Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Сөздің көп мағыналылығы, жасалу жолдары, омониммен ұқсастығы мен айырмашылығын концептуалды кестеге түсіріңіз. Мысалдармен дәйектеңіз



бет51/60
Дата15.02.2023
өлшемі259,24 Kb.
#68253
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   60
Байланысты:
?àç³ðã³ ?àçà? ò³ë³í³? ëåêñèêîëîãèÿñû ìåí äèàëåêòîëîãèÿñû Åìòèõàí

66. Сөздің көп мағыналылығы, жасалу жолдары, омониммен ұқсастығы мен айырмашылығын концептуалды кестеге түсіріңіз. Мысалдармен дәйектеңіз.
Сөздер өзінің негізгі мағынасынан басқа да мағынада қолданыла береді. Бірнеше мағынада қолданылатын сөздерді көп мағыналы сөздер дейді. Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді шатастыруға болмайды. Көп мағыналы сөздердің әр мағынасы бір-біріне жақын, бір-бірімен байланысты болса, омоним сөздердің мағыналары бір-бірімен байланысты емес, мағыналары бүтіндей бөлек болады.Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады."Бітер істің басына,Жақсы келер қасыңа".Бұл жерде көп мағыналы сөз – бас: 1) адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі; 2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы; 3) таудың ең үсті, төбесі; 4) өзеннің, бұлақтың басталған жері; 5) таяқтың ұшы; 6) балтаның, шоттың ұшы бар жағы; 7) бір нәрсенің айналасы.Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығы оларды білдіретін мағынасынан көрінеді.көп мағыналы сөздер бір негізден тұрғандықтан,мағыналары жағынан өзара жақын ұқсас болып олар бір ғана сөз табына жатады. Ал омонимдер мағыналары жағынан бір бірінен соншалықты алшақ болады да,кейде бір сөз тобына,әр басқа сөз табына да қатысты болып,дараланып тұрады. Мысалы : Қара : 1) қара шаш – заттың түсін білдіретін сындық мағыналы сөз ; 2) тақтаға қара – қимыл-әрекетті білдіретін етістікАйт : 1) айт болды – діни мейрам ; 2) ән айт – қимыл мағынасындағы сөйлеу ; 3) айт-итті бір нәрсеге айтақтап қосу үшін айтылатын одағай сөз..

67. Антонимнің жасалу жолдарын саралаңыз, мысалдармен дәйектеңіз. Мағынаның жасалу заңдылықтарын мысалмен дәлелдеңіз.
Тілдегі мағыналары бір -біріне қарама -қарсы сөздерді АНТОНИМДЕР дейміз. Мысалы: жақсы-жаман, жаңа-ескі, бар-жоқ.
Сөздердің барлығына бірдей антоним сөз табыла бермейді. Мысалы: дәптер, қалам деген сөздердің антонимдері жоқ. Антоним болатын сөздер көбіне сапалық белгіні білдіретін сын есімдер мен қимыл-әрекетті анықтайтын етістіктерден болады. Заттың атауын білдіретін сөздердің антоним дік жұбы болмайды. Сонымен қатар антоним қарама-қарсы мағына арқылы сөздердің мағыналық тұтастығы мен біртектілігін де білдіреді. Антоним сөздің дәл, нақты мағынасын салыстыру тәсілі арқылы айқындап, стилистикалық қызмет атқарады. Әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, «Көз — қорқақ, қол — батыр», «Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ». Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты — аты өшті, жүрек жұтқан — су жүрек, соры қайнады — көзі ашылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет