Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Фразеологизмдердің пайда болу негіздері мен уәжін ғалымдар пікірлерімен негіздеп, мысалдармен дәйектеңіз



бет55/60
Дата15.02.2023
өлшемі259,24 Kb.
#68253
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
70. Фразеологизмдердің пайда болу негіздері мен уәжін ғалымдар пікірлерімен негіздеп, мысалдармен дәйектеңіз.

І.Кеңесбаев

сөз байлығын тексеретін тіл білім саласын лексикология дейтін болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін саланы фразеология деп атау орынды

М.Балақаев

«Қазақ тілі сөздік қорының аса маңызды бөлшегінің бірі – фразалар мен идиомалар. Ол екеуін қосып фразеологизмдер деп атаймыз

К.Ахановтың Тіл білімінің негіздері оқулығында

Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы бір тұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік единица, əдетте, фразеологиялық оралым деп аталады

Р. Авакова

Фразеология — құрамы мен құрылымы тұрақты, сөйлеу кезінде
қайта жасалынбай,
даяр қалпын сақтай отырып қоолданылатын, мағына
тұтастығы мен тіркес тиянақтылығы тән бейнелі тұрақты тіркестердің қазіргі
күйін және тарихи қалпын зерттейтін тіл білімінің саласы
,— деген

Лексикология саласының мамандары Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиұлы
фразеологияның шығу арналарын бөліп қарап
, олардың негізгілері деп
төмендегі құбылыс,
ұғым, түсініктерді атап көрсетеді: 

Көптегенфразеологизмдердің жасалуына адам ойында қорытылған құбылыстардың нақтылыбейнесі негіз болған. Мысалы, жауыр болды (әбден мезі қылды, ығыры шықты) деген тұрақты тіркестің негізінде көп мініліп, арқасы жара болған аттыңбейнесі елестейді. Басында атқа байланысты шыққанымен, қазіргі кезде олмағынасы ұмытылып, қайта жасалынып адамға байланысты айтылады. Сол сияқтыт.б. фразеологизмдердің жасалуына да, сөз жоқ, адам ойында қорытылғанқұбылыстардың нақтылы себеп болғандығын танып білуге болады

71. Мақал-мәтелдердің фразеологизмдерге қатысы, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін концептуалды кестеге түсіріңіз. Мысалдармен дәйектеңіз.

Фразеологизмдердің мақал- мәтелдерге қатысы. Мысалы: Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа. Аузымен орақ орғанның белі ауырмайды. Бал тамған тілден у да тамады. Әншейін ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас. Ақымақ басқа бадырақ көз бітеді. Ағын суда арамдық жоқ. Көрдім- көп сөз, көрмедім- бір сөз. Шегірткеден қорыққан егін екпес т.б.

Мысалы, Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа.Атың барда жер таны, шауып жүріп, Асың барда ел таны беріп жүріп т.б. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі. Мысалы, Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады дегенде құстың ұшып – қонуын ойлаймыз, ең алдымен, адам туралы, күнделікті өмір – тіршілік туралы ойлаймыз.Құсты ұшырып- қондырып тұратын оның қанаты мен құйрығы болса, сол сияқты адам да бірі мен бірі селбесіп, бір – бірінің тілін тауып, бірлесіп, қол ұстасып өмір сүрмесе болмайды деген ойға келеміз. Мақал – мәтелдер жайдан – жай айтылмайды, белгілі мақсатты ойды жүзеге асыру үшін, тыңдаушының жан сезіміне ерекше әсер ету үшін қолданылады. Фразеологизмдер сияқты мақал – мәтелдер де әбден қалыптасқан, орныққан, орны бекем болады.




Сөйлеу кезінде жасалынбай, даяр қалпында қолдану жағынан мақал – мәтелдер фразеологизмдерге ұқсайды. Мақалдар негізінен екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында іс - әрекеттің шарты мен жағдайы айтылып, соңынан сол пікірді түйіндеп қорытындылайды. Я болмаса, екі нәрсені бір – біріне қарсы қойып салыстырады.




72. Фразеологизмдік ұйытқы сөздерге сипаттама беріңіз, оларды топтастырып, мысалдармен дәйектеңіз.
Фразеологизмдердің бірінші сөзі көп жағдайда ұйытқы сөз деп аталады. Әсіресе сып есімдерден (ақ, ала, кец, кер, көк, қара,қоңыр,қызыл,сары), сан есімдерден (бір, екі, үш, төрт, бес, алты,жеті,тоғыз,он,он екі,қырың, мың), бірлі-жарым етістік-терден болған ұйытқы сөздер әрқашан фразеологизмнің біршші сөзі болып жүмсалады. Мысалы: ақ айыл, ақ боран, ақ білек, ақ жарқыи, ақ жауын, ақ жем, көк айыл, көк долы, көк бақа, дауыл, көк жал, көк майса, көк мылжың, бір шүйке, бір үзім,бір ілім,бір отар,бір үйір, бір қора, екі жүзді, екі қабат, талай, екі ұшты, қырық жамау, қырық, қырық пышақ, өлгенде көрген, өлер жері, өлгсн-тірілгенін жақсы көрді, өлдім-талдым дегенде, өле жаз-қорқады, өлеріне көрінді, өлмегенге өлі балық, өлмегенге қара жер, ішкен асын жерге қойды, ішкен-жегенін мұрнынан шығарды, ішкені алдында, ішпегені артында, ішкені ірің, жегені желім, ілінсе кетті, іреп сойды, алып қашты, жабулы казан жабуымен, жатып ішер, жазбай таныды т. б.Ұйтқы сөз фразеологизмдердің бірінші сөзі болып келуі басты шарт болып табылмай-ды. Екі компоненгті зат есімнен болган фразеологизмде ұйтқы сөз біріпші болып та, соңынан екінші болып тұра береді. Дегенмен ұйтқы сөз фразеологизмдердің бірінші басқы компоненті болып қолданылуы өте жиі ұшырасатындығын жоқ-ка шығаруға болмайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет