Биыл қазақ поэзия-
сының классигі, ұлт
әдебиетіне құбылыс
әкелген Қасым Аманжо-
лов тың туғанына – 100 жыл.
Бір ғасырлық мерейтойға
ақын дүниеге келген
Қарағанды өңірі өткен
жылдан бері әзірлік
жұмыстарын қызу жасай
бастаған болатын. Дауыл-
паз жыршы тойында ел
үшін мерейлі сәттердің бірі
кеншілер қаласының
төріне Қасымның
ескерткіші қойылатын сәт
болмақ.
Қанағат ӘБІЛҚАЙЫР, сатирик жазушы:
А
б
ай ОМАРОВ (к
о
лла
ж)
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№34 (486) 25.02.2011 жыл, жұма
www.alashainasy.kz
6
e-mail: info@alashainasy.kz
– «Еліміздегі нашақорлар саны
азайып келеді» деген әңгіме елең
еткізді. Шынын айтсақ, оңайлықпен
сене қою қиындау екен...
– Сіз ҚР ІІМ-нің жуырда жариялаған
«Қазақстанда 2009 жылы тіркеуде тұрған
нашақорлар саны 54 081-ді құраса, 2011
жылы бұл көрсеткіш 8 пайызға төмендеді,
яғни осы жылдың қаңтар айындағы есеп
бойынша елімізде қазір 49 795 нашақор
бар» деген мәліметін меңзеп отырсыз ғой.
Бұдан мен де хабардармын. Алайда мен де
мұндай ресми дерекке сенбеймін. Құзырлы
сала нақты ақпаратты жасырып отырған
жоқ, әрине. Статистикалық көрсеткіштің
«жаңылысып» кетуі – нашақорлардың
түгелдей дерлік тіркеуде тұрмауында. Олар
өздеріне өздері тілеп алған бейнетпен
жеке-жеке арпалысып, нашақор екендік-
терін жасырып, жұрт көзінен таса жүруді
қалағандар. Араларында өзгеден көмек
сұрауға дәрмені жетпей, қыршынынан
қиылып кетіп жатқандары да аз емес. Нақ-
ты санын анықтау қиын. Сондықтан да
қанша нашақор бар екендігін кесіп айтуға
болмас. Негізі, еліміздегі нашақорлар саны
ресми деректен әлдеқайда көп. Бір сөзбен
айтқанда, нашақорлық проблемасы бәз
баяғысынша, тіпті ахуал мүшкіл дер едім.
– Метадондық бағдарлама
төңірегінде дау туындап жатыр.
«Алаш айнасы» да бұл тақырыптан
сырт қалған жоқ. Нарколог-дәрігер
ретінде не айтар едіңіз?
– Метадондық бағдарлама – жағдайды
ушықтырмаса, опа таптырмас. Жалпы,
мета донның өзі – синтетикалық апиын
алколоиді. Былайша айтқанда, апиындық
препараттар тобынан.
Метадон өткен ғасырдың 30-жылдары
синтезделген. Оны фашистік Германия
ойлап тапқан-ды. Қолданысқа есірткінің
жаңа түрін енгізудің не қажеті болды? Оның
себебінің өзіндік тарихы бар. Сол кезде
фашистік Германия әскерлерінің арасында
героин пайдаланатындар өте көп болған.
Ал героин кезінде апиынға тәуелділерді
емдеу мақсатында шығарылған. Түсіндіре
кетейін, Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде
әскерлерді апиындық нашақорлықтан
құтқармасқа амалдары қалмайды. Міне,
сонда апиынның орнын героин басқан-ды.
Негізі, героин «героизм» деген мағынаны
білдіреді. Нашақорлықтың «әскери ауру»
деп аталып кетуінің себебі – осы. Героин
– жартылай синтетикалық алколоид.
Героин пайда болғаннан кейін, әлбетте,
апиын тұтынушылар саны күрт төмендейді.
Десек те, нашақорлардың бір есірткіден
екінші бір есірткіге ауысқандары болмаса,
әскерилер арасындағы иненің ұшына
байланғандардың дерті асқынып, қатты
алаңдаушылық туғызады. Героин ғалым-
дардың үміттерін ақтамайды, керісінше,
әскерде нағыз зобалаң басталып, кезінде
апиынды героинмен алмастырғандай, енді
героиннің орнына метадонды жасап шығу-
ларына тура келеді.
Метадон да – кәдімгі есірткі. Метадон-
ның героиннен еш ерекшелігі жоқ. Героин
сияқты бұл есірткі де улы ұнтаққа тәуелді-
лерді тұңғиыққа тарта береді. Метадондық
нашақорлықтың алдын алу тіптен қиын.
Героинге қарағанда есірткінің бұл түрінің
ағзаға кері әсері өте көп және оны емдеу
де өзге есірткілік заттармен салыстырғанда
қиындау.
Метадондық бағдарлама, былайша
айтқанда, бір затты екінші бір затпен ал-
мас тыру. Оны ұсынып отырғандар «мета-
дондық бағдарлама арқылы есірткілік
заттарға тәуелділердің наркологиялық
орталықтарға өз еріктерімен келулеріне
қол жеткізуге болады» дейді. Бағдарламаға
сәйкес, метадонды емдеу орындары өздері
таратып береді. «Нашақорлар күніне екі
рет көрініп, оларды қадағалап отыру да
оңайырақ болады-мыс». Сондай-ақ «ине,
есірткі іздеп жүрмейді» дегенді алға тарта-
ды.
Әрине, сөз жүзінде бәрі тамаша. Бәрі
– бос әңгіме, ондай тәртіп орнату тіптен
мүм кін емес. Мұнымен кімді алдауға бола-
ды? Өйткені кез келген нашақор тұты нып
жүрген мөлшерін алмай, тыншымайды. Ал
нашақордың ағзасы есірткілік заттың мөл-
шерін уақыт өткен сайын еселей түсуді
қажет етіп отырады.
Арнайы тіркеуде тұрған нашақорлар –
кәнігі нашақорлар. Олардың есірткі
пайдаланғандарына бірнеше жыл болған.
Сондықтан да олар рұқсат етілген метадонға
қанағаттанбайды. Оған қосымша өзінің
үйреншікті мөлшерін пайдаланып отырады.
Сонда бұрынғы тұтынып жүрген есірткісіне
олар енді метадонды қосады. Бір адамның
екі бірдей есірткі түрін пайдалануы да – аса
зиян. Демек, жағдайдың тіптен қиындап
кету қаупі бар.
Бұл – бір, екіншіден, ертеңгі күні меди-
циналық ұйымдардан метадонды жасырын
сататындар пайда бола бастайды, яғни
былық-шылықтың көкесі сонда бастала-
ды.
Үшінші, бір кері жағын айтсам, ауруға
қарсы күресуге тиіс дәрігердің нашақорға
есірткілік затты өзі беріп отырғаны моральға
жат емес пе?
– Нәйлә Тоқтарқызы,
Қазақстанда, жалпы, осы
метадондық бағдарламаны
пайдалануға рұқсат беретін заң бар
ма?
– Өте орынды сауал. Мені таңғалдыра-
тыны, сіз айтып отырғандай, Қазақстанда
есірткілік затты таратуға рұқсат беретін
заңдық база жоқ. Нақтырақ айтсам, мета-
донды медицинада пайдалануға рұқсат
беру үшін заңдық нормаға жүгінуіміз керек
еді. Бұдан шығатын қорытынды: метадонды
заңсыз қолданғалы отырмыз. Кез келген
заңға қайшы әрекет – қылмыс. Ал ондай
заң шығару көп уақытты алады.
Оны айтасыз, метадоннан әлемдегі
бар лық елдер осыдан жетпіс жыл бұрын
бас тартқан. Оның зардабынан әлі арыла
алмай келеді. Оның зияндылығы тәжіри-
беде әлдеқашан анықталған. Тиімсіздігі
дәлел деніп, жарамсыз етіп тастады. Ал
тәжір ибе – ақиқаттың өлшемі. Жылдар
бойы бір есірткіні пайдаланып жүріп, екінші
бір түріне өту ағзаны азаптаумен бірдей.
Оны емдеу де қиын.
Бұл – кәдімгі есірткі бизнесі. Метадонды
ойлап тапқандар әлі де жұмыс істеп жатыр.
Кешегі тапсырыс берушілер қатары тары-
лып, олар бұрынғы Кеңес үкіметі елдеріне
ауыз салып отыр.
Қазақстанды арам пиғылдары үшін
көздеп отырғандар аз емес сияқты. Әрине,
бұл тұспал ғана. Қазақстанның талайларды
қызықтыратыны рас. Халқымыз аз, жеріміз
ұлан-ғайыр. Қарусыз жаулап алу деген –
осы. Метадон арқылы да адам өлімін
көбейтуге болады. Былайша айтқанда,
геноцид болуы әбден мүмкін. Бұл – адам
санын табиғи өліммен азайтудың ең ұтым-
ды жолы.
– Метадонның зардабын біле
тұра, құзырлы орындар оған қалай
рұқсат беріп отыр?
– Бұл жерде құзырлы министрліктің еш
қатысы жоқ. Мана айттым ғой, бұл – есірткі
бизнесі. Метадонның қолданылуын көздеп
отырғандар басқалар. Олар осы жолмен
пайда табуды ойлайды. Халқының аман-
саулығына қарағанда оларға оңай жолмен
пайда табу артық болып тұр.
– Депутаттар нашақорларды
қылмыстық жазаға тартуды
ұсынады. Сіз қалай ойлайсыз?
– Нашақорларды қылмыстық жазаға
тарту үрдісі Кеңес үкіметі кезінің алғашқы
жылдарында болған. Кейін Қылмыстық
кодекске өзгертулер енгізіліп, бұл медици-
налық жолмен ғана шешілетін проблемалар
қатарына жатқызылды.
Мен депутаттардың ұсыныстарына
үзілді-кесілді қарсымын. Нашақорлық –
дерт. Көптеген аурулар сияқты, мәселен,
жүрек-қан тамырлары, өкпенің қабынуы,
демікпе ауруларын айталық. Сонда осы
аталған ауруларға шалдыққандары үшін
адамды кінәлауымыз керек пе? Бұл – ақыл-
ға сыймайтын нәрсе. Әрине, әрбір адам өз
денсаулығын сақтауы керек. Егер әңгіме
осы тұрғыдан айтылса, оған еш дауым жоқ.
Оларды соттаймыз деп, есесіне түрмедегі
нашақорлардың санын көбейтіп аламыз.
– Түрмедегі ахуал қандай?
Естуі мізше, еліміздің ҚАЖК мекеме-
ле рінде 60 мыңға жуық адам
қамау да отырса, соның 35 мыңнан
астамы нашақор көрінеді.
– Ол әбден мүмкін. Темір тордың ар
жағындағы жағдай, шынымен, қиын. Онда
нақты қанша нашақор бар екендігі белгісіз.
Оларды ойлап ешкімнің бас қатырғысы
жоқ сияқты. Бірқатары нашақор болып сот-
талып жатса, түрменің өзінде қаншасы бар.
Әйтеуір, аз емес, соны білемін.
Абақтының өзі – кез келген адамның
жүйке жүйесін жұқартпай қоймайтын орта.
Көбі күйзелістен есірткінің көмегімен
шығуға әуестеніп алған. Осылай есірткі
иіріміне бірін-бірі сүйрейді. Соның салда-
рынан ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар
көбейіп барады.
Қазір мен наркологиялық орталықта
жатқан бір науқасты емдеп жүрмін. Түрме-
ден ВИЧ инфекциясын жұқтырып шыққан
екен. Оны өзі де білмеген. Қасірет шалды
деген – осы, онысын әйеліне жұқтырады.
Соны ойлап, өзін өзі жегідей жеп жүрген
еркек депрессияның ауыр түріне ұшырап
қалды. Енді қайтсін, әйелі көз алдында
солып бара жатса. ВИЧ инфекциясымен
өзінің ағзасы белсенді күресіп жатса,
әйелінің иммунитеті әлсіз болса керек,
барған сайын нашарлап барады. Әйелді не
күтіп тұрғаны айтпаса да түсінікті. Екі бала-
лары бар. Бұл шаңырақтың шайқал ғаны
менің де жаныма қатты батты.
Қысқасын айтқанда, нашақорлар үшін
түрме – нағыз тозақтың өзі. Бір татым есірт-
кі жолында еш нәрседен тайынбайды.
Түзеу мекемелеріндегі нашақорлықтың
алдын қалай алуға болады? Кейде өзіме
осындай сауал қоямын. Бірақ жауабын таба
алмаймын. Есірткінің жолын кесу үшін түр-
ме лерге сезгіштігімен теңдесі жоқ құрал-
жабдық қой мейлі, «сәлемдеме» бәрібір
өтіп кетеді. Өйткені түрме қызметкерлерінің
барлығының бірдей ары таза екендігіне
күмәнім бар. Осы тұста айта кетейін, олар-
дың түрмеде тәркіленген есірткілік зат тар-
дың барлығын бірдей жойып отыратында-
рына да сенімсізбін. Яғни «ұмыт» қалған
ұнтақтарды түрме қызметкерлері соттал-
ған дарға қайтадан сататын көрінеді. Соны-
мен қатар адамдар да әккі болып алған.
Түрме қызметкерлері аса мұқият тексеріп,
қанша шалымды болса да, күмәнді
заттарды көзге іліндірмеудің неше түрлі
жаңа бір тәсілдерін ойлап тауып жатады.
Мұндай зардабы ауыр істің шешімін табу
үшін, бәлкім, түгел дерлік колония қызмет-
керлерін рухани жағынан тазартып отыру
керек шығар? Ал бұл – өте қиын шаруа.
Бірін шіден, оған көп уақыт кетеді. Екінші-
ден, адамды қайта тәрбиелеу анау айтқан-
дай оңай емес-ау... Қысқасы, бұл – түйіні
көп түйткіл.
ҚР ҚК-нің 17-бабына өзгеріс енгі зілген,
яғни қамауда отырған нашақорлар
ды
емдеудің ереже-тәртібі қазір басқа. Мәсе-
лен, қылмыскер қылмыс жасаған кезде есі
дұрыс деп табылса және сол сәтте ол алко-
голизммен не нашақорлықпен ауыр са, ол
сол түрме аумағында мәжбүрлі түрде ем-
деу қабылдайды. Ал басқаларды ол жер де
ешкім емдемейді.
Иә, сан мыңдаған нашақорды емдеу
біздің түрмелердің жағдайында мүмкін
емес. Бұл қомақты қаржыны, қаншама
маман ды қажет етеді. Қажетті дәрі-дәрмек-
термен де қамтамасыз етілмеген. Амал
жоқ, сотталғандар өзінің өмірі үшін өздері
күресіп бағуда. Тағы бір айта кетерлігі,
сотталғандар үшін психотерапия бөлімшесі
бүкіл республикамыз бойынша ҚАЖК-нің
бір ғана мекемесінде бар. Ол – Заречный
елді мекеніндегі ЛА -155/12 түзету меке-
месі. Психозбен ауырған қылмыскерлерді
сонда алып келеді. Ал нашақорлықпен
ешкімнің ісі жоқ. Әрине, пенитенциарлық
жүйе де нашақорлықпен күресті тұрақты
жүргізуді ұйымдастырса жақсы-ақ болар
еді.
Біреулер қылмыскерлерді қоғамға
қауіпті, тіпті жат санайды. Бірақ ұмытпайық,
олар да адам баласы. Оның үстіне ертең
олар арамызға келеді, яғни тағы бір наша-
қор кеп қосылды дей беріңіз. Ал сарапшы-
лардың зерттеулеріне қарағанда, бір наша-
қор жылына 15-тен астам адамды тартады
екен.
– Алысты айтпай-ақ қояйық,
бұрынғы КСРО елдерімен
салыстырғанда Қазақстан
медицинасы нашақорлыққа қарсы
күреске жаңалықтар енгізе алды
ма?
– Иә. Мақтана алатын тұстарымыз бар-
шылық. Бізде, сіз айтқандай, бұрынғы
КСРО елдерінің бір-екеуінде ғана болмаса,
басқа ешқайсысында жоқ «Нашақорлықтың
медициналық әлеуметтік проблемалары-
ның Республикалық ғылыми-практикалық
орталығы» ашылған-ды. Бұл орталық
Павло дар қаласында орналасқан. Онда
квотамен еліміздің кез келген аймақтарының
тұрғындары емделе алады. Бірақ ескерте
кетейін, бұл – қордаланған мәселені шешу-
де мысқалдай ғана көмек. Осы сынды
орта лықтар көптеп ашылса, онда әңгіме
басқа болар еді.
Бұл орталық сан-салалығымен ерекше.
Ол ғылыми да, практикалық та міндеттерді
жоғары деңгейде атқарып отыр. Онда
есірт
кіге тәуелділерді емдеуде жоғары
сапалы технологиялар пайдаланылуда.
Әсіресе психотерапия саласы сапалы
жұмыс істеуде. Өйткені, өздеріңіз білесіз-
дер, нашақорлық – адамның өзінің адасуы-
нан, жігерсіздігінен табатын дерті. Өзінің
тағдырына жауапсыз қарағандық. Есірткінің
арбауына түсіп қалғандар. Кім болса да
есірткіні бірінші рет пайдаланып көргенде
«мен оған еш уақытта әуестенбеймін,
өзімді-өзім тоқтата аламын» деп ойлайды.
Алайда ол мүмкін емес. Бір рет дәмін татып
көрдің бе, екінші рет қалай пайдаланғанын
өздері де білмей қалады. Негізі, героиндік,
апиындық, метадондық нашақорлық
адам ды тез жеңіп алады. Демек, нашақор-
ды емдеуде ең алдымен психотерапияның
маңызы өте зор. Дәрі-дәрмектермен
сауықтыра отырып, дәрігер кеселге қарсы
тұруға нашақордың санасын ұмтылдыруы
тиіс. Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда,
Павлодардағы орталықтағы белсенді
жұмыс істеп жатқан психотерапия саласын
ерекше атап өтер едім.
– Сонда Алматыдағы
наркологиялық орталықтың
мүмкіндігі шектеулі болып тұр ғой?
– Иә. Бұл қаладағы психотерапия және
наркология ғылыми-практикалық орталы-
ғы Павлодардағыдай жан-жақты емес.
– Есесіне «Алматыда жекеменшік
клиникалар көп» деп жатады...
– Ол да рас. Жекеменшік клиникалар
баршылық. Алайда олар тек есірткіні қажет
кезінде пайдалана алмай қиналған наша-
қорды жан азабынан құтқара алады, яғни
«жедел жәрдем» іспетті. Олар, негізі, ем-
дом да жасай алады, бірақ оны екінің бірі-
нің қалтасы көтере бермейді, қымбат.
Жалпы, еліміздің барлық аймақтарында
наркологиялық диспансерлер, орталықтар
бар. Олардың барлығы Павлодардағы
орталыққа бағынады.
– Нашақорды құлантаза емдеу
мүмкін бе?
– Жоқ, мүмкін емес. Емдеу курсынан
кейін нашақор есірткісіз – алты ай, бірлі-
жарымы әрі кеткенде бір жыл шыдауы
мүмкін. Нашақорлық – созылмалы індет,
демек, ешбір науқас одан мүлде айығып
кете алмайды.
– Нашақорлардың біржолата
емделіп кетпегендігінен болар,
бәлкім, ел арасында «полицейлер
де, дәрігерлер де есірткі бизнесінің
тоқтамауына мүдделі, өйткені бұл
– олардың табыс көзі» деген әңгіме
айтылып қалады.
– Полицейлер үшін жауап бермей-ақ
қояйын. Ал дәрігерлерге қатысты айтсам,
бұл – жаңсақ пікір. Бұл, әлгінде ғана айт-
тым, тағы қайталайын, еш уақытта емдел-
мейтін ауру. Біз дәрігерлер тек оларды өмір
бойына бақылауда ұстап өтеміз. Мүмкін,
бір дәрігердің осылай айтқан сөзін әлде-
біреулер бұрып әкетіп, теріс пікір таратып
жіберген шығар. Дәрігерлер ісіне адал.
Нашақорлық бұрыннан бар, бола да бер-
мек.
– Елімізде 400-ге жуық нарколог-
дәрігер бар көрінеді. Аз емес пе?
– Әрине, өте аз. Қазақстан психоте-
рапев
терге де аса зәру. Медициналық
білімі бар психологтер жоқтың қасы. Бос
тұрған орындарды педагогика саласы
бойынша маманданған психологтер жауып
отыр. Ал нашақормен олар жұмыс істей
алмайды. Бұл – аса ауыр дерттің бір түрі.
Олар ды тек дәрігер ғана емдеуі қажет.
Нормаға сәйкес стационарда 30-35 нау-
қас қа бір маманнан келуі тиіс. Ал енді
есептеп көріңіз, егер 50 мыңға жуық наша-
қор бар десек, 50 мыңды 400-ге бөліңіз,
сонда бір дәрігерге 125 науқастан келеді
екен.
Сұхбаттасқан Ләззат БИЛАН
АЛАШ АЗАМАТЫ
?
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Зілзаланың күші қандай болғанда ғимараттар түгел қирайды?
АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...
Нашақорлықпен күресте тек оларды емдеумен ғана шектелмеуіміз
керек, ең тиімді жолы – алдын алу, яғни үгіт-насихатты күшейту. Қазіргі
алдын алу шараларына көңілім мүлде толмайды. Баршаны, әсіресе
жастарды салауатты өмір салтын ұстануға үндеуіміз керек. Мектептерде де
нашақорлыққа қарсы үгіттейтін сабақтар енгізілсе, тіптен жақсы. Осы
мақсаттарда кешенді жұмыстар ұйымдастыру қажет. Соның ішінде ең
бастысы – психолог, психотерапевт мамандарының санын көбейтіп,
соларды жаппай жұмылдырмасақ, қазіргі беталысымыздың бәрі бекер.
Қазір медициналық білімі бар психологтердің санын күрт көбейту көзделіп
отыр. Бұл – өте дұрыс шешім. Ал бұрындары біздің елде педагогикалық
білімі бар мамандар көп болған. Бүгінгі таңда осы мамандарға сұраныс
артып отыр. Өкінішке қарай, біздің жоғары білім жүйесінде аталған
мамандарды даярлау жолға қойылмаған. Егер маман даярлау мәселесі оң
шешілсе, нашақорлықтың алдын алуға айтарлықтай септігі тиген болар еді.
ДАТ!
Нәйлә ТОҚТАРҚЫЗЫ, нарколог-дәрігер, медицина
ғылымының докторы, профессор:
Бізде есірткілік заттарды
таратуға рұқсат беретін
заңдық база жоқ
Алматы облысында жер сілкінісі жиі болып тұрады. Кейде үш балл,
кейде төрт балл деп жатады. Осы өлшемдердің әсерлері қандай? Төрт
балдық сілкіністің әсері мен бес балдық сілкіністің әсері қандай?
Арманбек
ТӨЛЕУБЕКОВ,
Алматы қаласы
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
мамандарының мәліметінше, Алматы
болжау полигоны аумағындағы жер
сілкінісі MSK-64 сейсмикалық шкаласы
бойынша өлшенеді.
IV балдық дүмпу – көзге көрінетін
сілкініс. Бұл кезде әйнектер дірілдейді, үй
қабырғалары мен жақтаулар, люстра лар,
ілінген заттар селкілдейді, сұйықтық
тербеледі.
V балл – мамандардың тілінде «ояну»
делінеді. Бұл жағдайда ұйықтап жатқан
адамдар селк етіп оянады. Есік-терезелер
кенеттен ашылып кетеді. Қабыр ғаларға
сызат түсуі мүмкін. Жа нуарлар мазасыз-
дана бастайды, ит үріп, қораз шақыруы
мүмкін.
VІ балл – үрейлі дүмпу. Сілкініс көп
адамның мазасыздығын, үрейін туғыза ды.
Үй қабырғаларының арасы ашылуы мүм-
кін. Ұсақ-түйек бұйымдар орнынан қозға-
лып, теңселеді. Ағаштар сынып, құлай ды.
VІІ балл – ғимараттар қақырайды.
Адамдардың бір орында тұруы қиындайды.
Үй жиһаздары қирайды, панельді типтегі
және кірпіш нысандарда үлкен сызаттар
пайда болады, ағаш жақтаулар құлап
түседі.
VІІІ балл – ғимараттар қатты қирайды.
Панельді типтегі ғимараттар мен кірпіш
үйлердің қақ бөлінуі байқалады. Саман
үйлер бұзылады. Әлсіз қабырғалардың
бәрі жермен-жексен болады. Пеш мұржа-
лары мен құбырлар бекітілген орындары-
нан ажырап құлайды. Кейбір үйлердің
қабыр ғалары іргетасынан тайып кетеді.
Қыраттардан топырақ сырғуы мүмкін.
ІХ балл – ғимараттардың жаппай
зақым да нуы. Панельді типтегі бас па на-
лар да терең жырықтар пайда болып, бұ-
зылуы мүмкін. Саман үйлер түгел қирайды.
Кірпіш ғимараттардың шатыры ортасына
түседі. Мүсін-ескерткіштер мен биік
бағандар қирайды. Байланыс нашарлайды.
Көшкін болады. Жер қыртысында жарық-
тар пайда болады.
Х балл – ғимараттардың жаппай
қирауы, орасан зор зілзала. Бөгеттер мен
плотиналар зақымданады. Көпірлер қи-
райды. Жол қатынастары үзіледі. Теміржол-
дар қисайып, жерасты құбырлары мен
инженерлік желілерге үлкен зақым келеді.
БАТЫЛДЫҚ
ҒЫЛЫМИ Ж
ОБ
А
Олардың отбасысы Қызылорда қала-
сындағы «Сабалақ» саяжайында тұрады.
Сол күні аталмыш шаңырақтың әкесі мен
шешесі бір жерге шығып кеткен еді. Үйде
үйелмелі-сүйелмелі төрт қыз қалды. Бала
жүрген жерде шалағайлықтың болатыны
белгілі. Ойламаған жерден өрт жалыны
бұрқ ете қалғанда, кішкентай балалар
абды рап қалды. Үйдегі естияры 11 жастағы
Майра еді. Дегенмен үйді құшағына көміп
алған жалыннан ол да не істерін білмеді.
Осы сәтте жеті жастағы Динара терезені
сындырып, бауырларын өрттен құтқарудың
амалын жасады. Алдымен бес жастағы
Жасминді сыртқа шығарды. Одан кейін
өзінен үлкен Майраны аман алып қалудың
амалын іздеді. Соңғы сәтте үш жарым ай-
лық Айсананы көтеріп, сыртта тұрған Май-
раның қолына ұстатты. Ең соңында өзі
дала ға шығып үлгерді.
Қыстың көзі қырауда осындай ерлік
жасаған Динара қаладағы №176 мектептің
2-сыныбында оқиды. Жерлестері қайсар
қыздың ерлігін айтып жүр.
Апалы-сіңлілі қыздар қазір облыстық
медициналық орталықта ем алып жатыр.
Дәрігерлер олардың денсаулықтары
қалыпты екенін айтады.
Әділжан ҮМБЕТ,
Қызылорда облысы
Жеті жасар Динара
үш бауырын
өрттен құтқарды
Үнемдеуге үгіттеу
e-mail: info@alashainasy.kz
Қызылорда қаласының жеті
жасар тұрғыны Динара
Оңдасынның ерлігі елдің
аузында жүр. Әлі оңы мен солын
жете тани қоймаған балғын қыз
қайсарлығымен үйді шарпыған
жалын құшағынан үш бауырын
алып шықты.
Жуырда Алматыда «Шеврон»
компаниясы мен «Қазақстан
Республикасының Инженер-
энергетиктер одағы» заңды
тұлғалар бірлестігі «энергияны
үнемдеу мен энергияның балама
көздері» жобаларының үшінші
республикалық байқауының
нәтижелерін жариялады.
Байқауға оқушылар, студенттер,
40 жасқа дейінгі жас мамандар,
ғалымдар қатысты.
Жерде шыңыраулар пайда болады.
Адамдардың қирандылар астында
қалу, ойықтарға түсіп кету қаупі күше-
йеді.
ХІ балл – катастрофа. Ғимарат-
тардың барлық материалдан соғылған
түрлері түгел қирайды. Барлық инже-
нерлік желілер, құбырлар, мұржа-ба-
ған дар, тіректер, сымдар түгел дефор-
ма ция ға ұшырап, жарамсызданады.
Таулардан көшкін сырғиды.
ХІІ балл – рельефтің өзгеруі немесе
«ақырзаман». Жердің үстіңгі қабаты
радикалды өзгерістерге ұшырайды.
Көлдер мен сарқырамалар пайда бола-
ды, лай көшеді, топырақ борайды, шы-
ңыраулар көбейеді. Жер беті тып-типыл
болады.
«Шеврон» компаниясының Қазақстан-
дағы өкілдігінің басшысы Замира Қана-
пиянованың айтуынша, биылғы жылы
байқауға қатысқан 60 талапкердің 42 ғы-
лыми жұмысы әділқазылардың қарауына
ұсынылды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда
13 ғылыми жұмысқа көп. Ұйымдастыру-
шылар байқаудың негізгі мақсаты туралы
«Энергияны үнемдеу бағдарламаларын
енгізу, энергия ресурстарын пайдаланудың
тиімділігін арттыру, энергияны тұтыну мен
үнемдеудің мәдениетін қалыптастыру,
халықтың қуатты үнемдеу туралы түсінігін
кеңейту арқылы дарынды жастарды
Қазақстанның экономикалық, энергети ка-
лық және экологиялық мәселелерін шешу-
ге жұмылдыру болып табылады» дейді.
Байқауға ұсынылған жобалар электр энер-
гетикасы, жылу энергетикасы және энер-
гия
ның балама көздері тақырыптарын
қам
тыды. Байқауға қатысушылар төрт
номинация бойынша жарысты: «Орта
мектеп оқушылары», «Жоғары білім беру
орындарының студенттері», «Жас маман-
дар», «Жас ғалымдар».
Замира ҚАНАПИЯНОВА: «Шеврон»
компаниясының Қазақстандағы
өкілдігінің басшысы:
– Әлемдегі біріктірілген жетекші
энергетикалық компаниялардың бірі
бола тұрып, «Шеврон» энергия
тиімділігі саласындағы техникалық
шешімдерді дайындауға айрықша
назар аударады. Сондықтан біз
энергияны үнемдеу және энергияның
балама көздері жобаларының
республикалық байқауын бастап,
алғаш рет 2008 жылы өткіздік. Биыл
байқау дәстүрге айналды,
қатысушылардың географиясы
кеңейді, ұсынылған жұмыстардың
сапасы артты. Кейбір жобалар
енгізіліп, іс жүзінде қолданылатын
болады деп үміттенеміз.
Сейілбек АСАНОВ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№34 (486) 25.02.2011 жыл, жұма
www.alashainasy.kz
7
e-mail: info@alashainasy.kz
ДОДА
Әзиз ЖҰМАДІЛ
ФУТБОЛ
Қазақстандықтардың
қатысуынсыз өткен финал
Жүздеген жасөспірім қатысқан бұл до-
дада Қазақстан намысын төрт спортшы
қор ғады. Әлбетте, жасөспірімдер ара-
сын дағы дода болғандықтан, жерлес тері-
міз ден қандай да бір жеңіс талап етілген
жоқ. Ең маңыздысы тәжірибе жинақ
тау
болға ны жасырын емес. Дегенмен жігіт-
теріміздің нәтижелерін нашар дей алмас
едік. Алды мен слаломда бақтарын сы на-
ған жасөспірімдерден 1-орын испан дық
Пол Рокамораға бұйырды. Оның жасы —
19-да. Жерлестерімізден Алек сандр Кост-
ров 22-орынды иемденсе, Виталий Шма-
ков 32-орынға тұрақтап, Руслан Сәбитов
34-орыннан көрінді. Өкінішке қарай, Ни-
кита Қалыжанов мәреге жете алған жоқ.
Осы жерде айтып өтейік, еліміз бұл тур-
нирге бұғанасы қата қоймаған өрімдей
жастарды жіберіп отыр. Мәселен, Кост-
ров пен Қалыжановтың жастары 16-да
болса, Шмаков — 17-де. Ал Сәбитовтің
жасы небәрі 15-те.
Ертеңінде гигант слалом жаттығуы
бәйгесі өтіп, Қалыжанов 21-орыннан кө-
рінсе, Сәбитов 24-орынға тұрақтады. Ал
Никита мен Виталий мәреге жете ал ма-
ды. Супергигант жаттығуында жерлес тері-
мізден үздік көрсеткішке Руслан Сәбитов
қол жеткізді. Дегенмен нәтижесі мәз емес.
Небәрі 40-орын.
Иә, мәреге бірінші болып жетіп, бас
бәй геге қол жеткізбесе де, жастарымыз-
дың мұн
дай халықаралық турнирлерге
қатыс қан дары қуантады.
Арсен ЖАНАДІЛ
Жасөспірімдерді
Италияда
сынадық
Италияның Бормио
қалашығында тау шаңғысынан
жасөспірімдер арасындағы
халықаралық турнир өтіп, оған
қазақстандық спортшылар да
қатысты.
БИЛЬЯР
Д
Ана тіліміздегі алғашқы
спорттық сайт ашылды
Ұзын сөздің қысқасы, «Қазақстан фут-
бол федерациясы қазақ тіліне бет бұра
бастаған екен» деген пікірмен қуанып
қалдық. Енді ұялғанымызға келейік.
Қазір бүкіл отандық ақпарат құрал-
дарындағы ел футболы жайлы жазылған
мақалалар мен көрсетілген хабарлар-
ды сүзіп, саралап жүретін баспасөз қыз-
меткері, яғни жоғарыда өзіміз атап өткен
Измаил Бзаров осы баспасөз мәжілісіне
қазақ тілінің бір маманын шақырғылары
келетіндігін айтып, көмек сұраған. Бір-
екі апта бұрын хабарласып, «филолог
әрі футболды жақсы білетін адам бол-
са», — деді. «Қазақ тілі мәселесін көтеріп
жүрсіздер» деп, неліктен бізге осындай
өтінішпен хабарласып отырғандығын
да білдірді. Біз қуана келістік. Осындай
игілікті шараның басы-қасында болсын
деп спортты түсінетін екі-үш адамға ха-
барласып, келісіп едік. Өкінішке қарай,
«келемін» деп кесіп айтқан осы адамда-
рымыз баспасөз мәжілісіне келмей қалып,
ұятқа қалдырды...
Содан соң Қазақстан футбол феде-
рациясының баспасөз қызметкері «сайт-
тың қазақ тіліндегі нұсқасының тұсауы
кесіледі ғой, сондықтан қазақтілді жур-
налистер көп болғаны дұрыс болар еді,
мен көбісін танымайтын шығармын, сіз-
дер де өздеріңіз танитын журналистер-
ді ша
қырыңыздаршы» деп өтінген.
Бас па сөз қызметкері айтпай-ақ, өзіміз
де таныстарымызды құлаққағыстанды-
рып жүр ген біз. Бірақ... бірақ шақырған
жиырма жур
налисіміздің екеуі ғана
келді, кешегі бас пасөз мәжілісіне. Бәрі
де «келемін» деп сөз берген-ді. Сонда
қазақ тілі анатілді журналистерге керек
болмаса, кімге керек?! Баспасөз мәжілісі
өткен залды толтырған тағы да орыстілді
журналистер.
Ол-ол ма... Редакцияға келіп, ма-
қа
ла жазып отырсақ, қазақтілді жур-
налистердің бірен-сараны хабарласып,
«сайтты ашып көріп отырмыз, қатесі көп
екен» дейді. Енді мақаланы интернеттің
алдында отырып алып жазатұғын жур-
налистеріміз ана тіліміздегі алғашқы
сайтты аяусыз сын садағына алса, таң-
ғалмаңыздар.
Сайтта қате жазылған терминдер бар
екен, оны біз де көрдік. Бірақ сол қателер
жайлы өздеріне айттық. «Көш жүре
түзеледі» дегендей, ол қателердің бәрі
түзетілер, әлі. Қазіргі біздің позициямыз
– оларды сынау емес, осындай игілік-
ті істі жүзеге асырып отырғандары үшін
көмектесу. Болар елдің баласы бірін-бірі
батыр десе керек еді...
Ал енді жаңа сайтқа қысқаша тоқтала
кетсек, бұл жоба шамамен үш айдың
ішінде жүзеге асырылыпты. Сайттың
бас редакторы – футбол жайлы өзекті
мақалаларымен көпке танылған талант-
ты жігіттеріміздің бірі Айдын Қожахмет.
Қазақ тіліндегі мақалаларға жауапты –
Мейрам Сапарғалиев.
«Сайттың редизайніне қанша қаржы
жұмсалды?» деген сұраққа Қазақстан
футбол федерациясының бас хатшы-
сы Саян Хамитжанов: «Қанша қаржы
жұмсалғанын айта алмаймын, мұндағы
негізгі мәселе – қанша қаржы кеткенінде
емес, сайттың қазақ тілінде жасалуын-
да. Сондықтан біз бұл жобаны қаржыдан
қысқан жоқпыз», – деді.
Бұл сайтта командалар мен футболшы-
лар жайлы ақпараттар көп. Ұлттық құрама
мүшелері жайлы толық ақпарат және
статистикалық мәліметтер алуға болады.
Суреттер мен бейнеқорлар да көп болмақ.
Мұның бәріне өзіңіз осы сайтты ашып
көріп, көз жеткізгеніңіз дұрыс болар. Осы
сайтқа кіріңіздер, ана тіліміздегі ел футбо-
лы жайлы мағлұматқа қанығыңыздар.
?
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Бразилияда оқитын
жастарымыз Қазақстандағы құрдастарын жеңді
Құрбандық шалып, қақпасын қанмен бояған
Жақында Болгария чемпионатында өнер көрсететін футбол клубтарының бірі құрбандыққа
мал шалғанын естідім. Сонда болгарлықтар шын мәнінде мұсылман елі ме? Әлде құрбандық
басқа мақсатта шалынды ма?
Берік НҰРДІЛДАЕВ, Алматы қаласы
«Бразилияда оқитын футболшы жастарымыз еліміздің жасөспірімдер арсындағы құрамасымен
кездеседі» деп жазып едіңіздер. Бірінші матч 23 ақпан күні өтуі керек еді. Сол ойын қандай
нәтижемен аяқталды?
Орлан ТАЛҒАТ, Астана қаласы
Болгария мұсылман еліне жатпайды. Мұнда
халықтың 12,2 пайызын ғана мұсылмандар құрайтын
болса, 82,6 пайызын православиелік христиан-
дар құрайды. Ал қалған 5,2 пайызы әртүрлі сенім-
ге бағынатындардан тұрады. Болгария заңында дін
саясатқа араласпайтыны туралы және әр адам қай
дінді ұстаса де өз еркі екендігі жазылған. Дегенмен
болгар футболшыларының құрбандық шалғандары
рас.
Нақтырақ айтсақ, осыдан бірнеше күн бұрын
Пловдив қаласының намысын қорғайтын «Локо-
мотив» клубының футболшылары дін қызметшісін
шақырып, құрбандыққа қозы шалыпты. Қай дінге,
қай нанымға сүйеніп құрбандық шалғандарын біл-
медік. Бірақ әлгі қозының қанымен футболшылар өз
алаңының қақпасын бояпты. Сондай-ақ команда ка-
питаны Здравко Лазаров пен қақпашысы Флориано
Лучинидің жейделерін де әлгі қанға малған.
Айта кетейік, бүгінде Болгария чемпионатында
«Ло комотив» 5-орында келеді. Көшбасшы «Литекстен»
11 ұпай артта. Негізінен, маусым басында ко ман да
алдына чемпион атану тапсырмасы жүктелген-ді.
Бразилияның Сан-Паулу қаласын дағы «Оле Бра-
зил клаб» футбол академиясында аяқдоптың қыр-
сырына қанығып жүрген жастарымыз 17 жас қа де-
йінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасымен кездесіп,
жоспарланған үш ойынның біріншісін өткізді. Бірінші
матчта «Оле Бразил клаб» футбол академиясында
оқитын жастарымыз (бас бапкері – Тиагу Козлов-
ский, ал аға жаттықтырушысы – Әуелбек Дербісба-
ев) Қазақстан U-17 құрамасын 3:2 есебімен жеңді.
Оңтүстік Америкада дәріс алатын жастарымыз са-
пынан Рауан Сариев екі гол соқса, бір голды Фархат
Жәнібеков енгізді. Ал 17 жасқа дейінгі Қазақстан
жасөспірімдер құрамасы сапынан екі голды да Нұралы
Мадияр соқты.
Бүгін бұл екі команда Алматыдағы Қазақ ұлттық
аграрлық университетінің стадионында (Абай даңғы-
лы мен Наурызбай көшесінің қиылысындағы) екінші
рет кездеседі. Үшінші матч 27 ақпанға белгіленген.
ТАУ ШАҢҒЫСЫ
Кеше Алматыда
бильярд тың құрамдас-
тырылған пирамида түрі-
нен әлем чемпионаты
аяқталды. Өкінішке қа-
рай, бұл жолғы финал
қазақстандық кий шебер-
лерінің қатысуынсыз өтті.
«Қазақстан» қонақүйінде өткен әлем
чемпионаты көптеген тосын есептер,
күтпеген нәтижелер сыйлады. Өз жеріміз-
де өткен әлем біріншілігінің финалы
жерлестеріміздің қатысуынсыз өткенін
айтпағанда, бас жүлдеден үмітті көптеген
мықтылар бастапқы кезеңдерде-ақ опық
жеп жатты. Мәселен, қырғыз Қаныбек
Сағынбаев, украиналық Владимир Пер-
кун және Украинаның тағы бір өкілі Ярос-
лав Винокур 1/16-финалдан аса алмады.
Опық жеген бұл спортшылардың есім-
дерін бекер атаған жоқпыз. Қай-қайсысы
болсын бильярд әлемінде аты шыққан
саңлақтар болып саналады. Басқасын
былай қойғанда, Қаныбек Сағынбаев
құрамдастырылған пирамида түрінен
өткен жылғы әлем біріншілігінде финалда
ойнағанын әлі ешкім ұмыта қоймаған бо-
лар. Ал бильярдтың дәл осы түрінде өткен
жылы әлем чемпионы атанған жерлесіміз
Ернар Чимбаев 1/8-финалда жеңіліс та-
уып, чемпиондық атағын қорғай алма-
ды. Сондай-ақ, осы кезең Әуез Елубаев,
Әлихан Қаранеев және қырғыз мықтысы
Қуаныш Сағындықов үшін соңғы ойын
болды.
Бір қызығы, ширек финалда екі-ақ
жерлесіміз өнер көрсетіп, екеуі өзара
кездесіп қалды. Сөйтіп, жерлестеріміздің
өзара тартысында тәжірибесі әлдеқайда
мол Қаныбек Сағындықов 5:3 есебімен
Азат Түменовті тізе бүктірді.
Жартылай финалға Украинаның қос
өкілі Александр Паламарь мен Ярослав
Тарновецкий, ресейлік Никита Ливада
және жерлесіміз Қаныбек шықты. Бұл
жолы да бір елдің екі өкілі өзара кездесті.
Шектен тыс тартысты өткен ойында 5:4
есебімен Паламарь жеңіске жетті. Дәл
осын
дай есеп Ливада мен Қаныбектің
кездесуінде де тіркелді. Байқағанымыз,
алғашқы болып, «пирамиданы» қайсысы
Конджуда ақпанның 28-і мен нау-
рыздың 6-сы аралығында жастар ара-
сындағы әлем чемпионаты өтеді. Бұл до-
дада еліміздің намысын Абзал Рахым ға-
лиевтен бөлек, Кристина Прилепко, Иль-
яс Әли және Карина Узурова қорғайды.
Алғашқы екеуі жеке сында өз өнерлерін
байқаса, Әли мен Узурова жұптасып өнер
көрсетуде бақ сынайды. Байқап отыр-
ғандарыңыздай, спортшылардың ара-
сында Ақ Азия ойындарының жеңімпазы
Денис Тен жоқ. Бұл күндері Денис мұз-
айдынға шықпай, Азиаданың алдында
алған жарақатын емдетумен жүр. Де-
генмен Теннің орнын Рахымғалиев жоқ-
татпайды деп сенеміз. Шыны керек, соңғы
кездері қаракөз қандасымыздың мұз-
айдында жолы болмай жүр. Өз жерімізде
өткен Азия ойындарында небәрі 7-орын-
нан көрінді. Одан кейін Тайпейде өткен
құрлықтық чемпионатқа қатысып, онда
көңілге қонымды нәтиже көрсете алмады.
Бар болғаны – 13-орын. Енді 18 жастағы
да
рынды қандасымыз Абзал Рахым
ға-
лиев
тің жолы Оңтүстік Кореяда болады
деп сенеміз.
Арсен ЖАНАДІЛ
Тен Кореяға
бармады
Мәнерлеп сырғанаушымыз
Абзал Рахымғалиев Оңтүстік
Кореяға аттанды. Жерлесіміз
аталмыш елдің Конджу қаласында
өтетін мәнерлеп сырғанаудан
жастар арасындағы әлем
біріншілігіне қатысатын болды.
МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУ
Басы 1-бетте
жарса, партияны сонысы ұтатын секілді.
Өкінішке қарай, соңғы сәттерде жерлесі-
м іздің жүйкесі сыр беріп, жеңісті қолдан
берді.
Ал Ливада қарсыластарын шетінен жа-
пырып келеді. Байқау кезеңінде шымкент-
тік Елдар Мингазидтиновтан ғана ұтылған
Ливада украиналық Вячеслав Перкун,
жер
лесіміз Ернар Чимбаев, ресейлік
Вла димир Петушков сынды өзінен жасы
үлкен, тәжірибесі мол ағаларын жолдан
тайдырды. Паламарь болса финалға дейін
жоғарыда атап көрсеткен Тарновецкий-
ден бөлек, Әуез Елубаев, Арби Муциев,
Андрей Фрейзе сынды кий шеберлерін
жеңген.
Сонымен, финалда украиналық тар-
лан Александр Паламарь мен ресейлік
жаңа есім Никита Ливада кездесті. Пала-
марьді білеміз. Қандай кездесу болсын,
өзін шоуда жүргендей ұстайды. Үнемі
көрермендерді күлдіріп, әр соққысын ке-
ремет орындауға тырысады. Жолдастық
кездесу болсын, әлем чемпионатының
финалы болсын, оған бәрібір. Имиджі
сондай. Ал Ливаданың ойын мәнері көз
алдымызға Ернар Чимбаевтың өткен
жылғы ойынын елестетті. Әлбетте, жас
болған соң жеңіске деген құштарлығы
бойына сыймай тұрғаны білінеді. Алты
партиядан тұратын ойынның алғашқы
екеуін өз пайдасына шешті. Істің насырға
шауып бара жатқанын сезген Паламарь
бойын есеп 0:2-ге жеткенде бір-ақ жи-
нады. Сөйтті де, «әлі де мүмкіндік бар
кезде жетіп алайын» деген ниетпен есеп-
ті теңестірді. Келесі партия Ливаданың
пайдасына шешілді. Паламарь тағы да
теңестірді. Ливада қайтадан алға шық-
ты. Сөйтіп, бірі озып, бірі қуып жетіп, кө-
рер
мендерге қызық сыйлаумен болды.
Шынын айтсақ, қос мықтының ойынына
қарап, «Том және Джэрри» мультфильмін
тама
шалап отырғандай болдық. Ливада
алға шықса болды, Паламарь қуып жетеді.
Ақыры не керек, кездесудің бел ортасы на
келгенде тәжірибелі Паламарьдің жүйкесі
сыр беріп, Ресейдің Ростов на-Дону қала-
сының өкілі әлем чемпионы атанды.
Никитаның жасы небәрі 15-те. Ха-
лық
аралық додаларда 2009 жылдан
бері көрініп жүр. Бірнеше халықаралық
турнирдің жеңімпазы. Бірақ әлем чемпио-
ны атануы, міне, осы. Ливада әлем чемпи-
оны атанып қана қоймай, 5000 АҚШ дол-
ларын да жан қалтасына басты. Ал Алек-
сандр 3500 долларды қанағат қылды.
Төл біріншілігіміз тоғыз турдан құ-
ралып, швейцариялық жүйе бойынша
өтті. Классикалық ойынның финалын-
да ерлер арасында ақтөбелік Нұрбек
Қабиев керекулік Азамат Иманғалиевтан
ай ласын асырса, рапид сында әлем чем-
пионы, шымкенттік Ғалымжан Темірба-
ев тоғызқұмалақ тақтасында қарсылас
шақ келтірмеді. Ол финалда астаналық
Мақсат Шотаевтан басым түсті. Ал блиц
бәсекесінде павлодарлық Жанат Қай-
молдин ешкімге дес бермеді.
Қыздар арасында сарапқа салынған
барлық бас жүлдені әлем чемпионы,
қызылордалық Әсел Далиева олжалады.
Классикалық ойында павлодарлық Диа-
на Кенина, блицте шымкенттік Салтанат
Сапарбекова, рапидте астаналық Роза
Райым бекова екінші орынға ие болды.
Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама
мыз-
дың бас бапкері Айнұр Жақапбаеваның
айтуынша, топжарғандар мен жүлдеге
ілін гендерден ұлттық құрама жасақталып,
олар маусым айында Қырғызстанда өтетін
Азия чемпионатына қатысады.
Телжан КҮДЕРОВ
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ
Далиева
дес бермеді
Павлодарда тоғызқұмалақтан
ел чемпионаты аяқталды. Бұл сын-
да осы спорт түрі жақсы дамыған
аймақтардан 100-ге тарта ұлттық
өнеріміздің майталмандары келді.
Қазақ күресінен мемлекеттік жаттық-
тырушы Марат Жақыттың айтуынша, Се-
мей төріндегі боз кілем белдесулері өте
тартысты болмақ. Өйткені ұлттық құрама
сапында өнер көрсетіп жүргендердің ба-
сым көпшілігі күрестен қолып үзіп кетіпті.
Сол себептен құрама сапын қайта жасақтау
үшін бапкерлер құрамы жастарды тексер-
мек. Жаңадан жасақталған құрама алды-
мен 11-13 наурызда Шымкентте өтетін Ер-
зат Түкеев атындағы халықаралық турнир-
де, артынан маусым айында Қарағандыда
өтетін ҚР халықтарының ІІІ жазғы спарта-
киадасында бақ сынайтын көрінеді.
Телмұхамед ЗЕКЕН
ҚАЗАҚ КҮРЕСІ
Құрама қайта
жасақталады
Алдағы демалыс күндері Се-
мейде қазақ күресінен ел чемпи-
онаты өтеді. Бұл сынға еліміздің
барлық аймағынан балуандар
келеді деп күтілуде.
Бірақ бұл турнир әдеттегідей мұхиттың,
теңіздің немесе өзен-көлдің жағасында
емес, «Волей град» базасындағы жабық
иммаратта өтеді. Бұл турнирге Қазақстан
құрамасының бірінші жұптары қатыса-
ды. Бас бапкері Денис Ровкин болып
табы латын жағажай волейболындағы ел
құ ра масының намысын бұл жолы ерлер
арасында Дмитрий Яковлев пен Алексей
Кулешов қорғаса, әйелдер арасында Та-
тьяна Машкова мен Ирина Цимбалова
жұбына сенім артылмақ.
Екі жұбымыз да Анападағы дода-
ны негізгі тордан бастайды. Яғни екі
жұбымыз да іріктеу сатысынан босаты-
лып, өз ойындарын бірден негізгі дода-
дан бас тауға мүмкіндік алды. Соған орай
олар дың алғашқы кездесулері бүгін өтеді.
Бұл турнирдің жалпы жүлде қоры – 12
000 евро.
Әлихан ЖАППАР
ВИЧ-ВОЛЕЙ
Жағажайда –
«Орыс қысы»
Кеше Анапада жағажай
волейболынан «Орыс қысы» деп
аталатын халықаралық турнир
басталды.
Нұрғис
а ЕЛЕУБЕК
ОВ (фо
то)
Нұрғис
а ЕЛЕУБЕК
ОВ (фо
то)
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№34 (486) 25.02.2011 жыл, жұма
www.alashainasy.kz
8
e-mail: info@alashainasy.kz
ДУМАН
№34 (486) 25.02.2011 жыл, жұма
www.alashainasy.kz
8
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
e-mail: info@alashainasy.kz
К
е
зекшi ред
ак
тор – Серік ЖҰМАБ
АЕВ
Республикалық
қоғамдық-саяси
ақпараттық газет
Бас редактор – Серiк ЖАНБОЛАТ
Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ
Бас ред
ак
тордың бiрiншi орынб
ас
ары
Мақсат ӘДIЛХАН
Бас ред
ак
тордың орынб
ас
ары
Қабылд
а
у бөлмесі: 8(727)388-80-60,
факс: 8(727)388-80-61
Айдын ҚАБ
А – ж
а
уапты х
а
тшы
Талға
т КIРШIБ
АЕВ –
ж
а
уапты х
а
тшының орынб
ас
ары
Нұрлыб
ай ИТЕКБ
АЕВ –
те
х.ред
ак
тор
Күләш НАҚЫПОВ
А –
аға к
оррек
тор, т
е
л.:
388-80-76
Газе
т 2008 жылдың 17 қар
ашасынд
а ҚР Мәдение
т және ақпар
а
т
минис
трлiгiнде тiрк
е
лiп, бұқар
алық ақпар
а
т құр
алын есепк
е қою
тур
алы №9650-Г к
уәлiгi берiлг
ен.
Р
ед
акция авт
орлар мақаласы мен ж
арнама мазмұнына ж
а
уап
бермейдi.
Авт
орлар қо
лж
азб
асы өңде
лмейдi және к
ерi қайт
арылмайды.
Көлемi екi к
омпью
терлiк бе
тт
ен (14 к
ег
ль) ас
а
тын ма
териалд
ар
қабылд
анб
айды.
«Алаш айнасынд
а» ж
арияланған ма
териалд
ар мен с
уре
тт
ердi
көшiрiп немесе өңдеп б
ас
у үшiн ред
акцияның ж
азб
аша рұқс
а
ты
алынып, г
азе
тк
е сiлт
еме ж
ас
алуы мiнде
ттi.
Құрылтайшысы және меншiк
иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС
Директор –
Александр Филимонович АН
Тар
а
ту қызме
тi
те
л.:
8 (727) 388-80-88
Ж
арнама бөлімі
те
л.:
8 (727) 388-81-00
Алма
ты қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС
Қалд
аяқов көшесi, 17-үй. Т
ел.:
8
(727) 273-12-04, 273-12-54
Тапсырыс – №893
А
ст
ана қаласы «А
ст
ана-По
лигр
афия»,
Бр
усиловский көшесi, 87-үй. Т
ел.:
8
(7172) 37-05-59
Тапсырыс – №358
Шымк
ент қаласы «Оңтүс
тiк по
лигр
афия» б
аспалар үйi» ЖШС
Байтұрсынұлы көшесi, 18-үй. Т
ел.:
8
(7252) 30-03-30, 30-03-31
Тапсырыс – №2228
Бағасы к
е
лiсiмдi
Таралымы – 10 000 дана
Газе
т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.
«А
ла
ш а
й
на
сы» г
аз
ет
iн
е ж
аз
ы
лу
и
нд
екс
i: 6
42
59
Ре
да
кц
и
ян
ы
ң ме
ке
нж
ай
ы
:
А
лм
ат
ы
қ
ал
ас
ы
,05
0
0
51
, Б
ег
ал
и
н кө
ш
ес
і, 1
4
8/
1 А
e-
m
ail
: inf
o
@
a
lashainas
y.
kz
Аймақтағы тiлшiлер:
А
тыр
ау – Нарғыз ҒАБДУ
ЛЛИНА, т
ел.: 8702 5876587
Қар
ағанды – Серiк САҒЫНТ
АЙ, т
ел.: 8777 3909779
Ж
амбыл – Гүлж
ан КӨШЕРОВ
А, т
ел.: 8701 7711648
Қызылж
ар – Ерб
ақыт АМАНТ
АЙ, т
ел.: 8 705 4418255
Қызылорд
а – Әділж
ан ҮМБЕ
Т, т
ел.: 8777 7054466
Өск
емен – А
зама
т ҚА
СЫМ, т
ел.: 8777 3554114
Шымк
ент – Шадияр МО
ЛДАБЕК, т
ел.: 8705 9877799
Бөлiм редакторлары:
Құб
аш МЕҢДIҒА
ЛИЕВ – с
аяси бюро, т
е
л.:
388-80-72
Берiк ӘШIМОВ – нарық, т
е
л.:
388-80-69
Қалд
ар КӨМЕКБ
АЕВ – қоғам, т
е
л.:
388-80-65
Алма
т ИСӘДIЛ – өрк
ение
т, т
е
л.:
388-80-64
Нұрғазы СА
САЕВ – дод
а (спор
т), т
е
л.:
388-80-74
Бо
ла
тбек МҰХТ
АРОВ – ж
аңалықт
ар, т
е
л.:
388-80-68
Дарх
ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк
тi
тiлшiлер қосыны, т
е
л.:
388-80-62
Астана бюросы:
Мек
енж
айы: Сейфу
ллин көшесi, 31, офис 215
Те
л.:
8 (7172) 54-27-31
E-mail: aa_as
tana@mail.ru
Айбын ШАҒА
ЛАҚОВ –
А
ст
ана бюросының ж
ет
екшiсi
Салт
ан СӘКЕН – тiлшi
Бүркiт НҰР
А
СЫЛ – тiлшi
Қана
т Т
ОҚАБ
АЕВ – тілші
Эльвир
а ЕРКІНБЕК
ОВ
А – үйлес
тір
уші
БҮГІН:
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
Дс
AҚПАН
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ
ТАРАЗЫ
Сіздің бұл күні күш-қуаты-
ңыз тасып, барлық істі жыл-
дам бітіріп тастайсыз. Сон-
дықтан сізге аптаның басқа
күндеріндегідей, уақыттың же-
тіс пеушілігіне шағымдан басаңыз
да болады. Бос уақытты пайда-
ланып, табиғатқа шығыңыз.
САРЫШАЯН
Өзіңізді «келісуге болатын
адам» деп ойласын десеңіз,
осы күні тым қатал болмай,
жұмсақтығыңызды көрсете
білуіңіз қажет. Өз қызығушылы-
ғыңызды құрбан етудің қажеті
жоқ, тек ұсыныстарын тыңдап,
өз шешіміңізді айтыңыз.
МЕРГЕН
Болып жатқан жағдайдың
бәріне жауапкершілікті өз
мойныңызға алмауға тыры-
сыңыз. Орын алған оқиға-
лар ға сіздің еш қатысыңыз жоқ
немесе сіздің қателігіңізден
емес. Сол үшін өткенге өкінбей,
ағымдағы сәтке көңіл бөліңіз.
Сіз арманыңыз орындалу үшін
не істеу керек екенін міндетті
түрде түсінесіз.
ТАУЕШКІ
Әдеттегі істерге бүгін сіздің
қызығушылығыңыз жоғалып,
өзіңізді шаршаңқы сезінесіз.
Алайда бұл жұмыс істеуден бас
тартуға желеу емес. Әрбір
күніңізді дұрыс ұйымдастырып,
әртүрлі істермен айналыссаңыз,
жалықпайтын боласыз.
СУҚҰЙҒЫШ
Осы күні өзіңіз таңдап
алған жолмен жүріңіз, жаңа
бағыттар іздеп, тәуекелшіл
тәжірибеге бармаған жөн.
Құжаттармен жұмыс істегенде
мұқият болуыңыз қажет. Шетел-
діктермен кез келген келіссөз
өткізуден бас тартқаныңыз аб-
зал.
БАЛЫҚТАР
Күтпеген оқиға орын
алып, сізді тығырыққа тіреуі
мүмкін. Бірақ бақытыңызға
орай, сізге кеңес беріп, көмегін
аямайтын жанашыр адам табы-
лады. Отбасы мен ошақ қасына
байланысты мәселелерді де
оңды шешуге өте қолайлы күн.
ТОҚТЫ
Бұрын өзіңіз де байқама-
ған, алыс болашақты болжай
білетін қасиетті бүгін бойы-
ңыздан табасыз. Біраз уақыт
бұрын айтқан болжамдарыңыз
тура келіп, сіздің қабілетіңізге
айналаңыздағылар таңғалыс-
тарын жасыра алмасы анық.
ТОРПАҚ
Сізді өте сәтті күн күтеді.
Сондықтан алдағы күндерге
құрған жоспарыңызды асық-
пай жүзеге асыра беруіңізге
болады. Тек қаржыға байланыс-
ты бірқатар қиындықтар туын-
дауы мүмкін, бірақ мұны уақыт-
ша құбылыс қана деп біліңіз.
ЕГІЗДЕР
Осы күні өзіңізді басшы-
лыққа жақсы қырыңыздан
көрсетуге үлкен мүмкіндік
туады. Қаншалықты ерекше әрі
ешкім білмейтін жұмыстар ат-
қара алсаңыз, соншалықты
мәр тебеңіз де жоғарылай түсе-
ді. Жаңа міндеттен қорықпаңыз.
Қандай күрделі тапсырма болса
да, барлық кедергілерді жеңіп
шыға аласыз.
ШАЯН
Бүгінгі күннің нәтижелі
болуы сіздің қарым-қаты-
наста қаншалықты ашық
екеніңізге байланысты. Алайда
бір өзіңіз бүкіл істі тындыра
алмайсыз, сол үшін көмекшілер
іздеуге уақытыңызды аямаңыз.
Сонда жетістікке жетесіз.
АРЫСТАН
Өзіңізді қызықтырудан
қалған істерді тастап,
көңіліңізді көтеретін істермен
айналысуға өте лайықты күн.
Сонымен қатар үмітіңізді ақта-
маған жобаны да жауып тас-
тауы ңызға болады. Жеке өмі рі-
ңізде көп нәрсені өзгерте
ала сыз.
БИКЕШ
Бүгін айтарлықтай кәсіби
табыстарға жетесіз. Ауқымды
жобаның жұмысын бастауға,
жаңа міндеттерді меңгеруге
сәт ті күн. Белгілі себептермен
кейінге қалдырылған жоспары-
ңыз ды осы мүмкіндікті пайда-
ла нып жүзеге асырасыз.
Ақпанның 25-і
Алаштың атаулы күні
• 95 жыл бұрын (1916-2008) әнші, Қазақстанның халық әртісі Кәукен
Кенжетаев дүниеге келді.
• 1938 жылы Алаш қайраткерлері Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров,
Бейімбет Майлин және Санжар Асфендияров шейіт болды.
• 1993 жылы Ұлттық аэроғарыш агенттігі құрылып, оның бас дирек-
то ры болып Алаштың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров тағайын-
далды.
• 1994 жылы Қазақстан мен Камбоджа арасында дипломатиялық
байланыс орнады.
• 1999 жылы халық санағы жүргізілді. Бұл Қазақстан Тәуелсіздік
алғаннан кейінгі алғашқы санақ болатын.
Туған күн иелері
Жексенбай Дүйсебаев (1950) – Мәжіліс депутаты;
Меруерт Өтекешова
(1951) – М.Әуезов атындағы мемлекеттік
академиялық драма театрының актрисасы, «Құрмет» орденінің
иегері;
Болат Назаров (1955) – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы
атқарушы директоры;
Асқар Жұмаділдаев (1956) – физика-математика ғылымдарының
докторы, профессор, академик;
Ғайса Қапақов (1958) – Батыс Қазақстан облысы Зеленов
ауданының әкімі;
Әнуар Түгел (1963) – Адвокаттар одағының президенті, әділет
полковнигі;
Серік Зайнулдин (1964) – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан
ауданының әкімі;
Нина Қолышбаева (1975) – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат
қоры басқарма төрағасының кеңесшісі.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,
мәртебелеріңіз арта берсін!
Алаш айнасы
Белгілі есімнің белгісіз сыры
АСҚАР – қазақтың төл есімі. «Зәулім, биік, заңғар, үміт арту,
сүйеніш» деген мағынаны білдіреді. Жаңа туған сәбиге таудай
талапты, адамгершілік асқарынан көрінген сүйенішіміз, ел-
жұртының үмітін ақтаған ұлан болсын деген ниетпен
қойылады. Ел ішінде жиі кездесетін ныспы.
Шығуы
Ұзақтығы
Батуы
07:36
10.59
18:35
СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?
Қазіргі ғылым потенциалды
қылмыскерді балабақша жасы-
нан бастап-ақ анықтай алады.
Психологтердің айтуынша,
қылмыс керлерге тән ауытқулар-
ды сәби миының қалыптасуынан-
ақ байқауға болады.
NewsLAND басылымының хабар-
лауынша, Пенсильвания универси те-
тінің криминология профессоры Эдр-
иен Рэйн ұзақ жылдар бойы ағылшын
түрмелеріндегі сотталғандардың пси-
хо логиясын зерттеумен айналысқан.
Ол миының сыртқы қабығы нашар
дамы ған адамдардың көбіне ашу үстін-
де қылмыс жасауға бейім келетініне
көз жеткізген. Мұндай адамдар қисын-
сыз әрекеттер мен нәпсіқұмарлыққа
үйір болады екен. Ал аяушылық деген-
ді білмейтін қанішерлер – «ми минда-
ли насы» атты патологияның құрбанда-
ры. Демек, бұл ауытқуларды адамның
ба ла кезінен-ақ анықтап, емдеп, олар-
ды дұрыс жолға салу бүгінгі ғылымның
міндеті болуы тиіс. Э.Рэйн тіпті пси хо-
ло гиялық ауытқуынан айықпаған ба-
ла ны осы бастан арнаулы мекемеде
ұс тауды тәжірибеге енгізу керектігін
айтып отыр.
Болашақ қылмыскерлерді
балабақшадан іздеу керек екен
Нәпсісін тыйған адам
ұзақ жасайды
Ағзаны жыныстық
қаты нас тан шектеу адамның
ұзақ өмір сүруіне септігін
тигізеді. 103 жастағы брита-
ния лық қарияның өмір
тәжі рибесімен танысқан
ағылшын мамандары
осын дай қорытындыға келді.
NEWSru Israel басылымының
хабарлауынша, Батыс Мидленс
графтығының Ковентри қаласын-
да тұратын Глэдис Гоф өмірінде
ешқашан ешкіммен жыныстық
қатынаста болмаған екен. «Мен бар ғұмырымды қыз болып өткі-
зіп келемін. Ешқашан шылым шекпедім, арақ пен дәрі де ішкен
емеспін. Бірақ тамақсаумын», – дейді ол. Ағылшын ғалымдары
Гоф әжейдің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, «нәпсісіз,
ғашықтық эмоциясынсыз өмір сүру ұзақ жасауға септігін тигізеді»
деген қорытындыға келіп отыр.
Ауа райы
МЫҢНЫҢ АТЫН БІЛГЕНШЕ...
-16 -18
о
-25-27
о
-14 -16
о
-20-22
о
-13-15
о
-24-26
о
-13-16
о
-23-24
о
-1-3
о
-5-6
о
-15-17
о
-23-25
о
-16-18
о
-22 -23
о
-17 -19
о
-22-24
о
-10-13
о
-17-18
о
-7-9
о
-12 -15
о
-18-20
о
-24-25
о
-18-20
о
-25 -27
о
-20-22
о
-
30-33
о
-24-26
о
-37-39
о
-10-12
о
-14-16
о
-10-12
о
-16-18
о
-10 -13
о
-21-23
о
-15 -18
о
-22-24
о
Сәтбаев көшесі
Абай даңғылы
Құрманғазы көшесі
Қабанбай батыр көшесі
Достық даңғылы
Луганский көшесі
Бегалин көшесі
Бегалин көшесі
«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259
Редакцияның мекенжайы:
Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А
Телефон: 8(727)388-80-60,
Факс: 8(727)388-80-61
e-mail: info@alashainasy.kz
Республика
сарайы
Коккинаки көшесі
Байтасов көшесі
«АЛАШ АЙНАСЫ»
Бегалин
көшесі, 148/ 1а
Соңғы жаңалықтар:
• Әріптестерін Қызыл әскердің туған күнімен құттық-
таған қазақстандық депутаттарды Ресей Думасы
болашақта өздерінде бос орын болып жатса,
ескеретіндіктерін мәлімдеді.
• Көптеген шенеуніктер өздеріне-өздері қарсы шыға
алмай отырғандықтан, жемқорлықпен күрес шара-
лары қиындай түсті.
***
Екі шенеунік кездесіп қалады:
– Сенің бір басыңда бірнеше үй мен үлкен кәсіпорның
бар екен. Мұншама байлықты халықтың ақшасына
алмасаң, қайдан тауып жүрсің?
– Халықта қайдағы ақша?
***
Телефон қоңырауы:
– Сәлем, не істеп жатырсың?
– Сенімен сөйлесіп тұрмын.
***
Науқас дәрігерге:
– Ішім ашып тұр...
– Дәріден шығар.
– Жоқ, емделуге қыруар ақшам кетті...
***
Бір қария дәрігерге келеді:
– Шырағым, белім ауыра береді...
– Еңкейсеңіз ауыра ма?
– Кішкене...
– Тағы да еңкейіңізші...
– Енді ауырмайды.
– Онда, осылай жүре беріңіз...
Алматтың әзілдері
Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ
СКАНВОРД
Газетіміздің №33 (485) санында жарияланған сканвордтың жауабы
КӨЛДЕНЕҢІНЕН: Лига. Ақын. Нота. Лорд. Туша. Ида. Киік. Морс. Абақ. Рампа. Пас. Жуас. Қола. «Аққу». Жай. Ар. Шаша. Тора.
ТІГІНЕН: Риторика. Ода. Мол. Гандикап. Ажа. Баж. Хаттама. «Уайт». Қау. Оқпақ. Шар. Асқар. Ынта. Сұс. Ура.
Кештік
сырт киім
(Еуропа)
Ромулдың
сыңары
Афро-
кубалық
би
Жолдағы
кедір-бұдыр
жерлер
Жұқпалы
індет
Сұрыптау
көрсеткіші
Айыр
Бастырыл-
ған астық-
тың қал-
дық қауызы
Манеж
...
Жиенбаев
Түр-келбет
Тылсым
қасиет
Техника-
лық дақыл
Кеме
едені
Күрке
Жарықты
зерттейтін
физика
саласы
Сахналық
муз. дра-
малық
шығарма
«Бейбітшілік
көгершіні»
сурет авторы
Пьеса
бөлімі
Шеше
Қате
Әдемі
Ақ балшық,
керамика
шикізаты
Аласа енеке
№1566 кіші
ғаламшар
Қатты отын
Сүттегі
ақуыздың
бірі
Орфо-
графия
Ісмер
құралы
Бұл
Автомат
Document Outline
Достарыңызбен бөлісу: |