62.Тарихи тақырыпта жазылған шығармалар. Өзіндік ерекшеліктері Тарихи тақырыпта жазылған шығармалар қатарына: С.Сматаевтың «Елім-ай» роман-трилогиясы, Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры»романы, Ә.Нүрпейісов «Қан мен тер»трилогиясы, С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы, Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» трилогиясы, Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» роман-дилогиясы, Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романын жатқыза аламыз. Осы тарихи шығармалардың өзіндік ерекшеліктеріне жеке-жеке тоқталатын болсам.
1.Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі Тас түйін тарпаң мінез тарлан тарихтың тақтасында тағылым із қалдырған,талай тартыс-сын тудырған, Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрзі етік күрескер ерлер мен еңбекші елдің елең-алаң өмірін өзек етеді. «Тар жол,тайғақ кешу» -ел өмірін революциялық таным тұрғысынан сипаттаған шығарма.
2. Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» арқылы бұрын қазақ әдебиетінде қозғалмаған халқымыздың үш жүз жылдық тарихына шолу жасалынды. 1969 жылы «Қаһар», 1971 жылы «Алмас қылыш», 1973 жылы «Жанталас» романдарын жазды. Романдар 15-ші ғасырдан 19-шы ғасырдың ортасына дейінгі қазақ тарихы суреттелген «Көшпенділер» трилогиясына біріктірілді.Романда сөз болатын тақырыптар: қазақ халқының қалыптасуы, Қазақ хандығының Жоңғар хандығымен арпалысы, Қытай, Хиуа, Бұхара, Ресей империясы секілді көршілерімен аумалы-төкпелі қарым-қатынастары. Қазақ әдебиетінде бұрын-соңды тарихи тақырыпта қалам тартылмаған. Сонымен қоса «Көшпенділер» трилогиясы қазақ тарихы жайлы жазылған ең құнды туынды болып саналады.
3. Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» трилогиясы – ашаршылық, сталиндік қуғын- сүргін, тоқырау заманын қамтыған ең ірі көркем туындылардың бірі. Халқымыздың игеріле қоймаған, құпия тарихтың «ақтаңдақ беттері» саналатын тақырыпқа жазылған туынды. Автор Кеңес кезінде ашаршылыққа ұшыраған халықтың хал-ахуалын, «асыра сілтеудің» елге әкелген зардабын шебер суреттеп, ел басқарып отырғандардың жағымсыз қылықтарын, пасықтығы мен әділетсіздіктерін әшкерелей жазады.Ұзақ жылғы ізденіс нәтижесінде аласапыран шақтың қоғамдық құрылысын, саяси-әлеуметтік, экономикалық негізіне терең бойлай отырып, адам характерін оның ішкі күйін суреттейтін психологиялық тәсілмен ашуда, талдауда жеткен жетістіктері бейжай қалдырмайды.