Семасиология, оның зерттеу нысаны бойынша хронологиялық карта жасаңыз.
Семасиология (гр. semasia - мағына, гр. logosсөз - ілім) — заттар мен құбылыстарды, түсініктерді атап білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын зерттейтін ғылым саласы. Семасиология – лексикологияның аса манызды бөлімдерінін бірі. Семасиология ғылымындағы негізгі ұғым семантика. Семасиология сөздердің мағыналық құрылымын зерттейді. Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады. Семасиология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың өзгеру жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып саналады. Семасиология – лексикологияның ең басты және маңызды саласы, өйткені оның зерттейтін мәселесі – мағынаны әрбір сөздің “жаны” десекте болады. Семасиалогияның лексикографиялық жұмыста да маңызы айрықша. Сөздіктерде, әдетте, сөздің мағыналық жақтары талданады. Семасиологиялық зерттеулердің топшылаулары мен қорытындылары сөздік жасау жұмысын ғылыми және практикалық тұрғыдан дұрыс жолға қоюға көмеектесіп, бағыт-бағдар сілтейді
10. Сөз – лексикалық бірлік ұғымын кеңінен ашып, мысалмен дәйектеңіз. Тiлде сөздің улкен маңызы бар. Адамдар бір-бірімен тіл аркылы катынасу процесінде ең алдымен сөзге сүйенеді. Ойына лайық сөйлем құрау үшін сөз тандайды. Р. А. Будагов сөзді ең неiзгi категория деген . Лексика (гр. Lexicos - сөз) термині тіліміздегі сөздік құрамды, бүкiл сез жиынтығын аңғартады. Бұл терминді қолдану барысында белгілі бір тілдің сөз жиынтығын немесе бір жазушының, кейде жеке шыгарманын соз аумағын да білдіреді.
Сөз – лексикалық бірлік, өлшем, сөз –ұғымға берілген атау, сөз – күрделі единица, сөз – дыбыс немесе дыбыстар тізбегі, сөз өмір сүру үшін дыбысталу жағы мен мағына жағы бірлекте болуы шарт. Академик В.В.Виноградов сөз дегеніміз – фонема болатын дыбыстардың белгілі бір жүйеде дыбысталуы мен мағыналық бірлікте болуы деген пікірді айтады.
Сөз туралы түсінікті жаксы ангару үшін оның мағыналарын түсінуіміз шарт. Қазақ тілі байлығына жататын барлық сөздің мағыналарын өзара жіктеп қарасақ, әуелi лексикалық мағына, грамматикалық мағына дегенге көңіл аудару керек. Тіліміздегі көптеген сөздер затты (су, жер, орман, мектеп, мay), заттын сапасын (жақсы, үлкен, жаман), қимыл әрекетті (бару, келу, журу, окмау, сену), мезгілді (ерте, кеш, кеше, бугiн) бiлдiредi. Ал, осы сөздердің тағы бір ерекшелігі, олардың грамматикалық формасы, белгілері болады. Сонымен тіліміздегі сөздер заттар мен құбылысты (сапа, қимыл т.б.) ангартатын мағынасы мен грамматикалық форма, белгілеріне қарай сөз таптарына жіктеледі.
Сондықтан сөздердің заттар мен құбылысты білдіретін мазмұны лексикалық мағына деп аталады да, грамматикалык формасының мазмұны грамматикалық мағына деп танылады. Сөз нактылы жағдайда бір лексикалық мағынаға ие болса, грамма тикалық мағынасы бірнешеу болуы мүмкін. Мысалы, калпак сөзі адамның баска киетін киімнің бір түрін білдірсе, ол лексикалык мағынасы. Ал, қалпак сөзінің бір ғана киiмдi (затты) білдіріу (жеке форма), атау септігінде тұруы грамматикалық мағыналарын аңғартады