Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Синекдоха, түрлері, жасалу жолдары,мысалдармен дәлелдеңіз



бет16/25
Дата04.03.2023
өлшемі94,32 Kb.
#71501
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
21.Синекдоха, түрлері, жасалу жолдары,мысалдармен дәлелдеңіз.
Бүтінді бөлшекке,көпшені жекеге,жекені көпшеге айналдырып алмастырып айтуды синекдоха дейміз.
Мысалыға «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» Мұндағы «аңға» қандай аңды аулайтынын айтпай жалпы алынып тұр, сондай ақ «Қос ұоздап, түйе боздап, құлын қунап, Құс шайқап балапанын қанаттанған» бұл жерде жазғытұрғы көріністің жалпы бір көрінісі, яғни малдың төлін жеке атап айтады.
Тіліміздегі түтін, түңлік, шаңырақ деген сөздер от басы үй деген мағынада қолданылады.


22.Сөздің көпмағыналылығы мен омонимге сипаттама беріңіз,ұқсастығы мен айырмашылығын мысалдармен дәйектеңіз.
Тілдің дамуы сөздің құрамындағы сөздердің санымен және сапасымен өлшенеді.Сөздің сапа жағынан дамығанын көрсететін бірден бір белгі сөздің көп мағыналылығы. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы деп атаймыз. Сөздің көпмағыналылығы негізінде сөздік қордағы сөздерге тән құбылыс. Өйткен, ұзақ жылдар бойы өмір сүріп қазіргі күнге дейін жетіп отыр. Мысалыға: түб сөзінің қазір мынадай мағыналыры бар. Олар: бір заттың ішкі қабаты яғни ыдыстың түбі, өсімдіктің жер астындығы бөлігін томардың түбін қопардық деген секілді, сондай ақ, түпкірдегі, яғни түп бөлмеде отыр деген секілді мағынада қолданылады.
Ал, омоним дегеніміз дыбысталуы бірдей, бірақ мағналары әр түрлі сөздерді айтамыз.
Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің бір біріне ұқсастығы бар. Сөздердің дыбыстық құрылымы жағынан бірдей деуге болады. Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің бір бірінен өзгешілігі тұлғасында емес, мағынасында. Көп мағыналы сөздер әр сөз табына емес, бір ғана сөз табына қатысты. Ал, омонимдер біркелкі дыбысталады, бірақ ұғымы басқа сөздер тобын білдіреді. Сондай ақ бір бірінен алшақ, кереғар екендігі аңғарылады. Мысалы: Ара сөзі ағаш кесетін жұқа темірден жасалған құрал, ара гүл шырынынан бал жинайтын жәндік деген секілді мағынаны білдіреді.
Айырмашылығы: көп мағыналы сөздің мағыналары бір негізден тарағандықтан, бір бірне жақын мағыналас болып келеді.Мысалы: таудың басы, судың басы, сөздің басы т.б
Омонимдер мағыналыры жағынан бір бірінен соншалықты алшақ болады да, кейде бір сөз табына, кейде әр басқа сөз табына да қатысты болып, дараланып тұрады.Мысалы: Алма жеміс, алма бір заты алма деген секілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет