Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


Кәдірбек Сегізбай «Аюдың өті» повесі



бет40/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66
Байланысты:
Мәңгілік бала бейне

Кәдірбек Сегізбай «Аюдың өті» повесі

Ұқсастығы

М.Мағауиннің «Тазының өлімі» повесі

«Аюдың өті» - Алтайдың керім табиғатын бейнелейтін хикаят. Бас кейіпкері аңшы, жыртқыштығы көнеден жалғасқан адамзат нәсілі. Мергеннің мылтығы- Ақшолақ. Аюдың есімі- Ақтөс.
Идеясы: Қазақ халқында жануардың киесі ұрады дейді. Сондай жан-жануарларды құрметтемеу, қадірлемеу және оларға қиянат жасау киенің қаһарын туғызады. Киенің ашуы, қаһарын туғызады.

Бұл екі шығармада жануарға арналған.
Сонымен қатар екеуінде де табиғат және адам дейтін қос ұғымның мәңгілік қарым-қатынасын
суреттеу арқылы танымдық – тәрбиелік құндылықты көрсеткен.

″Тазының өлімі″ повесі шоқтығы биік туынды. Басты кейіпкер Қазы мен тазы Лашын арқылы қазақ халқының салт-санасын, әдет-ғұрпы мен аңшылық, саятшылық өнердің қыр-сырын көрсетеді. Ондағы лашынның иесіне деген адалдығы, аңшылықтағы қырағылығы, өз ішінен тірегі берік, байлауы мықты ой түюі автордың қазақтардың жойылып бара жатқан ұлттық болмысын жандандыруының көрінісі. Күшік кезінен асырап, алғыр тазыға айналдырып өзіне өмір серігі етіп алған тазының иесіне деген адалдығын көруге болады.
Идеясы: Тазы Лашынның иесіне деген адалдығын суреттеу арқылы, жеті қазынаның бірі болған құмай тазының көрінісі арқылы ұлттық құндылықтарды жандандыруға дәріптеу.





54.М.Мағауиннің «Тазының өлімі» повесіндегі пейзаждың берілу тәсілін тақырыппен байланыстыра талдаңыз.
Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» повесінде пейзаждың берілу тәсілдері бар.
«Топырақ әлі дегдімеген. Ойпаңдар мен шұқанақтарда булары бұрқыраған іркінді сулар жатыр. Әр жерде - қомақты, биік тобылғылардың түбінде тулақтай-тулақтай қар қалдығы көрінеді. Бірақ әлем өзгеше түрге енген. Төңірек күн сәулесіне бөгіп, манаурап тұр. Ауа хош иіске толы. Күшік жұпар шашушы нәрселердің бірі - өзі тапап келе жатқан сабағы жіңішке, күлтебас шөп екенін аңғарды. Тұмсығын тақап еді, жеуге жарамағанымен, иісі ұнамды көрінді. Аяқ асты жұмсақ, түп-түп болып тығыз өскен қалың шөп. Тереңнен көк кеулеп келе жатқаны байқалады. Кейбір түптердің ағынан көгі басым. Күшік жаңа тебіндеген көдені де иіскеді. Рахат! Тамаша! Бойын түсініксіз қуаныш кернеп жасыл мамық үстіне аунап-аунап алды. Содан соң табандарын тарбитып, керги созылған қалпы бауырын күнге төсеп ұзақ жатты.». Күшіктің керемет табиғаттан рахат алуы суреттеледі.

«Төңірек тегіс шоқы-шоқы, белес-белес. Қырқалардың арасындағы тарам-тарам жүлгелі өлке бойы шөккен түйе көрінбес, қымыздықты көк шалғын, мұздай суық, мөлдір сулы бұлақ, тал, терек, шілік араласа өскен шағын тоғай. Жаз ортасы ауа, күн әбден қызып, шөп басы толған кезде Әділ осы тебешіктерден асып, сай-салаларды шарлап кетті. Бұрын үй төңірегінен ұзап шығып көрмеген Лашын жаңа бір дүниенің есігін ашқандай еді. Мұрынға жүз түрлі иіс келеді. Шаңытып тұратын сұр қияқ иісі, жапырыла өскен шалғын иісі, сары, көк, алқызыл дала гүлдерінің иісі, шым топырақ иісі, шіріген ағаш иісі - толып жатыр... Ауаға тараған хош иістен басы айналған күшік өзінен-өзі үріп, көк шөпке аунап, Әділдің басына секіріп, арсалаңдап ерсілі-қарсылы жүгіріп, құмары тарқағанша шапқылайтын. Ауылдан ұзаңқыраған соң әр түрлі мақұлықтар иісі көбірек ұшырасатын. Мынау - жылқы, мынау - сиыр иісі, мына жерден кісі жүріп өтіпті, ал мынау - құрықтың ұшына байланған, күн сайын өзі қуатын ұзын құйрықтың иісі. Міне, мына бір жерді қазып тастапты, содан соң түп тікенді айналып өтіпті де, тауға қарай беттепті. Лашын осы иістің жөнімен жүре бергісі келетін, бірақ соңынан Әділдің қайт деп шақырған дауысы естілген соң, амалсыз кері бұрылатын. Әйткенмен, таныс иістерден гөрі бейтаныс иістер көбірек еді. Олардың қайсысы болмасын Лашынның делебесін қоздыратын.» Бұл жерде Тазының алғаш аң аулау кезіндегі ішкі сезімі суреттелген.


«Сай бойына біткен шоқ тоғайлар іші қоңыр салқын. Топырақ дымқыл, шөп жұмсақ. Сылдырап аққан су сыбдыры келеді құлаққа. Итмұрын, долана, құлмақ иісі мұрын жарады. Бірақ соның бәрінен де қарақат иісі басым шығады. Қалың талдың көлеңкелі саясы сыңсып өскен қарақат бұталарына толы. Әділ дымдана мөлдіреп, тұнып тұрған жеміске кішкене шелегін әп-сөтте-ақ толтырып үлгеретін. Содан соң мәуесі мол, шөбі қалыңдау тұсты таңдап алып, басына томар жастанып шалқасынан жата кетеді. Үш айыр, үшкіл жапырақтар арасынан аспан теңбіл-теңбіл, жырым-жырым боп көрінеді. Бірақ әдеттегіден әсем және тым алыс емес, түрегеп тас лақтырсаң жетер шамада. Онсыз да мол жеміс төменнен қарағанда тіпті көбейіп кететін. Бұрынғыдай жапырақ тасаламайды, моншақша тізіліп, жыпырлап тұрады. Әділ аяғын айқастырып, мардымсып жататын да, қарақатты уыстай сауып, аузына құя беретін. Қол жетер жерді тауысқаннан кейін, шынтақтай жылжып, орын ауыстырады. Көп ұзамай уыстап емес, үзімдеп жеуге көшеді. Содан соң екі қолын желкесіне қойып, ала бұлт көшкен көгілдір аспанға қарап қимылсыз ұзақ жататын. Иесіне еліктегісі келгендей, ақ күшік те жанға жайлы қоңыр леп есіп тұрған сазды көгалға бауырын төсеп, алға созылған екі аяғының үстіне басын қойып, қыбыр етпестен қатып қалатын. Мазаны кетіретін - шыбын-шіркей ғана.» Бұл жерде Әділ мен күшіктің табиғат аясында тамаша көңіл күймен жүруі суреттелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет