Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Тіс сөзіне қатысты фразеологизмдер



бет56/60
Дата15.02.2023
өлшемі259,24 Kb.
#68253
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Тіс сөзіне қатысты фразеологизмдер. 
тіс жарды, тіс жармады, тісі батпады, тісін басты, тіске басты, тісіи батырды, тісінен шыгармады, тісін қайрады,

Бел сөзіне қатысты фразеологизмдер
бел көрді, бел көрсетті, бел қайысты, бел қылды, бел ұстасты, бел шешпеді, бел шешті, бел бүкпеді, белі бүгілді, бел көтерді, бел болды, белге шықты, бел жазды, бел суытты, белін сындыр-ды, белі ауырмайды, бел асты,



73. Фразеологиялық антонимдерге сипаттама беріңіз, жасалу ерекшеліктеріне талдау жасаңыз, мысалдармен дәлелдеңіз.
Фразеологиялық антонимдер - мән- мағынасы жағынан бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын тұрақты тіркестер. Қазақ тіліндегі Фразеологиялық антонимдер негізінен екі түрлі болып келеді:

  1. тұрақты тіркестердің өз ішіндегі компоненттерді басқа сөздермен алмастыру арқылы жасалады. Мысалы, аты шықты—аты өшті, ат ізін салмады —атізін құрғатлады, ашық мінез — тұйық мінез, әлі кірді—әлі кетті, баққонды— бақ гайды, беделі артты — беделі түсті, бетінен оты шықты — беті Бұлк етпеді, Бұл дүние — о дүние, ер жүрек — қоян жүрек, есіне түсті — есінен шықты, жүрек жұтқан — су жүрек, жолыңа гүл бітсін — жолыңа жуа шықсын

  2. құрылымы-құрылысы жағынан мүлде басқа сөздерден жасалады. Мысалы, соры сорпадай қайнады — көзі ашылды, шөлі қанды — қаны кепті, өркенің өскір — желкең қиылғыр, сабыр етті — дегбірі қалмады, салт басты — үйлі-ба- ранды, оң жақ, (босаға) — жат есік, еңкейген шал — еңбектеген бапа, әлі сүйек — еті тірі, аузыңа май — жағың қарыссын, айы оңынан туды — жолы болмады, еңбегі қатпаған — тісі шыққан т. б.

Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиұлы өз еңбектерінде фразеологизмдерде қарама – қарсылықтың берілуінің тек екі түрін көрсетеді: тұрақты тіркестің өз ішіндегі компоненттерді басқа сөздермен алмастыру арқылы: аты шықты – аты өшті; ашық мінез – тұйық мінез. Құрылым – құрылысы жағынан мүлдем басқа сөздерден жасалады: соры сорпа қайнады – көзі ашылды; шөлі қанды – қаны кепті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет