төтеншеліктерді сынаймыз. Ал айналып
қызметі жауапты болуы керек. Кейде
қажет. Тіпті аталмыш мекеме мемлекет-
отыруы керек.
меті халық үшін маңызды. Бүгінде
ұрынып жүр. Тіпті жалған ақпаратпен ғана
ды. Ал аталмыш мекеме қызметін тегін
еді.
болар еді.
алмай опат болып жатады. Айта кетер
әкімшілік іс қозғады. Бұл – бүгінгі таңда
отырғанының айғағы. Ал қарапайым
халық мұның зардабын тартып отыр. Та-
немесе боран астында үсіп қалуда. Ал
кен. «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі та-
арасында шыққан. Төбелес салдарынан
түкен. Полиция мәліметіне сәйкес, таңғы
тыр. Төбелес барысында курсанттардың
бірнешеуінің басы жарылған. Екеуінің
лар қолға алынбақ. Бұл шаралар, негізі-
налатын болады. Мәселен, осы шаралар
трольдік сапарға шықпақ. Сонымен қатар
айтысы өтетін болады. Осы шараларды
ошақтар аз емес. Осы мақсатта мәдениет
жы қарастырылып отыр. Өңірдің мәде ни
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№34 (486) 25.02.2011 жыл, жұма
www.alashainasy.kz
4
e-mail: info@alashainasy.kz
дағы халық тағдырын шешетін
саяси тайталас та бол ған еді.
Кадрдан тыс:
– Москваның әділетсіз ше-
ші мі қазақ хал қының ашу-ыза-
сын тудырғаны мәлім. Бірақ өк-
тем дік құрып үйренген орталық
өз шешімінен қайтпай, жастарды
қуғын-сүргінге ұшыратып, ха-
лық
тың ар-намысын таптады.
Бү кіл қазақ халқына жала ж ап-
қан шешім шығарды. Міне, осы
кез де дана халқымыздың батыл
да батыр, парасатты ұлдары еш-
кімнен жасқанбай, бұл ше шім ге
қар сы шықты. Соның бірі Ғылым
ака де миясында сөз сөйлеген
Салық Зиманов еді.
Колбиннің дүрілдеп тұрған
уақытында Орта
лық партия
комитетінің шешіміне қарсы
шығу үлкен ерлік еді. Сәкең өз
пікірін терең ғылыми дәлел мен,
білгірлікпен, асқан шешендікпен
қорғап шықты. Колбин Сәкеңнің
сөзін ұнатпады, бірақ оған қар-
сылық білдіруге өресі жетпеді.
Алматыдағы Парламент
үйі. Оның бос залдарын аралап
келе жатқан С. Зи ман ов бір сәт
тоқтап, әлденені есіне түсіреді.
Зал дың ішіндегі депутаттардың
шуы құла ғы на келеді. Олардың
бейнесі көзіне елестейді. Зи-
мановпен қатар отырған депу-
таттар, оның мін
беде сөйлеп
тұрған фотосуреттері көр
сет-
іледі. С. Оразалының даусы:
– С.Зимановтың терең ғы-
лыми білімін, Ота
нына деген
шек сіз сүйіс пен шілігін, қайра т-
кер лігін барынша ашқан сәт – оның 90-жылдары
тәуел сіз еліміздің депу таты болған жылдары.
Сәкең тә уел сіз мемлеке ті міздің іргетасын қала-
ған құ жат тар ды жазып, қа был даудағы күреске
бел се не қа тыс ты. Ол Тәуел сіздік декларациясын,
елі міз дің тұңғыш Ата Заңын, тарихтан тарихқа
кетер та лай маңыз ды құжаттардың қабыл да-
нуы на жа нын салды. Академик Зейнолла Қаб-
дол ов: «Ел ге егемендік алып беру үшін қарсы-
лас тардың жа ғын қарыс ты ратын, мисыздарды
миландыра тын, даукес тер дің діңкесін құртатын
Зимановтың зия лы лығы, білгірлігі, ағыл-тегіл
шешендігі, тіпті көре ген көсемдігі керек болды
және ау май-төк пей солай болып шықты да», –
дейді сол күндерді ес ке алып.
Тарихи кинохроника. Қазақстанның Тә-
уел сіз дік декларациясын жариялаған оты-
рыс. Залдан көріністер. С. Зиманов мә жіліс
за лын аралап келеді. Көз алдына сон дағы
депу таттар келеді. Қысқа-қысқа көрі ністер
ар қылы залдың әр тұсы беріледі. Сә кең
мін берге келіп тұрады. Төрдегі Президент,
Жо ғарғы Кеңес төрағасы т.б. көрінеді. Бәрі
ойға орал ғандай. Фотосуреттерде депутат-
тар дың кө ңілді жүздері, күлкілері, бір-бірі-
мен қауы шып жатқаны көрінеді. Ортасында
С. Зиман ов. Кадрдан тыс С. Зимановтың
дау сы:
– Енді ол кездегі көңіл күйімізді айтпа ңыз.
Өте көтеріңкі болды. Себебі Тәуелсіздік ала мыз,
еліміздің, халқымыздың ғасырлар бой ғы арма-
нына жетеміз деген сезім бар еді. Айтыс-тартыс
көп болды. Жұмысшы комиссия сының төрағасы
ретінде мен мінбеге шықтым. Бұл комиссия
мүшелерінің жартысына жуығы Тәуелсіздікке
қарсылық жасады. Маған көптеген сұрақтар қо-
йылды. Жауап беріп жатырмын. Қанша екенін
біл меймін, төрт-бес сағат айтыстық. Осы жерде
Нұр
сұлтан Әбішұлының жәрдемін ерекше
айтамын. Ол алты-жеті рет орнынан тұрып, мені
қолдады. Ақыры жеңдік. Көңіл күйді, қуанышты
айтып жеткізе алмаймын!
Кинохроника. Залдың іші абыр-сабыр.
Қол соғу. Жұрттың бәрі қуанышты. Айқай-
лаған, ура лаған дауыстар. Ірі планда Пре-
зи дент, Жоғары Ке ңес төрағасы көрінеді,
депу таттар... С. Зиманов кадр да:
– Ол қуанышты тойладық қой. Ғимараттың
сыртына Парламент шешімін күтіп көп халық
жиналыпты. Олардың қуанышы қандай! Бұл
ерекше күн болды!
Астана. Ақорда. Көгілдір ас панда қалық-
таған көк Ту. Шал қыған музыка.
С. Оразалы:
– Осы бір ұлы адамның сан қыр лы еңбегін,
адамшылық, азаматтық бейнесін, ғылым дағы,
өмірдегі ерліктерін түгел көрсетіп беру аса қиын.
Бірақ мен өз жүрегіме жақын, өзім таныған
адам туралы айттым. Ал Зиманов тың жүздеген
шәкірт терінің, замандастарының, оны мен қыз-
мет тес болған адамдар дың жүре гінде, көңіл
кө зінде сақ таған өз бейнелері, өз Зимановы
бар. Сондықтан бұл адам туралы ойлар толас-
та мақ емес.
Музыканың фонында каби не тінде жұ-
мыс істеп отырған С.Зи манов көрінеді. Ол
ой үстінде. Тау бөктерінде, көшеде, ел орта-
сын да жүр. Бұл кадрлар жылдам ауысып,
ға лым ның тынымсыз тіршілігінің жалғасып
жат қанын танытады. Ғибратты да ғажайып
өмір.
Сұлтан ОРАЗАЛЫ,
жазушы, Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері, ҚР Президенті
сыйлығының иегері
Көгілдір аспан. Тұңғиық көкте ақша
бұлт
тар қалықтайды. Домбырадан жүрек
қылын шертетін сазды, ойлы әуен төгіледі.
Алатаудың қарлы шыңдары, жасыл алқап...
буырқанған тау өзені... Өзен жағасында баяу
аяңдап ақ шашты, қағылез келген адам жан-
жағын жіті шолып келе жатыр. Бұл – академик
Салық Зиманов. Өмір толқыны тәрізді та-
сыған су. Ол бір дөңнің басына шығады. Тө-
мен түсіп, қой тасқа келіп отырады. Ойлы,
алыс қа көз тігеді. Ендігі бір сәтте Ғылым ака-
демиясының жанындағы гүлзарды, су бұр-
қақты аралап жүр. С.Оразалы екеуі әң-
гімелесіп тұр. С.Зиманов көрінген сәттен
бас т ап музыка баяулап, С.Оразалының даусы
кадрдан тыс естіледі:
– Жасының егде тартқанына қарамастан,
ширақ қимылды, ойлы, сымбатты осы адамды
қазақ халқы ардақ тұтып, зиялы қауым оның
әрбір сөзіне, әрбір ғылыми еңбегіне зор
құрметпен көңіл аударып келеді. Өйткені оның
өмірі ерлікке, парасаттылыққа, ғылымдағы
жанқиярлық еңбекке толы. Ол – өзінің жарқын
іс, жалынды сөздерімен, ғылыми жаңалық, тың
идеяларымен жұрттың жүрегін жаулап алып,
нағыз ұстазға тән болмысымен маңайына нұр
шашып тұратын адам. Иә, бұл – әйгілі ғалым
Салық Зиманов.
Ғылым академиясының алды. Шоқан
ескерткіші нің түбіндегі орындықта отырған
жүргізуші. Шырша ағаштары, су бұрқақтары
жүргізушінің фонында көрінеді. С.Оразалы
артында көрініп тұрған ғимаратты нұсқай
отырып сөйлейді:
– Сәкеңнің жарты ғасырға жуық өмірі осынау
ғимараттың ішінде, ғылым мен білімнің алтын
ордасында өтті. Бұл – Қазақстан ғылымының
небір ұлы тұлғалары еңбек еткен қасиетті ша ңы-
рақ. Шәкірт болып кіріп, өзінің ұлы дарынының
ар
қасында заң, құқықтану ғылымдарының
негізін салушы, еліміздегі қоғамдық ғылымдар-
дың абызы дәрежесіне көтерілген Салық Зи-
манұлы туралы айтудың қиындығын ерекше
сезін дім. Сондықтан да осы фильмді түсіру ба-
рысында жаныма етене жақын болып кеткен Сә-
кең туралы оның тұстастары мен ғалым інілерінен
кө бірек тыңдауға тырыстым...
Жазушы С.Оразалы Шоқан ескерткішінің
түбіндегі орындықта отыр:
– Кез келген дария өзінің бастау көзін шағын
бұлақтан немесе сызашықтан алатыны сияқты,
Салық Зиманұлының өмір-өзені де балалық
шақтан, жастық дәуреннен басталады.
Кинохроникадан 30-жылдардағы ауыл
өмірі көрінеді. Құм басқан дала. Жа лаңаяқ
жүгіріп келе жатқан бала құмтөбенің ба сына
қарай өрлейді. Қала маңына үй мелеген аш-
арық адамдар. Жайық өзенінің тол қыны.
Қа зіргі Атырау қаласы... Салықтың бала кез-
дегі суреті көрсетіледі. Екінші экспозиция да
оның әке-шешесінің суреті. Атырау теңі зі нің
толқыны. Сазды, жүрек шымырлатар мұң ды
музыка. С.Оразалының даусы кадрдан тыс
ес тіледі:
– Дүние есігін Тайсойған құмының арасында
ашқанымен, оның балалық шағы Жайықтың
жағасындағы бұрынғы Гурьев қаласында өтеді.
Мектепті де сонда бітіреді. Әкесінің аздап оқы-
ғаны бар, көзі ашық адам болуы тұтас бір әулет тің
ашаршылық тан аман қалуына себеп болып ты.
Алатаудың әсем қойнауы, С.Зиманов
пен С.Оразалы әңгімелесіп отыр. Зиманов
сөзінің мазмұнына қарай ашаршылық жыл-
дарындағы деректі кадрлар көрсетіледі.
Шаңырағы ортасына түсіп, керегесі ырсиған
киіз үй. Оның жанында аштан өліп жатқан
адамдар. Әр жерде шашылған балалардың
мүрдесі. Қара қазан. Қақпағын көтергенде,
ішінде ештеңе жоқ. Көш. Түйенің қомындағы
көзіне шыбын үймелеген бала т.б.
С.Зиманов:
– Мен балалық, жастық шағымды қазірдің
өзін де есіме көп алмаймын. Өйткені көңілім де,
ар маным да әлі алда. Сол балалық, жастық ша-
ғым да қызықты, көңілді бір сәт бар ма екен?!
Шәкәрім айтқандай, балалық шақ, бал шағым
деген менде болған емес.
Өзім Атырауда тусам да, бүкіл тұқымым, ата-
бабам Қызылқоға деген жерден. Ол бір ауыр
кезең еді. Көші-қон, сапырылысып жатқан ха-
лық. Қиын-қыстау заман. 30-жылдар ды өзің
бі ле сің. Ашаршылық. Конфеске... Бүкіл қа зақ
бо сып кетті.
– Осының бәрі жас болсаңыз да есіңізде
ме?
– Есімде. Біздің үйіміз бұрынғы Гурьев қа-
ласындағы қой базарының қасында еді. «Қалада
мұ най бар дейді, темір жол бар дейді, кәсіп бар
дей ді» деп ауыл-ауылдан ағылған, тіпті орта
жүз ден босып келген адамдар базардың айна-
ла сында толы болатын. Қайыр сұрап отырғандар
қан ша ма! Кейбіреулері күннің ыстығында шы-
бын-шіркейге жем болып, жанталасып, аштық-
тан бұралып жататын.
– Ісіп кеткен адамдарды көрдіңіз бе?
– Көрдім. Бір күні кетіп бара жатқанда әкем
бір ісіп, қарайып кеткен орта жастағы адамды
көрді де:
– Балам, мынау – біздің ағайын, – деді.
Соған көмек бере алмады. Біздің өзіміз бір
сиыр дың құйрығы мен бір түйенің желінінен
ұстап әрең күн көріп отырғанбыз. Бас қа түгіміз
жоқ. Міне, менің балалық шағым. Сондықтан
оны еске алғым келмейді. Менде балалық шақ
болған жоқ.
Алатаудың бауырындағы арқыраған тау
өзенінің жағасында ойлы жүзбен өткенін
еске алып отырған ғалым көрінеді. Оның
көздері – әрі мұңды, әрі терең ойға батқан.
Му зыка біраз ойнаған соң баяулап, С.Ора-
залының даусы естіледі:
– Бәлкім, Зиманов бойындағы шыдам ды-
лық, төзімділік, ерлік мінез осы бір ауыртпалық
жылдары қалыптасты ма екен? Оның бүкіл өмір
жолына серік болған осы қасиеттері еді ғой.
Москва. Жеңістің 60 жылдығына арнал-
ған Қызыл алаңдағы шеру. Музыка. Барабан
үні. Ұлы жеңіске қатынасқан қарт жауын гер-
лер кеуделеріндегі ордендері жар
қырап,
жүк ма ши наларымен өтіп жатыр. Солардың
ішінде С.Зиманов та бар. Оның суреті екінші
экспозиция мен тағы кө рінеді. Төсінде жа-
уынгерлік орден дері... Ше ру ге қатынасуға
бар ған бір топ ардагердің орта сында Пре-
зидент Н.Назарбаев та бар. Олар дың ара-
сынан С.Зиманов бөлініп шы ғып, журна лис-
к е интервью береді. Жүргізуші даусы:
– Жеңістің 60 жылдығына арналған Қызыл
алаңдағы шеруге 84 жасар қарт жауынгер
Зиманов та қатысты. Бұл оның қан майдандағы
ерліктеріне көрсетілген зор құрмет еді. Бұл оның
қайсарлықпен жүріп өткен өмір белесіндегі тағы
бір жеңісі, отқа оранған жастық шағының өтеуі
болатын.
Ғылым академиясының алдындағы алаң.
Шоқан ескерткішінің артындағы сұр шыр-
шаның түбінде тұрған С.Оразалы әң гімені
кадрда жалғастырады:
– Соғыстың бірінші сағатынан бастап соңғы
күніне дейін өмір мен өлімнің ортасында жүрген
балғын жігіттің сан түрлі ерлігінің ішінен заман-
дастары екі оқиғаны бөліп айтады. Соның бірі:
1943 жылы Кавказдағы 3000 метрлік Ад жи-
муш кай асуындағы тау атқыштары диви зиясы
жау қоршауында қалыпты. Көмек кел
ген
ше
азық-түліктері әбден таусылып, әлсіреген жа-
уын
герлердің кейбірі адам етімен қоректене
бас тайды. Аштықтан бұратылып орнынан тұра
ал май жатқан 22 жасар Сәкеңе көмекшісі: «Жол-
дас командир, өлесіз ғой, сіз де жұрттың істегенін
іс тесеңізші», – дейді. «Жоқ, өлсем де адам қал-
пымда ке тейін», – деп шы дайды, ақыры жеңіп
шыға ды.
Соғыс жылдарының көріністері. Белгісіз
төбе үшін кескілескен ұрыс... Тау басындағы
жау бекінісіне ұмтылған жауынгерлер кө-
рінеді. Кинохроникадан іріктеп алынған осы
көріністердің арасында жас жауынгер
С.Зи
мановтың бейнесі жиі-жиі көрінеді.
Оның көздері... Композитор Сыдық Мұха-
мед жанов тың атақты ораториясының «Май-
дан ға» бө лімі ойналады. С.Оразалы бірде
кадр да, бірде даусы кадрдан тыс естіледі:
– Екіншісі: Польша жеріндегі бір биік төбе
үшін кескілескен ұрыс болады. Төбе немістердің
қолында, берік бекінісі бар. Арт жағы самсаған
жау. Төбеден оқ бұршақша жауып, төмендегі
ке ңес әскерін беттетпейді. Оқтың жойқындығы
сон ша, қылт еткенді қиып түсе береді. Сол кезде
майор Зиманов жанына бір топ жанкешті сар-
баз ын ертіп, оқ боранның арасымен ажал тө-
бесіне аттанады. Тосыннан тап берген көзсіз
ер лерден зәресі ұшқан жау бекіністі тастап тұра
қаш қанымен, олардың азғана адам екеніне көз-
дері жеткен соң, естерін тез жинап, кері шабады.
Кескілескен қолма-қол ұрыс басталады. Оларға
қарсыласар дәрмен қалмаған сәтте майор
Зиманов өзі басқаратын артиллерис терге «Бізді
атқылаңдар» деп бұйрық береді. Қасындағылар-
ға: «Өлмеудің қамын ойлаңдар», – дейді
жанұшы
ра. Ақыры жау шегінеді. Күл мен
қираған бекіністің арасынан шабуылға барған
бірнеше адам ғана тірі қалыпты... Соның бірі –
22 жасар Салық Зиманов.
Алатаудың бөктері. С.Зиманов пен
С.Ора за лы әңгімелесіп отыр:
Сұрақ: Сіз уыздай жас едіңіз. Өздеріңізді
атқылауға бұйрық бергенде өлемін-ау деп
ойлаған жоқсыз ба? Сонда өмір қымбат бол ма-
ғаны ма?
Жауап: Бұл енді өзімнің жеке қасиетім бе,
әлде сол кездегі жастардың бойындағы қасиет
пе, білмеймін. Отан үшін, ел үшін деп бел буып,
керек болса, жанымызды пида еттік. Біз соған
сендік. Бізді солай тәр
бие
леді. Заманымыз
сондай еді. Соғысқа барған кезде кіші сержант
болып бастадым. Соғыс кезінде тез өстік. Аға
лейтенант, капи
тан болдық. Қырық төртінші
жылы дивизионды басқардым.
Сұрақ: Өздеріңізді өлімге байлап оқтың
астында қалғанда қандай күйде болдыңыз?
Жауап: Соғыс күндері деген – өлім мен
өмірдің арасындағы өмір. Әрине, еш адам
өмірін қиғысы келмейді. Дегенмен сол заманда
«Отан үшін, ел үшін» деген ұғым, ар мен намыс
күш-жігер берді. Командир болған дықтан өзің
туралы аз ойлап, қарамағың
дағы адамдар
туралы көп ойлайсың.
С.Оразалы Ғылым академиясының ал-
дын да ғы гүлзарды аралап келіп, бір шыр ша-
ның түбіне тоқтайды. С.Оразалы:
– Мұндай қадамға баруы, жас сарбаздың
ержүректігімен қоса, өмірге келген ортасында
бойына сіңген жауангерлік рухы еді. Жоғарғы
майдан басшылығы гвардия майоры Салық
Зиманов туралы «Жастығына қарамай, айрықша
батыл, ұстамды, кескілескен шайқас үстінде
міндетті өзіне артып, шұғыл шешім қабылдап,
қауіпке төтеп береді» деген мінездеме беріпті.
Осынау әділ баға Сәкеңнің өмір бойғы мінезіне
де сай келеді. Ол қандай қиын-қыстау, тай-та-
лас
та болсын, отты өзіне шақырып, қайсар-
лықпен жеңіп келеді.
Алатау қойнауы. С.Оразалы екеуінің әң-
гімесі жалғасады. С.Зимановтың соғыс кезін-
дегі суреттері алма-кезек көрсетіледі.
С.Зиманов:
– Жеті жыл өмірім армияда өтті. Соғыстан
соң Қазан қаласына барып, сырттай оқуға түстім.
Бірінші курстың студенті атанған соң, Гурьевке
қайтып келіп, Папанов дейтін прокурорға
жолықтым. Ол кісі «стажер бол» деді. Ол жұ-
мысты екі ай атқарған соң тергеуші, артынан аға
тергеуші болдым. Сөйтіп жүргенде бір жыл уақыт
өтті. Ол кезде Алматы дегенді естуіміз бар, бірақ
көрмегенбіз. Сол қаладан инспекция жасап
республиканың бас прокуроры Гурьевке келді.
Ол кезде үйдің халі онша емес, мен әлі әскери
формамен жүретінмін, әрине, погонды алып
тастағанмын.
Достарыңызбен бөлісу: