Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Сөз және мағына туралы түсінік, олардың байланысы, қалай қалыптасады? Мысалдармен дәлелдеңіз



бет10/25
Дата04.03.2023
өлшемі94,32 Kb.
#71501
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
12. Сөз және мағына туралы түсінік, олардың байланысы, қалай қалыптасады? Мысалдармен дәлелдеңіз.
Сөз болған жерде ұғымның болуы заңдылық екені мәлім.Ұғым мағынамен байланысып,оймен,ойлаумен ұштасып жатады.Тіл білімінде ұғымды сөзден бөліп қирамай, сөзсіз ұғым болмайды дей отырып, сөз ұғымның қалыптасуында маңызды қызмет атқаратынын ғалымдар ертеден-ақ айтып келеді.Сөздің өзі белгілі дәрежеде ұғымының қалыптасуы арқылы сараланып, дыбыстық бір бүтін мағыналы сөзге айналады. Ұғымды қалыптастыруға,оны айтуға сөз керек болды.Өйткені ойлаудың өзі де сөз арқылы болатындықтан ұғымда сөз арқылы пайда болады, бірақ ұғымның мағынасы кең, бір сөзденде, көп сөзден де бір ұғым болуы әбден мүмкін.Ұғым түйсіктен басталады. Философияның заңы бойынша кез –келген көрінген зат адамда ой тудырады.Ұғымды сөз жинақтап аяқтайды.Осылай ету арқылы адамның сезім күйі ұғым мазмұнын қабылдағандай дәрежеге жеткен кезеңде сөз – түйсікті ұғымға айналдыратын форма деуге болады.Сондықтан ол екеуінің арасына тепе-теңдік белгі қоюға болмайды.Сөздің шығуы ұғымның сезім тұжырымының қабылдау актісі деуге болады.
Мағына –ұғымның қалыптасқан, айқындалған түрі.
Мағынаның ұғымнан айырылатын мынадай ерекшеліктері бар:
1) ұғым категориясы дүние жүзіндегі тілдердің бәріне де ортақ,бәрі де тас, ағаш, көл, тау, жақсы, жаман дегенді ұғады, яғни ұғым қай халыққа болсын бірдей.Ал сөздің мағынасы бәрінде бірдей емес,онда (сөз мағынасында) ұлттық ерекшеліктің ізі болады.Әсіресе бұл ерекшелік сапаны белгілеуде айқын көрінеді.Ұғым ұлттық ерекшелік жоқ десек те болады.Мысалы,қазақ тілінде көмір деп сөнген шоқты түсінсек,шоқ деп жанған күйін айтамыз.Шынында, бұл екі сөз екі түрлі заттың атауы емес,заттың екі түрлі күйін білдіреді.Бірақ екеуі екі басқа, біріне-бірі қаттыссыз атау болып сезіледі.Ұғымның мәні- сөз мағынасынан гөрі кеңірек,әрі жалпылау.


13.Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері, олар қандай белгілер арқылы ажыратылады, түрлерін атап ерекшеліктерін мысалдармен дәйектеңіз.
Сөздің лексикалық мағынасы тіл білімінде әр түрлі бағытта топтастырылып келеді.1950 жылдары сөз мағынасын семантикалық тұрғыда топтастыру орын ала бастады.Семантикалық топтастыру-ұғымы бірыңғай сөздердің мағыналық типтерін анықтауға негізделген болатын.Мысалы,мәдени,шаруашылық,тұрмыстық,туыстық атаулар,адамға байланысты сөздер.Бұлай топтастырудың басты кемшілігі-сөздің лексикалық мағынасының типтері мен лексика-семантикалық топтарын ажыратпаудан туған кемшілік.
В.В.Винаградов сөздің лексикалық мағыналарын үш типке бөліп қарастырады:
1)тура немесе номинативті мағына
2)фразеологиялық байлаулы мағына
3)синтаксистік шартты мағына
Винаградовтың бұл пікірі қазақ тіл білімінде қолдау тапты.1970 ж бастап ғалымның жасаған типологиясы одан әрі жетіліп келеді.
Н.М.Шанский сөздің лексикалық мағыналарының қалыптасуын оның ұғымды білдіру сипаты мен белгілі бір лексика-грамматикалық топтарға қатыстылығымен байланыстырып қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет