Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары



бет15/25
Дата04.03.2023
өлшемі94,32 Kb.
#71501
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Тілдік (сөздік) метафора сөзге жаңа мағына қосып,оның семантикалық шеңберін кеңейтіп,әрдайым үздіксіз дамытып отырады.Тілдік метафора жалпыхалықтық сипатына қарап дәстүрлі метафора деп те аталады.Мысалы,мүше деген сөздің ең алғашқы мағынасы анатомиялық жеке атауларды білдіру болған:Дәулет құзын бауыздап,аспазшы қатынның қолына берді де,бір мүшесін қалдырмай ас деді.
Мұнан соң сый ретінде біреуге берілетіні үлес,сыбаға мағынасын білдірген:батырдан сауға,мергеннен мүше деген.
Кейін белгілі бір ұйымға кірген адамды айтатын болған:Абылхан ұжымға мүше болып кірді.
Сонымен қатар қазақ тіл білімінде сөйлем мүшесі,үйірлі мүше,тұрлаулы,тұрлаусыз мүше деген терминдік сөздер қалыптасып кеткен.
Тілдік метафора мынадай ұқсастықтар негізінде тууы мүмкін:
а) заттар мен құбылыстардың түр-тұлға ұқсастығы негізінде бір зат атауы екінші бір затқа атау болуы.Мысалы: ит тұмсығы-қайық тұмсығы.
ә) қимыл ұқсастығы.Мысалы: тіл- адамның тілі, сағаттың тілі.
б) заттардың қызметіндегі ұқсастық.Мысалы: серік- адамның серігі (жолдасы), жер серігі;
в) ұғымдардың бір-біріне қатыстылығынан туатын ұқсастық.Мысалы, сұлу- сұлу адам, сұлу табиғат, құлау- аттан құлау, емтиханнан құлау т.б.
Поэтикалық (контекстік) метафора ойды әсерлі әрі айқын етіп жеткізу үшін қажет. Ойдың көркемдігі жалпы халыққа таныс суретке құрылуымен тығыз байланысты.Метафораның бұл түрі көркем шығармаларда жиі кездеседі.Мысалы:Алтын дән аялаған кең алқапта,жер кемесі-комбайн гүрілдейді.(Айтыс).Ақындар айтыс өнерінде комбайнды жер кемеге балау арқылы өз ойын тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізіп бере алған.Бір кездері мақтаны ақ алтынға,көмірді қара алтынға,астықты сары алтынға балап айтсақ,бүгінгі таңда осы метафоралық теңеулер әдеби тілімізге әдбен сіңісіп кеткен.


20. Метонимия түрлері,жасалу жолдары,мысалдармен дәлелдеңіз.
Метонимия құрылымы жағынан екіге бөлінеді. Олар: Жай метонимия және күрделі метонимия. Жай метонимия бір ғана сөзден тұрады, ал күрделі метонимия екі не бірнеше сөзден құралады.
Мысалыға: «Табақтас» сөзі дастарқандас сөзіне алмастырылады, яғни метонимия болып тұр. Өйткені жалпы атау «дастарқан» онда көптеген тамақтың дүрлері дар дегенен сөз, ал табақ тек оның бір бөлшегі. Сондай ақ, «қалың қол» тіркесі де метонимияға жатады, себебі, қол сөзі адам дене мүшесі, ал бұл жердегі қолданыстағы қол сөзі көп әскер деген мағнада қолданылып түр. Бұл ашық метонимияға жатады. Қалың қол тұрақты тіркесі «көп іскер, мол қолә деген мағынада қолданылады.

Өзара іргелестігі,шектестігі нәтижесінде бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты туатын ауыс мағына метаномия (гр. metonymia - өзгертіп атау) деп аталады. Метонимия мынадай іргелістік, шектестіктер негізінде тууы мүмкін:


а) қимыл,әрекет пен оның нәтижесінің шектестігі:Мысалы, бояу, егеу, сайлау, жайлау, жабу, ою сияқты сөздер әрі қимыл атаулары, әрі зат атаулары болып, екі жақты қызмет атқарады. Бұлар алдымен іс- әрекет атауы болып қолданылған да, кейін соның нәтижесі ретінде заттық сипат алған. Мысалы: Өз үйінде ою оюламаған адам кісі үйінде кесте тігеді (мақал) дегендегі ою сөзінің заттық ұғымы сол сөз білдіретін іс- әрекеттің нәтижесінде туғаны сөзсіз.
ә) зат пен оның ішкі мазмұнының шектестігі. Мысалы: Қазан піскенше бәрі машина көруге кетті (Ғ. Мустафин) дегендегі қазан тамақ (ет) орнына жүмсалып жүр.Мектеп сөзі бастауыш, орталау, орта дәрежелі білім беретін оқу орнын да, сонымен бірге сол оқу орны орналасқан үйде де білдіреді. Мысалы, Штаб қыстақ шетіндегі бұзылған мектепке орналасқан еді. (Б. Момышүлы);
б) материал мен одан жасалған заттың шектестігі.Мысалы: алмас сөзі қатты асыл металл ұғымын да,содан жасалған "өткір қару» - қылыш дегенді білдіреді.Құндыз деп өзен- көлде тіршілік ететін кішкентай анды да,сонымен бірге осы аңның бағалы терісін де айтамыз. Құлан қырда, құндыз суда (мақал);
в) жалқы есімдердің оларға қатысты қимыл-әрекет атауларымен байланыстылығы. Қазақ тілінде кейбір кісі аттары мен жер-су атаулары жалпы есімге айналып, белгілі сөздердің контекстік синонимі ретінде жұмсалады. Белгілі бір контексте Алдар Көсе-айлакер, қу дегеннің, Қожанасыр-аңқау, аңғырт дегеннің синонимі ретінде жұмсалады.
г) сапалық сын есімдер мен олардың заттанған мағыналарының байланыстылығы. Мұны түсті білдіретін қызыл,ақ,көк,қара сияқты сапалық сын есімдердің заттанған мағыналарымен шектестігін айқын көреміз. Мысалы: «қара» сын есімінің заттанған мағыналары мынадай:
1) қарайып көрінген нәрсе,зат.Ұрғызбаған соң алыста көрінген бір қараны қайыра қуды (Ғ. Мустафин);
2) тірек,сүйеу мәнінде.Алды- артында қара жоқ.Бұл кедей бізден көп пе еді (Қамбар батыр);
3) арамдық,зұлымдық мәнінде.Көңілінде қара жоқ,ақ ниетпен,тым жақсы дос болуға ыңғайласты (Абай);
д) автормен оның шығармасының, болмаса шығарма аты мен оның ішкі мазмұнының байланыстылығы.Мысалы:Аягөзде туып өскен,бар өмірін сол өлкеде өткізген Дулатты да кездестіреміз дегенде есімдері арқылы шығармалары еске алынып отырады.
ж) іргелес заттық ұғымдардың шектестігі.Мысалы:Бір Абай емес,биылғы жылы отырған бар ағайын,көп ауыл тегіс қаралы (М. Әуезов) дегенде ауыл-ел орнына қолданылып тұр.
з) жалқы есімдердің бір- бірімен шектестігі.Мысалы:Түс ауа Семейден шыға,Абай қайдасың деп тартып кеттік дегенде Абай атындағы аудан бар екендігін аңғарамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет