Оқиғаның дамуы:Атаның Ажарды қорлауы,жас қыздың қауқарсыз қалуы әжесінен айырлуы. Он бес жасар қыздың ана атануы.
Оқиғаның шарықтау шегі: Он бес жатағы жеткіншекті солдаттық тізімге қосуы.Ажардың жалғыз баласының қамы үшін ауылнайлармен жолығуы. Ажардың атауды шауып өлтіріп кек алуы.
Оқиғаның шиеленісуі: АжадыңБәпішпен қосылу. Ажардың ауылнай атану, күндестерінің көбюі, Қатай мен Сары жорға әйелдің Бәпішті Ажарға айдап салу, араларына отсалып айыру. Ажарды ауылдан кетуге деген шешімі.
Оқиғаның шешімі:Дүниеге өмір берер ана - ажалды жеңген Ажар.
58. А.Мекебаевтың «Жезтырнақ» повесіне «Ой күмбезі» әдісін жасаңыз. «Ой қазығы» — А.Мекебаевтың «Жезтырнақ» повесіндегі жезтырнағы былай суреттеледі: «Ең азабы – көз алдына елестейтін қаныпезер қорқаудың өз анасына ұқсайтыны. Сосын еріксіз әжесінің жеңіне күдіктене қарайды. Тұла бойы түршігеді. Ту сыртындағы қоң етіне алмас тырнақты он саусақ сүңги еніп тұрғандай, жұлын тұтасындағы он нүкте, сыздап сырқырап қоя береді»
«Ой желісі» — А.Мекебаевтың «Жезтырнақ» повесі бір үйдің шаңырағын ортасына түсіріп, өш алу құралына айналады. Қазақы танымдағы зәрені алатын жезтырнақ образы қолдан жасалып, Тұрманқожа жезтырнақ кейпіне еніп, мола басында құран оқып отырған Жұмағұлды жезтырнақ болып қорқытып, ақыры өлтіріп тынады. «Әзірейіл қол шошаңдататындай, тайраңдап билейтіндей, қарқылдап күлетіндей, артынан айқайлап қол безейтіндей. Ол сана айқындығын үрейдің соқыр тұманымен тұмшалады да манаурай ауырсынып, ұйқыға ұқсас түйсіксіз болмыстың құрдымына шын батты». Бұл жерде автор оқиға сюжетіне «үрейді» кіргізе отырып, психологиялық сезімдік нақыштарға қатты мән берген.
«Ой өрімі» —М.Жұмабаевтың «Ертегі» поэмасындағы жезтырнағы ол фольклорда ертеден бар жезтырнақ. Ал А.Мекебаевтың «Жезтырнағы» түрленіп, өзгеріп, жаңарып келген жезтырнақ. Екеуі де авторлық танымға қызмет атқарып тұр. М.Жұмабаев Сыздық батырдың қырағылығын, ержүректілігін, батырлығын ашу үшін жезтырнақты қолданып тұрса, ал А.Мекебаевтың «жезтырнағы» бір үйдің шаңырағын ортасына түсіріп, өш алу құралына айналады.
«Ой күмбезі» — Пері, албасты, жезтырнақтан қорқатын қазаққа «жезтырнақ» атын пайдаланып Тұрманқожа өзінің арам ойын іске асырады. Авторлық ой гротескілі формамен берілген. «Аспанда сұп-сұр, жер де сұп-сұр. Тымырсық көктің төсіне тұтаса түнеріп түбіт жүні түтіле сіркіреген бура бұлттар жерге енді-енді жүрелеп жата кетердей төнеді. Бұтақтары жауынға шалынған жас жыңғылдар қан қызыл. Қара барақтар, итсигектер маужырай тұнып күлтеленіп тұр. Бойына ылғал тартқан бұйрат құмға ат тұяғы тисе астынан бұрқырап құрғақ ақ топырақ көрінеді» . Неліктен автор сұр түсті қалап тұр? Ақын Абай «сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан», Д.Г.Байрон «көңілім менің сұп-сұр» деп табиғат пен адам көңілі арасындағы байланысты психологиялық параллелизм әдісімен бейнелегендей «сұр түс» бұл жерде ақкөңілі кірленіп, күдік пен күмән басып, сұп-сұр болып, жезтырнақтан кек алуға бел байлаған кейіпкер характерін береді.
Ата-анасының жектілікті түрде балаға көңіл аудармауы.