жеке тұлғаларға 25-30 айлық есептік 

көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№34 (486) 25.02.2011 жыл, жұма



www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz



Раушан 

ЕЛЕМЕСОВ, 

экономика 

ғылымының 

докторы, 

профессор:

Қанат 

БЕРЕНТАЕВ, 

экономикалық 

сарапшы:

?

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

Дайындаған 

Кәмшат САТИЕВА

– «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, қандай 

да бір болуы ықтимал экономикалық дағдарысқа 

сайманымызды сайлап, дайын отырғанымыз 

дұрыс шығар. Әрине, қазір бұқаралық ақпарат 

құралдарында жаһандық дағдарыстың келесі 

толқынының тууы туралы айтылып, жазылып 

жатыр. Бірақ, меніңше, ол өткенде орын алған 

қаржы дағдарысындай алапат сипатқа ие болмай-

ды. Қалай дегенмен де, елімізде қолға алынған 

дағдарысқа қарсы күрес шаралары өз жалғастығын 

табуы тиіс. Өйткені біз оның салдарын толығымен 

жойып үлгергеніміз жоқ.

Жаһандық дағдарыстың келесі толқынының тууына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

– Алдында орын алған әлемдік қаржылық 

дағдарыстың салдары түбегейлі жойылған жоқ. Соны-

мен қатар халықаралық нарықтағы келеңсіз жағдайлар 

оның екінші толқынының тууына ықпал етуі мүмкін 

екенін байқатып отыр. Бұрынғыдай тағы да шикізаттың 

құны құбылмалы сипатқа ие бола бастады, оған қоса, 

азық-түлік тауарларының бағасы да өсіп жатыр. Яғни 

қаржы дағдарысын толығымен еңсере алмай жатқан 

кезде, оған қосымша осындай күрделі жағдайлар келіп 

тұтасуда. Міне, аталған факторлар жаһандық қаржы 

дағдарысының екінші толқынының тууы мүмкін екенін 

көрсетіп отыр. Осы жағынан алғанда, Үкіметтің қандай 

да бір дағдарысқа дайын болуы керек деп дабыл қағып, 

бұл ретте іс-шаралар қабылдап жатса, оны құптарлық 

дүние деп есептеймін.

МӘСЕЛЕ


НАРЫҚ

Осындай проблема Сыр өңірінде де 

бар. Облыста барлығы 13 кәсіптік мек-

теп бар. Онда шәкірттер 25 мамандық 

бойынша тәлім алады. Әр маманға жы-

лына 112 мың теңге шамасында шығын 

жұмсалады. Әрине, осының өзі мемлекет-

ке аз шығын емес. Оның өтеуі де қайтуы 

қажет емес пе? Алайда кәсіптік мектепте 

білім алғандар толықтай екі қолға бір 

күрек тауып кете қоймайды. Олардың 

үштен бір бөлігі ғана өз мамандығы бо-

йынша жұмыс істейді. Бұл да бүгінгі күн-

нің басты проблемасына айнала бастады

Айталық, Арал, Қазалы, Сырдария аудан-

дарындағы кәсіптік мектептерде бі 

лім 

алғандардың небәрі 40 пайызға жуы 



ғы 

ғана еңбекпен қамтылған. Осыған қа рай 

отырып, қаншама қаржының желге ұш қа-

нын бағамдау қиынға соға қоймас. 

Шындығын айту керек, көптеген кәсіп-

тік білім ошақтарындағы материалдық-

техникалық база бүгінгі заман тала-

бына сай келмейді. Ұстаздар көнеден 

қалған жабдықтарды жамап-жасқап 

пайдалануға мәжбүр. Қазір көптеген 

өндіріс орындарындағы жабдықтар ше-

телден жеткізіледі. Аталмыш құралдардың 

тілін түсіне қоятын мамандар жоқтың қасы. 

Сондықтан оның тілін білетін жандар өзге 



Қызылордада қара 

жұмысшы қат болып барады

жақтан шақырылады. Айналып келгенде, 

кәсіптік мектепте білім алған жастар он-

дай кәсіпке қолын жеткізе алмайды. 



Еркін ШАЖАНБАЕВ, 

Қызылорда қаласындағы 

№9 кәсіптік лицейдің ардагері:

– Біздің лицейде жеті мамандық 

түрі бойынша мамандар даярланады. 

Дегенмен оның екеуінде ғана құрал-

жабдықтар бүгінгі заманға сай келеді. 

Қалғаны – кеңестік кезеңнен қалған 

ескі-құсқы дүниелер. 

Расын айту керек, кезінде кәсіп бере-

тін мектептердің қоғамдағы ықпалы зор 

болды. Бұл білім ошақтарында ауылдық 

жерлерге қажетті мамандар оқытылды. 

Олардың арасында тракторшы, комбайн-

шы, слесарь, токарь, тігінші және өзге де 

кәсіп иелері бар еді. Осы күндері аталған 

мамандық иелерінің көбі 90-жылдарға 

дейін кәсіптік мектепте білім алғандар 

екені бесенеден белгілі. Қазір ауылдағы 

егістік алқабында егін орып жүрген ком-

байн кабинасынан елуді еңсер ген неме-

се алпысты алқымдаған аға 

ларды ғана 

аңғарасың. Өрімдей жастар бұл кәсіп 

түрлеріне ешқандай қызық пайтын секілді. 

Өйткені олардың көбі «нанымды қаладан 

табайын» деген ниет пен үлкен шаһарларға 

бет түзейді. Алай да екі қолға бір кәсіп та-

была қойса жақсы ғой. Болмаса еріккен-

нен арақ ішіп, түрлі жат қылықтарға бой 

алдырып жүргендер қаншама.

Жақында облыс әкімі Болатбек Қуан-

дықов аталмыш мәселеге байланысты 

алқалы жиын өткізді. Онда саладағы кез-

десіп отырған кемшіліктер жіпке тізілді. 

Атап айтқанда, қазір аймақта қандай кәсіп 

иелеріне тапшылық байқалып отырғанын 

ешкім тап басып айта алмайды. Өйткені 

бұл тұрғыда облыстық жұмыспен қамтуды 

үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, 

білім басқармаларында нақты деректер 

жоқ. 


Болатбек ҚУАНДЫҚОВ, 

Қызылорда облысының әкімі:

– Біздегі кәсіптік білім беру сала-

сы жұмыс берушілердің сұранысы 

мен еңбек нарығын бағдарлай алмай 

келеді. Сол себепті нақты әрекет ету-

ге бейімделе алмай отыр. Жыл сай-

ын өңірде мыңдаған маман бітіріп 

шығады. Алайда олардың жартысы-

нан астамы жұмыссыздар қатарын 

толықтырады. Атаулы көмек және 

басқа да жәрдемақы түрлеріне иек 

артуға мәжбүрліктен аса алмайды. 

Ауыл қазағы алдымен қалтасына се-

неді. «Балам жоғары оқу орнының нән 

дипломын қалтаға салса несі бар?» дей-

ді. Тіпті ағайын-туыстың баласынан кем 

болмағанын қалап, оқу-білімге ықыласы 

жоқ өренін қолынан жетектеп жүргендер 

де кездесіп қалады. Мемлекеттің көмегі-

мен білім алатын оқуға қол жеткізе алмаса, 

ақы төлеуге де құлықты болады. Жарай-

ды, бәрі дұрыс делік. Ал ауылдағы қара 

жұмыстың қазанын қайнататын жастар 

мәселесіне бейжай қарауға болмас. Күні 

ертең ол кәсіп түрлеріне шетелден адам 

шақырамыз ба? Кәсіптік мектеп саласын 

жүйелей алмасақ, амалсыздан осындай 

қадамға бармаудың басқа жолы бар ма?

Қызылорда облысы 

Тоқтар 

ЕСІРКЕПОВ, 

экономика 

ғылымының 

докторы, 

профессор:

– Бүкіл әлем елдері «ғаламдық қаржы дағдарысынан шықтық» деп айта-

ды. Оның ішінде Қазақстан да. Алайда мемлекеттер дағдарыстан шыққанымен, 

экономиканың әр саласының оңалу деңгейі әрқилы болуда. Мәселен, бізде 

құрылыс саласы тұралап қалды дегендей. Демек, дағдарыс салдары толығымен 

жойылған жоқ. Бұл – біріншіден. Екіншіден, қазір Таяу Шығыс елдерінде әлеуметтік 

толқулар жүріп жатыр. Ол мұнай бағасының қымбаттауына әкеліп соғуда. Мұндай 

жағдайда баға көпіршігі пайда болады. Сөйтіп, экономикасын енді тіктеп келе 

жатқан әлемдегі көп мемлекеттер қайтадан қаржылық мәселе шыңырауына 

құлдырауы ықтимал. Үшіншіден, батыс құнсызданып, тұрақсызданып тұрған ва-

лютасы – евро мәселесін қалай шешеді? Егер оны біржақты ете алмаса, бұл да 

жаһандық дағдарыстың келесі толқынының тууына ықпал ететін фактор болады. 

Төртіншіден, еліміздегі азық-түлік бағасының өсу индексі 2008 жылғы деңгейге 

жетті. Ал бұл әлемдік қаржы дағдарысының бүйірден соққан қиын кезеңі еді. Ол 

сәтте де азық-түлік бағасы шарықтап шыға келген. Сондықтан Үкімет бұл мәселеге 

баса назар аударып, бағаны реттеу саясатын күшейте түсуі керек. 



Әділжан ҮМБЕТ

Қазір қазекем баласы-

ның жоғары оқу орнын 

бітір генін қалайтын болып 

алды. Мектеп бітірген үкі-

лі үмітін ертіп, уни вер си тет 

немесе институт жаға-

лайды. Оған еш кім нің 

қар сы лығы жоқ. Ілім мен 

білім ге құштар жас тың 

ізгі ойына тұсау салғы мыз 

келмейді. Алайда олар-

дың арасында 11 жыл бойы 

білім ұясының қа быр -

ғасында ілініп-салынып 

жүрген өрендер де бар-

шылық. Дегенмен ауылдық 

жерлерде қазір қара жұ-

мысшы қат бола баста-

ды. Бұл орайда кәсіптік-

техникалық  мек теп тер дің 

де орны ерекше. Өкі ніш-

ке қарай, аталмыш оқу 

орындарының жағ дайы 

да сын көтере қой май тын 

жағдайға жетіп отыр.

ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚҰРЫҚ



Тоғыз жолдың торабындағы 

Семейде Тәжікстан, Қырғызстан 

және Өзбек елінен есірткіні 

Ресейге тасымалдаушылар жиі 

ұсталады. Жақында тағы да 

Қырғыз азаматшасы есірткімен 

қолға түсті. ШҚО Бородулиха 

ауданының Ауыл стансысында 

«Бішкек – Новокузнецк - 

Новосібір» бағытындағы 

жолаушылар пойызындағы 

тексеру кезінде қырғыз әйелінен 

ірі көлемдегі есірткі заты 

табылды.

Қырғыз әйел 

өмірлік бас 

бостандығынан 

айырылуы 

мүмкін

Атап өтсек, тексеру жұмыстарын 

ШҚО бойынша Кедендік бақылау 

депар 


таменті «Железнодорожный» ке-

ден бекеті және контрабандаға қарсы 

күрес бас 

қармасының қызметкерлері 

бірлесе жүргізген. ШҚО бойынша КБД 

бас пасөз 

қызметінің 

хабарлауынша, 

қыз мет тік-іздестіру  итінің  әрекеті  по-

йыздағы Қыр ғызстан Республикасының 

28 жас 

та 


ғы азаматшасынан күдік ту-

дырған. Әйел бел 

дік тігіп, оған ұнтақ 

зат толтырыл ған 10 полиэтилен пакетін 

жасырғаны анық талды. Соттық-хи мия-

лық сараптама қо ры тындысына сәй кес, 

тәркіленген зат героин есірткісі болып 

шықты. Героиннің жалпы салмағы — 1 

келі 897 грамм. Аталған факт бойынша 

Қырғызстан азаматшасына қатысты ҚР 

ҚК 24-бабының 3-тармағы және 250-

бабының 4-тармағына сай, қылмыстық 

іс қозғалды. Әйел Семейдегі уақытша 

оқшаулау абақтысына қамалды. Тексе-

ру барысында оның былтырғы жылы да 

Семей қаласы арқылы Ресейге 7-8 рет 

қатынағаны анықталып отыр. Қазіргі 

күні әйелдің Ресей мен Қырғыз елінде-

гі байланыстары тексеріліп жатыр. Аса 

ауыр қылмысы үшін әйел өмірлік бас 

бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Бауыржан МЫРЗА, 

Семей

«Қазгидромет» кәсіпорнының гидро-

ло 

гиялық болжамына сәйкес, Алма-



ты, Жамбыл облыстарының жекелеген 

өзен 


дерінде сең жиналуы салдарынан 

су деңгейі көтерілуі мүмкін. Дәл осын-

дай бол жам Сырдария мен Арысқа да 

қатыс ты.  Мамандардың  хабарлауынша, 

Арыс өзенінің Шәуілдір гидрологиялық 

тұрағы аумағында жауын-шашыннан 

болған тол 

қын әсерінен су қалыпты 

деңгейінен асуы ықтимал. Ал алдағы 

тәулікке арналған метеорологиялық 

бол 

жамға келсек, елі 



міздің оңтүстік-

шығыс аймағында қар жауып, тұман 

түседі. Республиканың өзге өңірлерінде 

күн жауын-шашынсыз болғанымен, аяз 

күшейеді. Жамбыл об лы сының шатқал-

дарында боран болуы мүмкін. Оңтүстік 

Қазақстанда – 29, Маң ғыстау облысын-

да – 28, Алматы облысында 27 градус 

аяз болады. Алматыда би 

ылғы қыста 

тұңғыш рет сынап бағанасы ед 

әуір 


төмендейді. Күндіз ауа температурасы – 

10-12, түнгі мезгілде 20-22 градус аяз 

аралығында болады.

Болатбек МҰХТАРОВ

АУА РАЙЫ


Алдағы тәуліктерде Сырдария 

мен Арыста және Алматы мен 

Жамбыл облыстарындағы басқа 

да өзендерде су деңгейі көтерілуі 

мүмкін. Ал еліміздің басым 

бөлігіндегі сақылдаған сары аяз 

тағы бір-екі күн сақталады. Ауа 

температурасы Алматы облы-

сында айтарлықтай төмендейді.

Сыр мен 

Арыстың 

деңгейі 

көтерілуі 

мүмкін

Басы 1-бетте

ОЙ-КӨКПАР



Белгібай ШАХМЕТОВ, медицина 

ғылымының докторы, профессор

Камал БҰРХАНОВ,

Мәжіліс депутаты

«Қазгидромет» қызметі тегін болуы 

керек» деген пікірге қосыласыз ба?

Коммерциялық тұрғыдан маңызды 

болғаннан кейін олардың өздеріне қажет 

ақпаратты «Қазгидромет» қызметінен 

сатып алуы, ал аталмыш мекеменің өз 

қызметтерін сатқаны дұрыс деп ойлай-

мын. Ал олардан түскен қаржы елімізде-

гі метео 

рологиялық қызметтің дамуына, 

өсіп-өркендеуіне жұмсалуы тиіс. Өйткені 

аталмыш сала зерттеуді көп қажет етеді. 

Уақыт өте оның қызметін дамыта түскен-

нен ұтпасақ, ұтылмаймыз. Бүгінгі күні де 

метеорологиялық болжамдар дұрыс келіп 

жатады, алдағы уақытта бұдан да гөрі 

жетілдіре түссек, халық үшін өте пайдалы 

болар еді. Өйткені біздің күнделікті тір-

шілігіміз ауа райымен тығыз байланысты. 

«Апат айтып келмейді» десек те, табиғи 

апаттарды алдын ала сезіп, алдын алу 

жұмыстарын жүргізіп, ең болмаса халықты 

дер кезінде құлақтандырып отырудың 

пайдасы зор болар еді. 

Ал «Қазгидромет» қызметін халыққа 

неғұрлым қолжетімді ету үшін мемлекет 

тарапынан қаржыландыруды күшейтіп, 

зерттеу пункттерінің санын арттыру 

қажет. Сондай-ақ әлемдік метеорология-

лық озық технологияларды сатып алып, 

ел игілігіне асырған жөн. Ауыл шаруа-

шылығы саласы, әуежай қызметі мен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет