Оңтүстік сөйленістер тобы
|
Оңтүстік сөйленістер тобына ортақ фонетикалық ерекшеліктер. д/л: маңлай — мандай, таңдай — таңдай, өңлеу — өндеу, анла - анда, шаңлақ — шандақ; Тіл алды ж дыбысы жарты дауысты й-мен алмасады. Қай, сол, ол, бұл сияқты есімдіктерден соң жақ, жер сөздері келгенде, көсемшелік тұлғадағы бара, келе, әкеле етістіктерімен жатыр көмекші етістігі тіркесінде кездеседі: қайер — кай жер, сөйер - сол жер, бұйақ — бұл жақ, бара патыр — бара жатыр,.келе йатыр — келе жатыр;
|
Батыс сөйленістер тобы
|
Батыстағы қазақтардың тілінде етістік сөздің соңына «шиш» («баршиш», «келшиш») деген сөз қолданыс жылдам, тез сөйлеудегі «бар-сайшы, бар-саңшы, кел-сейші, кел-сеңші» деген тұлғаны қысқартып, ықшамдаудан қалыптасқан ерекшелік деп қарастыра аламы
|
Шығыс сөйленістер тобы
|
Бұл өңір қазақтарының тілін көп жылдар бойы зерттеген Ж.Болатов шығыс сөйленістер тобын Баян-Өлгий (Монғолия қазақтарының тілі), Шыңжаң (Қытай қазақтарының тілі), Қошағаш (Қошағаш, Тұраты қазақтарының тілі), Өскемен, Аягөз тәрізді бес сөйленіске бөліп зерттеді. Яғни сөз етпек болып отырған Моңғолия, Қытайдағы және Ресей Федерациясына қарасты Қошағаш, Тұратыдағы қазақтардың тілі шығыс сөйленістері құрамында қарастырылды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |