Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары



бет13/25
Дата04.03.2023
өлшемі94,32 Kb.
#71501
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Фразеологиялық байлаулы мағына – фразеологиялық тіркес құрамындағы сөздердің тіркесіп келуі арқылы берілетін лексикалық мағынасы.Байлаулы мағынадағы сөздер шындық болмыстағы заттармен тікелей емес,жанама түрде байланысады.Мысалы: қасқа сөзі малдың маңдайында болатын,ұзынша келген ақ түсті жолақ деген мағынада айтылса, тұрақты тіркестің құрамында қасқа бас - маңдай шашы жоқ адам;қасқа тіс – малдың алдыңғы төрт тісі деген мағынаны білдіреді.Сол сияқты қасқа жол,қасқа бұлақ деген тұрақты тіркес құрамында ауыспалы мағынаға ие болады.
Синтаксистік шартты мағына-сөздер сөйлеу үстінде,контексте қолданылу жүйесіне қарай өзіне дағдылы емес қызмет атқаруынан туындайтын мағына.Мысалы:жемқор – өңеш,құлқын;аю – арбиған,ебедейсіз,құдық - мешкей,жалмауыз деген ұғымды білдіреді. Тілдік лексикалық жүйесіндегі кез келген сөздің фразеологиялық байлаулы мағынасы немесе синтакситік шартты мағынасы бола бермейді.


16.Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағыналары, ерекшеліктері мен жасалу жолдары,мысалдармен дәйектеңіз.
Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағыналарына сөздің бейтарап мағынасы,бейнелі мағыналары,кәсіби-терминдік мағыналары жатады.
Бейтарап мағына–зат,құбылыстар мен сапалық белгілерді,әрекет-қимылды атап білдіретін жалпылама лексикаға тән.Мысалы:құстың қанаты,ұқсату заңы негізінде пайда болған ұшақтың қанаты десек те атауыштық мағынаға ие болып тұр,ал ұшарға қанатым жоқ,қанатты сөздер дегендегі қанат сөзінде бейнелі мағына бар.
Бейнелі мағына-адамның сезімі мен көңіл күйіне байланысты айтылатын эмоционалды сөздердің мағыналары жатады.Олар стилистикалық бояма мағына деп те аталады.Зат,құбылыстарды жағымды-жағымсыз түрде бағалау,сезім,көңіл-күйінің әсері онда айқын байқалып тұрады.Мысалы:тамаша,шіркін,қалш-қалш,шілтию,тылтию,жалпию және т.б.
Терминдік мағына-ғылым,техника,өнер саласында қолданылатын арнаулы сөздердің лексикалық мағынасы. Терминдік мағына ғылым, техника, өнер саласындағы «таза» ұғымдармен сәйкес келіп, соларды білдірумен шектеледі. Әр терминге тән дара және тұрақты мағына болып табылады. Мысалы:күмбез (терминдік мағына) – «биіктігі жүздеген метрден мыңдаған метрге дейін жететін, көміліп қалған не қазіргі вулкан конусы».Ал лексикалық мағынасы «үлкен құрылыстың әшекейленген шаңырақ тәрізді төбесі, мұнара».Екі мағынаның арасындағы семалық белгілердің ұқсастықтары (сыртқы форма ұқсастығы) негізінде бір лексема екі түрлі ұғымды иемденіп тұр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет