Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары



бет5/60
Дата15.02.2023
өлшемі259,24 Kb.
#68253
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
?àç³ðã³ ?àçà? ò³ë³í³? ëåêñèêîëîãèÿñû ìåí äèàëåêòîëîãèÿñû Åìòèõàí

Ономастика

Антропонимика

Топонимика

Зоонимика

Астронимика

Адамдардың өзіне меншікті есімдерін, аты-жөнін, жалған, бүркеншік, жасырын аттарын, ру аттарын — антропонимді зерттейтін ономастиканын тармағы. Антропонимика сонымен бірге әдеби шығармалардағы антропонимдер мен ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлердін аттарын зерттейді. Антропонимика халықтық және канондык есімдерді, сол сияқты бір есімнің әдеби және диалектілік, ресми және биресми түрлерін ажыратып қарастырады. Әрбір этностың әр дәуірде өзіне тән антропонимиконы (есімдер тізімі) қалыптасады. Антропонимдердін жиынтығы антропонимия деп аталады.

Ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Бұл гректің «топос» — орын, жер, «онома» — атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз.
Топонимдер, яғни жер-су аттары, негізінен үш бағытта зерттеледі:
семантикасы (мағынасы);
жасалу жолдары;
этимологиясы.
Топонимика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды. Кез келген аумақтың географиялық атауларының жиынтығы сол жердің топонимиясын құрайды. Топоним дер зерттелетін географиялық нысандардың көлеміне не мөлшеріне қарай макротопонимдерге (тау жоталары, үлкен ойпаттар, мұхиттар, т.б.), мезотопонимдерге (жеке таулар, теңіздер, т.б.), микротопонимдерге (көл, бұлақ, құдық, қоныс, т.б.) бөлінеді.

Зоонимика- аң-жануарлардың аттарын зерттейтін тіл білімінің бір бөлімі. Зерттеу объектісіне бұл аттардың шығу тарихы, тілдегі кызметі, табыну жолдары кіреді.
Зоонимдер – жан-жануарларға койылатын ат, жалкы есім. (Мысалы, Шарик (ит), Васька (мысық), Кеша (тоты құс), қаз. Құлагер (am), Ақтөс (ит)).

Жеке ғарыш объектілерінің атаулары туралы ғылым саласы: жұлдыздар, планеталар, кометалар, астероидтар және т.б. Мысалы, Шолпан, Үркер, Темірқазық, Жетіқарақшы және т.б.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет