Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Сөздің атауыш (номинатив) мағынасы



бет11/25
Дата04.03.2023
өлшемі94,32 Kb.
#71501
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
1.Сөздің атауыш (номинатив) мағынасы.Ол тура мағына деп те аталады.Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы атауыш (номинативті) мағына деп аталады.Мысалы,тау,тас,өзен,көл,боран,жел деген заттық ұғымдар жеке-жеке аталып,бірден атауыштық мағыналарға ие болып тұр.Сөздің тура мағынасына ауыспалы немесе басқадай туынды қосымша мағыналар кірмейді.Сол себепті тура мағынадағы сөздер көптеген сөздермен емін-еркін қарым-қатынасқа түсіп отырады.
2.Фразеологиялық байлаулы мағына-фразеологиялық тіркестерде берілетін лексикалық мағынасы.Мәселен,қысыр деген сөз төлдемейтін,бойдақ деген өзінің тура мағынасында қысыр бие,қысыр сиыр,қысыр мал деп емін-еркін айтыла береді.Сол секілді тағы бір мысал келтіріп өтетін болсақ,қазақ тіліндегі құлқын деген сөз,тура мағынада ындын деген ұғымды білдірсе,фразеологиялық байлаулы мағынада құлқыны құрыды,құлқынның құлы деп жасалған.Фразеологиялық байлаулы мағынаға ие болған тұрақты сөз тіркестерінің сининимдік баламалары болады.Мысалы:бала жігіт,бала бүркіт дегендегі бала сөзін жас дегенмен ауыстыруға келеді.
3.Синтаксистік шартты мағына-сөздің ауыс мағынасының бір түрі.Бірақ ол лексикалық ауыс мағынадай бір заттың тура мағынасын басқа бір затқа атау етіп ауыстырудан туған мағына емес,сөздің сөйлемде белгілі бір синтаксистік құрылымда қолданылуынан туған мағынасы.Мысалы,Жәрмеңке жастық уақыт өтіп кетіп,бұл күнде тоқталып тұр сол базарым.Осындағы жәрмеңке,базар деген сөздер өзінің тура мағынасында емес,белгілі бір қызық,думан мағынасында айтылып тұр.Бұл сияқты ауыспалы тиянақсыз мағыналар белгілі бір контексте сөйлем ішінде көрінетін болғандықтан,синтаксистік шартты мағына деп аталады.
Мәселен,атауыш мағына мен фразеологиялық мағына мынадай белгілер арқылы ажыратылады:сөз өзінің тура атауыштық мағынасында заттар мен құбылыстарға тікелей бағытталып қыруар сөздермен тіркесіп айтылуға бейім келсе,фразеологиялық байлаулы мағынада кез-келген сөзбен емес,санамалы арнаулы сөздермен ғана тіркесіп қолданылады.

Лексикалық мағыналардың типтері


1.Сөздердің шындық Атауыш тура Ауыс мағына
Болмысқа қатыстылығы мағына Абстракты мағына
Меңзеу мағына


2.Сөздердің шығу Түпкі Туынды мағына
тегі мағына Омонимдік Синонимдік

Антонимдік мағына


3.Сөздердің Еркін Фразеологиялық
тіркесімділігі мағына Синтаксистік мағына


4.Сөздердің Бейтарап Бейнелі мағына
стилистикалық мағына Кәсіби-терминдік мағына
қызметі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет