Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Лексикологияның өзімен шектес салаларын салыстырып, олардың байланысын мысалмен дәлелдеңіз



бет3/60
Дата15.02.2023
өлшемі259,24 Kb.
#68253
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
?àç³ðã³ ?àçà? ò³ë³í³? ëåêñèêîëîãèÿñû ìåí äèàëåêòîëîãèÿñû Åìòèõàí

Лексикологияның өзімен шектес салаларын салыстырып, олардың байланысын мысалмен дәлелдеңіз.

Сөздердің қалыптасуына, өзгеруі мен дамуына қатысты тарихи заңдылықтарын тарихи лексикология зерттейді. Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология. Этимология сөздердің шығу тегін, олардың алғашқы тұрпаты мен мағынасын анықтайды.
Тілдегі жалқы есімдерді зерттейтін ономастика ғылымы. Ономастика іштей антропонимика және топонимика болып екі салаға бөлінеді. Антропонимика кісі аттарын зерттесе, топонимика географиялық атауларды зерттейді.
1. Этимология – сөздің шығу тегін, қалай пайда болғанын, уәждемесін зерттейді;
2. Семантика – сөздердің мағынасын және мағыналық категорияларын зерттейді;
3. Лексикография – тілдегі сөздерді жинақтап, әртүрлі сөздіктер құрастырады.
4. Ономасиологияда сөздік қор мен сөздік құрам және оның элементтері тексеріледі.
5. Фразеологияда – тұрақты сөз тіркестері зерттеледі. 
6. Терминогия – әр түрлі ғылым, өнер салаларындағы арнаулы сөздерді зерттейді.



  1. Лексикологияның тіл білімінің өзге салаларымен байланысын мысалдармен дәлелдеңіз.

Лексикология грамматика саласымен байланысты болады. Тілдегі сөздердің номинативтік қызметімен қатар грамматикалық қызметі маңызды. Тілдің тарихи даму барысында сөздердің бір-бірімен әрдайым грамматикалық байланыс жасауы арқылы бір жағынан лексикалық единацилардың грамматикалану процесі жүріп жатса, екінші жағынан, сөз тіркестерінің бір бүтін лексикалық единицаға ауысу процесі жүріп жатады. Бұл құбылыс сөзжасамда кездеседі. Мысалы: таңға, күніне, айына, бірде, жақында, басында, аяғында, ақырында, арқасында, бүрынан, т.б. – сөздер шығу төркіні жағынан о баста септік жалғаулары арқылы жасалған туынды үстеулер болған, ал қазір соңғы буындағы қосымшалары әбден кірігіп, қосылып кеткен .
Лексикология фонетикамен де тығыз байланыста болады. Сөздер көбінесе бірнеше дыбыстың тарихи алыптасқан тіркесімен айтылғанда ғана белгілі бір мағынаны білдіреді. Тілдегі сөздердің дыбыстық құрамының өзгеруі олардың мағыналарының өзгеруіне әкеліп соғады. Мыслы, ал, әл, ол, өл, іл, ұл дегенде дауысты дыбыстардың, аз, ақ, ал, аң, ас, ат, ау дегенде дауыссыз дыбыстардың ауысуынан әртүрлі мағына беретін сөздер құрастырылып тұр.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет