Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық идея



бет46/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66
Байланысты:
Мәңгілік бала бейне

61.Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық идея
Әдеби тектегі үлкен орын алатын поэзия жанрында әр халықтың өз үні, тарихы, арман-мақсаты бар. Ұлттық идея – туған жер, өскен орта әсерлерінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген этностық сезім. Ол – ұлттың болмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі. Ұлттық идея ұлттың тұңғиық тарихын да, қазіргі әлеуметтік-мәдени білім- болмысын да терең игерген, осы ұлт ұғымы мен мәнінің қадіріне жетіп, құдіретін түсіне алатын адамдардың немесе адамдар тобының нақты ой мүддесі. 
Қазіргі қазақ лирикасында қазақ поэзиясына өзіндік қолтаңбамен, үнмен келген ақындарымыз Қалқаман Сариннің, Ақберен Елгезектің, Әлібек Шегебайдың, Алмас Темірбайдың, Асылзат Арыстанбектің т.б туындыларынан ұлттық болмыстың, идеяның ізін көреміз. Қазақ әдебиеті қай кезеңде болмасын өзіне дейінгі ұлттық әдебиетіміздің бар асылын, үлгілі дәстүрін ала отыра дәуірге сай жаңа көркемдік мүмкіндіктерді ашты. Әсіресе, мұндағы жыраулар әдебиеті мен зар заман әдебиетінің, асқарлы Абай өнегесінің құнарлы болғанын атап айтқан абзал. Әдебиеттің әр кезеңінің табалдырығын шығармашылық талаппен аттаған жас ақын-жазушылардың қай-қайсысы да осынау бір ұлт әдебиетінің қайнар көздерінен нәр алып барып түрлі ізденістерге бой ұрды. Дәстүрлі жалғастыру мен жаңашылдыққа ден қою ой-сана тұтастығына, идеялық-көркемдік бірлікке алып келді. Бәрін біріктірген ортақ ұлы мақсат – ұлттық сананы оятып, азаттыққа қол жеткізу болатын. Белгілі бір дәуірде өмір сүрген суреткерлер шығармаларында болжалды идея үнемі бірыңғай күйде көрініс таппай, сан-салалы көркемдік шешімдер арқылы бой көрсететіні ақиқат. Әрбір әдеби бағыттың, көркемдік әдістің өз шеңбер шегі, шектеулі мүмкіндіктері бар. Әрбір үлкен суреткердің айқындалған бағыты бар, ол сол өзі ұстанған бағыт жолында еңбек етеді. Бұл бағыттарды біріктіретін бір-ақ ұстаным бар, ол – ұлттық рух.
Ұлттық рух жолындағы күрес белгілі бір дәуірде идеяға айналады. Барлық адамзаттың күш-жігері мен мүмкіндік-қабілеттері сол идея айналасында қызмет етеді. Осылардың ішінде әдебиет өкілдері идеяны жүзеге асыратын бірден-бір «күш иелері» болып табылады. Әдебиет те, әдебиет тарихы да, әдебиет өкілдері де қоғаммен тығыз байланыста өмір сүреді. Ұлттық бояуды суреттеуде бүгінгі поэзияның өз артқан жүгі мен жүйесі қалыптасқандығына көз жеткізуге болады. Басты ұғымдар деп ең әуелі қазақ халқының тұрмысы мен таным-түсінігі, салт-дәстүрі, нанымсенімдері жалпы қазақ халқымен байланысты ұлттық құндылықтарды негізге аламыз. Оның ішіне бүгінгі қазақ поэзиясының жанрлық-тақырыптықерекшеліктері мен ізденістері қамтылады. Жан-жақты сипатқа ие бұл аталмыш тақырыптың басты нысаны бүгінгі поэзия және ұлттың болмысы болып отыр. Екеуін өзара ұштастырып, поэзиядан ұлттық болмысты, ұлттық болмыстан поэзияны таба білу міндеті жүктеліп отыр. Әрқилы аспектіде көрініс беретін, сан-салалы аспектідегі атауларды өзара топтасытырып, байланыстыру арқылы жалпы жұмысты жүйелеуге деген бетбұрыс қалыптасады. Соның негізінде ұлттық ұғымның шеңберін анықтауға негіз бар. Мысалы, И. Сапарбайдың өлеңдерінде ұлттық ұғым тікелей де, жанамалай да, логикалық астар арқылы көрініс табады. Ұлттың белгілі бір қасиетін я болмаса, құндылығын нысана ретінде алып, оны өлеңде жай ғана сипаттай кейде баяндай отырып, тақырыптың қаншалықты деңгейде өзектілік танытатынын, оның бүгінгі таңда болып отырған өзекті мәселесін, тарихи көрсеткішін, ұлт өркениеті үшін мән-маңызын сыни көзқараспен сараптап, талқылап, жан-жақты қарастырып, жан бітіріп барып, қана қағаз бетіне түсіреді. Ал, Ұ.Есдәулеттің жылдарындағы қазақ халқының оның ұлттық нақышының бейнеленуі, өлең өрнегіндегі сипатталуы өзінше ерекшелікпен көрініс алғандығын аңғаруға болады. Кейбір өлеңдерінде кеше мен бүгінді салыстыру арқылы ұлттың өткенін, бүгінін тіпті келешегін кемел де келісті етіп, дөп басып жырлаған ұмытды тұстарына қарап, ақынның шеберлігін мойындайсың. Дәл осындай сипатта, М. Темірхан, Е. Раушанов, Ж. Бөдешұлы, Т. Әбдікәкімов, Ж. Жақыпбаев, кейінгі буын ішінен Н. Оразалин, Ғ. Жайлыбай, Б. Жақыптардың шығармашылығынан кездесіп жатты. Әр ақын, әр қаламгер ұлттың сипатын әрқырынан алып, өзінше жазған. Сабақтастық тұрғысынан тұтастық, жаңашылдық әр кезеңде әрқилы беріліп отырғандығын көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет