Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Антонимдер кез-келген сөздермен тіркесе бермейді. Мысалы: суық- жылы деген антонимдер тек орынға, температураға байланысты зат есімдермен ғана тіркесе алады



бет52/60
Дата15.02.2023
өлшемі259,24 Kb.
#68253
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60
Антонимдер кез-келген сөздермен тіркесе бермейді. Мысалы: суық- жылы деген антонимдер тек орынға, температураға байланысты зат есімдермен ғана тіркесе алады.
Антонимдік жұп құрайтын сөздер бір сөйлем ішінде қатар келіп отыруы шарт емес. Антоним сөздің көп мағыналы болып келуі де мүмкін, сондай-ақ бір антоним сөздің бірнеше синонимі болуы тілде жиі кездеседі. Бірнеше антоним сөз бір ғана ұғымды білдіруі де мүмкін.Антонимдерге ең бай сөз табы- сын есімдер. Ал етістіктерден, зат есімдерден, үстеулерден азды-көпті кездессе, ал қалған сөз таптарынан өте сирек ұшырасады. Мысалы: Ашу түбі- түңгиық, батасың да кетесің, Ақыл түбі -желқайық, Мінесің де кетесің (мақал). Кең далалы, кең пейілді қазақпыз, Құл емеспіз еркін жанбыз, азатпыз (Қ.Аманжолов). Осы мысалдардағы антонимдер зат есімдердің түбір тұлғасында келіп белгілі бір мағыналық қарама-қарсылыққа негізделген: ашу-ақыл, қүл-азат.

68. Қазақ лексикасындағы кірме сөздер, тілімізге ену жолдары, зерттелуіне хронологиялық шолу жасаңыз, мысалдармен дәйектеңіз.
Кірме сөздер — тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер (сөздер, сөз тіркестері, жұрнақтар т. б.). Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал сөздер», «варваризмдер», «калька» сияқты түрлерге сараланып зерттеледі.
Кірме сөздердің кейбірінің түр-тұлғасынан, дыбысталуынан қай тілдің еншісіне жататыны белгілі болып тұрса, ал ертеден қолданылып, тілге әбден сіңісіп кеткен кірме сөздің қайсы бірінің түп төркінін айқындау үшін арнайы этимологиялық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Мысалы, тіліміздегі заң-закон қос сөзінің законы — орыс сөзі екені баршамызға белгілі, ал төл сөзіміздей болып кеткен заң болса — ерте замандарда қытай тілінен ауысқан лексема.
Абай шығармалары тіліндегі кірме сөздер негізінен екі үлкен топқа бөлінеді: араб-парсы және орыс сөздері. Олардың әрқайсысын ақын өмір сүрген кезеңдегі қалың көпшілікке түсінікті- түсініксіздігіне, актив- пассивтігіне (қолданылуына) қарай іштей екі топқа жіктеуге болады:
1) Араб-парсы сөздері: а) ар, абырой, амал, адал, арам, әскер, әйел, дәулет, дәурен, зайып, зейін, күмән, қадыр, құрмет, қиял, құдай, Аллаһ, молда, мешіт, шәкірт, хат т. с. с.; ә) аррахман, батил, жаһил, исбат, интинжа, мағмұр, мағрифат, мағишат, мәслих, латиф, ниһаят, салахият, тақриб, тахмин т. с. с.
2) Орыс сөздері: а) барқыт, бақалшық, бодан, болыс, закон, зауыт, кір, майыр, мәліш, ләпке, ояз, сияз, сот, старшын, самаурын, сома, партия т. с. с.; ә) виноват, визит, единица, занимайся,Сонымен қатар,тілімізде кейбір кірме сөздердің қазақша нұсқасы да бар. Мысалы, коллектив – ұжым, вертолет – тікұшақ, самолет – ұшақ, аэропорт – әуежай. Тілімізге кірме сөздерді қабылдау мен қолдану, оларды орфографиялық нормаларымызға сәйкес жазу мәселесі бір ғасыр бойы күн тәртібінен түспей келеді. ХХ ғасыр басында ардақты Ахаң (Байтұрсынұлы) «Жат сөздерді басқалар, мәселен, орыстар өз тілінің заңына үйлестіріп алғанда, солай алуға біздің де қақымыз бар» десе, алаш ардақтысы Халел Досмұхамедұлы «Тілге кірген жат сөздер де сіңу үшін, тілге «өзілік» болуы үшін сол тілдің заңымен өзгеріп, танымастай халге келуі керек. Бүйтпесе жат сөздер бұралқы болып, тілдің шырқын бұзады, тілге зиян береді» деп, оларды тілімізге икемдеп қолданды. тория – дәрісхана, протокол – хаттама, т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет